1. М. Дулатовтың «Оян, қазақ!» өлеңі мен А. Байтұрсыновтың «Маса» өлеңіндегі идея үндестігін дәлелдеп жазыңыз



Pdf көрінісі
бет1/7
Дата03.04.2020
өлшемі0,67 Mb.
#61442
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
50 Esse Zharatylystanu


БАСҚА ТОПТАР ОСЫ ЭССЕЛЕРДІ 1200 ТГ САТЫП ЖҮР! АЛ 

https://vk.com/mega_education

 ТЕГІН ҰСЫНАДЫ! 

 

1.  М. Дулатовтың «Оян, қазақ!» өлеңі мен А. Байтұрсыновтың «Маса» 



өлеңіндегі идея үндестігін дәлелдеп жазыңыз. 

Қазақ поэзиясының қиыншылықтары мол жылдары – Қазан төңкерсінен кейінгі 

жиырмасыншы жылдар болды. Бұл жылдарда ақындарымыз әрқилы шығармашылық 

тағдырды бастан кешірді. Қоғамға, уақытқа деген көзқарас дараланып, қазақ 

әдебиетінде сан алуан поэзиялар дүниеге келді. Осы тақырыпта өлең жазғандардың 

қатарында Алаш рухты әдебиеттің іргетасын қалаған ақындарымыз А.Байтұрсынов 

пен М.Дулатов та болды. Бірі «Маса» боп шақса, екіншісі «Оян, қазақ!» деп жар 

салды. Ақындарымыздың өлеңдерінде қандай идея үндестігі жатыр? 

«Маса» мысалының басты сарыны – бостандық арманы, ел тағдыры, халық 

қамы екені белгілі. Негізінен масаның бар күші – шағу, ал ісі – адамды ұйқыдан ояту 

екенін барлығымыз білеміз. Біздіңше, бұл арада А.Байтұрсынов оқырманына масаның 

түсі мен күшіне назар аударта отырып, осы өлеңдер жинағына сипаттама жасаған 

тәрізді. Олай дейтініміз, кейінгі өлең жолдарында осы масаның түстеріне арнайы 

тоқталып, мұны да тұспалдап жеткізеді.  

Ызыңдап ұшқан мынау біздің маса, 

Сап-сары аяқтары ұзын маса. 

Өзіне біткен түсі өзгерілмес, 

Дегенмен қара, яки қызыл маса. 

Сонымен, бұл арада «аяқтары ұзын маса» түсінің сап-сары болуы ақынның ұлт 

мүддесін ойлаған сары уайымы десек те болады. Ал «біздің» дегені өз үнінің «Оян, 

қазақ!» деп жар салған алаш азаматтарымен ортақтасып жатқанын білдіртсе 

керек. Осындай талма тұста ұлт үшін қызмет көрсетудің үздік үлгісін көрсеткен 

алтын айдарлы арыстандарымыз қатарында болған М.Дулатовтың кітабының 

алғашқы жолдарын оқып көрсеңіз: 

Міржақып, неге отырсың қалам тартпай, 

Бәйге алмас болғанменен жүйрік шаппай. 

Шамаңды қадари хал көрсетсеңші, 

Байғұс-ау, оянсаңшы қарап жатпай. 

Осындағы «оян» сөзі – автордың биік идеялық мақсаты, басты рухани нысаны. 

Жекебастың, әлеуметтік топтың, белгілі топтың мүддесі емес, ақынды 

толғандырар мәселе – халықтың тағдыры, елдің қайғысы мен мұңы. 

Ұйқыда жатыр қазақ көзін ашпай, 

Кеттік қой отқа күйіп, өрттен қашпай. 

Әр халық алға кетіп жатса дағы, 

Біздің жұрт шегінеді қадам баспай... 

Халқының басындағы ауыр қасіретті айқын көріп, дәл басып айта білген ақын 

енді содан айықтыру жолдарын іздейді. Сол дәуірде бел алған қыру-жою, қантөгісті 

БАСҚА ТОПТАР ОСЫ ЭССЕЛЕРДІ 1200 ТГ САТЫП ЖҮР! АЛ 

https://vk.com/mega_education

 ТЕГІН ҰСЫНАДЫ! 

 

мадақтаған төңкеріс идеясы емес, адами игіліктерді, дін, иман жолын әспеттеп, 



білімге, адамгершілікке, оқуға, мәдениетке үндеу – жас ойшыл таңдаған арна. 

