10-тақырып. Бастауыш сыныпта математиканы оқытуды ұйымдастыру формалары. Бастауыш сынып математикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру.
Жоспар: 1. Бастауыш сыныпта математика сабағының құрылымы мен сабақ жүйесі.
2. Сабақ, сабақ мазмұны, технологиялық карталар дүзу.
3. Проблемалық сабақ және оны ұйымдастыру әдістері. Сабақты талдау.
4. Тәлімнің сыныптан тыс көмекші формалары (үйірме, математика кешесі және басқа түрлері); өздестірмейтін оқушылармен жұмыс; Оқушылардың үй тапсырмалары, оны ұйымдастыруға қойылатын талаптар; қателермен жұмыс істеу, оқушылардың білімін тексеру әдістері; сыныптан тыс жұмыс түрлері.
5. Бастауыш сынып оқушыларының математика сабақтарында жас ерекшеліктеріне сай тарихи мәліметтерді меңгеру мазмұны.
1. Бастауыш сыныпта математика сабағының құрылымы мен сабақ жүйесі.
Мектепте математиканы оқытуды ұйымдастырудың тарихи, күрделі, көп жылдық тәжірибеде тексерілген және заман талаптарына жауап беретін қалыбына сабақ болып табылады.
Оқушылардың математикалық білімдерді меңгеруі тек оқуда дұрыс метод таңдауға байланысты болмай, оқу процесін ұйымдастырудың формасына байланысты. Сабақ деп бағдарлама бойынша белгіленген, нақты кесте негізінде, нақты мерзімде, оқытушының басшылығында оқушылардың өзгермейтін санымен ұйымдастырылған оқу ісін айтады.
Сабақ кезінде оқушылар математикадан теориялық мәліметті, есептеу біліктілігін, мысал шешуді, әртүрлі өлшемдерді орныдауды үйренеді, яғни, сабақта барлық оқу істері атқарылады.
Математика сабағының өзіне тән жақтары, ең алдымен бұл оқу предметінің ерекшеліктерінен келіп шығады. Мұндай ерекшеліктердің бірі арифметикалық материалмен бір уақытта алгебра және геомтерияның элементтері де үйреніледі.
Бастауыш математикасы курсының басқа да өзін тән болған жағы теориялық-практикалық мәселелердің бірге қарастырылуында. Сондықтан әрбір сабақта жаңа білім берілуімен оған тиісті практикалық оқу және біліктіліктер сіңдіріледі.