1. Мемлекет және оның негізгі белгілері және атқаратаын қызметі



бет1/28
Дата19.12.2022
өлшемі60,67 Kb.
#163272
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
саясат сессия
положение о республ.конференции по сестр.профессии, мәліметтер 3, unemployment

1.Мемлекет және оның негізгі белгілері және атқаратаын қызметі. Мемлекет — белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы. Егемендікке, заңдастырылған зорлықты пайдалануға монополияға ие және қоғамды басқаруды арнайы механизмдер (аппарат) арқылы жүзеге асыратын қоғамдағы саяси билікті ұйымдастырудың еркеше түрі, саяси жүйенің орталық институты. Мемлекеттің орталық және жергілікті билік органдары жүйесі болады, оған заңды, атқарушы және сот органдары, әскер, полиция жатады; Мемлекеттің тұрғындары әкімшілік-аумақтық бірлестіктерге (облыс, аудан, ауыл, т.с.с.) бөлінеді (ол бірліктер әр елде түрліше аталады); Мемлекеттің шекарасы анық белгіленген аумағы болады; Мемлекеттің әскерді, полицияны, сотты, басқа мемлекеттік мекемелерде қызмет істейтін шенеуніктерді ұстау үшін салық жинайды; Мемлекет заңдар және басқа нормативтік-құқықтық актілер шығарады, солардың көмегімен қоғамда тәртіп орнатады. Мемлекет мынадай қызметтерді атқарады: шаруашылық жүргізу (меншік) мәселелерін реттеу (бөлу), жер бөлу, алым-салық жүйесін белгілеу, адамдардың құқықтық жағдайын белгілеу, қорғанысты қамтамасыз ету, тағы басқа мемлекет саяси ұйымдардың ішіндегі ерекше күрделісі және қуаттысы бола отырып, бүкіл қоғамды қамтып, сол қоғам атынан оның ішінде де, сыртында да өкілдік етіп, сол қоғам үшін қызмет ететін саяси ұйым. Осыған орай мемлекеттің қоғам өміріне тікелей және жанама әсер ететін ерекше органдары және оны басқа саяси ұйымдардан ажырататын белгілері бар. : Ішкі қызмет: 1.Экономикалық салада мемлекет кәсіпкер,жоспаршы,үйлестіруші ретінде мәселелерді шешеді.Экономикалық бағдарламаны жасайды.Халық шаруашылығының әр түрлі салаларының арасныдағы байланыстарды реттеуге,экономикалық интеграцияны өрістетуге,ғылыми-техникалық революцияның жетістіктерін енгізуге,т.с.с қатысады. 2.Әлеуметтік өмірді ұйымдастырады.Халықтың әл-ауқатын ,өмір деңгейін көтеру,денсаулықты сақтау ісін жақсарту,тұрмыс қажетін өтеуді жетілдірумен айналысады. 3.Заңдылықты қамтамасыз етеді.Ел ішінде қарапайым тәртіпті сақтауға,қылмысқа қарсы күресті өрістетуге,әкімшілік зорлыққа жол бермеуге басшылық етеді. 4.Мәдени-тәрбиелік салада мемлекет халыққа білім беру және оқу-ағарту ісін,ғылымды, әдебиет пен өнерді дамыту жөнінде қамқорлық жасайды. Сыртқы қызметтері: 1.Мемлекеттің тұтастығы мен қауіпсіздігін қорғау.2.Өзін-өзі билеу,егемендігін сақтау,басқа елдермен тиімді қарым-қатынасты орнату, олармен бірге алынған міндеттердің екі жаққа бірдейлігін қамтамасыз ету. 3.Өз елінің саяси мүддесінің ықпалдылығына,ұтымдылығына,өтімділігіне, тиімділігіне жағдай жасау,басқа елдердегі жаңалықтар туралы өз еліне дер кезінде мәліметтер беру және т.б. 4.Жалпыадамзаттық, аймақтық саяси негізде интеграциялық процестерді дамыту.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет