Аралық бақылау №2



бет1/11
Дата22.05.2022
өлшемі54,67 Kb.
#144625
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
зоо рк


Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті


Аралық бақылау №2

Орындаған:Төлеген Ә.Ш


Биология 509-3 топ
Қабылдаған:Айтжанова М.О

Алматы 2022
1.Мантия қуысының қызметі
Тұлғаның төменгі жерінде жабын қатпары немесе мантия қатпары, ал оның астында мантия комплексінің мүшелері бар мантия қуысы түзіледі. Қатпар да, мантия қуысы да тұлғаның алдыңғы және оң жағында дамыған. Мантия бақалшақты бөліп шығарады, көбінесе спиральді оралған бақалшақты түзейді. Бақалшақтың төбе жағы тұйық біткен — ол оның төбесі деп аталады, ал оған қарама-қарсы екінші ұшында тесігі (устье) орналасқан. Тесігі арқылы жануардың басы мен аяғы сыртқа шығып тұрады. 
2.Жүзім ұлуының қан айналу жүйесі
Жақсы дамыған жүрегі артқы ішектің үстінде орналасып перикардия (целомның калдығы) қуысында жатады. Жүректің негізгі қызметі қан тамырлар жүйесіне қанды айдау. Қан тамырлары құрылысы мен қызметіне қарай бірнеше топтарға бөлінеді.Қан айналу жүйесі ашық типті, яғни кан тамырлары үзіліп қан дене қуысына құйылады. Жүректің қарынша бөлімінен ірі қолқа басталып ол кейін екіге — дененің алдыңғы жағына бағытталған бас колқасына және артқы жағына бағытталған — ішкі қолқасына бөлінеді. Қолқадан артериялар тарайды. Өкпелі моллюскалардың артериялары бірте-бірте капиллярларға ауысады. Соңында, қан тамырлары үзіліп, қан дәнекер клеткаларынан құралған ішкі орта тканьның ұсақ түтікшелеріне немесе лакуналарына құйылады да, оттегінен айырылып біртіндеп ірі венозды лакунаға жиналады. Осыдан, қан желбезекке немесе өкпеге өтіп, онда тотығып, енді оттектенген артериальді кан жүрекке құйылады. Қаны түссіз, құрамында амебоцит қан түйіршіктері бар.
3.Өзен шаянының құрылысы ерекшеліктері.Дамуы
Шаянның денесі екі бөліктен: баскөкірек және құрсақтан құралады. Баскөкірек бөлігінде бірі- ұзын, бірі-құсқа екі жұп бунақтанған мұртшалары, екі көзі мен ауыз мүшелері алдыңғы жағында болады. Бұлардан сәл төменірек бес жұп бунақтанған аяқтар көрінеді, олардың алдыңғы екеуінің ұшында үлкен қысқышы бар, ал қалған төрт жұбы жүретін аяқтар болып есептеледі. Шаян денесін қатты хитинді жабын қаптағандықтан, сілемейлі қабықшамен қапталған денені шұбалшаң тәрізді соза немесе жиыра алмайды. Сондықтан ол су түбінде бунақтанған жүру аяқтары арқылы жүреді , суда бунақтанған құрсағын лезде бүгіп, құйрық жүзбеқанатын қатты серпу арқылы жүзеді. Су түбінде қозғалғанда- алға қарай, суда жүзген кезде артқа қарай қозғалады. Бұл кезде хитинді жабынмен қапталған аяқ немесе құрсақ бунақтары сауыттың ішкі жағындағы бұлшықеттер арқылы қимылдайды.Шаянның сауыты қорғаныш жабын болады, ішкі қаңқа тәрізді бұлшықеттер арқылыбуындасқан сүйектерді қимылға келтіріп, қызмет атқарады.
Шаянтәрізділердің басым көпшілігінің жұмыртқасы сарыуызға бай болғандықтан, жұмыртқа жарым-жарты және беткейлік түрде бөлшектенеді. Бұларда жұмыртқа клеткасы бөлінбей, тек сарыуыздың ортасында орналасқан ядросы бірнеше рет бөлінеді. Пайда болған ядролар жұмыртқаның шетіне ығысып, сол жерде цитоплазмамен қапталады да, тұтас клеткалық қабатын, яғни бластодерма қабатын түзеді. Бластодерма сарыуызды қоршайды. Бұдан кейінгі даму жұмыртқаның сыртқы бетіндегі құрсақ бөлігінде клеткалардан құралған ұрық алқабында (жолағында) өтеді. Ұрық алқабы үш ұрық жапырақшаларын түзейді: сыртқы - эктодерма, одан кейінгі - мезодерма және сарыуызға жанасқан қабаты - энтодерма. Ұрық жапырақшаларынан мүшелер қалыптасып, ұрықтың денесі сегменттеле бастайды. Ең алдыңғы бөлімінен болашақта күрделі көздері дамитын бас төбешіктері және бас қалақшасы - акрон мен антеннальды және мандибулярлы сегменттері бөлектенеді. Одан арғы дамуы - әр түрлі дәрежедегі метаморфоздар, яғни жұмыртқадан кейінгі постэмбриональды даму кезеңі. Шаянтәрізділердің көпшілігінде метаморфоз сатысы планктонды личинка - науплиустен басталады. Көпқылтанды буылтық құрттарға (Polychaeta) қаншалықты трохофора личинкасы тән болса, соншалықты шаянтәрізділерге - науплиус личинкасы тән. Науплиустың денесі жұмыртқа тәрізді, денесінің сегменттері сырттай байқалмайды, бірақ антеннуланың, антенна және мандибуланың болуы денесінің сегментті болуының дәлелі. Науплиустың екі бұтақты антенналары дененің бауыр жағында, ауыздың бүйірінде орналасып қоректі жинауға қатысады, кейін бұлар дененің алдыңғы жағына ығысып, өзінің атқаратын қызметін де өзгертеді. Мандибулалары жұп бұтақты, антенналарының артында орналасып және солармен жүзеді. Науплиустың ішегі, аналь тесігі, науплиус көзі, зәр шығару мүшесі (антеннальді безі), миы, екі құрсақ ганглиялары болады. Сонымен, науплиус личинкасының денесі көзі мен антеннуласы бар акроннан және антеннальды, мандибулярлы сегменттерден құралған. Мандибулярлы сегментіне аналь қалақшасы жалғасқан. Екеуінің арасында өсу зонасы бар, оның клеткалары үнемі бөлініп, жетіспейтін дене сегменттерін түзейді. Науплиус ұзына бойы өседі де, астыңғы жақтарының екі жұбы (максилла І-ІІ) және алдыңғы кеуде сегменттерінің бастамасы айқындалғанда келесі метанауплиус сатысына айналады. Метанауплиустың антенналары мен мандибулалары денесінің алдыңғы жағына ығысып, өздерінің қызметін де өзгертеді: антенналарымен сезеді, ал мандибулаларымен қоректі уатады. Максилла І-ІІ-ші және алдыңғы кеуде сегменттері дамып, кейін қалған кеуде және құрсақ сегменттерінің бастамасы айқындалады. Біршама уақыт өткен соң метанауплиус өсуімен қатар, ол түлейді де, бірте-бірте күрделі көздері, аяқтары дамып, сегмент саны толығады да, метаморфоз кезеңі аяқталып, метанауплиус ересек формасына айналады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет