1. Экология және тұрақты даму пәні туралы Экология (грекше oiros-үй, тұрақ, мекен, logos- ғылым) «мекен еткен табиғи орта туралы білім»



бет1/4
Дата25.04.2022
өлшемі26,05 Kb.
#140782
  1   2   3   4
Байланысты:
Лекция1
Ðåôåðàò ï í³ ëåóìåòòàíó Òà ûðûáû ëåóìåòòàíó ûëûì à ê³ð³ñïå, Ðåôåðàò ï í³ ëåóìåòòàíó Òà ûðûáû ëåóìåòòàíó ûëûì à ê³ð³ñïå, Ðåôåðàò ï í³ ëåóìåòòàíó Òà ûðûáû ëåóìåòòàíó ûëûì à ê³ð³ñïå, Ðåôåðàò ï í³ ëåóìåòòàíó Òà ûðûáû ëåóìåòòàíó ûëûì à ê³ð³ñïå, Ðåôåðàò ï í³ ëåóìåòòàíó Òà ûðûáû ëåóìåòòàíó ûëûì à ê³ð³ñïå, 0001c2ff-5f3b979d, 0001c2ff-5f3b979d, 0001c2ff-5f3b979d, 0001c2ff-5f3b979d, 0001c2ff-5f3b979d, 0001c2ff-5f3b979d, 0001c2ff-5f3b979d, 0001c2ff-5f3b979d, 0001c2ff-5f3b979d, Тәуелсіздік жетістіктері

Дәріс № 1.
Тақырыбы: Экология және тұрақты даму пәніне кіріспе. Экология ұғымы, мақсаттары мен міндеттері.
1. Экология және тұрақты даму пәні туралы
2. Экология негізгі бөлімдері.
3. Экология ғылымының зерттеу әдістері.

1. Экология және тұрақты даму пәні туралы
Экология (грекше oiros-үй, тұрақ, мекен, logos- ғылым) «мекен еткен табиғи орта туралы білім» деген мағынаны білдіреді. Шынында да, экология қоршаған ортаның тазалығын сақтау, яғни салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады. Қазір экология кешенді ғылымдар ретінде дамып отыр. Сонымен бірге экология табиғатта болып жатқан барлық өзгерістердің себебін анықтау, баға беру және оның зиянды жақтарының алдын алу мәселелерін қарастырады. Ең алғаш 1866 жылы «экология» терминин неміс биологі Э.Геккель ұсынып, оның анықтамасын берген. Экология – тірі организмдердің бір-бірімен қарым-қатынасын қоршаған ортамен байланыстырып зерттейтін ғылым. Бұл анықтама қазір ғылыми техникалық прогреспен және адамның іс-әрекетімен байланыстырыла айтылып оның аясы кеңейе түсуде . Егер біз байыптап қарасақ, адам баласы ерте кезден бастап-ақ , өзінің тұрған мекенін таза ұстаған. Үйінің айналасына тал егіп, ауласының, көшесінің тазалығына көңіл бөлген. Осының бәрі барлық халықтың салт-дәстүрінде қалыптасқан жағдайлар. Бертін келе жер шарында адам саны өсіп, ғылымы мен білімі дами бастады. Адам баласы өзінің материалдық игілігі үшін табиғат байлықтарын барынша игеруге тырысты. Осыдан кейін, экология ғылымының мақсаты мен міндеттері және нені зерттейтіні айқындала бастады. Экология ғылымының мақсаты – барлық тіршілік атауының табиғи ортасын тұрақтандыру, бүлінуге, ластануға жол бермеу, табиғат қорларын тиімді пайдалану, болашақ ұрпақтың салауатты өмір сүретін ортасын қалыптастыру.
Қоғам дамуы табиғатпен тығыз байланысты. Ғылыми-техникалық прогестің дамуы барысында қоршаған орта мен қоғам арасындағы қарым-қатынастың қарама-қайшылығы арта түсуде. Осы қарама-қайшылық негізінде табиғаттың тепе-тендігі бұзылып, табиғи жүйесінің өзін-өзі реттеп отыру ырқынан шығып кетті. Табиғат әлемі – адамдардың тіршілік ету ортасы. Адам табиғатсыз өмір сүре алмайды . Сол себепті табиғат пен қоғам арасындағы қарым-қатынастың үйлесімді дамуы әрбір адамның денсаулығына, физиологиялық өсіп-жетілуіне ауадай қажет екендігіне жас ұрпақтың көзін жеткізу бүгінгі таңдағы маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Қазақстан Республикасының Конститутциясының 6-бабы жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер және жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекеттің меншігі екендігін, олардың мемлекет қорғауында болатындығын мәлімдейді . Қазіргі әлемдік денгейдегі дамушы Қазақстанның жағдайында жас ұрпаққа экологиялық білім мен тәрбие беру бүгінгі күн тәртібіндегі бірден-бір қажетті кезек күттірмес мәселе екендігі 1991 жылы «ҚР-ның жалпы білім беретін мектептері тұжырымдамасында» және 1992 жылғы ҚР-ның «Білім беру туралы» заңында, 1996 жылғы ҚР-ның «Экологиялық қауіпсіздіктің тұжырымдамасында» көрсетілген. Сонымен қатар ҚР-ның «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңының 89-бабының әрқайсысы еліміздің болашағын экологиялық жағынан қамтамасыз етуге арналады. Заңда басқа салалармен қатар педагогикалық жағынан шешуге тиісті міндеттер белгіленіп, экологиялық тәрбие мен білім берудің жалпыға бірдей және үздіксіз жүргізілу қажеттілігі баса көрсетіледі . Қоғамның дамуы табиғатпен тығыз байланысты. Ал, сол қоғам дамуына себепші – адам. Осы адам мен табиғат арасында жақындық болмай, ешбір даму немесе еш болашақ болмайды. Сондықтан болашақ ел тізгінін ұстар, еліміздің ертеңгі иелеріне бүгінгі күннен бастап табиғат пен оның ерекшелігін, маңызын жадында қалыптастыру, яғни экологиялық тәрбие беру өте маңызды мәселе. Осы тұрғыда Я.А.Коменский «Тәрбиенің негізі – табиғат, ал адам – табиғаттың бір бөлігі және оның заңдылықтарына бағынушы» деп сипаттаған. Француз ағартушысы Ж.Ж.Руссо өзінің педагогикалық еңбектерінде «Баланы табиғатпен байланыста тәрбиелеу керек, табиғат баланың ересектігінен бұрын бала болғанын қалайды» деп жазды. Ал, психологтар Л.С.Выгоцкий, С.А.Рубинштейн, И.С.Кам, Е.М.Кудрявцева, Ж.Жарықбаев т.б. өз еңбектерінде «оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру жұмысы қоршаған ортамен қарым-қатынаста психологиялық жас ерекшеліктерін ескергенде ғана нәтижелі болады» деген тұжырым айтады.
Бастауыш сыныпта экологиялық білім мен тәрбие берудің аса маңыздылығы бұл қоғамдық талаптардан туындап отырған мәселе. Өзге емес, дәл қазіргі жағдайда еліміз экологиялық аса қауіпті аймақтарымен әлем назарына ілігіп отыр. Осы тұрғыда еліміздің кез-келген азаматы экологиялық жоғары сауатты болуы өте қажеттілікті талап етеді . Сондықтан шығарылған заңдар мен тұжырымдамаларға сәйкес экологиялық білімнің ғылыми негізі қазіргі таңда жасалынып та болды. Осыған орай еліміздің білім беретін бүкіл мектептерінде экологиялық тәрбие мен білімді бастауыш сыныптан бастау өте қажет. Себебі, бастауыш сыныптағы оқушылар білімге деген құштарлығымен бірге осы экологиялық оқу тәрбие барысында қоршаған ортаға, табиғатқа деген сүйспеншіліктері мен білімдерін қатар қалыптастыра алады. Мектеп тәрбиесінің ерекшелегі табиғатты сүйіп қана қоймай, оны қорғауға баулу. Табиғатты қорғау қарапайым істерден басталады. Бөлме өсімдіктерін күту, оны өсіру мектеп ауласына гүл, ағаш отырғызу, оны жұлмау, сындырмау, яғни мектеп тәрбиесінің басты саласы деп есептеуіміз керек. Ата-бабамыздың аялап келген кереметтерге толы туған жердің топырағын тыңайтып, суын тұнықтап, өсімдігін өркендету — әрбір адамның қажетті борышы. Расында да, біз бабамыздан ел, анамыздан ер, бүкіл халқымыздан туған жерді, оның асыл қазынасын қызғыштай қорып, молайта отырып, үнемдеп пайдалануды үйренгенбіз. Табиғат сандаған ұрпақ игілігі. Табиғаттың бізге берері де өте шексіз. Сондықтан да, оны қорғап, молайта отыра пайдалануға күш жұмсау — әр парасатты адамның парызы. Табиғат адам баласын дүниеге келтіріп, бойындағы бар махаббат мейірімін, күн шуағын жүрегімізге ұялатқан аяулы Ана! Табиғат адамның бойына қуат, көніліне шабыт сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі. Табиғат – адам денсаулығының сақшысы, жанға дауа шипагер. Бастауыш сыныпта берілген білім мен тәрбие баланың дүниетанымының, болашақ білімдарлығының түп тамыры бола алады. Сондықтан экологиялық мәдениетті қалыптастыруды құштарлығы басым кезде үйрету абзал. Сонда ғана біздің еліміздің болашақ ұрпақтарының кез-келгені экологиялық сауатты, адамгершілікті, мейірбан, табиғат пен жан дүниесі үйлескен дүниетанымы кең болып тәрбиеленеді .
Алғаш рет ғылыми әдебиетте табиғатты қорғау мәслесін педагогикалық тұрғыдан профессор В.Н.Скалон қарастырды. Ол «Гүлденген, мол табиғат – арман емес, бұл шындық, ал оның мүлтіксіз сақталуы бізге баланысты… Кішкентай кезінен балаға жануар болсын, өсімдік болсын барлық тірі дүниге аяушылық сезіммен қарауды үйрету керек, сонда барып адамгершіліктің негізі қаланады» дейді . Әрбір адамның табиғатқа қарым-қатынасы өзіндік жеке сыртқы ортамен байланыстың қалыптасуы тәрізді дара тұлғалық іс-әрекеті болып табылады. Дүние жүзінде экологиялық дағдарыс барған сайын өршіп бара жатқаны баршаға аян . Жер шарындағы халық санының жедел өсуі мен өндіргіш күштердің күрт дамуы адамның табиғатқа ықпалын күшейтті. ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап қоғам мен табиғаттың арасында жаңа сипаттағы жағдай қалыптасты. Соңғы кезде табиғат ресурстарын пайдаланудың артуына, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының қарқынды дамуына орай адамдардың табиғатқа тигізетін ықпалы елеулі түрде күшейіп, бұл әрекет тіршілік ортасының белгілі дәрежеде өзгеріп, бұзылуына әкеліп соқты. Қазіргі таңда пайдалы қазбалар қорының сарқылуы, жер бетіндегі өсімдік пен жануарлар дүниесінің азаюы, сол сияқты табиғи ортаның шектен тыс ластануы қауіп тудырып, проблемаға айналуда. Әсіресе өндірісте өңірлерде қоршаған орта жағдайының нашарлағаны соншалық бұл жағдай адамдардың денсаулығына әсер ете бастады. Салғырттықтың салдарынан химиялық заттардың биосфераға таралуы табиғи мөлшерден бірнеше есе асып кетті. Жыл сайын жер қойнауынан 120 млрд. т дейін құрылыс материялдары, жанғыш пайдалы қазбалар мен кен алынады, 560 млн т. аса химикаттар мен минералды тыңайтқыштар егіс даласын тыңайтуға жұмсалады, 600 млн текше метрге дейін өндірісте пайдаланылған қалдық су қоймаларға, су көздеріне төгіледі, 200 млн т. қатты қалдық қоқысқа тасталады. Жыл сайын 2 млрд т .қазба отындары жағылып, атмосфераға 5,5 млрд т. СО2 енеді екен. Қазақстандағы 182 млн га жайылымның 110 млн гектары әр түрлі деңгейде зиян шекті, ал 7 млн га орман жойылып кетті . Соған қоса тропиктік ормандардың өртенуі мен топырақтағы қара шіріктің тотығуы салдарынан шамамен 1,7 млрд т парникті газ ауаға араласады . Ауада СО2 , метан, фреон сияқты газдардың шамадан тыс көбеюі салдарынан ғаламдық климат жылынуда. Эколог ғалымдардың зерттеулері бойынша ауа райы жыл сайын экватордан полюске қарай 1,5 шақырым жылдамдықпен жылынып барады . Ауа осылай ластана берсе, ауаның орташа жылдық температурасы 60-70 жылдан соң 2-3 градус жоғарлайды екен .


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет