Пәнді өткізу уақыты және орны: 2021-2022 оқу жылының оқу кестесіне сәйкес
Кеңес беру уақыты – 2021-2022 оқу жылының кеңес беру кестесіне сәйкес
Рейтинг кестесі: 7 және 15 апта
Оқытушылар: Кабдрахманова Ф.К.,
Уалиева Р.Т.
Байланыс ақпараты (телефон, e-mail)
540-163
2. Пәннің қысқаша мазмұны: Курстың мазмұны келесі бөлімдерден тұрады: Қазақстан тарих толқынында; ҚР Президентінің Жолдауы; Қазақстан жаһандық әлемде: жаңғыру даму шарты ретінде; Қазақстандағы саяси жаңғыру; Қазақстандағы экономикалық жаңғыру; Қазақстан халқының рухани дамуының мемлекеттік бағдарламалары; адам Қазақстанның негізгі құндылығы ретінде; "Атамекен" бағдарламасын жүзеге асыру; білім культі, білім және ғылым; жалпыұлттық рәміздер (символдар), "Қазақстанның киелі орындары" бағдарламасын жүзеге асыру; Шығыс Қазақстан аумағының киелі нысандары: семантикалық талдау; "Рухани Қазына" бағдарламасы; Жаһандық әлемдегі қазіргі қазақстандық мәдениет.
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласындамықты, әрі жауапкершілігі жоғары біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынымыз және бұқаралық сананы қалай өзгертетініміз туралы көзқарастары айқындалған. Рухани жаңғыру – қазақстандық қоғамның бірегейлігі, баршамызға ортақ ұлттық құндылықтар мен мәдени кодтар мәселесі. Рухани жаңғыру гуманитарлық білімді жаңарту және жаңа императивтерді қабылдау арқылы жүзеге асырылады. Рухани жаңғырудың басты императивтеріне (құндылықтары) бәсекелік қабілет, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы мен сананың ашықтығы жатады.
С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті «Рухани Жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға қатысып, студенттерге стратегиялық құжаттың негізгі ережелерін түсінуін қамтамасыз ету мақсатында «Қоғамдық сананы жаңғырту» пәнін енгізді. Бағдарламаны іске асыру үшін жан-жақты қолдау жүйесін қалыптастыру міндетін атқара отырып, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ еліміздің жалпы дамуының стратегиялық бағыттарын терең түсінбей, дербес оқытудың қазіргі заманғы жүйесі (мұғалімдер, ғылыми, құқықтық, басқарушылық және т.б.) мүмкін емес. Бұл мәселені шешуге мүмкіндік беретін бакалавриаттың барлық мамандықтарының жұмыс оқу жоспарларына енгізілген «Қоғамдық сананы жаңғырту» пәні.