әлеуметтік маңызды ауруларды диагностикалау үшін геномды технологияларды пайдалану негізінде жаңа тест‑жүйелерін құру;
генно-инженерлік рекомбинантты субстанциялар негізінде өзіндік дәрілік препараттар технологиясы мен өнеркәсіптік өндірісті әзірлеу;
мүшелерді трансплантациялау, стволдық клеткалар, ұзақ өмір сүру медицинасы және оларды регенеративті медицина мен клеткалы терапияда қолданудың әдіснамалық негізін әзірлеу жөніндегі орталық құру;
өндірістік тәжірибенің халықаралық стандарттарына сәйкес (GMP) диагностикум мен вакцина шығару бойынша өдіріс құру;
ұйытқы, тамақ белогын, аминокислоттар, ферменттер, биоконсерванттар шығару бойынша микроорганизм мен биотехнологиялық өндірісінің коллекциясын құру;