№11 зертханалық сабақ. ВИРУСОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУГЕ ПАТОЛОГИЯЛЫҚ
МАТЕРИАЛДАРДЫ АЛУ ЖӘНЕ ОЛАРДАН ВИРИОНДАР МЕН ВИРУС
ДЕНЕШІКТЕРІН АНЫҚТАУ
Сабақтың мақсаты:
Вирусологиялық зерттеуге арналған
патологиялық материалдарды
алу және тасымалдау ережелерімен танысу. Өлімге ұшыраған
немесе амалсыздан сойылған
жануарлардың органдарынан құрамында вирусы бар суспензияларды
зерттеуге дайындау
тәсілдерін үйрену. Патологиялық материалдардан вириондар мен вирус
денешіктерін анықтау
тәсілдерін меңгеру. Жарықтық микроскоп көмегімен жағынды
препараттардан жасуша
цитоплазмасы мен ядро ішінен вирус денешіктерін табу.