111 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Қартанбаева Гүлжайна Әбутәліпқызы Мектеп №111 орта мектеп. Күні: 04. 2014ж Тақырыбы: Халқым менің қонақжай



Дата27.12.2016
өлшемі319,1 Kb.
#5875
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Алдашбай ахун ауылы

111 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі



Қартанбаева Гүлжайна Әбутәліпқызы

Мектеп № 111 орта мектеп. Күні: 2.04.2014ж

Тақырыбы: Халқым менің қонақжай

Құндылық: Сыйластық

Қасиеттері: Сыйлау, құрметтеу, көпшіл, және т.б.

Мұғалім: Қартанбаева Гүлжайна Әбутәліпқызы

Сыныбы: 2. Оқушылар саны: 11


Мақсаты:

  • «сыйластық», «туыстық», «достық» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  • Қонақ күгу дәстүрі,қонақасы туралы түсінік беру;

  • қонақты сыйлау іскерліктерін дамыту;

  • қонақжайлылық дәстүрлерді құрметтеуге тәрбиелеу.

Ресустар (материалдар)

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

( 5 т: тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық)

Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену».


Ескертулар

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Өсиет әңгімені оқу



  1. Хан баласы «халық даналығын» қалай табады?

  2. Халық даналығына нелер жатады?




ІІІ. Дәйексөз.

«Жақсы қонақ –құт береке»

Халық даналығы


  1. «Жақсы қонақ –құт,береке» дегенді қалай түсінесіңдер?

  2. «Қонаққа бару», «Қонақ келеді» деген сөздерді қалай түсінесіңдер?




ІҮ. Әңгімелесу.

  • Қонақжайлылық белгісі

Сырттан келген мейманға

Сәлем беріп,қол алсаң,

Бірінші еткен құрметің.

«Түсіңіз»,-деп түс беріп,

Шылбырына оралсаң,

Екінші еткен қызметің.

Есік ашып енгізіп,

Көрпе төсеп құп алсаң,

Үшінші еткен құрметің.

Мейман риза болғаны-

Құрметпен үйге қонғаны.


  • Өлеңде қонаққа қандай құрмет көрсету туралы айтылған?

  • Қонақ деп кімді айтамыз?

  • Қонақжайлылық дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Халқымыздың тағы да қандай салт-дәстүрлерін білесіңдер?

Мәтінмен жұмыс. Ұстаз сыйы.

Қонақасы /аңыз/ әңгімелеп беру



  • Қалай ойлайсыңдар,данышпан қарт өзінің еншісін нешеге бөледі?

  • Балалар, қалай ойлайсыңдар,қарт төртінші бөлігін кімге қалдырады?

  • Сыбаға деген сөзді қалай түсінесіңдер?

  • «Қонақасы» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

  • Қонақ күтуден адамның қандай жақсы қасиеттері көрінеді?




Ү. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Қ.Баянбайұлының «Қонақ келгенде» өлеңін оқу.

«Қонақты қарсы алу» рәсімін сахналалап көрсету.





ҮІ. Топпен ән айту.

«Қазақы дастарқаным» әні орындалады.






ҮІІ. Үй тапсырмасын беру.

Дастарқанға қонаққа ұсынатын тағамдардың суреттерін салыңдар.






ҮІІІ. Соңғы тыныштық сәті.

-Балалар,ыңғайланып отырып алыңдар.Көздеріңді жұмсаңдар да болады.Барлығымыз ата-аналарымызға еріп ел ордасы Астана қаласына қонаққа барыппыз.

Астана қаласының адамдары қонақжай екен.Барлығы күлімсіреп қарсы алып дәмді ас ұсынып жатыр.Біз «Бәйтерекке» шығып бүкіл Астананы қарап тамашаладық.Астана сондай әсем,әдемі.бұрынғы қалпымызға келейік.






Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Алдашбай ахун ауылы

111 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі



Қартанбаева Гүлжайна Әбутәліпқызы

Мектеп № 111 орта мектеп. Күні: 4.12.2013ж

Тақырыбы: Көмектесе білейік

Құндылық: құрметтеу

Қасиеттері: Көмектесу,құрметтеу,мейірімділік және т.б.

Мұғалім: Қартанбаева Гүлжайна Әбутәліпқызы

Сыныбы: 1. Оқушылар саны: 14


Мақсаты:

«Қамқорлық» ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі маңыздылығын ашу.



Міндеттері:

-Мейірімділік адами қасиеті мен өзара көмек

әрекеттері туралы түсінік беру;

-Қамқорлық жасау,көмек көрсету дағдыларын

дамыту;

-қайырымды,жағымды қарым-қатынастар жасауға

тәрбиелеу.


Ресустар (материалдар)

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

( 5 т: тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық)

Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену».


Ескертулар

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Мысық пен күшіктің суретін салу







ІІІ. Дәйексөз. «Бірлесе көтерген жүк жеңіл» халық мақалы

-Адамға қиналған сәтте қол ұшын беру,жақсы,жылы сөздер айтып демеу,жақсылық жасау бұның бәрі көмек.Қиналған сәтте барлығымыз көмектесіп бітірген жұмыс оңай шешімін табады. Сондықтан бірлесіп жұмыс жасау керек.







ІҮ. Әңгімелесу.

  • «Көмектесу», «көмек» дегенде нені түсінесіңдер?

  • Сендер кімге,қандай жағдайда көмек көрсеттіңдер?

  • Біреуге көмек көрсеткен кезде өздеріңді қалай сезіндіңдер?

Мәтінмен жұмыс. Ұстаз сыйы.

Арыстан мен тышқан

\Ертегі\

Бір күні арыстан ұйықтап жатқан кезде,тышқан келіп,оның үстінен жүгіріп өтеді.Арыстан оянып,тышқанды ұстап алады.Тышқан жалына бастайды: «Егер мені жіберсең,мен де саған жақсылық жасармын»,-дейді ол.Арыстан тышқанның «жақсылық жасармын» деген сөзіне күліп,оны босатып жібереді.

Келесі күні аңшылар арыстанды ұстап алып,ағашқа таңып тастайды. Тышқан арыстанның ақырғанын естіп,жүгіріп келіп,арқанды тісімен қырқып: «Есіңде ме,сен менен жақсылық күтпеген едің ғой.Енді міне,тышқаннан да қайырымдылық келетінін көрдің»,-депті.

Көрдің бе,кішкентайй тышқан да арыстанға көмектесе алады екен.



*Арыстан тышқанға қандай көмек көрсетті?

*Тышқан Арыстанның жақсылығын қалай қайтарды?





Ү. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Ойын: «Көмектесе білейік»

Шарты:Бала қолындағы жүректі бір-біріне өзінің беретін көмегі туралы айтуы қажеттігін түсіндіреді.







ҮІ. Топпен ән айту

Болайықшы осындай

Сөзі мен әні жазған:А.Меңжанова






ҮІІ. Үй тапсырмасын беру.

Арыстан мен тышқан ертегісіндегі арыстан мен тышқанның суретін салу






ҮІІІ. Соңғы тыныштық сәті.

-Балалар,денелеріңді түзу ұстап,бастарыңды жоғары көтеріп отырыңдар.Көздеріңді жұмсаңдар да болады.Ауаны терең жұтып,еркін тыныс алыңдар.Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап,бақытқа,махаббат пен тыныштыққа толы таза,шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.Ал,енді көздеріңді ашсаңдар да болады.








Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Алдашбай ахун ауылы

111 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі



Қартанбаева Гүлжайна Әбутәліпқызы

Тақырыбы:"Ұстаздың ұлы келбеті"


Мақсаты: Ұстаздың адам өмірінде алатын орын зор екендігін, ұстаздарды құрметтеу, сыйлау және қадірлеу қасиеттерін оқушылардың бойына дамыту әрі дарыту. Көрнекілігі: Ұстаздар туралы нақыл сөздер, өлең үзінділері жазылған көрнекіліктер, әр түрлі шаралар.

Мұғалім: Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар. Бүгінгі ұстаздар мерекесі қарсаңында өткелі отырған. «Ұстаздың ұлы келбеті» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

Тақпақтар:__1-оқушы'>Тақпақтар:

1-оқушы: Оқушы алға ұмтылып, шегінбей мен,

Сен ұялдың кір болса менің жейдем.

                 Жақсылыққа бастайтын күлімсіреп,

                 Көз алдыма қазір тұр сенің бейнең



2-оқушы: Алғаш рет оятқансың санамды,

                 Алғаш рет ұстатқансың қаламды.

                Сол үшінде мәңгі сыйлап өтермін

                Түсіндірген жақсы менен жаманды.



3-оқушы: Ұстаз бізді білім беріп өсірген

                 Қатемізді әрқашанда кешірген

                «Өмір жолы-қиын жол» деп әрдайым

               Тәрбиелеп, ақылды ғып өсірген.



