5 соөЖ. Ортаңғы ми. ОрындағАН: Мейрбек Сабина тобы: 217-б мамандық: Жалпы медицина



бет1/3
Дата08.02.2022
өлшемі70,06 Kb.
#121123
  1   2   3
Байланысты:
сроп 5
СРО 3., Ми жұлын және нервтері, Бастауыш мектептегі тәрбие саласынан нормативті құжаттарды талдау, отслойка плаценты, Қазақ тілі, 277909.pptx



«ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» МЕББМ



НУО «КАЗАХСТАНСКО-РОССИЙСКИЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ»

5


СОӨЖ.


Ортаңғы ми.
ОРЫНДАҒАН: Мейрбек Сабина
ТОБЫ: 217-Б
МАМАНДЫҚ: Жалпы медицина.
ҚАБЫЛДАҒАН: Ахметова Молдир.


АЛМАТЫ, 2021
Жоспар:

  1. Кірісіпе.

  2. Негізгі бөлім.

  1. Ортаңғы мидың құрылысы.

  2. Ортаңғы мидың қызметі.

  1. Қорытынды.

  2. Пайдаланған әдебиеттер.



Кіріспе.
Ми—латын тілінен encephalon деп аталады. Сүтқоректілерде мінез-құлыққа жауапты орталық нерві жүйесінің меңгеру торабы. Ми баста бассүйек қуысында орналасады. Ол мынадай бөлімдерден тұрады: сопақша ми, ми көпірі, мишық, ортаңғы ми, аралық ми және үлкен ми сыңарлары.
Ми құрылысы жағынан да, атқаратын қызметі жағынан да өте күрделі мүше болып табылады. Ол – организмнің сыртқы ортамен байланысын қамтамасыз ететін басты орталық. Миға сыртқы рецепторлар жүйесі арқылы сыртқы ортадан сигналдар келіп түседі. Дыбыстық, жарықтық, иістік, тактильдік, вибрациялық-кинестетикалық тітіркендіргіштердің сыртқы әлемі біздің миымызға, әсіресе, оның жоғарғы бөлімдеріне (қыртысқа) әсер етіп, шынайы болмыстың сипаты жайлы хабардар етеді.
Сыртқы орта тітіркендіргіштерінен басқа, ми организмнің ішкі ортасынан ішкі мүшелердің жағдайы туралы импульстерді қабылдайды. Осылайша, мидың жоғарғы бөлімдерінде сыртқы және ішкі ортадан түсетін тітіркендіргіштердің күрделі анализі мен синтезі өткізіліп, соның нәтижесінде периферия қызметін реттейтін жауаптық бұйрық импульстері түзіледі.
Миды пайда болу, құрылымдық және қызметтік ерекшеліктеріне байланысты үлкен үш бөлімге бөледі: бағаналы (сопақша ми, ми көпірі, мишық, ортаңғы ми), қыртысасты (аралық ми, алдыңғы мидың ми сыңарлары) және алдыңғы ми сыңарларының қыртысы. Мидың бағаналы және қыртысасты бөлімдері ертеден пайда болған. Ал ми қыртысы кейіннен пайда болған бөлім. Ми ұрықтың даму ерекшелігіне байланысты 5 бөлімнен тұрады:

  1. сопақша ми;

  2. мишық (артқы ми);

  3. ортаңғы ми;

  4. аралық ми;

  5. алдыңғы ми сыңарлары.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет