2 ҚҰЛАҚтандыру



Pdf көрінісі
бет47/227
Дата06.05.2020
өлшемі1,47 Mb.
#66289
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   227
Байланысты:
alash kosemsozi 10 tom
Бауыржан Омарұлының кітабына рецензия
 
АЛАШТЫҢ АЗАМАТТАРЫНА 
Ақ жүрек азаматтар асқар күнің,  
Дұшпандық алдан байқап жасқар күнің.  
Дұрыстық ел қамында еткен істі,  
Қол соғып, қошаметтеп қостар күнің.  
 
Күш қосып, қол ұстасып, сөз бекітіп,  
Арадан алалықты тастар күнің.  
Адасқан қойдай шулап ерген елді,  
Бұлтармай оң бағытқа бастар күнің.  
 
Аңқылдақ алаш улы сеніп отыр,  
Орнынан шығып соны растар күнің! 
Ғұмар Қараш 
 
МҰҒАЛІМДІК КУРСТАР ТУРАЛЫ 
Халықтың  оқығаны  көбеймесе,  жүз  бостандық  болғанымен  де  жүз  тиындық  пайда 
көрілмейтіні  айдан  анық.  Күннен  жарық  қазақтың  ел  қатарына,  адам  есебіне  кіруі 
оқығандарының  көбеюіне  байланысты.  Сондықтан  қазақ  көшбасшылары  мынадай  саяси 
құлдық жіптерінің әр қайсысынан шешіп алып қалуды бір жақ қолына ұстаса, екінші жақ 
қолына  елдің  оқығандарын  көбейтуді  ұстауы  міндет.  Мұнсыз  шешілгенмен  де  қазақ 
мойны бәрібір құлдықтан құтыла алмайды. 


41 
 
Көшбасшыларымыз  бұл  міндеттерін  атқаруға  кірісті  һәм  халықтың  да  (әзір  жұмылып 
кірісе қоймаса да) түсінушілері көбейді деп ұғамын. Менің бұлай ұғуыма себеп: әр жерде 
мұғалімдік  курстар  ашылуы;  әр  ел  расходын  көтеріп,  оқуға  шәкірттер  жіберіп,  оқыта 
бастауы;  обласной  комитеттерді  әр  жерден  мұғалім  сұрап  тыншытпауы;  газет  бетінде 
мұғалім,  учительдерді  керек  қылғандардың  жиі  көрінуі;  әр  қалада  школге  түсем 
деушілердің жайдағыдан екі-үш есе көп келіп, орын жетпегендіктен қайтып кетулері; оқу 
ісіне  қызмет  қылмақ  ниетімен  ұйымдар  ашылып,  көбеюі;  жүздеген  шәкіртке  стипендия 
ашылулары тағы сондайлар. Аз да болса көрінген іс көңілге үміт берерлік нәрселер ғой. 
Мұғалімдік  курстары  ашылатын  һәм  онан  оқушылар  оқып  шыққанды  керек  қылушылар 
табылатын  ыңғайлы  көрінгеннен  соңғы  мәселе  —  ол  курстардың  қандайлық  жеміс  бере 
алуында.  Әр  нәрсе  жақсы  қойылған  атымен  емес,  беретін  жемісі  үшін  керек  қылынбақ. 
Бұл  еріксіз  мұғалімдік  курстарында  не  үйретілу  керек,  программасы  қандай  болу  керек 
деген  сұрауды  шығарады.  Оқытушыларының  қандай  болу  керегі,  программа  мәселесі 
шешілген  соң  өзінен  өзі  шешілмек.  Басқа  мұғалімдік  курстары  турасында  ашылды  деп 
естігеннен  басқа  мағлұматым  жоқ.  Программалары  турасында  да,  курстың  ең  азы  неше 
жылдық  болу  турасында  да  газет  бетінде  ешнәрсе  көрінбеді.  Кеңесіп  уақыт  өткізуге 
болмас  деп  әркім  өз  білгенінше  іске  кіріскені  ұнайды-ақ.  Мұғалімдік  курсының 
программасы  һәм  уақыты  туралы  кеңесіп,  бір  қаулыға  келісіп  қою  биыл  болмаса  да 
ашылған курстардың ендігі жылына, қысқасы, көштің жүре түзелуінен пайда болар еді. 
Менің білетінім Семейдегі мұғалімдік курсы. Бұл екі жылдық курс. Мұның уақыты дұрыс 
кесілген деп білемін. Ел мұғалімге қандайлық  зәру болғанымен екі  жылдан кем  уақытта 
қандай  мектепке  болсын  мұғалім  қылып  шығарамын  деу  я  балалық,  я  надандық,  я 
саудагерлік болады. Себебі, бұл курстарға келіп шәкірт болатындар һәм болып жатқандар 
мұғалімдерден бастауыш мектепте хат танып, «Қазақ» емлесімен азырақ жаза біліп, мыңға 
дейін  есеп  үйренгендер  яки  ескіше  хатым  қылып,  емле  мен  есептен  де  ешнәрсе 
білмейтіндер. Семей мұғалімдік курсына кіргендер де соңғы бұл екеуінен артық алған көп 
мағлұматы  барлар.  Мағлұматы  болмаса  да  жүріп-тұрып,  оқығандар  қауымына 
араласқандар  қалдырылмай,  пұшпағынан  мұғалімге  есептеліп  жүр.  Бұлар  Курсқа  шәкірт 
болмақ  түгіл,  курсқа  мұғалім  атанып  та  отырған  жерлер  бер.  Ал  курсқа  шәкірт  болып 
отырған жоғарғы екеуі заман толқынымен бірі «бала» делініп, бірі «ескі» делініп, мұғалім 
болып таныла алмағандықтан ғана шәкірттікке көніп отыр. 
Кешіріңіз,  бастап  оқуға  кіріскен  кезде  жалғыз  ғылым  алуды  ғана  ниет  қылып  оқушы 
дүниеде  болмайды.  Көп  оқып,  көңіл  көзі  ашылғандай  болған  уақытта  да  ғылым  үшін 
оқып,  ғылымды  қуып  кетушілер  аз  табылады.  Мұным  өтірік  болса,  университет 
бітірушілердің  көкір-сөкірге  айналып  қалушылары  мыңнан  тоғыз  жүз  тоқсан  тоғызы 
болмас еді. Толстойлар, Менделеевтер мыңнан тоғыз жүз тоқсан тоғызы болар еді. Олай 
болса не «әкем берді» деп оқиды, не «жақсырақ күн көру басқышына шығам» деп оқиды. 
Ұлтқа  яки  адамдыққа  қызмет  қылуды  ниет  қылып  оқу  оқыған  жерінің  тәрбиесіне  қарай 
бірсыпыра оқып, көзі ашылған соң болатын іс. 
Қазақ курстарында жоғарғы екі түрдегі шәкіртті осы екі зәрушілік айдап келіп отыр. Осы 
келген  шәкіртті  шын  мұғалім  қылып  шығару  мұғалімдік  курстың  міндеті.  Шын  мұғалім 
қылып шығару үшін: 
1.  Оқу  «әкесі  бергендік»  яки  «дәреже»  үшін  керек  болмай,  адамшылықтың  кемелі  үшін 
керектігін ұғындыру. 
2. Ғылым көктен түскен, адам баласының ақылы жетпейтін, ойламай ғана берілетін, оқи 
берілетін жұмбақ бір нәрсе болмай, жаратылғаннан осы минутқа дейінгі адам баласының 
өмірі,  тәжірибесінің  қорытындысы  екенін  ұғындыру.  Басқаша  айтқанда,  «пәлен  айтты» 
деп ойламай, жоққа нанып үрейленуден құтқару. 


42 
 
3. Жаратылыстың заңынан, дүниенің ағысынан хабардар қылу, бастары түзу ойлауға жол 
ашып беру. 
4.  Осыларды  өздері  түсінген  соң,  басқаларға  үйрете  білу.  Сездіре  білу  әдісін 
(педагогикамен) таныстыру. 
Әсіресе,  оқу  жөнінде  адамшылықты  біліп,  аз  болсын,  көп  болсын  адамшылыққа  қызмет 
қыларлық  кісі  болушылық,  ұлтты  біліп,  ұлтқа  қызмет  қыларлық  болушылық  жоғарғы 
көрсетілген сұраулармен таныс болғанда ғана қолға түседі. Құр жүрек тазалығы да, соқыр 
болған соң ешқайда апара алмайды. Міні, жоғарғы керек мағлұматтармен оқушы қандай 
зерек, оқытушы қандай шебер болса да, ең кемі екі жылсыз танысады деп кім айта алар? 
Бұлармен  таныспай  тұрып,  соқыр  күйінше  «Қазақ»  емлесін  білгендікпен  ғана  мұғалім 
бола  алар  деп  кім  айта  алар?  Бастаушы  (мұғалім)  барар  жерінің  жөні  қайсы  һәм  қайда 
екенін  білмесе,  еруші  (шәкірт)  не  оңар?  Бұл  жүрген  жолдарынан  не  табар  —  адасу, 
сандалу адастыру, сандалту. 
Керекті  мағлұматтарды  алмай,  дүниеге  ескі  қарастары  өзгермей  тұрғанда  мұғалімдікке 
куәлік  қағаз  беру  орынға  белет  берумен  тең  деп  ұғынамын.  Белетсіз  ұрының  зияны  аз 
тимек, әр жерде қолға  түсіп, құрымақ. Халқына мұғалімдердің тез керектігін, ұлтымның 
тезірек пайдаланғанын, әр қазақ жақсы көрген секілді мен де жақсы-ақ көремін. Бірақ бір 
айлық  жолды  бір  күнде  жүруге  болмайды:  атың  зорығып  өледі,  бұл  бір.  Екінші,  жаяу 
қалып, ай жүретін жерге жыл жүресің. Мен  мұғалімдік курстарының ең азы амалсыздан 
екі жыл болсын деймін. Уақыттың мұнан кеміне жоғарғы себептермен қарсымын, көбіне 
қанша  болса  да  разымын.  Және  сол  екі  жылдың  ішінде  жоғарғы  керек  мағлұматтарға 
жауап беретін «керектерден» «ең керек» сабақтар үйретілсе екен. 
(аяғы бар) 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет