1-билет Қозғалыс жүйесін зерттеу әдістері. Зақымдану симптомдары



бет6/38
Дата10.11.2023
өлшемі10,97 Mb.
#190796
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
Байланысты:
1-20 билет

1. Зерттеу әдістері
1. Беттің симметриялығына визуальді баға береміз –мандайдың горизонтальді және вертикальді қатпарларына , мұрын еріндік жатпарларына , көздің саңылауына
2. Мимикалық бұлшықеттердің қозғалыс көлемін бағалаймыз
3. Науқастың қабағын жоғары көтеруін , түйюін сұраймыз . Бұл кезде горизонтальді және вертикальді қатпарлардың симметриялыгы мен өзгерістеріне назар аударамыз
4. Науқастың көзін қысуын сұрағанда , кірпікше симптомы анықталады . ( кірпіктің алға шығуы ) , көздерін немесе көзін жаба алмауы ( симптом Белла ) .
5.Тісін ақситуын ( « жымиуын » ) сұраймыз . Мұрын - еріндік қатпарлардың дәрежесін және олардың симметриялығын , тісін ақситу мүмкіндігін екі жақты бағалап , ракетка симптомының жоқтығын анықтаймыз .
6.Корнеальді және коньюктивті рефлекстерді зерттейміз . ( эфферентті бөлік )
Зақымдалу симптомы:
Прозоплегия – мимикалық бұлшықеттің параличі .
Прозопaрeз - мимикалық бұлшық еттің парезі.
Лагофтальм ( қоян көз )-Көздің дөңгелек бұлшықетінің салдануынан көзді жаба алмау . Көзді жабуға тырысқанда , көз алмасы жоғарыға және сыртқа бағытталады , қасаң қабық жоғарғы қабақтың астына кетеді , көз саңылауы жабылмайды ( Белл симптомы ) . Лагофтальм кезінде — жас ағу болады (жас безі функциясы сақталғанда)
• Көздің дөңгелек бұлшық етінің толық емес зақымдалуы кезінде – көздің сау жағымен салыстырғанда зақымдалған жақ көз саңылауы толық жабылмайды және кірпіктер көрініп қалады ( Кірпікше симптомы)
Ксерофтальмия- жас безінің гиперсекрециясымен шақырылған , конъюнктива беткейінің және касаң қабықтың құрғақтығы.
Гиперакузия- барлық дыбыстардың жағымсыз , қатты естілуі .
Агенция – дәм сезудің жоғалуы .
Парагевзия – дәм сезудің өзгеруі .
Мимикалық бұлшықеттердің перифериялык парезі – ошақ аймағындағы барлық мимикалық бұлшықеттерінің парезі .
Мимикалық бұлшықеттердің орталық парезі – төменгі мимикалық бұлшықеттердің парезі және ошаққа қарсы аумақта гемипарез.
2 сұрақ
Инсульт-24 сағаттан астам уақытқа созылатын немесе цереброваскулярлық патологияның салдарынан неғұрлым қысқа уақыт аралығында науқастың қайтыс болуына әкелетін, ошақтық (қозғалыс, сөйлеу, сезімтал, координаторлық, көру және басқа да бұзылулар) және/немесе жалпы милық (сананың өзгеруі, бас ауруы, құсу) неврологиялық симптоматиканың кенеттен (бірнеше минут, сағат ішінде) пайда болуымен сипатталатын ми қан айналымының жедел бұзылуы.
Жедел ми қан айналым бұзылысы:
А.Ми қан айналым жеткіліксіздігінің алғашқы көріністері
Б.Ми қан айналымының өткінші бұзылыстары:
1.Транзиторлы ишемиялық шабуыл
2. Гипертоникалық церебралды криз
3. жедел гипертоникалық энцефалопатия
В. Инсульттер
1. Гемморагиялық инсульт
а) субарахноидты қанқұйылу
б) ми ішілік қанқұйылу
в) вентрикулярлы қанқұйылу
г) аралас қанқұйылу
2.Ишемиялық инсульт
а) атеротромбоздық
б) Кардиоэмболиялық
в) Гемодинамикалық
г) Лакунарлы
д) Гемореологиялық микрооклюзия типі бойынша
3.Кіші инсульт
4. Бұрын өткен инсульт салдары (1 жылдан астам)
Г. Ми қан айналымының өрбуші бұзылыстары
1. сүлемелі субдуралды гематома
2. Дисциркулаторлы энцефалопатия


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет