Темирбаева Жанар Амангельдиевна
Оқу бөлімінің әдіскері, тарих пәнінің мұғалімі
«К.Ахметов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» РММ
Алматы қаласы
1937-1938 жаппай жазалау шаралары. Қазақстан аумағындағы «еңбекпен түзеу» лагерьлері. Қазақстан тарихы, 9А сынып
«К.Ахметов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі»
1937-1938 жаппай жазалау шаралары. Қазақстан аумағындағы «еңбекпен түзеу» лагерьлері.
9 «А» сынып
Қазақстан тарихы
Пән мұғалімі: Темирбаева Ж.А.
Алматы 2018 ж.
Тақырыбы: 1937-1938 жаппай жазалау шаралары. Қазақстан аумағындағы «еңбекпен түзеу» лагерьлері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сталинизмнің орнығуы, жазалау шаралары. Халық қасіреті. Қазақстан – лагерьлер өлкесі. Кеңес Одағы кезіндегі Қазақстанда салынған еңбекпен түзеу лагерьлерінің тарихына шолу жасау.
Дамытушылық: оқушылардың шығармашылықпен іздену арқылы олардың философиялық ойлау қабілетін жетілдіру, өз ойларын жеткізудегі сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Тәрбиелік: оқушылардың отаншылдық сезімін арттыра отырып, қиындыққа төзе біліп, болашаққа деген сенімдерін жоғалтпауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: түсіндірмелі
Сабақтың әдісі: ауызша баяндау, сұрақ-жауап
Пәнаралық байланыс: әдебиет, дүниежүзі тарихы, география
Көрнекі құралдар: Қазақстанның картасы, қазақ зиялыларының суреттері, үлестірмелі қағаздар, слайд шоу.
Жоспар
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (үлестірмелі қағаздар таратылады)
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру (видеоролик) Азим Аяжанның «Репрессия құрбандары» атты өлең жолдары (видеоролик)
IV. Сабақты бекіту
Үлестірмелі қағаздарда жазылған сөздерге сипаттама беріп, картадан көрсету
«Бұл кім?» саяси портреттермен жұмыс(видеоролик)
Тест алу
Кесте толтыру V. Бағалау VI. Үйге тапсырма беру
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгендеу
Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1921 жылдан бастап шыққан «Еңбекші қазақ» басылымының қазіргі атауы? (Егеменді Қазақстан)
Халық Комиссарлар Кеңесі сауатсыздықты жою жөніндегі декретке қашан қол қойды? (1919 жылы 26 желтоқсанда)
Тұңғыш қазақ театры қашан ашылды? (1926 жылы)
КСРО Ғылым академиясының қазақ бөлімшелері құрылған жыл? (1938 жылы)
«Қазақ халқының 1000 әні», «Қазақтың 500 ән мен күйі» деген жинақтардың авторы? (А.В. Затаевич)
1928 жылы Қазақстандағы ашылған тұңғыш жоғарғы оқу орны? (Қазақ педогогикалық институты)
1925 жылы Парижде, 1927 жылы Берлинде өткен саз, өнер фестивальдарында өзінің орындаушылық шеберлігімен бүкіл Еуропаны таңғалдырған қазақ әншісі? (Әміре Қашаубаев)
«Ақбілек», «Қартқожа» романдарының авторы? (Жүсіпбек Аймауытов)
1934 жылы ашылған оқу орны? (Қазақ мемлекеттік университеті)
«Әліпби», «Ересектерге арналған әліпби» еңбектерін жазып, араб әліпбиінің негізінде 29 әріптен тұратын төте жазуға негізделген жазу реформасын жасаған кім? (Ахмет Байтұрсынұлы)
Сергіту сәті: екі оқушыны ортаға шақырып, арқаларымен отырғызу. Әр қайсысына 10 таяқшадан беру. Біреуісі геометриялық фигурасын жасап отырып, айта отырады. Екіншісі түсінгені бойынша, сол фигураны жасауға тырысады.
Достарыңызбен бөлісу: |