4-оқушы: Анамдайсыз, менің асыл ұстазым,

                Өтті бізбен көктем, күз, қыс, жазың

                Жылдар бойы тәрбиелеп, аялап,

                Болашаққа байтақ бір жол нұсқадың.



Мұғалім: Балалар қазақтың тұңғыш ұстазын білесіңдер ме?

-  Әрине Ыбырай Алтынсарин. Қазақтың ұлы ағартушысы, педагог, ғалым-жазушы Ыбырай Алтынсарин тұңғыш ағартушы, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, көркем әдеби тілдің тазалығы үшін күресуші, балаларға таза  ана тілін үйрету арқылы халықтың бай тілін меңгеріп, өнер-білімге бастаушы. Ыбырай Алтынсарин туған халқына оқу-білімге шақырып, кенжелеген қараңғылықтағы еліне білімнің жарық сәулесін таратты. Тұңғыш қайраткер жас ұрпақ тәрбиелеуде жаңа ғылымның іргетасын қалады. Өзі бас болып, бірнеше жерде кездескен кедергі қарсылыққа қарамастан, 1864 жылы мектеп ашты.



Тақпақтар:

5-оқушы: Кем көрмеймін сізді асыл анамнан,

                Сізге ұқсап қудық біз де сан арман

                Сіздей адам дүниеде көп болсын

                Балалардың бақыты үшін жаралған

  6-оқушы: Ең аяулы есім ғой «Ұстаз» деген,

                Бар тіршілік бақытты ұстазбенен.

               Ұстазды жеткізгенше мұратына

               Білім іздеп лапылдап жаңа берем



7-оқушы: Ұстаздың оттай ыстық алақаны,

                Болған соң ойлайтыны-бала қамы

               Баладан ұстазыма мың сан алғыс

               Өйткені ол ұстазымның ақ арманы.



8-оқушы: Нұрын төккен көк аспан күмбезінен

                Күлімдеуің ұқсайды күн көзіне.

                Қолда болса ұстаздарға сыйлар ем,

               Бар байлығын әлемнің бір сіздерге.

 Мұғалім: Біз ата-анамызды қалай қадірлеп құрметтесек, ұстазды да солай құрметтеу -парызымыз.

Ән: «Білімнің бұлағы».

Нақыл сөздер:

9-оқушы: «Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан басталады»

Абай Құнанбаев



10-оқушы: Ұстаз деген ұлағатты атауды естігенде, күні бүгінге дейін өзімді шәкірттей сезінемін.

                                                                                                     С.Қожамқұлов



11-оқушы: Мұғалім бәріненде қымбат, өйткені мұғалім мектептің жүрегі.

                                                                                                          Ы.Алтынсарин



12-оқушы: Ақырын жүріп, анық бас,

                  Еңбегің кетпес далаға.

                  Ұстаздық қылған жалықпас

                  Үйретуден балаға.

                                            Абай Құнанбаев

13-оқушы: Қайратсыз ашу-тұл,

                   Тұрлаусыз ғашық-тұл,

                   Шәкіртсіз ғалым-тұл.

                                             Абай Құнанбаев



14-оқушы: Ұстаздық ету - өзінің  уақытын аялау, өзгенің бақытын аялау.

15-оқушы: Нашар ұстаз шындықты қайталайды, жақсы ұстаз сол шындықты іздеп табуға үйретеді.

                                                                                     Д.Дистерверг



16-оқушы: Оқушы жастардың ең сенімді ұстазы, сыр жасырмай ашық айтатын адамы – мұғалім.

Ғ.Мүсірепов



17- оқушы: Мұғалім - оқушы үшін ең жоғарғы адамгершіліктің үлгісі. Сондықтан да ол оқушы жүрегінде ұмтылмас із қалдырады.

                                                                                    Н.А.Добролюбов



Қорытынды: Ұстаз ақыл-ойы мен күш-қуатын балаларға арнап, жан аямай еңбек етеді. Өйткені ол, оның көкірек көзін ашып, дүниетанымен кеңейтіп қияға қанат қақтырады. Сондықтан болар кейбір дарынды ойшылдар да, тіпті арман қуған балалар да ұстазды ерекше пір тұтып қадірлейді. Сондықтан ұстазды қадірлейік, ренжітпейік деген қорытынды жасай келе бүгінгі тәрбие сағатымызды тәмәмдаймыз.

 

                 



               

Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет