3-билет Азаматтық қорғаныс туралы заң қашан қабылданды?



бет1/11
Дата04.11.2023
өлшемі38,33 Kb.
#189622
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
обж рк


3-билет


1.Азаматтық қорғаныс туралы заң қашан қабылданды?
Кеңес одағында ХӘҚЖ 1961 жылы Азаматтық қорғаныс (АҚ) – деп аталына бастады.
Кеңес үкіметі 1925-1932 жылдары осы Азаматтық қорғаныс жүйесін одан әрі нығайту мақсатында бірнеше қаулылар қабылдады және ХӘҚЖ – не төмендегідей міндеттер жүктелді:
- әуе шабуылы туралы халыққа ескерту және қауіптің өткендігін хабарлау;
- әуе шабуылының зардаптарын жою;
- бомбадан н/е газдан, улағыш заттардан (УЗ) паналау орындарын дайындау;
- зардап шеккен жан-жануарларға көмек көрсету;
- қауіп төнген аудандарға қоғамдық тәртіпті сақтау шараларын жүргізу;
- ХӘҚЖ үшін арнайы мамандар дайындау жұмысын жүргізу.
Арнайы курстарда, қоғамдық қорғану ұйымдарында оқытуды ұйымдастыру.


Азаматтық қорғаныстың
мақсаттары:

Әр қоғамдағы ең басты және бағалы – адам. Сондықтан, барлық қорғану шараларында адамдардың кауіпсіздігін ескерту – негізгі мақсат. Адамды қорғай білу – мемлекет үшін маңызды. Яғни, халықты қорғау адамның өмірін сақтап қалу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету азаматтық қорғаныс жүйесінің негізгі жұмысы.
Халықтың еңбегімен жасалған барлық байлықты сақтап қалу. АҚ ережелерінде олар сенімді түрде қорғалуы қажет деп көрсетілген.


Азаматтық қорғаныс міндеттері:
халықты жаппай қыру құралдарының (ядролық, химиялық, бактериялық) зардаптарынан сақтап қалу;
төтенше жағдайда өндіріс орындарының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету;
зардапқа ұшыраған адамдарды құтқару және қалпына келтіру жұмыстарын жеделдетіп жүргізу;
апат болған, қираған жерлерде барлау жұмыстарын жүргізу;
зардап шеккен адамдарды іздестіру, құтқару, оларға қажетті көмек көрсету;
төтенше жағдайда шыққан өртпен күресу, олардың өршуіне жол бермеу;
өндірістік орындардағы апаттың көрші тұрғын объектіге зиянын келтірмеуін көздеу және қалпына келтіру;
адамдарды және техникаларды басқа да объектілерді улы, бактериялық, химиялық заттардан санитарлық тазалықтан өткізу;
территорияны, техниканы, киімді, тамақты, улы радиактивті заттардан, бактериялардан қорғау.

Азаматтық қорғаныс жүйесі территориялық және өндірістік негіздері бойынша құрылады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет