1-билет Қозғалыс жүйесін зерттеу әдістері. Зақымдану симптомдары



бет1/38
Дата10.11.2023
өлшемі10,97 Mb.
#190796
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
Байланысты:
1-20 билет


1-билет
1.Қозғалыс жүйесін зерттеу әдістері. Зақымдану симптомдары

2.Үшкіл нерв невралгиясы. Этиологиясы, патогенезі, клиникалық көрінісі, емі.
Тригеминалды невралгия – үшкіл нервтің үшінші,екінші, сирек жағдайда бірінші тармақтарының аймақтарында қарқынды, ұшпалы ауру сезімдерімен сипатталатын, созылмалы қайталамалы ауру
Үшкіл нервтің аты айтып тұрғандай үш тармағы болады. Бірінші тармақ көзге, үстіңгі қабаққа және маңдай терісіне сезімталдық береді.Екіншісі астыңғы қабақтың,жақтың,мұрын танауларының, жоғары еріннің және жоғары қызыл иектің сезімталдығын қамтамасыз етеді. Үшінші тармақ төменгі жақтың, астыңғы еріннің, қызыл иектің және кейбір шайнау бұлшықеттерінің сезімталдығын жүзеге асырады. Ауыру беттің төменгі бөлігінде және жақ аумағында орналасады, кейде ауыру мұрын айналасы мен көз үсті аумағын зақымдайды. Күшті ауыру үшкіл нервтің тітіркенуінен пайда болады,әдетте беттің бір жартысында білінеді.
Этиология және патогенез:Аурудың дамуына әртүрлі қантамыр,эндокринді, аллергиялық бұзылыстар,сонымен қоса психогенді факторлар әсер етеді.Қазіргі кезде аурудың патогенезін түсіндіретін бірнеше теориялар бар. Солардың ішіндегі ең ықтималы үшкіл нерв түбіршектерінің қыстырлып қалуы. Бұл бас сүйегінің артықы шұңқырындағы көлемді үрдіс , мишық артерияларының кеңеюі мен дислокациясы, базилярлы артерияның аневризмасы,туннельді синдромның (көзастылық және төменгі жақ астылық өзекте олардың туа біткен тарылуында және егде жаста қантамырлық аурулардың қосылуы кезінде екі және үш тармақтың қыстырылуы),есту және үшкіл нерв невриномасы, менингиома салдарынан болуы мүмкін.
Шеттен келетін патологиялық импульсацияның әсерінен үшкіл нервтің жұлындық ядросында афферентті импульсацияға тәуелді емес патологиялық күшейген қозудың қоздырғышы болып табылатын эпилептикалық тәрізді «ошағы» түзіледі. Паталогиялық күшейген қозу ошағы ретикулярлы, мезенцефальды түзілімдерді, таламус ядросын, бас миы қыртысын, лимбикалық жүйені белсендендіріп, осылайша паталогияық алгогенді жүйені түзеді.
Клиникасы:
1. Идиопатикалық
2. Симптоматикалық
Идиопатикалық түрінің сипатталуы:Орта жастан жоғары жаста кездеседі,себептерінің бірі болып көпір-мишық бұрышында нервтің түбіршесінің жаншылуы, кейде ми ісіктері, аневризмалар, артериовенозды мальформациялар және артериалді гипертензия болып табылады. Көбінесе нервтің II –III тармақтары зақымданғандықтан, ауырсыну инфраорбиталді немесе төменгі ерін мен жақ аймағында болады. Ұстамалар тәулігіне бірнеше рет қайталанып, ұзақтығы бірнеше секунд немесе бір минутқа дейін созылады.
Симптоматикалық түрі:Көбінесе жастарда кездеседі,себептерінің бірі болып шашыраңқы склероз, сирингобульбия,бас-ми жарақаттары, үшкіл нервтіңневриномасы, сопақша мидың ісіктері табылады. Бұл түрінде үшкіл нервтің I-ші тармағы зақымдалып, ауырсыну ұстама тәрізді емес созылмалы болып келеді.
Әдетте ауру сезімі ұзақтығы екі минуттан аспайтын, ұстамалы сипатта және де екі ұстаманың арасында тыныштық кезеңдері болады. Ауру сезімі қарқындылғымен, кенет пайда болуымен сипатталып, электр тогымен соққандай әсер қалдырады. Науқастарда сезімтал нүктелер[3] (ауру сезімді және ауру сезімінсіз аймақтарда) мен сезімтал факторлар (көп жағдайда бұл жуыну, сөйлеу, тамақ,тістерін тазалау, ауа қозғалыстары, жанасу) болады. Алайда науқастардың жартысында аурудың шарықтауынан екі жылдан кейін ұстамалар аралығындағы кезеңде миофасциальды немесе невропатиялық аурулар қосылады. Бұл кезде ауру пароксизмдерінің қарқындылығы төмендеп, ұзақтығы үдейді. Құлақ маңы, самай,маңдай аймақтарындағы миофасциалды ауру сезімінің қарқындылығы сыздамалы,тартпалы, ауру сезімінсіз болуы мүмкін. Күйдірмелі, ине сұққандай ауру сезімді невропатиялық ауру сезімі бетте, ауыз қуысында және жиі үшкіл нерв тармақтарына деструктивті араласулар(алкоголизация, , радиожиілікті әсер етулер) өткерген науқастарда кездеседі
Емі
Немедикаментозды:
Қатар жүретін патология болмаған кезде Диета-ағзаның жасына және қажеттіліктеріне байланысты.
Амбулаториялық деңгейде көрсетілетін дәрі-дәрмекпен емдеу
Негізгі дәрілік заттардың тізбесі (100% қолдану ықтималдығы бар):
Карбамазепин 200 мг, дозасы мен жиілігі бет ауруының жиілігі мен қарқындылығына байланысты,оральды
Прегабалин 50-300 мг, дозасы мен жиілігі бет ауруының жиілігі мен қарқындылығына байланысты, оральды
Стационарлық жағдайда Микроваскулярлық декомпрессия (операция коды 04.41) немесе үш тармақты жүйкенің тері арқылы радиожиілікті термокоагуляциясы (операция коды 04.20)
Стационарлық деңгейде көрсетілетін дәрі-дәрмекпен емдеу
Операциядан бұрын бет ауырсынуын азайту үшін пациенттер әдетте Карбамазепин препаратын энтеральды қабылдайды [12], оның дозасы мен қабылдау жиілігі бет ауруы шабуылдарының қарқындылығы мен жиілігіне байланысты.
Антибиотикопрофилактика: цефазолин 2 г, көктамыр ішіне, разрезден 1 сағат бұрын.
Операциядан кейінгі анальгетикалық терапия:НПВС немесе опиоидты зат.
Операциядан кейінгі құсуға қарсы терапия (метоклопрамид, ондансетрон), көктамыр ішіне немесе бұлшықет ішіне, жасқае байланысты көрсеткіштер бойынша.
Операциядан кейінгі кезеңдегі терапиялық дозалардағы гастропротекторлар (омепразол, фамотидин).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет