1. «Өндірісті басқару» түсінігінің анықтамасы



бет1/19
Дата23.05.2023
өлшемі53,69 Kb.
#177471
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
ОПМ ссс



1. «Өндірісті басқару» түсінігінің анықтамасы.
Басқару – бұл басқару функциялары деп аталатын нақты басқару жұмыстарының түрлерінен тұратын циклды процесс.
Басқару функциясы – бұл арнайы әдістер және тәсчілдермен жүзеге асырылатын басқару қызметінің нақты түрі және жұмысты сәйкесінше ұйымдастыру.Басқару функциялары.1.Жоспарлау.2.Ұйымдастыру.3.Мотивация. 4.Бақылау
Басқару міндеттері – басқару функцияларынжүзеге асыру бойынша жетекшілердің іс-әрекетінің заңдылықтары мен ережелері.
Басқару принциптерін және функцияларын жүзеге асыру әртүрліәдістерді қолдану жолдарымен жүзеге асырылады.
Басқару әдісі – бұл ұйымның алға қойған мақсатына жетуі үшін басқарылатын объектіге әсер ету әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы.
Ұйымдастыру формасы – бұл нақты қалыптасқан жағдайға әсер ету. Бұл тікелей немесе жанама әсер ету болуы мүмкін. Басқарудың нақты бір әдісінде мазмұны да, бағыттылығы да және ұйымдастыру формасы да белгілі бір деңгейде өзара үйлесімде болады. Соған байланысты басқарудың келесідей әдістерін бөлуге боады:
•ұйымдастыру-әкімшілік, тікелей директивалық нұсқауларға негізделген;
•экономикалық, экономикалық стимулдармен негізделген;
•әлеуметтік-психологиялық, қызметкерлердің әлеуметтік белсенділігін жоғарылату мақсатымен қолданылады.
2.Өндірісті басқару объектісі мен пәні
Өндірістік менеджмент пәнінің зерттеу объектісі - көсіпорын (ұйым).Өндірістік менеджменткөптеген басқа пәндермен тығыз байланысты болып келеді, оның ішінде - микроэкономика, салалық экономика, кәсіпорын экономикасы, халық шаруашьшығы салалар технологиясы, менеджмент негіздері, экономикалық статистика, экономикалық-математикалық модельдер жөне т.б. Өндірістің (ұжымның) бір-бірінен өлшемімен, ұйымдастырушылық-құқықтық түрлерімен, салалық керек-жарақтармен және басқа да мінездемелермен ерекшеленетіндіктен, осы пәнді зерделеу кезінде барлық өнеркәсіптер үшін сипатты, жалпы болсын, жеке болсын өнеркәсіптердің спецификасын анықтау қажет.Өндірістік менеджмент пәнінің мақсаты - студенттерге кәсіпорынның өндірістік қызметіне қарасты басқару шешімдерін қабылдауға қажет теоретикалық білімдерін беріп, практикалық әдістерге үйрету.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет