«А.Байтұрсынов атындағы
Қостанай мемлекеттік
университеті» РМК
|
РГП «Костанайский государственный университет имени А.Байтурсынова»
|
|
|
АНЫҚТАМА
|
СПРАВКА
|
ОӘК отырысына
|
на заседание УМС
|
29.11.2017 ж.
|
29.11.2017г.
|
Қостанай қаласы
|
город Костанай
|
|
|
Инженерлік-техникалық факультетінде көптілді білім беруді дамыту
Көптілділік - көп мәдениетті тұлғаны қалыптастырудың негізі. Көптілді тұлға - шетел тілінде сөйлейтін және түсінетін адам ғана емес, сондай-ақ әртүрлі байланыс жағдайында шет тілдерін қолдануға қабілетті адам.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдауында «Қазақстан жастары, қалыптасқан мемлекет көп тілдіге айналуы керек, өйткені тілдерді білу жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыруды және жас ұрпақ үшін жаңа мүмкіндіктерді ашуды білдіреді. Жауапты тіл саясаты - қазақ халқының негізгі біріктіруші факторларының бірі».
Инженерлік-техникалық факультетінде көптілді білім беру жүйесі 2012 жылы 5В071300 - «Көлік, көліктік техника және технологиялары» мамандығы бойынша енгізілді. «Көптілді білім беру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2016-2017 оқу жылында Ғылыми кеңестің (№7 хаттамасы 31.08.2012ж.) бекітілуімен келесі мамандықтар бойынша 5В060400 - «Физика» және 5В071800 - «Электр энергетикасы» мамандықтары бойынша көптілділік бағдарлама іске қосылды. Биыл осы мамандықтар бойынша ИТФ студенттерінің жалпы санының 36%-ын құрайтын 230 адам 1,2,3 және 4 курс студенттері білім алуда.
Кесте 1 - 2017-2018 оқу жылында ИТФ мамандықтары бойынша көптілді топтарда оқитын студенттер контингенті
Мамандық
|
1 курс
|
2 курс
|
3 курс
|
4 курс
|
орыс
|
қаз
|
қысқ
|
орыс
|
қаз
|
қысқ
|
орыс
|
қаз
|
орыс
|
қаз
|
5B060400-Физика
|
11
|
5
|
Х
|
7
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
5В071800-Электр энергетикасы
|
16
|
14
|
8р
|
21
|
33
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
5В071300- Көлік, көліктік техника және технологиялары
|
12
|
14
|
14р
|
18
|
23
|
6р
|
12
|
Х
|
16
|
Х
|
Жалпы курста
|
39
|
33
|
22
|
46
|
56
|
6
|
12
|
Х
|
16
|
Х
|
94
|
108
|
12
|
16
|
Факультетте барлығы
|
230 студенттердің 36%
|
Мәселен, көптілді топтардағы мамандықтар бойынша бірінші курс студенттерінің жалпы саны 94 адам.
Ағылшын тілін меңгеру болашақ маманға үлкен артықшылығы болып табылады және оның кәсіби құзыреттілігі компоненттерінің бірі болып табылады, бұл шын мәнінде таңдау мамандығына байланысты орындылады.
Көптілділікті енгізу барысы оқу процесін арнайы жоспарлауды талап етеді. Оқу бағдарламалары мемлекеттік білім беру жалпы стандарты талаптарын ескере отырып әзірленді: пәндердің 50% оқу тілінде (қазақ немесе орыс), 20% екінші тілдегі (орыс немесе қазақ тілінде) және 30% ағылшын тілінде оқытылатын пәндер бойынша оқытылуы тиіс.
2017-2018 оқу жылында ағылшын тілінде келесі пәндер бойынша оқыту жүргізіліп жатыр немесе жоспарланған:
1 курс
Философия, Шетел тілі, Базалық шет тілі (А1 деңгейі), Әлеуметтану және саясаттану негіздері, Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар, Физика, Базалық шет тілі (А2 деңгейі)
2 курс
Экология және тұрақты даму, Әлеуметтану және саясаттану негіздері, Құқық негіздері, Базалық шет тілі (В1 деңгейі), Базалық шет тілі (В2-жетік), Материалдар кедергісі
3 курс
Кәсіби-бағытталған шетел тілі – 5 семестр
Курстың мазмұны екі ажырамас модульді қамтиды: негізгі модуль міндеті - білім беру бағдарламасын жүзеге асыру, қосымша модульдің міндеті - студенттерді болашақ кәсіби қызметте пайдалану үшін шет тілін білуін қамтамасыз ету.
Көптілді оқытуды енгізудің алғашқы кезеңінің қиындықтары шет тілінде арнайы пәндерді оқыған кезде студенттердің тілдік білімінің әртүрлі деңгейі болып табылады. Оқу пәндері 1 курс бойынша 1 семестрде ағылшын тілінде жүргізіледі. Тілдік біліктіліктің жоғары деңгейіне жету үшін ағылшын тілін қосымша оқыту үшін 8 кредит қосылды: 1 курста базалық ағылшын тілі (A1-A2 деңгейі), 2 курста базалық ағылшын тілі (B2, B2 деңгейлері). Осылайша, қосымша сағаттар студенттерге ағылшын тілінің деңгейін көтеруге мүмкіндік береді. Пәндерді оқып-үйрену міндетті түрде кәсіби-бағытталған терминология есебінен лексиканы байытуды болжайды.
Кесте 2 - 2016-2017 оқу жылында ИТФ мамандықтары бойынша ағылшынша өткізілген пәндерден студенттердің үлгерімі
Мамандық
|
группа
|
Кол. студентов
|
Философия
|
Иностранный язык
|
Базовый иностранный язык (уровень А1)
|
Информационно-коммуникационные технологи
|
Физика
|
Иностранный язык
|
Базовый иностранный язык (уровень А2)
|
5B060400-Физика
|
16-101-11
|
7
|
100%
|
100%
|
100%
|
100%
|
Х
|
100%
|
100%
|
5В071800-Электр энергетикасы
|
16-100-30
|
14
|
100%
|
100%
|
100%
|
100%
|
86%
|
100%
|
100%
|
16-100-31
|
19
|
89%
|
89%
|
89%
|
100%
|
68%
|
63%
|
63%
|
16-101-31
|
21
|
81%
|
67%
|
67%
|
100%
|
57%
|
67%
|
67%
|
5В071300- Көлік, көліктік техника және технологиялары
|
16-100-20
|
23
|
96%
|
91%
|
91%
|
100%
|
каз
|
96%
|
96%
|
16-101-21
|
18
|
89%
|
100%
|
100%
|
100%
|
русс
|
89%
|
89%
|
16-111-21
|
6
|
67%
|
Х
|
Х
|
Х
|
русс
|
Х
|
Х
|
15-101-21
|
12
|
100%
|
100%
|
100%
|
русс
|
русс
|
100%
|
92%
|
15-111-21
|
1
|
100%
|
100%
|
Х
|
Х
|
Х
|
100%
|
Х
|
14-101-22
|
15
|
80%
|
93%
|
93%
|
русс
|
русс
|
80%
|
80%
|
Кестеде соңғы 2016-2017 оқу жылының ИТФ мамандықтары бойынша студенттердің нәтижелері көрсетілген. Бұл нәтижелер оқу процесінде стденттердің алған білімдерін игеру деңгейін көрсетеді.
Жеке алғанда, 2016-2017 оқу жылында «Серпін» бағдарламасы бойынша ИТФ-ке түскен студенттердің жағдайын атап өткім келеді. Оқу жылы басталмас бұрын осы топтардағы студенттерге көптілді топтарда оқытудың тәсілдері мен әдістерін түсіндіріп, тілдік топтарда оқытудың өзектілігі мен болашағы түсіндірілген болатын. Әр студент өз келісімін жазбаша түрде берді. Бірақ осы топта жүргізілген талдау барлық студенттердің шет тілінде үйрену деңгейі бірдей емес жағдайын көрсетті. Биылғы 2017-2018 оқу жылында «Серпін» бағдарламасы бойынша түскен студенттер мен көптілді топтарда оқитын студенттер арасында көптілді оқытудың тәсілдері мен әдістері түсіндірілмеген. Сондықтанда кейбір студенттер ағылшын тілінде пәндерді меңгеруде қиындықтарға тап болды, шетел тілін тез үйренуге бейімділіктері жоқ. Бұл өз кезегінде тамыз айындағы оқуға қабылдау барысында қабылдау комиссиясының техникалық хатшыларының олқылықтары, жәнеде ИТФ бұрынғы ОЖ декан орынбасарының салғырттығы болып табылады.
Осыған байланысты, осы студенттердің бұдан әрі кедергісіз оқып үйрену үшін біз осы топты көптілді оқыту тілі мен мемлекеттік тілде оқитын топтарға бөлуге сұраныс жасаймыз.
Сондай-ақ, ТжКО негізінде қысқартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқитын студенттері жалпы топтық негізде екінші курстармен оқығандықтан, және де олар 2 курс оқыған деңгейде ағылшын тілін үйренбегендіктен, ерекше қиындықтарды бастан өткерді. Осылайша, 1 жыл студенттерін қысқартылған білім беру бағдарламасында (ТжКО-ы негізінде) оқыту негізіндегі және ағылшын тілін білу деңгейі бойынша негізгі білім беру бағдарламасында 2 курста оқитын студенттерді де топтарға бөлу керектігі айқындалады.
Бакалавриат мамандықтары бойынша екінші жылғы көптілді топтарында физика және шетел тілі / қазақ / орыс тілдерінде студенттерді дайындаудың біркелкі еместігі және салыстырмалы төмен деңгейі байқалады. Көп тілді топтардағы білімнің сапасын, қанағаттануын және үлгерімін үнемі қадағалау керек. Қазақ тілді топтарда өткізілетін орыс тіліндегі сабақтарға студенттердің атсалысуы төмен, студенттердің сөзінен сабақта термин сөздер мен күрделі техникалық мәндердегі мәтіндерді түсіну қиындығы байқалады. Ал орыс тілінде оқитын топтарда керісінше қазақша өткізілетін сабақтар негізінен орыс тілімен қатар жүргізіледі, және де қазақ тілін еркін меңгерген студеттердің үлесі 20-30% аспайды.
5В071300 - «Көлік, көліктік техника және технологиялары» мамандығы бойынша оқу үрдісі мемлекеттік білім беру жалпы стандарты талаптарына сәйкес емес, себебі, ағылшын тілінде өткізілу керек 30% талап орындалмай келеді. Биылғы оқу жылында ғана мамандық бойынша ағылшын тілінде 2 курс студенттері үшін «Материалдар кедергісі» пәні енгізілді, бағдарламаның жетекшісі т.ғ.м., аға оқытушы Камышева Наталья Алексеевна.
Студенттерді даярлау сапасын арттырудың маңызды факторларының бірі ағылшын тілінде сабақ беретін оқытушы-профессорлық құрамының кадрлық әлеуеті болып табылады. Көптілділік бағдарламасын қалыптастыру жоспарын жүзеге асыру үшін ағылшын тілі курстарын Электр энергетикасы және физика кафедрасының оқытушылары Д.М. Дунский мен Ю.П. Мартынюк табысты өтті және ағылшын тілінде сабақ өткізу үшін қажетті оқыту деңгейін растайтын сертификаттар алды. Англияның Кембридж университетінде («Болашақ» Халықаралық стипендиясы) электроэнергетика және физика кафедрасының аға оқытушысы Ибрагимова С.В. ағылшын тілін білу сертификатын алды.
Ағымдағы оқу жылында университетте тілдік курстар ұйымдастырылмады.
Оқу бағдарламасын құрастырған кезде, ең алдымен, түлектерді шығаратын кафедраларда (ағылшын тілін және мемлекеттік тілдерді қажетті деңгейде меңгерген оқытушы-профессорлық құрамның болуы) кадрлық әлеуетін ескере отырып, пәндерді оңтайлы бөлуді және оқу жоспарындағы пәндерінің мазмұны күрделілігін ескеру керек.
Көптілділікті енгізу сапалы оқыту-әдістемелік қамтамасыз етуді білдіреді, бұл өз кезегінде елеулі дайындық жұмыстарын талап етеді. Өкінішке орай, тілдік емес пәндерден оқыту құралдары әзірше әзірленбеген. Техникалық мамандықтарға арналған 3 тілде (орыс, қазақ, ағылшын) терминологиялық сөздік жоқ. Бұл жағдайдан шығу жолы мынадай: оқытушылар мен филологтар бірлесіп, арнайы пәндер мұғалімдері мен шет тілдерінің оқытушылары арасындағы тығыз ынтымақтастықты орнату, шет тілінің оқытушылары мамандықтар үшін жалпы ғылыми терминологияны енгізу қажет. Оқу құралы тек тілдік кафедралардың оқытушылары тарапынан жасалды. «Электр энергетикасы», «Физика», «Көлік, көліктік техника және технологиялары» мамандықтарының студенттеріне арналған кәсіптік бағдарланған шет тілі үшін (Смағұлова А.С., Тимошенко Е.С.); «Grammar in Use» (Манасбаева Н.Ш.); «English for reading» (Смаглий Т.А.) оқулықтары жасалды.
Инженерлік-техникалық факультетінің
Деканының оқу ісі жөніндегі орынбасары И. Кәкімбек
|
Достарыңызбен бөлісу: |