Қорытындылай келе, қиын қыстау кезеңде өз халқы үшін барын салған екі 

ақынымыздың мақсаты бір, яғни өз ұлтын оятып, оқу-білімге, адамгершілікке үндеу 

болды. Сондай аумалы-төкпелі, аласапыран кезеңде халқының жоғын жоқтап, мұңын 

мұңдап, аузы алты қарыс патша өкіметіне қарсы бас көтерген қазақ 

азаматтарының іс-әрекеттерін ұлт азаттығы үшін күрес деп бағалаған жөн. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

БАСҚА ТОПТАР ОСЫ ЭССЕЛЕРДІ 1200 ТГ САТЫП ЖҮР! АЛ 

https://vk.com/mega_education

 ТЕГІН ҰСЫНАДЫ! 

 

 



 

2.Жамбыл шығармалары – халық ауыз әдебиетінің қайнар көзі екендігін дәлеледеп 

жазыңыз. 

Халық поэзияларының көпшілігі ауызша айтылады, кейін назарға түсіріліп 

оқылады. Оның көркемдеуі де басқаша, байырғы тілдермен баяндалады. Оның 

талантты өкілдері нағыз көркем сөз шебері болып, айтулы ақын дәрежесіне 

көтеріледі. 

Кеңес дәуіріндегі халық поэзиясының даму жолдары Жамбыл Жабаев есімімен 

тығызбайланысты. Өйткені ақын – суырыпсалмалық өнерді біздің заманымызға 

жеткізушілердің бірі ғана емес, өзінің қайталанбас дарынымен сол дәуірдің 

өміршеңдігін жазба поэзиясы дамыған дәуірде де таныта білген жүйрік ақын. Өзінің 

көзі тірісінде-ақ «Поэзия алыбы», «Жыр күмбезі», «Өлең сөздің пірі», «Алатау сынды 

ақсақал», ал тоқсаннан асқан кезінде «ХХІ ғасырдың Гомері» атанған, ұлы Абай 

ақынымыздың құрдасы Жамбыл – халық ауыз әдебиетінің қайнар көзі. 

Ақынымыздың жас кезінде шығарылған жырларының көбі жазылмай, жоғалып 

кеткен. Өлеңдерінде қазақ ауылдарының тіршілігі, әр түрлі адамдардың мінез-құлқы, 

бай-болыстардың іс-әрекеттері туралы сөз қозғалады. Шығармаларының көбі 

айтыстар, арнау, мысқыл өлеңдер болып табылады. Жамбылдың үлкен ақындық 

өмірі ХІХ ғасырдың 70-жылдарынан, яғни қазақ қауымы үшін ауыр кезеңде Ресей 

отарлаушылары екі елге де өктемдік жүргізіп, әбден тізесін батырған, халық 

көптеген қиыншылықтарға тап болып, тығырыққа тірелген дәуірде басталды. Бұл 

отарлаушы өкімет ел арасында алауыздықты туғызу үшін сайлау жүйесін ойлап 

тауып, жергілікті халықтарды билікке таластырып қоятын тұсы да осы кез еді. 

Осы уақытта отарлаушы жүйеге байланысты халықтың рухани қарсылықтарын ел 

ақындары ғана жеткізіп айта алатын. Әдебиет өкілдері тек ақындық міндетін 

атқарып қоймай, ұлттың жағдайын ойлап, күйзелген қайреткердің де рөлін 

атқарды. Бір қоғамда өмір сүріп, белгілі тарихи оқиғаларды бастан кешірген, 

қайраткерлік міндет арқалаған ақын сол дәуірдің өзін туғызды. Сондықтан ақынның 

шығармаларында сол тарихи шындығы көрініс тапты. 

Жамбылды нағыз ақын ретінде елге танытқан, оның есімін бүкіл Қырғызстанға, 

Сыр бойына, Жетісуға таратқан – сол тұстағы дүлдүл ақындармен айтыстары. 

Ақындармен айтыс Жамбылдың суырыпсалмалық өнерін шыңдады, ақындық 

шеберлігін арттырды, азаматтық өресін өсірді және тақырып аясын кеңейтті. 

Қорытындылай келе, екі өмірді көрген Жамбыл кешегі мен бүгінгі күннің бар 

шындығын шынайы жырлай білсе, ертеңгі күннің жарқын жарқын болашағын да 

солай жырлайды. 

 

 

БАСҚА ТОПТАР ОСЫ ЭССЕЛЕРДІ 1200 ТГ САТЫП ЖҮР! АЛ 

https://vk.com/mega_education

 ТЕГІН ҰСЫНАДЫ! 

 

 



 

3.І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы әлеуметтік-қоғамдық мәселелерді 

сипаттап жазыңыз. 

Қазақ әдебиетіндегі шоқтығы биік ақындардың бірі де бірегейі І.Жансүгіров. 

Ақынның өнер тақырыбында қалам тартқан шығармаларының бірі – «Құлагер» 

поэмасы. Ақан серінің өміріне арналады. Құлагер – Ақан үшін жан досы, сырласы, 

мұңдасы, жол серігі еді. 

Серінің атын асқақтатқан ең әуелі жомарт табиғат тарту еткен сан қырлы 

талант болса, екіншісі Ақан есімімен қатар аталатын атаұты пырағы – Құлагер 

еді. Ол астындағы атын бейне бір туған баласындағы бөбектейді. Аламан бәйгенің 

алдын бермей даңқы бүкіл Арқаға тараған Құлагер Сағынайдың асында 

қастандықпен өлтірілгенін білеміз.  

Осы бір қарабет қастандық ақынның жүрегін жаралайды. Құлагердің басын 

құшақтап: «Құлагер, әкең – тұлпар, шешең – сұңқар...» деп жоқтау айтады. Ақаннан 

Құлагерді айырған  адам баласының қара ниетінің нәтижесі. Бұл жерде іштарлық, 

көреалмаушылық сияқты қасиеттердің сол заманның да басты жауы болғанына 

көзіміз жетеді. «Құлагер» поэмасы бір ғана жүйрік тұлпарға арналмаған. Мұнда 

әділетсіздікке деген Ақан серінің ашуы жатыр.  

Құлагердің жүйрік, нағыз сәйгүлік болуы көптің ішіне іштарлық құртын 

түсіргені белгілі. Сол замандағы әлеуметтік мәселені қозғайтын болсақ таяқтың бір 

ұшы осыған келіп тиеді. Бұл тек сол заманның ғана емес адамзат баласының 

тарихында әр кезде басты мәселе болатыны анық. 

«...Тірегі көңілімнің бәйтерегім, Бұл жерге қалайша құлап едің?» - деген 

жолдарды оқып отырғанда, Ақан серінің жанына жара салған күйзелісті басып 

тығырыққа тірелген ауыр да, азапты сәттердің шыны мен сырына қаныға түсеміз. 

Адам баласына айтатын жоқтауды Құлагерге айтқызған ғасырдың қаталдығы ма, 

әлде адамзат атаулының зұлымдығының шексіздігі ме? Менің ойымша, адамдардың 

пендешілігінен. Ал адам баласы пендешілікке салынбай ақыл мен жүрегінің үнімен 

жүрсе ешқашан ақ жолдан адаспас еді. Бұл жоқтаудан Құлагердің сері өміріндегі 

орнына ғана емес, ақынның жылқы малына деген ерекше құрметінің куәсі боламыз. 

Қорыта келгенде, бұл оқиғаға қанық әрбір адам алты алаштың арқалы азаматы, 

өз заманында әділетсіздіктің құрбаны болып, рухани дағдарысқа ұшырағанына 

қапаланамыз. Барлық адамзат баласы пейілін кеңге салып, жүрегін мейірімге 

толтыратын болса мұндай мәселелер болмас еді. «Қолда бар алтынның қадірі жоқ»- 

демекші кез келген нәрсенің қадірін білейік.  

 

 

 

БАСҚА ТОПТАР ОСЫ ЭССЕЛЕРДІ 1200 ТГ САТЫП ЖҮР! АЛ 

https://vk.com/mega_education

 ТЕГІН ҰСЫНАДЫ! 

 

 



 

4.М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы ХІХ ғасырдағы қазақ өмірінің көркем 

энциклопедиясы екендігін талдап жазыңыз. 

Мұхтар Әуезов – әр түрлі әдеби жанрларда терең қалам тербеген жазушы. 

Оның аса көрнекті шығармаларының бірі – «Абай жолы» роман-эпопеясы. Бұл 

романның қоғамдағы орны қандай? 

«Абай жолы» - қазақ әдебиетіндегі тұңғыш роман-эпопея. Реализмнің нағыз 

жетілген кезінде туатын роман-эпопея жанрының қазақ әдебиетінде пайда болуы 

аса елеулі мәдени-көркемдік құбылыс болды. «Абай жолында» ХІХ ғасырдың екінші 

жартысындағы қазақ қоғамының шындығы мейлінше кең көрсетілді, 

қаһармандардың жеке өмірі халық тарихындағы күрделі өзгерістермен байланысты 

берілді. Романда таптық, әлеуметтік қайшылықтар мен тартыстар, Абай сынды 

ақын қайраткердің өмір жолдары дәуірдің ұрымтал, кесек оқиғаларына тығыз 

қатыстырыла суреттеледі. «Абай жолында» қаһармандар өмірінің сан түрлі кезеңі, 

байланыстары, әулеттер ауысуы, мінездердің жасалу, толысу тарихы кең 

бейнеленеді. Тарихи дәуір келбетін көрсететін типтердің көптігі, олардың 

дүниетаным, наным-сенім ерекшеліктерінің берілуі,ескі мен жаңаның күресі дәуірлік 

түбірлі бетбұрыстармен астастырыла көрсетілуі «Абай жолының» эпопеялық 

сипатын белгілейді. Абай өмір сүрген қоғамның өзекті тартыстарв мен күрестерін, 

ізгілік пен зұлымдықтың шайқасын, көркем тұлғалардың өткендегісі мен бүгінгісін 

кеңінен қамтып, болмыстың екшелеген, жинақталған шындығын айту міндеті 

роман-эпопеяда зор шеберлікпен шешім тапты. «Абай жолында» ұлы ақынның 

жекебастық іс-әрекеттері дәуірдің көкейкесті мәселелерімен, нәсілдер, таптар, 

халықтар таңдырларының тоғысуымен ойластырыла баяндалды. Роман-эпопеяда 

оқиғалардың ағысы, жеке адамдар тағдырының қоғамдық тіршілікке тәуелділігі, 

тұлғалардың даралық келбеті, зұлымдықты әшкерелеу мен ізгілікті мадақ ету өмір 

шындығына сәйкес көрсетіледі. 

«Абай жолы» роман-эпопеясы – қазақ әдебиетінің ғана емес, бүкіл кеңес 

әдебиетінің де дүниежүзілік даңққа бөленген ұлы туындыларының бірі. Шығарма 

елуден артық тілге аударылып, әлемнің барлық құрлықтарына тарады. Көптеген 

елдің адамдары бұл романнан қазақ халқының жартығасырлық өмірінің толық 

суретін, әлеуметтік жағдайын, мәдениетін, тұрмысын таныды. 

Қорытындылай келе, қазақ әдебиетіне М.Әуезов дәстүрінің игі ықпалы әр 

тараптан көрініп отырады. Өткендегі тарихи қайраткерлер, әсіресе 

шығармашылық адамдары жайында шығарма жазған әрбір қаламгер оның құдіретті 

талантының шарапатын сезетіні шүбәсіз. 

 

 

БАСҚА ТОПТАР ОСЫ ЭССЕЛЕРДІ 1200 ТГ САТЫП ЖҮР! АЛ 

https://vk.com/mega_education

 ТЕГІН ҰСЫНАДЫ! 

 

 



 

5.Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы саяси-әлеуметтік жағдай мен өмір 

шындығын дәлелдеп жазыңыз. 

Қазақ прозасына үлкен үлес қосқан алғашқы қазақ романының авторы – 

Жүсіпбек Аймауытов. Оның талант мүмкіндіктері, қабілет ерекшеліктері айқын 

көрінген туындысы – «Ақбілек» романы. Қаламгер әлеуметтік тартыстар, тарихи 

оқиғалар, тап күресі, ел мойнына салмақ түсіп, жеке адамдар тағдырының 

ширыққан буынын дәл басады. Ендеше, осы «Ақбілек» романында қандай саяси-

әлеуметтік жағдайлар мен өмір шындығы туралы жазылды? 

Жалпы романның өзі қазақ қызының тағдырына құрылған шығарма. «Ақбілекте» 

қазақ аулының Ресей жеріндегі төңкерістер кезіндегі, ақ пен қызылдың лаңы 

тұсындағы әлеуметтік-саяси жағдайына баса көңіл бөлінген. Өйткені романның 

фабуласы қоғамдағы құбылыстарға тікелей байланысты дамиды.  Бүкіл сюжет 

елдегі азамат соғысы тұсында ғана өтуге тиіс оқиғаға негізделген. Қазақ халқының 

орыс тепкісінің астында көрген зорлық-зомбылықтарын Ж.Аймауытов Ақбілек 

трагедиясы арқылы шынайы суреттеген. Ресей империясының екі ғасырдай боданы 

болған қазақ халқының азып-тозған мүшкіл халін айқын көрсету үшін жазушы 

Ақбілек басындағы трагедиясын шегіне жеткізіп көрсете білген. Ішкі Ресейдегі 

қызыл орыстардың тегеурінді екпініне шыдай алмай оңтүстікке қарай жөңкілген ақ 

орыстар жүрген жерін жалмап, бейбіт халықты тонап, қырып-жойып бара 

жатты. Кейбір кеудемсоқ офицерлер тіпті шектен шығып қазақтың қыз-

келіншектерін зорлап, қорлап кетіп отырды. Ақбілек те осындай бір ақ офицерінің 

күшпен зорлап қосылған уақытша әйеліне айналып еді. Осы оқиғаларды баяндай 

отырып, жазушы ұлттық психологияны нанымды суреттейді. Орыстардың 

қазақтарды менсінбеуі, адам санатына қоспауы, қазаққа деген зорлық зомбылығын 

шімірікпестен істей салуы – бір жағынан орыстардың басқыншылық мінез-құлқын, 

езуші халық ретінде дандайсыған көңіл-күйін көрсетсе, екінші жағынан қазақтардың 

орысқа дегенде дәрменсіздігін, ынжықтығын, бейшаралығын байқатады. Бірімен-бірі 

айтысып-қырқысқанда батыл қимылдайтын қазақтар орыстан өктемдік көрсе, 

ұнжырғасы түсіп, бүгежектеп қалады. Осыны жақсы білетін озбырлар онан сайын 

құтырына түседі. Ж.Аймауытов өз романында мәселенің осы жағына баса назар 

аударған. Автор езуші ұлт пен езілуші ұлттың психологиясын дәл берген. 

Қорытындылай келе, Ақбілек – сол кездегі қазақ қыз-келіншектерінің ғана емес

ғасырлар бойы отарлық тепкіден көз ашпаған қазақ халқының жиынтық бейнесіне 

айналған. Сондықтан да «Ақбілек» қазақ әдебиетінің тарихында өзіндік орын алатын 

шығарма. 

 

 

БАСҚА ТОПТАР ОСЫ ЭССЕЛЕРДІ 1200 ТГ САТЫП ЖҮР! АЛ 

https://vk.com/mega_education

 ТЕГІН ҰСЫНАДЫ! 

 

 



 

 

6.С.Торайғыровтың «Қамар сұлу» романындағы Қамар мен Ахметтің 

арасындағы махаббат сезіміне бөгет болған қиыншылықтарды талдап жазыңыз. 

«Қамар сұлу» - өзінің тақырыбы мен мазмұны жағынан әлеуметтік роман. 

Жазушы қазақ әйелінің теңсіздіктегі жай-күйін роман оқиғасының негізіне алып, сол 

арқылы өз дәуірінің қоғамдық шындығын әлеуметтік тұрғыда талдайды. Қоғамдық 

топтардың Қамар тағдыры туралы әр түрлі түсінігін, әрекет тіршілігін жан-

жақты суреттей отырып, шығарма идеясын өзі өмір сүрген қоғамның негіздерін 

сынауға бейімдейді. Қалың малға сатып шалдардың жас қыз алуын, әлділердің 

әлсіздерге зорлығын, халықтың қараңғыдағы қапас тіршілігін өткір сынайды. Сол 

негізде феодалдық патриархалдық салт-сананың күйреуін және оны ұға алмай 

отырған елдің надан мінез-құлқын әшкерелейді. 

Қамар өзіне тең жар боларлық адамды сұлудан, байдан іздемейді, ақылды, 

сырлас, мұңдас адамдардан іздейді. Мұндай адам деп Ахметті таниды. Бірақ қыз 

ғашықтық сезіміне беріліп, күйректікке түспейді. Сезімді ақылға жеңдіріп, алды-

артын ойлайды. Сол дәуір жағдайында Қамар мен Ахметтің қосылуына мүмкіндік те 

жоқ еді. Қамар – ауқатты ортадан шыққан қыз. Ахмет – кедей жігіт. Екеуі – екі 

ортаның адамдары.  

А, құдай жасты-жасқа пар қылғаның, 

Біреуді жоқ, біреуді бар қылғаның. 

Біреуге алтын, гауһар тақыт беріп, 

Астана жұрт билеген хан қылғаның. 

Жазушы Қамар бейнесі арқылы қазақ қызының басындағы ауыр халді көрсетіп, 

«елдің ең ардақтысы Қамарды осындай ит қорлықпен өлтіргенде, басқа қыздардың 

күйі не болмақ?»- деген сұраққа жауап іздейді. Осы мысал негізінде ескі ауылды құрт 

аурудай жайлап, есеңгіретіп бара жатқан әдет-ғұрып маңын айыптайды. Автордың 

бұл ойы – Қамардың өлердегі сөзінен айқын көрінеді. 

Тоқтау бер мұнан былай қазағыңа, 

Шалдардың қызды салмай мазағына... 

Қорытындыласақ, Ахмет пен Қамар арасындағы іңкәр сезімге үстем халық 

өкілдерінің қысымы, әлеуметтік теңсіздік пен надан халықтың жаңаша ойлай 

алмауы кесірін тигізді. Шығарма Қамар сұлу бейнесінде заман қасіретін көрсетті. 

Мазмұнында тек әйел теңсіздігі емес, астарында халықтың қараңғылығы мен 

байдың озбырлығы қыл тағдырында бейнеленген. 

 

 

 

БАСҚА ТОПТАР ОСЫ ЭССЕЛЕРДІ 1200 ТГ САТЫП ЖҮР! АЛ 

https://vk.com/mega_education

 ТЕГІН ҰСЫНАДЫ! 

 

 



 

 

7.С.Торайғыровтың «Қамар сұлу» романындағы отбасылық тәрбие мәселесін 

қазіргі кездегі отбасындағы тәрбиемен салыстыра отырып талдаңыз. 

«Қамар сұлу» романы – С.Торайғыров шығармаларының жаңа сапаға өткелі 

тұрғанын, көркемдік-идеялық ізденістерін анық көрсететін шығарма. Ал бұл 

шығармада отбасылық тәрбие мәселесі қалай көтерілді? 

ХХ ғасырдың басындағы қазақтың іріп-шіріген билеуші тобының өкен, тәрбие 

алған ортасы, ескілікке қарсы үн көтерген «Қамар сұлу» шығармасы, жастарды 

асқақ қиял, зор талапқа бастайтын лирикасы – оны қазақ әдебиетіндегі 

демократтық әдебиеттің ірі өкілі етті. Негізінен «Қамар сұлу» романында 

қазақсалт-дәстүрлері туралы сыни пікір айтылған. Ең көрнекті көтерілетін мәселесі 

қазақ қыздарының қалымға сатылуы, қыз-әйел баласының өмірде алатын орны болып 

табылады. Ахмет Қамарға ғашық болғанымен қалың малға ақша төлеуге қарааты 

жетпеді. Содан соң Қамарды он бес жасына Нұрым деген азаматқа тұрмысқа 

береді. С.Торайғыров бұны заманның ащы қиындығы ретінде сипаттаған және 

«Қазақ тарихының ұйқыдағы қазағымның ұзын да ұзақ жолы» - деп суреттеген. 

Ал қазіргі кездегі отбасы тәрбиесі Қазақстанның әр түкпірінде әрқалай. 

Қазақстанның оңтүстік өңірінде қалың мал міндетті түрді алынады және оны 

жасауымен қайтарады. Батыс өңірлерді қалың малды сұрау дәстүрі 

оңтүстіктегіден әлдеқайда көбірек. Бағасы жағынан да, жанындағы жералғылар 

жағынан да батыстың қыздары дес бермейді. Шығыс өңірлерде қалың малды 

«бергенінше береді», «бермесе қояды», «жағдайына қараймыз» диалектілерін 

қолданады. Ал Солтүстік Қазақстанның тұрғындары «Теңін тапса тегін бер» деген 

салтты ұстанады. Егер қыз бен жігіт бір-бірін ұнатып тұрса, қалың мал да, жасау 

да сұрамай, еншісін беріп бөлек шығарады. Менің ойымша, «қалың мал» беру ол дұрыс 

нәрсе. Себебі ол қыздың ата-анасына зор көмек болады. Әрі қалың мал жат жұртқа 

емес, жасау қылып қыздың артынан қайта жол тартады. Бірақ қалың мал берерде 

көрпесіне қарай көсілген жөн. 

Қорыта келе, менің жеке ойымша Қамардың ата-анасы қалың малға қызығып, 

қыздың обалына қалды. Бұндай жағдай қазіргі қазақ халқының басына тиіп, 

Қамардың тағдырын қайталағанын қаламаймын. 

 

 

 

 

 

 

БАСҚА ТОПТАР ОСЫ ЭССЕЛЕРДІ 1200 ТГ САТЫП ЖҮР! АЛ 

https://vk.com/mega_education

 ТЕГІН ҰСЫНАДЫ! 

 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет