1-сұрақ. Халық ауыз әдебиеті – халық шығармасы



бет17/25
Дата21.05.2020
өлшемі145.08 Kb.
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   25
Өтірік Өлең– қазақ халқының тұрмыс салтына байланысты туындаған ауыз әдебиетінің көне үлгісі. Шендестіру арқылы бір заттың екінші заттан өзгешелігін, артықтығын көрсету өтірік өлең жанрының басты ерекшелігі саналады. Өтірік өлең әзіл-оспаққа құрылып, көбіне той-думанда, ойын-сауықтарда айтылған. Халық поэзиясында айрықша тапқырлық пен өмір шындығын өзгертіп, қисынсыз түрге келтіріп айтудың шеберлік белгісі ретінде бағаланған. Өтірік өлеңде суреттелетін оқиға желісі нақтылы шындықтан алынғанымен, ондағы іс-әрекет шынайы өмірге жанаспайды: “Аспанға алты жерден тіреу қойдым, Той қылып, мың масаны сонда сойдым” деген сияқты фантастикалық қиялға, күлкіге құрылады. Өтірік өлеңде әсірелеумен қатар бейнелеу, теңеу тәсілдері арқылы көркем бейнелер жасалады, қиыннан қиыстырылған тапқырлық, ойдың өткірлігі мен логик. жүйенің қисыны сарапқа түседі. Ақыл-өрісін кеңейтетін фантазиялық қиялдың шарықтауы көрініс тауып, әсіресе ғылыми-техникалық жаңалықтар шынға бергісіз ойға құрылған сан қилы өтірік өлеңдер туындатады. “Бір күні, күн шыққан соң, таңда тұрып, ойыншық – резинка шарға мініп, Жөнелдім қуып екі жер серігін, Дем алдым Ай қасында жолда отырып” деген сияқты жаңа сипаттағы қиялға құрылады. Өтірік өлеңнің “Қырық өтірік” ертегісі үлгісінде айтылатын нұсқалары бар. Өтірік өлеңдер кейінгі кезде айтыстың жеке жанры ретінде жаңа сипатта көрінді. Бұған І.Алтынбаев пен Ә.Ақылбаев секілді ақындардың өтірік өлең айтысы (1984) айқын дәлел бола алады. Өтiрiк өлең – қазақ халық поэзиясындағы ерекше қызғылықты, балалар құмарта тыңдап, қызыға жаттап алатын фольклорлық жанр. Өтiрiк өлеңдi бүлдiршiндер ғана емес, үлкендер де сүйсiне тыңдайды, тiптi бүгiнгi айтыста да бұл жанр тiрiле, жаңа қырынан танылып жүр. Тiптi, теледидар бағдарламаларына да арқау болып жүр. Сол сияқты халық «Тазша баланың қырық өтiрiгi» жөнiндегi ертегiнi де ұрпақтан-ұрпаққа қастерлей жеткiзiп келедi. Бұл өтiрiк өлеңнiң қазақ фольклорындағы көне де, дәстүрлi жанр екендiгiн көрсетедi. Қазақ өтiрiк өлең нұсқаларының хатқа түсе бастауы ХIХ ғасырдың екiншi жартысынан басталады. Оның алғашқы нұсқасын В.В.Радловтың қазақ фольклорына арналған жинағынан кезiктiремiз. Өтiрiк өлең үлгiлерiн жинап бастыруға Ә.Диваев, С. Сейфуллин, I.Жансүгiров сияқты белгiлi адамдар да ат салысқан. Бұл орайда, әсiресе, I.Жансүгiров құрастырып, алғысөз жазған «Ел өтiрiгi» атты жинақты ерекше атаған жөн. Кейiнгi кезеңде өтiрiк өлеңдер жинағы әлденеше рет жарық көрiп келедi . Ел арасында өтiрiктiң қарасөзбен айтылатын түрлерi де мол ұшырасады. Тiптi, әр ауылдың өзiнiң қиыннан қиыстырып: «Өтiрiктi шындай, ақсақты тыңдай» қылып әңгiмелеу арқылы халық «құрметiне» бөленген адамдары болған. 

41. Естай Мырзахметов әңгімелерінің тәрбиелік мәні

Мырзахметов Естай (1927, Бурабай ауданы Жарқайың ауылы– 2008, Көкшетау қаласы) – жазушы, публицист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі (1973), Көкшетау қаласының Құрметті азаматы (2001). әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды бітірген (1954). «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінің Көкшетау және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша меншікті тілшісі (1954 – 66), «Көкшетау правдасы» газеті редакторының орынбасары (1966 – 68) болып қызмет істеді. Мырзахметов алғашқы очеркін мектеп қабырғасында жүргенде жазып, ол «Пионер» журналында басылған (1949, шілде). Ауыр науқасқа шалдығып, төсек тартып жатса да Мырзахметов «Он бес жыл өткен соң», «Медет» романдарын, «Хайроштың аманаты», «Қара жолдың бойында» повестерін, 100-ге тарта әңгімелер мен новеллалар жазды. Мырзахметов аудармамен де айналысты, оның тәржімалауымен ұлы даниялық жазушы Мартин Андерсен Ненсенің «Жаннета» романы, Ханс Кристьян Андерсеннің «Сандық-самолет» ертегілер жинағы, татар жазушысы Шәміл Умановтың «Торғай даласында» атты повестер мен әңгімелер жинағы, Юрий Корольковтың «Кио Ку Мицу» шығармасы қазақ тілінде жарық көрді. Мырзахметов публицист ретінде де кеңінен танымал, ол Ақан серінің, Біржан салдың, Балуан Шолақтың, Үкілі Ыбырайдың, т.б. өмірі мен шығармашылығы туралы зерттеу очерктерін жазды. «Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері» белгісімен марапатталған.

42. Махамбет поэзиясындағы романтизм көкжиегі

Махамбетті прогресшіл романтизм өкілі дейміз.Оның өлеңдерінде романтизм элементі жиі кездеседі. Бірақ бұл – көпшілікті күреске шақырған оптимистік, прогресшіл романтизм. Махамбет романтизмінің негізі – сол кездегі қанаушылыққа қарсы наразылық білдірген айналасына риза болмай, алға ұмтылған, алдағы күннен жақсылық күткен, сол жақсылыққа күреспен ғана жетпек болып, қарулы күреске шыққан шаруалар көтерілісі еді. Махамбет өлеңдеріндегі романтизм – сол мақсаттың көрінісі.

Махамбет өлеңдеріндегі романтизм басынан аяғына дейін жұртшылықты күреске шақырған, жақсылықты алдағы күннен күткен прогрестік, оптимистік романтизм. Күреске шақыру идеясы көтерілістің тек қана алғашқы кезеңіндегі сөздерінде емес, барлық өлеңдерінің де өзегі болып отырады. Исатай өліп, көтеріліс ыдырап, бірен-саран жолдастарымен қашып жүрген кезінде шығарған өлеңдерінде де сол сарыннан таймай, сары уайымға салынбай,болашаққа сенеді. Жеңілдім деп торығып, дүниеден безіп, өлім іздемейді. Жеңіліп қалғаннан кейін де:

Орама мылтық тарс ұрып, Жауға аттанар күн қайда?

Елбең-елбең жүгірген,

Ебелек отқа семірген, Арғымақтан туған асылды, Баптап мінер күн қайда?

Түлкідейін түн қатып,

Бөрідейін жол тартып,

Жауырынына  мұз қатып,

Жалаулы найза қолға алып,

Жау тоқтатар күн қайда? –  дейді.

(«Ұлы арман»)



Мұнда ешқандай пессимистік сарын жоқ. Бұл – Исатай барындағы «жалаулы найза қолға  алып, жау тоқтатар»  күндерін іздеу, соны дәріптеу.

43. «Алпамыс батыр» жырындағы образдар жиынтығы

Алпамыс

Батырға тән ерекше қасиеттер: текті, жаудан сескеніп қорықпайтындық, қалың дұшпанға қарсы шабатын, намыс пен арды жоғары қоя білетіндік, еліне қамқор, отқа салса күймейтін, оқ өтпейтін, қылыш кеспейтін батыр

Гүлбаршын

Әйел атаулының ең ұнамды сипаттары болып табылатын ақылдылық, мінезділік, опалылық сынды белгілер Гүлбаршынға тән болып көрінеді.

Ұлтан

Ұлтан шын мәніндегі құл да емес. Ол – Алпамыстың немере ағасынан туылған бала, Құлтайдан туған бала. Ұлтан өсе келе, өз дәрежесінің үстем болуын көздейтін зорлықшыл, мейірімсіз жан болды.

Қараман — Алпамыстың майданда жолықтырған, жауды ерлікпен жеңіп, достығын мойындатқан батыр. Қараман ерлікті ғана бағалайтын, Алпамыс үшін мұсылман дініне кірген, сол жолда баласы мен тұлпарын құрбандыққа шалып, достыққа адалдығын танытқан ер екенін көрсетеді.
Жырдағы Кейқуат қарапайым қойшы бола түра Алпамыстың ер екенін танып, көмектесіп кейін хан орнына хан болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   25




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет