11-тарау. ҰЙҚЫ БЕЗІНІҢ ЛАПАРОСКОПИЯЛЫҚ ХИРУРГИЯСЫ. Ұйқы безінің патологиясы кезіндегі барлық лапароскопиялық хирургияны 3 бағыт бойынша бөліп қарастыруға болады:ұйқы безінің резекциясы,ұйқы безінің қатерлі ісігі кезінде биллиоэнтеро немесе гастроэнтероанастамоз қою және ұйқы безінің кисталарын құрғату.
Ұйқы безіне лапароскопты енгізгенде бірден көрінбейді.Бірақ науқастың қалпын өзгертіп ұйқы безінің құйрығын анық байқауға болады.Ол үшін кіндік арқылы енгізілетін 30 гр немесе 45 гр бұрыштық лапароскоп қолданылады.Жақсы көріну үшін пациентті операциялық столда басын жоғары көтеріп жартылай отырғызу керек.Асқазан-ішек байламын ажырататын кезде моно- немесе биополярлы электрокоагуляцияны қолданады.Осылайша онекіелі ішекке Кохер бойынша мобилизация жасауға болады,ішастарды дуоденумге латеральды бөліп,онекіелі ішектің артқы бөлігін босату арқылы жедел диссекция комбинациясын орындайды.