Анықтамалық мамандарды дұрыс іріктеуді, орналастыруды және пайдалануды, олардың біліктілігін жоғарылатуды, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер арасында еңбекті ұтымды бөлуді қамтамасыз етуге арналған


Өндірісті басқарудың автоматтандырылған жүйесі бөлімінің бастығы (ӨБЖ) (ақпараттық технологиялар ортасы немесе бөлімшелері)



бет32/126
Дата28.01.2018
өлшемі7,88 Mb.
#34321
түріАнықтамалық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   126

Өндірісті басқарудың автоматтандырылған жүйесі бөлімінің бастығы (ӨБЖ) (ақпараттық технологиялар ортасы немесе бөлімшелері)



Лауазымдық міндеттерi. Экономикалық кибернетика теориясының элементтерімен коммуникация, байланыс, қазіргі заманғы есептеуіш техника құралдары, экономикалық–математикалық әдістер жиынтығын қолдану негізінде өндірісті басқаруды жетілдіру жобаларын жасау және енгізуге басшылық етуді іске асырады. Тиісті процестері автоматтандырылған режимге көшірудің формализациясы мен мақсаттылығының мүмкіндігін анықтау, сондай-ақ ұйымның және оның бөлімшелерінің автоматтандырылған басқару жүйелеріне қызмет көрсетулердің кедергілерін зерттеу мақсатында өндірісті жобалау мен реттеу әдістерін, басқару жүйелерін зерттеуді жүргізуді ұйымдастырады. ӨБАЖ және оның жүйелерін жасауда техникалық тапсырмаларын құруға қатысады. ӨБАЖ–ны жобалау мен енгізу жоспарларын, олардың орындалуын бақылау, тапсырма қойылымын, олардың алгоритмизациясын, ӨБАЖ барлық жүйелерін ұйымдастырушылық пен техникалық қамтамасыз етілуінің үйлесімін, үлгілік блогтарды жасау мен енгізуді дайындауды іске асырады. Ұйымның немесе нақты бөлімшенің жұмыс учаскесінің спецификалық талаптарға қолда бар үлгілік бағдарламалық қамсыздандыруды бейімдейді. Ұйымдағы құжат айналымын жетілдіру бойынша жұмыстарды (кіріс және шығыс құжаттарын анықтау, олардың кіру және шығу, алу және қайта өңдеу, байланыс каналдарынан өтуі, құжаттардың оңтайландырылуы, тиісті орындаушылардың жұмысы үшін ыңғайлы және ӨБАЖ талаптарын қанағаттандыратын құжаттарды құру мен мазмұнын рационализациялау тәртібін анықтау), ақпараттық технологиялық құралдардың көмегімен ақпараттарды өңдеудің технологиялық процестерін және ӨБАЖ барлық тапсырмалары бойынша ақпараттарды өңдеудің технологиялық схемасын жобалау жұмыстарын ұйымдастырады. ӨБАЖ ақпаратпен қамтамасыз етумен (шикізатты, материалдары, дайын өнімдерді, бөлшектерді, жиын бірліктерін кодтау, қажетті анықтамаларды, дешифраторларды т.б дайындау), нормативтік анықтамалық ақпараттың кіші жүйесін ұйымдастырумен, бастапқы мәлімдемелердің машиналық жеткізгіштерге дұрыс көшірілуін қамтамасыз етумен байланысты нұсқаулықтарды, әдістемелік және нормативтік материалдарды әзірлеуге басшылық жасайды. ӨБАЖ техникалық құралдар кешенін пайдалануға енгізу, тәжірибелік тексеру, жөндеуді ұйымдастыру бойынша жұмыстарды жүргізеді. Жүйенің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді және жұмыс барысында туындаған бұзылушылықтарды жою шараларын жедел қабылдайды. Жүйеде көзделген бастапқы құжаттарды уақтылы түсуіне, ақпараттың есептеу техникасы құралдарының көмегімен өңделген құжаттардың тиісті бөлімшелерге тапсырылуына бақылауды ұйымдастырады.жүйенің істен шығу жағдайларын талдайды, ӨАБЖ сапасы мен беріктігін арттыру, оның қолданылу саласын кеңейту, қолданылатын техникалық құралдарды жаңғырту, сондай-ақ ӨАБЖ жобалау мерзімі мен құнын төмендету мақсатында алгоритмдеу міндеттерін дайындау әдістері мен ұйымдастырылуын жетілдіру іс-шараларын әзірлейді. Ұйымның бөлімшелеріне ӨАБЖ арналған бастапқы деректерді дайындауға, өндірісті басқару процестерін автоматтандыру және механикаландыру бойынша әдістемелік көмек көрсетеді. Бөлімнің қызметкерлерін басқарады.

Білуге тиіс: өндірісті басқарудың автоматтандырылған жүйесін ұйымдастыру бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де құқықтық нормативтік актілер, әдістемелік және басқа материалдар; ұйымның даму перспективалары; ұйымның өнім өндіру технологиясы; өндірісті жедел басқару мен жоспарлауды ұйымдастыру; ұйым құрылымы, бөлімшелерінің арасындағы өндірістік және функционалдық байланыстар; ӨБАЖ мазмұны мен міндеттері; ӨБАЖ жобалары мен шағын жүйелерін әзірлеу тәртібі; коммуникация, байланыс және есептеуіш техника құралдарының техникалық сипаттамасы, құрылымдық ерекшеліктері, мақсаты мен пайдалану ережелері; міндеттерді қою және оларды алгоритмдеу тәртібі; ақпаратты автоматтандырылған өңдеу және бағдарламалау негіздері; бағдарламалаудың ресми тілдері; есептеу, шифрлер мен кодтардың қолданыстағы жүйелері; ұйымдық-өкімдік құжаттардың бірегейленген жүйесінің стандарттары; техникалық құжаттаманы әзірлеу және ресімдеу тәртібі; еңбек, басқару мен өндірістің ұйымдастырлуы және экономика негіздері; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының негіздері; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария ережелері; өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және ақпаратты өңдеуді автоматтандыру және механикаландыру саласы бойынша жұмыс стажы кемінде 5 жыл болуы тиіс.




Ақпарат (ғылыми–техникалық ақпарат) бөлімінің бастығы

Лауазымдық міндеттерi. Жаңа ақпараттық технологияларды қолдану арқылы ұйымның сыртқы және ішкі ақпараттық ортасын дайындау және ұйым бөлімшелері мен жекелеген қызметкерлерді арнайы дайындалған отандық және шетелдік экономикалық, техникалық, ғылыми жетістіктер мен жаңа өндірістік тәжірибелері туралы мәліметпен қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастырады. Ұйымның өнімінің маркетингтік міндеттерін шешуге қатысады және талдау, жарнамалық материалдарды дайындау мен ақпараттық өнімнің маркетингтік жеке бағдарламасын іске асыру шарттарын қамтамасыз етеді. Ұйымның басшылары мен мамандарының ұйымды басқару, еңбекті ұйымдастыру, өндіріс процестерін жетілдіру бойынша шараларды дайындау, техникалық және ұйымдастырушылық шешімдерді қабылдау, конструкторлық және технологиялық жоспарларды жасау, ұйым өнімінің бәсекеге қабілеттілігін анықтау, нарық конъюктурасын зерттеу үшін қажетті ғылыми–техникалық және экономикалық мәліметтердің қажеттілігін анықтау бойынша жұмыстарды басқарады. Ұйымның ақпараттық-анықтамалық қорын жасауды басқарады, қазіргі заманғы ақпараттық ізденіс жүйесін енгізуді, тақырыптық жоспарларының негізінде қордың отандық және шетелдік материалдармен жүйелі толықтырылуын және жаңа ақпараттық технологияларды қолданылуын қамтамасыз етеді. Ұйымның қызметтері мен ақпараттық өнімінің маркетингтік және ақпараттық қызмет көрсету нарығын зерттеу, ақпараттық материалдарды зерттеу, жинау, жүйелеу, рефераттар мен аннотацияларды, өндірістің дамуының тенденциясы мен жай-күйі туралы тақырыптық шолу дайындау, сонымен қатар ұйым қызметінің нәтижесін ұқсас отандық және шетелдік ұйымдардың жетістіктерімен салыстыру, басқа ұйымдардың сұранысы бойынша ұйымның жаңа өндіріс тәжірибесі туралы материалдар жинауды ұйымдастырады. Ұйымның бөлімшелерінде ақпараттық материалдардың қолданылуын бақылайды. Бөлімнің отандық және шетелдік ғылым және техника жетістіктерін үгіттеуде, оларды енгізудің жаңа тәжірибесін, сонымен қатар жиналыстар, семинарлар, лекциялар, экскурсиялар, демонстрациялар, ғылыми-техникалық фильмдер өткізуге қатысуын қамтамасыз етеді. Ұйым шығаратын өнім туралы каталогтар, проспектілер және ақпараттық материалдарды шығаруға қатысады. Аудармаларды қолданыстағы үйлестіру тәртібін ескере отырып, шетелдік әдебиеттерді, каталогтарды, ғылыми- техникалық құжаттамаларды аударуды, жаңа өндіріс тәжірибесі, ғылым және техника жетістіктері туралы ақпараттық материалдарды ұйымда қолданудың тиімділік есебін жүргізуді, бөлімнің ақпараттық жұмысы туралы есепті дайындауды ұйымдастырады. Бөлім қызметкерлерін басқарады.


Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де құқықтық нормативтік актілері, ғылыми-техникалық және экономикалық ақпаратты ұйымдастыру бойынша әдістемелік және басқа материалдар; шығармашылық-техникалық және ғылыми ақпаратты беру, іздеу, сақтау және жинақтау жүйесін анықтайтын ережелер, нұсқаулықтар, және басқа да нормативтік актілер; экономикалық қызметтің түрлері мен ұйымның даму перспективасы; экономикалық қызметтің түрлері мен білімнің тиісті салаларында отандық және шетелдік ғылым мен техниканың дамуының жай-күйі мен перспективасы; ұйымның шығармашылық және ұйымдастырушылық құрылымы; ұйымның өнім өндірісінің негізгі технологиялық үдерістері; ақпараттық жұмысты жоспарлау мен ұйымдастырудың әдістері; ғылыми-техникалық ақпараттың мемлекеттік жүйесі; жаңа ақпараттық технологиялар; ақпараттық-анықтамалық қордың ұйымдастырылуы; баспа жұмыстарының негізі; басылымға шығаруға арналған ақпараттық проспектілерді, каталогтарды және материалдарды дайындау тәртібі; аудармалардың қолданыстағы үйлестіру тәртібі; кітапханалық жұмысты ұйымдастыру; ғылыми-техникалық ақпаратты ұйымдастыру саласында отандық озық тәжірибе; еңбек, басқару мен өндірістің ұйымдастырылуы мен экономика негіздері; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының негіздері; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері; өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және ғылыми-техникалық ақпарат бойынша жұмыс стажы кемінде 5 жыл болуы тиіс.





Каталог: sites -> default -> files
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет