Арнайы педагогика ғылым ретінде, оның пәні, обьектісі, мақсаты мен міндеттері


Церебральды сал ауруы бар балалармен жүргізілетін логопедиялық жұмыс (БЦС)



бет5/96
Дата01.08.2020
өлшемі424.86 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   96
6. Церебральды сал ауруы бар балалармен жүргізілетін логопедиялық жұмыс (БЦС)

Церебральды сал аурулары бар кіші мектеп жасындағы балалардың ұсақ маторикасын дамытуда церебральды салдығы бар 0-ден 7 жасқа дейінгі балалар қолдарының ұсақ моторикасын қалыптастыру кезінде келесілерді есепке алған жөн:

1. Церебральды салдығы бар балаларға көмектесудің қағидалы жолы – бұл ерте кешенді және мақсатты бағытталған түзету жұмыстарының баланың индивидуалдық ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып жүргізілетіндігі.

2. Баланың сау сақталған даму қарқыны және бұзылған қызметтерін түзетуге ерекше көңіл бөлінуі керек.

3.Түзете-дамыту сабақтары баланың психикалық қызметтерін қалыптастыруға бағытталған тәсілдердің кезеңді күрделенуін болжайды.

4. Ұсақ моториканы дамыта отырып, балалардың сөйлеу тіліне де әсер ете аламыз. Балаларда сөйлеу тілін түсінуді қалыптастыруды қамтамасыз ететін маңызды алғы шарты болып тері-кинестетикалық талдағышты дамыту табылады. Кинестетикалық сезінудің жеткіліксіздігі, көру-моторлық координация арқасында құрылатын қоршаған заттарды дұрыс қабылдауды тежейді. Бала, өзі сол нәрсемен белсенді манипуляция жасайтын заттарының атын жақсы есте сақтап қалады. Кененбаява Баян Сагындыковна [8] өзінің ғылыми жұмысында бұл ауру көп жылдар ағымында, көбінесе бүкіл өмір бойында жалғасады. Балалар церебралды салдануы әртүрлі экономикалық зияндықтардан, эмбрион тұқымға немесе жаңа туған нәрестеге әсер етуінен пайда болады. Қимыл-қозғалыс бұзылулары салдану, парез, еріксіз қимылдар, атаксия т.б.; сөйлеу қабілеті мен психикалық бұзылулары БЦС клиникалық суреттемесіне жатады. БЦС-ның клиникалық көрсетілімдері полиморфты, олар мидың патологиялық даму кезендегі өзгерістеріне байланысты деп жазып өткен. Ұсақ моториканы дамытудың баланың жалпы дамуында да алатын орны ерекше. В.А.Сухамлинский [3] бала қабілетінің қайнар көзі оның саусақтарының ұшында екенін жазған. Бала қолының қозғалысы қаншалықты епті болса, соншалықты ойлауы, сөйлеуі жақсы дамиды. Яғни бала қолымен көбірек жұмыс істесе, ақылы да сонша өседі. Ұсақ моториканы дамыту жұмыстарын бала туылған кезден бастау керек. Кішкентай сәбидің қолына массаж жасау арқылы біз алақандағы ми қыртыстарының жұмысын жақсартатын аймақтарды басамыз. Ал көптеген жаңашыл зерттеушілердің тұжырымдаулары бойынша ұсақ моториканы дамытуға байланысты саусақ моторикасын дамытуға саусақ ойындарын, саусақ ойындарын сипаттауды, сергіту сәттерін, ойын –ертегілер пайдалануды ұсынады . Қол моторикасы– бұл саусақтың ұсақ бұлшық еті мен қолдың қозғалысын реттеу. Ол тек қозғалысты ғана орындап қоймай , бала миының жұмысының дамуы, тіл дамыту,сондай-ақ есте сақтау, көңіл, логикалық ойлау қабілеті психологиялық процесінің дамуы үшін қажет. Ата – аналар мен педагогтің ұсақ моторикаға дұрыс көңіл бөлгені жөн: ойындар, жаттығулар, түрлі тапсырмалар беру керек, ұсақ моториканы жетілдіруде және қол бұлшық еттерінің дұрыс дамытуда екі міндетті шешеді:жалпы баланың интеллектуалды дамуына әсер етеді; жазуға жаттығады. Қарапайым жаттығулар арқылы,баланы естуге және де, көргенін,естігенін жадында сақтап қалуға пайдасы орасан зор. Ұсақ моториканы дамыту барысында біз осы нәтижеге жетеміз:сөйлеу тілі жетіледі,қимыл қозғалыс қабілеті артады,икемділігі арта түседі,логикалық ойлау қабілеті дамыйды,танымдылық деңгейі артады. Ойындар арқылы, біздер баламен қарым- қатынасты нығайтып, баланың өз- өзіне деген көз қарасын өзгертіп, ойынға, оқуға деген ынтасын көтереміз. Ұсақ қол моторикасын дамыту жұмысының жүйесін тұжырымдай келе, қолдардың шаршағанын басып, еңбекке қабілеттілігін арттыру үшін оларды әрдайым жаттықтырып отыру қажет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   96




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет