АҚын — сезім перзенті



бет1/4
Дата18.02.2018
өлшемі1,61 Mb.
#37809
  1   2   3   4

АҚЫНСЕЗІМ ПЕРЗЕНТІ
Өлең — өнер. Өлеңге елең етпейтін пенде жоқ. Еңбектеген сәбиден бастап, еңкейген кәріге дейін әсемдікке, сұлулыққа құштар екені даусыз. «Өлеңге әркімнің-ак, бар таласы»,— деп ұлы Абай атамыз айтқандай, өлең дертімен ауырып, өнерге құлаш ұрған талапкерлер қай кезде де аз болған емес. Бірак, солардың ішінде халық таныған, ел сүйген таланттар санаулы. Ал мұны ақындықты мұрат тұтқан қыз-келіншектерге шаққанда мүлде шақтаулы екені шындық. Біздің облысымыздағы санаулы ақын- қыздарымыздың біріАйша Көпжасарованың алғашқы тырнақалды өлеңдерімен облыстық, «Ақ, жол» газетінде 1959 жылы жарияланған «Анама» атты жыры арқылы танысқан едім. Содан бері оның әрбір туындысына канқпын. Бүгіндері бірнеше кітаптың авторы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Айша Көпжасарованың жыр тақырыптары әралуан. Барша ақын атаулыға тән табиғат, туған жер, махаббат, адамның кейбір сәттері Айшада да бар. Бірақ, олардың бір-бірінен айырмашылығы сол — өлеңдері философиялык, ой-түйінімен, айшықты тілімен ерекшеленеді. Өмірден көңілге түйгенін, аумалы-төкпелі ой-сезімдерін өлең шумақтарымен құндақтаған ақын әйелдің үнемі ізденісте екені, үні уақыт тынысымен үндесіп жататыны оқырманын бей-жай қалдырмайды. Мысалы, «Астана» атты өлеңіндегі: «Бас қала боп атанып өрге өрлеген, Астана, Бөлшектеуге казакты бой бермеген, Астана. Тәуелсіздік бесігі әлдилеген Астана, Самалы боп Арканың ән кернеген, Астана» деген жыр жолдары 1997 жылы Мемлекет басшысының Жарлығымен Сарыарқа төсіне қазығы қағылған сырбаз каланың 1998 жылы АСТАНА атану мәртебесіне ие болған алғашқы күндері жазылғанын білеміз.«ҚАЗАҚ» деген пәк періште баладай, Кімге болсын мейірі ыстык, анадай. Жер жаһанда мұндай халық жоқ шығар, Мырзалығы, дарқандығы даладай!» деп, өзінің атамекенін ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғай білген батыр бабаларымыздың кең дастархан конақжайлылығын, аялы алақанын, ыстық жүрегін зор мақтанышпен жырлаған Айша «Көктем» атты шығармасында:

«Қырында қызғалдак, пен жарасып ем,

Түнінде Ай нұрымен таласып ем.

Енді Ана боп караймын Қаратауға

Кең пейілді кейуана карасымен», —деп, тоты құстай түрленген жастык, шағымен қимай коштаса отырып, имандылык, пен парасаттылыққа көш түзеген қарттықты тәубә айтып, қуана қарсы алады. Бүгінгі ұрпақтың ойын оятып, намысын жанитын, жүрек түкпірінен бұлқынып шыққан бұлақ көзіндей әдемі жыржолдары да аз еместігі қуантады. Әсіресе, құйын сезімнің құзырында жүрген әйел сезімі арқылы жер бетінде адал махаббат, адамгершілік, парасат, достық, имандылык, патшалығы салтанат құрса екен деген ізгі ниеті оқырманын ойландырары сөзсіз. Айшаның 2001 жылы «Сенім» баспасынан шыққан «Тал бесігім — Таразым» атты жинағына Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Сыйлығының иегері, ақын Күләш Ахметованың жазған «Айшаның айшыкты нақыштары» деп аталатын беташар алғы сөзінде. «Қазіргі Айша өлеңдері өзінше ойлауымен, шарттылықтарға ұрынбауымен, табиғилығымен қызықтырады» деген болатын.

Шындығында, Айша ақын азаматтық ар-ождан, адал махаббат жырлары арқылы оқырман қауымын тазалыққа, сұлулыққа, өрлікке тәрбиелеп, идеялық, эстетикалық жағынан шыңдаудың — пәрменді құрал екенін біледі.Сүйген адамының пәк күлкісінен бақ, көздерінен шоқ іздейтін ғашык, жанның тебіреністері, жүрек лүпілі шынайы суреттеледі.

Мысалы: «Еркелейсің, елігім, есімді алып,

Сал сезімнен отырмын от боп жанып.

Жаны — нәзік, сәбидей бал мінездім,

Қап-қараңғы түнімді еттің жарық» —

десе, ал бір жырында.

«Біз өкшем құмды жаншып биік тұрмын,

Сыртқа — сыпа, ал іштей — күйіктімін.

Сусыған сынаптайын қызыл құмның,

Қия алмай қиыршығын күйіп тұрмын» —

дейді. Бәрі де шын. Ақын жаны бүкпесіз.

Айша Қаратаудың даласындай кең, мөлдір бастауындай таза, сұлу да келісті жырларына кажетті нәрді өз ортасынан, замандастарынан іздейді. Солардың бірі — қазақтың біртуар ғалым, ақын, сазгер, әнші қызы Айымгүл Көпжасарқызы Меңжановаға арнаған сағынышқа толы ұзақ толғауынан бауырмалдықтың ыстык, та іңкәр ықыласын сезінесің.

«...Тал бойың інжу ілім,

Мінезі — бірсыдырғым.

Бебекпен ой бөлісіп,

Байқатпай тіл сындырдың»...

«Мәтіні ең әніміздің,

Мақтаны ең еліміздің.

Ұшырып әкетті ғой

Жұлып ап желі күздің» — десе,

«Лебізің жан еріткен

Шығатын шын жүректен.

Жинақы жылы жырдай

Нұр жүзге қан жүгірткен» — деп толғанады, сағынады. Тіршілікке ғашык, көзбен қарайтын лирик ақын туған жер — алтын бесігін, өз замандастарын, Әулиеата төңірегіндегі Тараздың тамаша қыз-келіншектерінің жан-дүниесіндегі мөлдірлікті, сай алтындай табиғи мінез-құлкын өлеңмен өрнектейді. Ақын Күләш Ахметоваға арнаған өлеңінде:

«Бұрқанып шабыт жұпар жыр боп гүл ашсын,

Казақи мінез ак, тандай әсем Күләшсің!

Тұнығым менің, тереңнен терген лағылды

Жыр-өмірің мәңгілікке ұлассын»,—

деп, достык, пәк жүрекпен актарыла жырлайды.

Кез келгеннің басына конып, уысына түсе бермейтін ақындык, өнердің шын иесіне риясыз көңілмен айтқан ақжарма тілегіне еріксіз бас шұлғисың.

Айша тек ақын ғана емес, бойынан мейірім шуағы төгілген ана, асыл жар. Жаны таза, бір-бірін жүректерімен ұғысқан Айша мен Бекжігіттің отбасына бақ қонған. Үш ұлымен бір қызы халқымыздың қалаулы азаматтары. Олардан ербіген немерелері зерек те жетелі, ата мен әжесінің көз куанышы, бақыты. Отбасындағы әйел-ананың міндет-парызын абыроймен атңарып жүрген Айшаға бақытың баянды болып, өлең-жырыңның жұлдызы жоғарыдан жарқырап, айналасына шұғыласын шаша берсін дегіміз келеді.


Бірінші бөлім

Махаббатым өзіңе,

азат елім

ШАЛҚУ
Ет жүрек өрекпиді, алқынады...

Көңілдің жақсы-ау, шіркін, шалқығаны!

Атым озып атынан өзгелердің

Болады тарқағандай жан құмары.
Шашылған қардан шашу айналаға,

Жүргендей үміт ұшып айналамда.

Жастықтың үлпілдеген мамығындай

Келеді қалқып кеткім айдалаға...
Көңілдің жақсы-ау, шіркін, шалқығаны,

Үш жүз алпыс тамырдың балқығаны.

Жанымды періштедей ән-күй тербеп,

Жүрегім бір биікке талпынады.

КАЙМАҒЫ БҰЗЫЛМАҒАН

САУМАЛ АУА
Ағады тау өзені аткып, «шауып»,

Ағысынан әуенді ләззат тауып.

Ұялған к,ыздай жүзін жасырады,

Су бетін күн сәулесі жайлап жауып.

Толқынмен алаулаған қызғылт ірең,

Көзіме елестетер жібек кілем.

Балқытып, өзі балқып тұр ғой тамыз,

Қан ойнатып тамыры қызыл күрең.
Шырайлы шумақ болып мың құбылған,

Өзгеше биылғы жыл былтырғыдан.

Нөсері жуып-шайып жаздың шаңын,

Кір басқан қара тасын жылтыр қылған.


Қаймағы бұзылмаған саумал ауа,

Әтір иісті сансыз гүл — жанға дауа.

Кеңдігі кеңістікпен өлшенетін,

Пейіліне қазақтың жок, балама!

Ат бойынан асады қамыс, құрақ,



Алыстан көрінеді көл бұлдырап.

Беткейде жантак,, жусан, киікоты...

Жұпары мұрын жарып тұр бұрқырап.

Көруге көз керек-ау ғажайыпты,

Ақселеу сирек тартып азайыпты.

Күй шалқиды, айнала ән есіліп,

Секілді сал көңілге жаз лайықты.

Күн ашык,та құяды соқыр нөсер,

Түзу жолды шиырлап қисык, кесер.

Өн бойында болғанмен жетпіс өнер,

Текті жырдың түсауын Тәңір кесер.

Алтын астық қаптары сөгілердей,

Дән қауызы қамбаға төгілердей.

Ырыс-құтты, береке тамыз айы,

Шаруаға өгіз болып жегілердей.

Көк торғын дала мына біздің жақта,

«Адамның көңілін сак,та, пейіл сатпа»,

Базары бал өмірдің қызған ду-ду

Ұшырар киялыңды шартарапқа.

Қонақтап ап майысқақ, бала талға,

Құс сайрап оятатын ала таңда.



Сәулелі, шүғылалы сарша тамыз,

Бақытымдай қондырған алақанға.

Еркелетіп тұратын қыр самалы,

Тамыздың оттан ыстык, Күн табағы!

Мен отырмын желпініп, желең ғана,

Күнсіген Жер иесінен нұр тамады.

Азаттыкдың арайы көрік беріп,

Әр күн сайын келемін көріктеніп.

Қасиетті Отаным еркелетті

Қалам беріп қолыма, ерік беріп.

Түрлі ұлтпен елімде бауырласып,

Ауырлықты көтердік қауымдасып.

Бауырмалдық ұласып туыстыққа

Бара жатыр сондықтан жауым жасып.

«Бетбұрыс», «Өліара» кеп кезегімен,

«Дағдарыстың да» асармыз кезеңінен.

Ынтымақпен еңбек қып өтерміз біз

Кедергінің жол тауып өзенінен.

Бір арнаға тоғысып тілек-мүдде,

Тәуелсіздік өлкемді түлетті де,

Көктемдейін көгертті жан-дүниесін,

Жүрегіне Отанның гүл екті де.


ДАЛАМА
Қайда ырысым, бақ далам,

Табиғи қалпын сақтаған?!

Ұл- қызың қане, аяулы

Перзенттік борыш ақтаған

Көздерің күлмей жәудіреп,

Самайың қапты селдіреп.

Киелі менің жазирам,

Жаныма жайлы сен керек.

Жасыңа жетпей картайып,

Жүзіңнен жылу, әр тайып.

Деміңді әрең аласың,

Кезіңде тұрар шалқайып.

Ұрпағың тонап алқанды,

Тоңдырған аяз арқаңды.

Бұлағың содан суалып,

Жүрегің сенбей жалтаң-ды.

Ақ шыңдар басы иіліп,

Бұлт касына жиылып,

Мұң шағып тұрған тәрізді

Біріне-бірі қиылып.

Көктен түскен кісідей,

Жан сезіміңді түсінбей

Жүргенде қандас, карындас,

Шыдамас кеуде күрсінбей.

Жүдеген аяп Даланы

Моншактап жасым барады.,

Даламның күйі мұндай-ды,

Айтпай-ақ койғын қаланы

Ардақтай білмей «тілімді»

Рухани аштық білінді.

Туған жерде көктейміз,

Болсақта қанша білімді.

Тани біліп жақсыны,

Келешекте артса жас құны.

Қатені түгел мойындап,

Барласақшы басқыны...

Жарығы кеміп жанарым,

Күңгірт тартып барамын

Даланың қысып ауасы,

Біткендейін бар әлім.

Қасиетті кең Далам,

Анашымнан аумаған.

Аялап қана өтейін,

Тізгінді енді бер маған.


ҚАЗАҚ
Кей мінезі келтірсе де күлкімді,

ҚАЗАҚ, деген халқым өте сүйкімді.

Адал, жомарт жаны дарқан ел кейде,

Алакөздік танытады-ау біртүрлі.

Өлем сияр шапағатты жүрегі,

Таудай тасып, кейде шалқып жүреді.

Қызғаныштың қызыл иті қор етіп,

Мансапқорлык, мінезден де жүдеді.


ҚАЗАҚ, деген пәк періште баладай,

Кімге болсын мейірі ыстық анадай.

Жер жаһанда мұндай халық жоқ шығар,

Мырзалығы, дарқандығы даладай!


Ұрпағы үшін от пен суға түсетін,

Киындықтың тас бұғауын үзетін.

Бақ пен байлык, — балада деп

қазақтар, Үйретеді даналықтың ізетін.
ҚАЗАҚ қандасын етектен тартып өсірмес,

Жатқа да жайлы, тек арға тисең, кешірмес

Тыныш аққан дариядай боп қазағым Қарапайым,

өз төрінде де көсілмес.

Уәдеде тұрар, қойса болды — сөз беріп,

Тез үйреніп, кетеді және тез жеріп...

Қазағымның мінезі жұмсақ мамыктай,

Тым жайдақ,және өзгере қалар сөзге еріп.

Қиылып, құда-жекжатқа тартып «бас-жамбас»,

Сыйласқанда алдына қазақ жан салмас.

Саумалдай тәтті көңілді ашып ән мен күй,

Күлкіден және ауызың астан босамас.

ҚАЗАҚ деген кереғар мінез иесі,

Болса да, жок, өзгеге жағар күйесі.

ҚАЗАҚ деген бір Аллаһ деген абзал жұрт,

Шамына тиме,ұрмасын десең киесі.

ҚАЗАҚ деген жау жүрек халық, батыр ғой,

Селт етпесе, қайрауы жетпей жатыр ғой.

Туасы ақын, әнші де күйші, шежіре,

Солардан шығар алмастай өткір батыл ой.

ҚАЗАҚ деген тәкәппар әрітөменшік,

Гау тұлғасымен болады кейде төбешік.



ҚАЗАҚ деген көнбіс те сенгіш бәріне,

Жұт келсе де күн көре берер селбесіп.

Қанында оның салдык, пенен серілік,

Мінезі маңғаз, мақтанып басар керіліп

ҚАЗАҚ деген тез ұққыш әрі сезімтал,

Жалқаулық жеңіп, кетпесе текерініп.

Мен де бірі кесек сөйлер қазақтың,

Жырларым — жалын,жан-дүнием азат тым!

Жасанды қылық көлгірсулерге жаным қас,

Шын құлымын адалдық атты ғажаптың.

Қиқар да қита мінезден тартқан қасірет,

Кемшіліктерін де сүйемін санап қасиет —

Бостандық сүйгіш, ақ көйлекменің қазағым,

Әлемнің халқы алдыңда сенің бас иед!

Көп болды көктем шыққалы,

Шалғынға түсіп шық табы.

Көгімде көркем қалықтап,

Акқкуым жырын жұптады.

Шығарып естен дертімді,

Гүл иіске жаным елтіді.

Думанды, дулы дүние

Барады алып еркімді.

Нөсердің дәмін таткалы,

Жер-Ана түлеп жатқаны.

Біраз болды телміріп,

Күн көзін қырға сатқалы.


Ақтықты пір тұтқалы,

Саумал самал жұтқалы

Жүрекке жылу ұялап,

Көп болды көктем шыққалы.


АСТАНА
Бас қала боп атанып, өрге өрлеген Астана,

Бөлшектеуге қазақты бой бермеген, Астана.

Тәуелсіздік бесігі әлдилеген Астана,

Самалы боп Арканың ән кернеген Астана.

Құрылысының қыр-сыры ұзақ дастан,

Астана, Шағала боп аспанын ұшақ басқан, Астана.

Мейірімнен жаралып, махаббаттан нәр алып,

Мына төрткүл дүниеге құшақ ашқан, Астана.

Кенесары-Наурызбай жортып өткен, Астана,

Бар қаладан бағасын артық еткен, Астана.

Ел мерейін тасытып, тәмсіл еткен, Астана,

Көз тоймайтын ажары таңсық еткен, Астана.
Ғимараты кем емес бай шетелден, Астана,

«Хан шатыры», «Ақ орда» —бой көтерген,

Астана. «Оттық», «Тұқыл», «Жүгері» —сән кіргізген,

Астана. Ай көркіңді сақтасын ойы бөтеннен, Астана.

Қалың елін-орманын қорған көрген, Астана,

Дінаралык, достыққа зор мән берген, Астана.

Арманы мен мұраты бейбітшілік болғасын

Өркениет елінен қолдау көрген, Астана.

Баянды деп ертеңім, өрістеген, Астана,

Ар түгелдеп, беделді келістірген, Астана.

Иман, әдеп, адалдық — жалпыға ортақ қағида,

Алалауды ұлт, ұлыс — терістеген, Астана.


Бәйтерегі биіктеп өсіп тұрған, Астана,

Алда талай асулар тосып тұрған, Астана.

ҚАЗАҚ атын әйгілеп, озық қылған, Астана,

Бастамасын өзгеге жөн-жосық қылған, Астана.


Сейілді десе дағы көк тұманы,

Халқымның көңілі шіркін, күпті әлі.

Қарайтын оң көзімен әрбір іске

Таппадым дуалы ауыз көп тұманы.


Өз тізгіні — өзінде біз бір саңылақ,

Қалаулыны сайлаймыз қазір таңдап.

Жамылып «жарияны» небір жылпос

Биікке шығып алды көзімді алдап.


Шалады тұзақ қойып аяғымнан,

Дегенмен кедергі аз баяғыдан.

Әділдік жеңері хақ Жер бетінде,

Қазірде «азаттығым» аяулы ән.


Бүгін емес, болашақ ертең мәнді,

Әлпеті емес, әуелі көркем жанды

Дос іздеп, бауыр іздеп, адалды іздеп,

Демігіп, жүрек соғып, өкпем жанды.


ЕЛ АҒАСЫ
Көктемдегі нөсерлеген жауындай,

Жаның жомарт, аға,сенің жаның бай.

«Жетпіс» деген «жүйрік атты» мініп ап,

Тұрсың, міне, ортамыздажалындай.

Бір сәуле бар қуантатын көзіңде,

Аңқылдайсың шуақ төгіп сезімге.

Қара қылды қақ жаратын қашанда

Ақ алмастай өткірлік бар сөзіңде.


Тіл табасың алысыңды жақын ғып,

Бәлсінбейсің сұрай қалса ақыл жұрт.

Жүрегіңнің жылуынан мерейлі

Сезіледі елге деген жақындық.


Бағалайтын жігіт басын тұстас қой,

Әрбір адам өзінше бір ұстаз ғой.

Мамандығың өзгерген жоқ баяғы,

Көкірегіңде мөлдірейді мұнтаз ой.

Айта берем қасиетіңнің кайбірін,

Сүйсінтеді ер мінезің, айбының

Қызықтырып ұлы үмітің,мұратың,

Түгесілмей дөңгелесін ай, күнің.

Жылдар озсын, көкжиегің кеңісін.

Өмір — күрес,арта берсін жеңісің!

Борышы Адам — ақтап кету емес пе,

Дүниеге келгендігін не үшін.

Коңыр самал желпіп бұтақ — кекілді,

Әсем терек түк сезбеген секілді



Көрінгенмен, қадалып-ақ калғандай,

Бір нүктеге ойға шомып не түрлі.

Етегіне пүліш жауып крйғандай,

Маңғаз ңарап Алатау тұр кең маңдай.

Парасаттың өлшеп шыңмен деңгейін,

Дегендейін өзің қандай, мен қандай?!

Күн шығады көлеңкемен жарасып,



Көлеңкеге күншуақтар жалғасып,

Тірлік заңы — тіртінектеп жүргені

Ақ ниетке арам пиғыл жармасып.
Сағым ойнар сағым дала — мекенім,

Көрікті аспан — қиялым мен ертегім!

Құшағымда сәби сыңғыр күлкілі

Зұлымдыктың білмейтұғын не екенін.

Ақ тілеулі ана арманы мендегі —

Еш алаңсыз бейбіт еңбек елдегі.

Жүрегімді мазалап жүр бөпемнің

Күдік-күмән мазалаған ертеңі...



НАР ҰЛ
Халқымыздың біртуар перзенті,

Гвардия полковнигі, даңқты қолбасшы,

жауынгер жазушы,

Халың Каһарманы

Бауыржан МОМЫШҰЛЫНА

Нар ұл еді Әлемге аты жайылған,

Таразы еді ақ-қараны айырған.

Тарту еткен мырза пейіл табиғат

Сом алтынды тау суымен шайылған.

Қойнауы — күт қасиетті Жуалы,



Кесек тұлға киелі елде туады!

Дүниеге үл әкелген тәкәппар,

Қырқып түсер қылыш сөзі дуалы.

Батыр Баукең ешкімге бас имеген,

Ойшыл тұлға бойын қайрат билеген.

Махаббатпен от жүрекпен алаулап,

Ел намысын алты қырға сүйреген.

Жасындайын жалынды ойы дәйекті,

Сөз бен ісі қабысатын жан епті.

Батырлықты, қайсарлықты ту етіп,

Жүректерге өсіп-өнер дән екті.

Кетіпті ғұмыр атақ-даңққа қызықпай,

Шыдамаған надандықтыы қыжғыртпай.

Батыр Баукең наркескендей өзі де

Айтарын нақ айтатұғын сызылтпай.

Ел зердесін оятатын лебізі,

Білім, үрдіс, парасаттың теңізі.

Өмір үшін белін бекем буатын

Тектіліктен бастау алған негізі.


Сүйетұғын жан аямай Отанын,

Тусын жігіт Бауыржандай от-арын!



Берік сенім, асыл сезім аялап,

Қорғап жүрсін қазақтың әр отауын.


ЖОЛДАУ ЖЫРЫ
Әлемдік қаржы қыспағы

Үскірік желдей к,ыстағы

Азат та, жас та елімді

Әлсіз буыннан ұстады... ...

Жолдауымен Елбасым

Серпінді рух қосқаны.

Салыстырып, саралап,

Дүр-дүниені аралап,

Озык, ойдың үлгісін

Жіберетін жаңалап

Кемел ақыл Нүрекең —

Бізге біткен дара бақ.

Көреген, көсем Елбасым

Аллам өзін қолдасын

Қоғамның мына киелі

Бір бөлшегі болғасын

Жолдаумен ашты жыл басын,

Әрекетсіздік — оған сын.

Бұзылмасын деп тынышы

Күзетіп Отан тынысын,

Бастамасы басқаша

Төгілмесін деп ырысым,

Қиыннан іздеп қисынын

Данышпан тапқан дұрысын.

Жүрегінің қалауы,

Күдік-күмән тарауы

Қолыңда деп Адамның

Сенімменен қарауы

Көкірегінің күні бар

Жағады жастык, алауын.

Еңбек етсек еселеп

Ішпейміз бе кеселеп

Шырынын тәтті тірліктің

«Шынында, бакыт — осы» деп.

Жолдауға үн қосамын

Қалғыма, қалам, жосы деп...

Орындау ләзім парызды,

«Қу шөппен сүртпей ауызды».

Көктемдей көркем Жолдауда

Көп мүддесі бар ізгі.

Ынтымак, өзі-ақ жоймай ма,

Парақор, жемкрр-жауызды...

Өзгеден білім оздырып,

Дұшпанын да дос қылып,

Дүниенің есін шығарған

Дағдарысқа салмак, «қос құлып».

Ел сыйлайтын Ер сөзін

Жарты Әлем отыр кос көріп.

Азаттық — мінген кемеміз,

Кеңіді өсіп өреміз.

Өзіндік мінез, көзқарас

Қалыптастырып келеміз.

Жолдауы Басшы — бағдаршам.

Ой, ісімізге егеміз,

Жасуымыз керек неге біз!

Төзімі — темір, шыдамды

Өрекетпенен шығады.

Қараңғы тар қапастан

Мол болса жан шуағы.

Нұрға белер Әлемді

Көңіл — көздің шырағы.




БҰЛАУ
...Солқылдатып құм бүлау,

Әлімді алып болды-ау.

Жібектей сусып, жарықтық,

Қойын-қоншыма толды-ау.

Сусыным — қарбыз, «құстілі»

Ұсынған пейіл достығы.

Буын-буынды босатты

Бөгелектің ыстығы.

Жер-Ана ащы-тұщылап,

Алдым сенен күш-куат.

Болған соң өз бөлшегің

«Шыбыным» шыкдай тұр шыдап.

Туған жер, торқа құмағың,

Тәніме тисе — куандым.

Шілденің соңы, шығысы

Ниетімді құп алғын.

Білемін Атамекенім,

Дүние менен де өтерін.

Тірлікте тақыр тасың да,

Мен үшін дәрі екенін.

Нүр сімірген сары шағыл

Сауабын алған қаншаның!

Бойымды алып қызуы,

Шөл қысып бір шаршадым...

Түбіне жасыл жыңғылдың

Жантая барып жығылдым.

Ауанын аңлап көңілдің

«Құм-бұлауды» жыр қылдым.

Тең емес саған, жаным, аласалар

Сұңқарым — сен, биікпен таласа алар

Сенім мен саған дәйім қиял серік

Сондықтан құзда болар ұяң сенің.

Самға, тектім, сен маған алаңдама,

Жетуің қажет сенің алау таңға!

Биікте орньщ сенің, асылзадам,

Мол сонда несібең де шашылмаған.

Әркімнің шыққан тауы өзіне шың,

Тағдырдан алар пенде өз үлесін.

Кайтпа, күнім, мақсатты алған беттен,

Қайсарды ұлы бақыт алдан күткен.

Кісілігің тірлігіңе сән берсін,

Өнегелі ісіңе ел мән берсін

Әрбір сөзің жүйелі боп дәлелді,

Өзге емес, өзің жаса нән кесім.

Көргенің де, білгенің де аз сенің,

Кенже едің, еркін едің, жас едің...

Еркелік пен серілікті тастайсың,

Отырған жок, ел-жұрт артып аз сенім.

Өзге ұл-қыздан сенің жайың бір бөлек,

Балақ түріп қуа алмайсың көбелек.

Туысқан бар,қарындас бар, шал-кемпір...

Сенің жүгің ауырлау ғой, не керек!...

Сезімге емес, ақылыңа билеткін,

Ұрпағыңа ата салтын үйреткін.

Шаңыракты шайқалтпай ұстау, жарығым,

Негізгісі сендегі зор міндеттің.

Жүректі езіп жаныштап,

Өкпеге салмақ саласың.

Бар айлаңды қарыштап,

Менде өшің бардай алатын.

Қырың қарап қыртиып,

Өзіңше доқ көрсетіп.

Шөкім бұлттай бұртиып,

Тұтамға бойыңды өлшетіп...

Сен таусылды екен деп,

Мен таусыла алмаспын.

Жарқылдаймын бетер боп,

Ақ жүзінен алмастың.

Бәріне де уақытың емші білгейсің,

Күлетін жерде сәбидей балқып күлгейсің.

Қорғасындай қоңыр мұң қанша басса да,

Жігерлі болсаң, жеңілу дегенді білмейсің.

Тағдырдың ісі — тәлкек ету ғой, жігітім,

Өмір — өлеңнен үзіле кермесін үмітің.

Жымысқылықпен жок, етем деген жауыңның

Шығарып жібер, жүндей түтіп түбітін!

Ауырма, көкем, ауырма, жаным, жарығым,

Лаулатып жүргін жастыкдың үрлеп жалынын.

Жаныңнан сенің саулығыңның болып куәсі

Естіліп тұрсын ылғи бір ыстық жалынды үн,ауырма, жаным!

Тірлікте мынау Сен барда:

Мереке менің әр күнім,

Әр тәулігім, әр түнім.

Басымдағы базарым,

Көңіл көркі — ажарым.

Күмбірлеген күйдейін

Отырсам естіп үніңді,

Үнсіз тістеп тілімді.

Мен үшін байлық, ырыс-бақ,

Ұғыну сені дұрыстап.

Тірлікте мынау Сен барда

Жасаймын мәңгі өлместен.

Өрілер сен деп жыр-дестем.

Бағым, барым — жақұтым,

Мұңым әрі Бақытым.

Жанымды менің кинама,

Киналып жүрмін өзім де.

Батады нәзік сезімге

Салмашы салмак, төзімге.

Жанымды менің қинама,

Жалынды жүрек, от құрбым.

Іздеумен сені шарқ ұрып,

Жарылып кетпей шак, тұрмын.

Мұңымды менің қабылда,



Касымнан табыл таң мүсін.

Махаббат барда жанымда

Мәңгісің сен де,мәңгісің!

Ашып тастап таңғы ауаға әйнекті,

Ақ самалға сипатамын ай бетті.

Бойды билеп іңкәр сезім шуағы,

Мазасы жок, көңілімді жайлы етті.

Көңіл өссе, түрленбесін қай көрік,

Қызғалдағын қырға шашты

Май келіп. Мөлдір аспан, жасыл бақта, шуақта,

Жұқарады, жойылады қайғы өліп.

Кызыл-жасыл гүлге толсын айнала,

Аймалашы, жібек желім, аймала!

Сұлулыққа сыр алдырмай, сұқтанбай,

Ақын жүрек соға алмайды жай ғана.

Оңтайлы мына заман кімге бүгін?!

Бұл-тарих, жырта алмаймыз күнделігін.

Кім-пысық, кім-ақылды, кім-сарабдал,

Сарапқа салынатын келді күнің.

Ағады ырғағымен өмір-өзен,

Арқаны кеңге салар өтті кезең.

Алысқын арғымак,тай ауыздыктіен,

Десеңіз, «мен бақытты өмір кешем».

Жасағын сәнді, мәнді өміріңді,

Көтерсін сәби даусы көңіліңді.

Арайлы әрбір күнің көктем болып,

Боясын Күннің нұры өңіріңді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет