Пәні бойынша БӨж мамандығы: 6В01303 «Бастауыш білім беру педагогикасы» Тақырыбы



бет1/9
Дата20.05.2024
өлшемі459,05 Kb.
#202528
түріМазмұндама
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
шыгар маз
ҚР-НЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУЫНДАҒЫ ЭЛЕКТРОНДЫ ЖҮЙЕ, Кіріспе Негізгі бөлім-engime.org, 1 бақылау сурактары, 137658, Қазақ әдебиеті (1), 365159 (2), каз принц, Талипова Дурдона бөж, уз узини

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Әлеуметтік - гуманитарлық ғылымдар факультеті
Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру кафедрасы



«Бастауыш сыныптарда әдебиеттік оқу әдістемесі » пәні бойынша


БӨЖ
Мамандығы: 6В01303 «Бастауыш білім беру педагогикасы» Тақырыбы: Мазмұндама немесе шығарманы талдауға арналған бір сабақтың жоспарын жасау
Оқытушы: Сахытжан Сахыш Орындаған: Талипова Дурдона Тобы:ППМ-111
Түркістан-2024
Жоспар:
І.КІРІСПЕ
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

  1. Әңгіме жанрын оқыту барысында көркем шығарманы талдау

  2. Шығарманы талдауға арналған ҚМЖ

  3. Мазмұндама жұмысының түрлері

  4. Мазмұндама жазуға арналған ҚМЖ

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ
IV.ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Кіріспе


«Көркем шығарманы талдамас бұрын оны дауыстап оқып, дауыстап жеткізу керек.
Сонда ғана шығарма балаға барынша әсер етеді.»
М..А. Рыбникова.
Еліміздің өз тәуелділігіне қол жеткізіп, саяси - әлеуметтік және экономикалық дамудың жаңа кезеңіне қадам басқан уақытта терең білім, сауатты ұрпақ тәрбиелеу – негізгі міндеттердің бірі.
Әдебиет - өнер, әдебиет - ұлттық қазына, асыл мұра.
Әдебиет – ұлттық танымның қайнар көзі, Оқушыларға әдебиеттің құдіретін, оның адам баласы жаратылғаннан бері бірге жасасып келе жатқандығын, мәңгілік жаңарып, жасарып отыратын үрдіс екенін айтып, түсіндіре отырып, сол әдебиетті жасаушылар, ақын – жазушылар туралы, олардың көркем шығармалары жайында айтуымыз керек.
«Көркем шығарма - әдебиеттің құндылығы. Көркем шығарманы оқыту – оқушының сөз қадірін түсінерлік ойлау әрекетін дамыту, рухани дүниесін байыту, эстетикалық талғамын жетілдіру, адамгершілік қасиетін қалыптастыру.» - деген болатын әдебиет зерттеуші – ғалым, белгілі жазушы, ұлағатты ұстаз Қажым Жұмалиев.
Оқушы әдебиет сабағында көркем шығарманы қабылдау керек.Бұл – оңай үрдіс емес. Қабылдау деген сіз бере салғанды ол ала қоятын зат емес. Ол – оқушының өзінің жан қалауымен, жүрек сезімімен, рухани әрекетімен жүзеге асатын дүние.
Оқушыдағы осы сезімді ояту – мұғалімнің қолында, яғни, оқушыға әдеби білім беру, әдеби, эстетикалық, адамгершілік қасиеттерін дамыту үшін мұғалім әдебиетті оқыту барысында әдіс – тәсілдерді орнымен қолдану қажет.
- сөз өнерінің ерекшеліктерін түсініп, тануға, ой көзімен зерделеуге негіз болатын білім, білік, икем – дағдылар қалыптастыру;
- ойын сауатты ауызша (жазбаша) айта да, жаза да білу, байланыстырып сөйлеудегі тіл мәдениетін қалыптастыру және дамыту, өзіндік ой – пікірін дәйекті, жүйелі айта білуге баулу.
Әдебиетті оқыту көркем шығарманы оқудан басталады. Көркем шығарманы оқу үйде, сыныпта жүргізіледі. Көркем туындыны оқуда мәнерлеп оқу, әр сөзді айқын, түсінікті оқу, жинақы оқу, дауыс естілімінің де ашық болуы талап етіледі.
Әдебиет сабағының күре тамыры көркем мәтінмен жұмыс істеу деп санаймын. Оның ерекшелігі сол - ол оқушының жүрегіне, сезім қылына әсер етуі. Оқушылармен бірге көркем шығармамен жұмыс істей отырып, олардың ойлауына, толғауына, пікір айтуына ықпал жасау.

Көркем мәтінді қандай талдау түрінде жүргізсе де, басты ұстаным оқушылардың қызметін дұрыс ұйымдастыра білу, әрі оқушылардың дербес орындайтын тапсырмалары тұтас құрылымның бір бөлігі ретінде талдануы шарт. Себебі талдауды жинақтаған кезде жалпы мозайканың жарқын бөлігі ретінде қызмет арқарғанын көру әр оқушыға талдау жұмысынан қанағат сезімдерін ұялатады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет