Қалалық білім бөлімі Арнайы курс
Тақырыбы: «Дифференциалдық және интегралдық
есептеулер»
Класы: жаратылыстану және физика-математика
бағытындағы 10 класс (2 сағаттық)
Құрастырған: Меделбаева.Н.Қ.- №21 мектеп
математика пәні мұғалімі
Кущ.Н.А.-№11мектеп
математика пәні мұғалімі
Ақтөбе-2006
Түсінік хат. Математиканы оқыту процесінің мақсаты-жеке оқушының есеп шығаруын дамыту және математикалық ойлау қабілетін дамыту үшін жаратылыстану –математика бағытындағы оқытуға сәйкес мектептегі білім сапасын арттыру болып табылады. . Бейімдік оқытудың мақсаты- математика пәні мазмұны ғылым жетістігіне сай болып, оны түсініп қолдануға және әрі қарай дамытуға жағдай жасайтындай болуға және де басқа ғылымдарды жәй ғана меңгерту емес, жеке тұлғаның интеллектуальдық қорын ұлғайту. Математиканың ерекше орны басқа ғылымдарды меңгеруде негіз болатын ойлаудың сапалық та, сандық та дамуына әсер етуінен көрінеді.
Курс материалы жоғарғы оқу орнының бағдарламасынан көшірілмеген, бірақ математика ғылымының әдісі мен пәнінің бірлігіне қарай отырып, мектеп бағдарламасы ескеріліп құрылған. Оқушыларға мектеп курсының материалына жоғарғы оқу орнының жалпы тұжырымдары мен теорияны меңгеруіне және қолданбалы құндылығын көрсетуге қалыптастыру.
Бұл проблема ерте бастан математиканы тереңдетіліп оқытылатын, қиын материалдарды игере ойлайтын кластарға арналған.
Математика сабақтарында олар шек ұғымымен, туынды, күрделі функцияларды дифференциалдау, туындыны қолданылуы таныстырылады және қиын материалды қабылдауға дайындығы болады.
Шексіз аз шамалардың қасиеттері, функцияның шектерін есептеу (III деңгейдегі қиындығы жоғары есептерді дифференциалдау, анықталмаған функция, функцияның параметрлік берілуі, жанама және нормалдың теңдеулері, толық дифференциал, функцияны интегралдау,мектеп бағдарламасында, яғни тереңдетілген кластарда шығарылмаған есептер).
Курстың өткізілу барысында ағымдағы бақылау жұмысы, коллоквиумдар, семинар- практикумдар, сынақтар жоспарланады (бұған барлық математика пәні мұғалімдері қатысады). Мұғалімдердің негізгі оқу құралы «Дифференциалдық және интегралдық есептеулер» -1 том Н.С. Пискунов болып табылады.
Барлық 10 класс оқушылары курстың I бөлімін оқиды, оған дифференциалдық есептеулер тақырыбы кіреді, ал жалғасында 2- бөлімі оқытылады.Ол нақты теориялық бөлімдерін қарастырады,мысалдар және интегралдық есептеулер есептерін шығарады.
Курсты оқыту мақсаты:
айнымалы шамалардың шегі ұғымын, шектерді есептеу дағдыларын бекіту(III деңгейлі қиындығы жоғары есептер), анықталмаған функция ұғымын, функцияның параметрлік берілуі, нормаль теңдеу,полярлық бұрышы бойынша радиус- вектордың туындысының геометриялық мағынасы, туындының қолданбалы мағынасын ашу.
Функцияны интегралдау, құрамындағы квадрат үшмүшесі бар функцияны бөліктеп интегралдау, тригонометриялық функциялардың кейбір кластары бойынша интегралдаудың қолданбалы мағынасын ашу.