20. Бастауыш мектептегі білім беру мазмұны



бет1/6
Дата26.02.2023
өлшемі1,71 Mb.
#170225
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
20-28 пед
Балтабаева Арайлым педагогика

20.Бастауыш мектептегі білім беру мазмұны
Бастауыш сыныпқа білім беру яғни сабақ өту, қазіргі заман талабына сай оқушыны қызықтыратын тәсілдер арқылы білім беру керек.
Бастауыш сынып оқушылары көбіне ойын болып келген, суреттер арқылы берілген мәліметтерді тез қабылдайды. Ал теледидардан, яғни экраннан көрген мәліметтерді жас бүлдіршіндер одан да жақсы қабылдайды. Бұл жерде бір айта кететіні, экраннан көріп қабылдаған мәліметтерді жас бүлдіршіндер қабылдауға жалықпайды , қайта оларда не бір талпыныс , қызығушылық пайда болады. Сондықтан да оқыту – тәрбиелеу үрдісіндегі аса қажетті , ұлағатты ұстаз бен зейінді оқушының арасындағы қарым – қатынасты, өзара түсіністікті, сыйластықты, тіпті тәртіпті де жетілдіруге , нығайтуға , дамытуға , орнатуға және бастауыш сыныптың оқушыларының сабақты меңгерудегі мәнін жақсартуда интерактивті технологияның орны ерекше болмақ.
Интерактивті оқыту – көпқырлы құбылыс. Білім алушы белгілі бір математикалық есепті шешуде өзінің білетінін есіне түсіреді , білімін басқалардың білгенімен толықтырады , жаңа тәсілдерді меңгереді , өзінің қабілетін анықтайды. Бастауыш сынып оқушыларының арасындағы бірдей белсенділік жағдайында өтетін мұндай білім алу процесі бір мезгілде бірнеше міндетті шеше алады: танымдық , коммуникативтік , дамытушылық , интеллектуалдық , сонымен бірге ең бастысы білімді әлеуметтендіру , демократиялау , гумандандыру. Бұл қазір құзырлылық деп аталып жүрген жаңа басымдылықтар. Сонымен қатар жас бүлдіршіндерді сыйластыққа, өзара түсіністікке тәрбиелеп қана қоймай , жоғары сыныптарға көшкенде қажет болатын информатика пәні туралы да хабардар етеді.
Мұғалім интерактивті әдістерді қолдануда мына ережелерді есте ұстағаны жөн: жұмысқа оқыту әдістерін түгел қатыстыру. Өйткені бұл әдістің негізгі мәні де оқушыларды танымға жұмылдырады , оқушыларды осы әдіспен жұмыс жасауын психологиялық жағынан дайындайды. Қатысушылар өзін еркін сезіну үшін түрлі жаттығулар жасатып , сабақтағы қандай да болсын жетістіктерін жиі мадақтап отыру дұрыс , оқушылардың саны көп болмағаны жөн. Өйткені әрбір қатысушыға өз пікірін , көзқарасын білдіруге , дәлелдеп беруге мүмкіндік жасалу қажет , жұмыс жасайтын орнының талапқа сай болуы керек. Яғни , оқушылар жұп құру үшін орындарын ауыстырғанда еркін жүріп – тұруға жағдай жасалуы қарастырылады. Қатысушы бірін – бірі тыңдау , тақта , компьютер , көрнекілікпен жұмыс жасау үшін еркін , ыңғайлы қозғала алатын жағдайды алдын ала қарастыру , оқушыларды проблема шешу барысында топқа бөлуге мұқият қарау да маңызды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет