Қазақ мемлекеттік қыздар



бет1/20
Дата05.11.2016
өлшемі4,28 Mb.
#400
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20


Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы. №2(5) 2010



ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
КАЗАХСКИЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ

ЖЕНСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ


ХАБАРШЫ
ВЕСТНИК

ТАРИХ СЕРИЯСЫ


СЕРИЯ ИСТОРИЧЕСКАЯ


ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК

ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


ХАБАРШЫ

ҒЫЛЫМИ ЖУРНАЛ


ТАРИХ СЕРИЯСЫ


КАЗАХСКИЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ЖЕНСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ

УНИВЕРСИТЕТ


ВЕСТНИК

НАУЧНЫЙ ЖУРНАЛ


СЕРИЯ ИСТОРИЧЕСКАЯ




АЛМАТЫ № 2 (5) 2010





2006 жылдан бастап шығады

Шығару жиілігі – жылына 6 рет





МАЗМҰНЫ




Қазақстан Республикасының мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі

Ақпарат және мұрағат комитетінде

08.08. 2005 жылы тіркелген

№6204 - Ж






Қожахметова К.Ж. ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕ-ТІНІҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ТУРАЛЫ........................................................................
Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Тарих Ғылымдарының докторы профессор, көрнекті қоғам қайраткері

Кеңес Нүрпейісұлы Нүрпейістің

туғанына 75 ЖЫЛ
Аширбекова Ж.Б.Ғалым салған жол...............

Бегімқұлова Ш. Саналы ғұмырын Қазақстан тарихына арнаған ғалым ....

Бурханов Д.С., Қожакеева Л.Т. ДЖАДИДЫ И НАЦИОНАЛЬНАЯ ИНТЕЛЛИГЕНЦИЯ КАЗАХСТАНА КОНЦА XIX НАЧАЛА XX ВЕКОВ

Ахметова Ж. Қ. «Алаш қозғалысы» және академик Кеңес Нұрпейісұлының зерттеулеріндегі көтерілген өзекті мәселелер................................................................

Тақабаева Б.М. Кеңес Нұрпейістің өмірі мен қызметі............................................................

4

ЕРТЕ ЖӘНЕ ОРТА ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ



Тортаев С.Ә., Ғабжалилов Х.М. Моңғол шапқыншылығы кезеңіндегі дулаттар..

Саурықова Ж.С. Тарих торабында таңбасы қалған - Тараз шаһары...................................
ЖАҢА ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ

Бегалиева А.А. Н. Назарбаев ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ТӘУЕЛСІЗ Қазақстан мемлекетін ҚҰРУдың теориялық негіздері МЕН ЖОЛДАРЫ....................................................................

Меңілбаев Ғ.А. XIX ғасырдағы кіші жүздің ру-тайпаларының зерттелу тарихы.........

Сайлан Б. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында Қазақстан жастарыНЫҢ аштықпен күресі (1920-1925 жж.).....................

Туменова С. М. ДЕКАБРЬСКИЕ СОБЫТИЯ 1986 ГОДА………………………………………………….

6


13
16

18


22
26

31
34


37
42

47
52












Бас редактор

профессор Ш.К. Беркімбаева







Бас редактордың орынбасары

п.ғ.д., проф. Қожахметова К.Ж.







Редакциялық алқа




Тастемірова Л.Ө. - ф.ғ.к., доцент

Таубаева Ш.Т. -п.ғ.д., профессор;

Аширбекова Ж.Б. – т.ғ.к., доцент м.а.

Қожакеева Л.Т. – т.ғ.к., доцент

Қалыш А.Б. – т.ғ.к., доцент

Қартаева Т.Е. – т.ғ.к., доцент

Бурханова Ж.С. – т.ғ.к., доцент

Құсаинова Р.Т. – доцент





Жауапты редактор

педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент . Б.Д.Жұмақаева



Редактор

тарих ғылымдарының кандидаты, доцент м.а. Р.Т.Айтбай






© Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті






050000, Алматы қаласы,

Әйтеке би көшесі, 99.

Тел. 233-18-32, 233-18-55 (120)

Факс 233-18-35.






ЖАЛПЫ ТАРИХ




Аймбетов Б.С. ІІ ДҮНИЕ ЖҮЗІЛІК соғыстан кейінгі Жапонияның сыртқы САЯСАТЫ.....................................................................................................................................

54

Айтбай Р.Т. ХІ-ХV ғғ.ВИЗАНТИЯНЫҢ МӘДЕНИЕТІ..............................................

59

Бисембаева Л.А. ПАТРИС ЛУМУМБАНЫҢ АФРИКА ХАЛҚЫНЫҢ ТАРИХЫН-ДАҒЫ ОРНЫ .....................................................................................................................

63


Ата-Мирзаев О.Б., Муртазаева Р.Х. СОВРЕМЕННАЯ ДЕМОГРАФИЧЕСКАЯ СИТУАЦИЯ УЗБЕКИСТАНА И ПЕРСПЕКТИВЫ ЕЕ РАЗВИТИЯ………………

67


Сманова А.М. Польшадағы 80 жылдардың соңындағы «дөңгелек стОл» келіссөздері...................................................................................................

79


ДЕРЕКТАНУ ЖӘНЕ ТАРИХНАМА




Жылқышыбаева Қ.Қ., Бижанова К.Қ. «Жеті жарғы» және оның тарихи маңызы..........................................................................................................................

82

Исаева Ә.И. ОТАНДЫҚ ҒАЛЫМДАРДЫҢ ҚАЗАҚ ОЮ-ӨРНЕГІНЕ ҚАТЫСТЫ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕРІ...............................................................................................

88


Қосдәулетова С.Қ. ҰЛТ ДӘСТҮРІНДЕГІ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМНЫҢ КӨРІНЕСТЕРІ........

92


ТАРИХТЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ




Кусайнова Р.Т. ТАРИХ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТА-РЫН ЖҮРГІЗУДІҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ................................................................................

97



АРХЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ




Байганатов М.К. РОЛЬ КОЛЕСНОГО ТРАНСПОРТА НА ТЕРРИТОРИИ ЕВРАЗИИ В ДРЕВНОСТИ И СРЕДНЕВЕКОВЬЕ…………………………………..

101


Басшыбаева А. ӘБУБӘКІР ДИВАЕВТЫҢ ҚАЗАҚТЫҢ ДӘСТҮРЛІ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ ЖАЗБАЛАРЫ.....................................................

105


Бекенова Г.М. ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ БАЛА ӨСІРУ ҒҰРПЫ....................................

110

Досымова М.К. Жамбыл облысыныҢ Меркі ауданынДАҒЫ мектептерде Қазақ тілінің қолданылу аясы..........................................

113


Ержанова А.М. МӘДЕНИЕТТІҢ ЖАҺАНДЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫНА БҰҚАРАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯНЫҢ ЫҚПАЛЫ.............................................

116


Ешмуратова Г.В. ИСТОРИЧЕСКИЙ ОБЗОР ВОЗНИКНОВЕНИЯ И РАЗВИТИЯ РЫБОЛОВСТВА В АРАЛЬСКОМ БАССЕЙНЕ……………………………………..

120


Ибадуллаева З.О. СҮЙЕК ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ МӘНІ…….............

124

Калыш А. Б. ЭТНОКУЛЬТУРНЫЙ ОБЛИК НАСЕЛЕНИЯ ЖЕТЫСУ ………………..

129

Картаева Т.Е. СЫРДЫҢ ТӨМЕНГІ АҒЫСЫ ӨҢІРІ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ МИФОЛОГИЯЛЫҚ ДҮНИЕТАНЫМЫ........................................................................

135


Кенжетаева Г.Ж. ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ДӘСТҮРЛІ КИІЗ ҮЙ ӨҢДЕУ КӘСІБІ.......................................................................................................

144


Қозғамбаева Г.Б. ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ӘДЕТ-ҒҰРЫП ЗАҢДАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ..................................................................................................

148


Маханова А.О. УКРАИНДАРДЫҢ РЕВОЛЮЦИЯҒА ДЕЙІНГІ АҚМОЛА ЖӘНЕ СЕМЕЙ ОБЛЫСТАРЫНА ҚОНЫСТАНУЫ...................................................

153


Сулейменова Л.А. Меркі тұрғындарының мәдени өміріндегі этнотілдік үрдістері................................................................................................

157


Таймагамбетов Ж.К. ВНЕДРЕНИЕ РЕЗУЛЬТАТОВ ГОСУДАРСТВЕННОЙ ПРОГРАМММЫ «КУЛЬТУРНОЕ НАСЛЕДИЕ» В НАУЧНЫЙ И УЧЕБНЫЙ ПРОЦЕСС ……………………………………………………………………………

160



МАГИСТРАТУРА




Адамбаева М. С. БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ ТУРАЛЫ ЕСТЕЛІКТЕРДІҢ ДЕРЕКТАНУЛЫҚ МАҢЫЗЫ.........................................................................................

164


Ахметова А.Ж. ТҮРКІСТАН-СІБІР ТЕМІР ЖОЛЫ – ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИНДУСТРИАЛАНДЫРУДЫҢ АЛҒАШҚЫ ҚАРЛЫҒАШЫ......................................

167


Әбілдашева Д.Ш. ИСЛАМ ДІНІНІҢ СЫР БОЙЫНДАҒЫ ТАРАЛУ ТАРИХЫ......

170

Бөбекбай М. Моңғолия қазақтарының отбасы және неке қатынастары..............................................................................................................

172


Бөлекбаева А.А. ДӘСТҮРЛІ ҚАЗАҚ БИЛЕР СОТЫНЫҢ ТАРИХНАМАСЫ

175

Боранкул К.М. СЕМЕЙНЫЙ УКЛАД ЖИЗНИ УЗБЕКОВ КАЗАХСТАНА..............

179

Жарасхан А.Ж. Күнделікті өмір тарихы: зерттеу теориясы мен әдістері...........................................................................................................................

184


Жалмағамбетова Е.А. ЯСИР АРАФАТТЫҢ ПАЛЕСТИНАНЫ АЗАТ ЕТУ ЖОЛЫНДАҒЫ КҮРЕСІ....................................................................................................

188


Жолдасбаева Ж.А. ОТБАСЫНДАҒЫ ТУЫСҚАНДЫҚ БАЙЛАНЫСТАР................

193

Кайдаулова Н.К. ҚАЗАҚТАРДЫҢ ДӘСТҮРЛІ ҰЛТТЫҚ ТАҒАМДАРЫ................

198

Мұхтарова К.Т. ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ........................................................................................................................

202


Сахимова А.М. САУАТСЫЗДЫҚТЫ ЖОЮ НАУҚАНЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ АҒАРТУ ИНСТИТУТЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ ....................................................................................

205



ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒЫЛЫМИ -ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ТУРАЛЫ
Қожахметова К.Ж. –п.ғ.д. профессор (Алматы қ., ҚазмемқызПУ-нің ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры)
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ғылыми-зерттеу жұмысын басқару және жоғары дәрежелі ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау мақсатында 2001жылдың 17 қыркүйегінде (№119 бұйрық негізінде) ғылым және халықаралық байланыстар басқармасы (ҒХББ) құрылған.

Университеттің ғылыми-зерттеу жұмысы 33 кафедра, Әлеуметтік және гендерлік ғылыми-зерттеу институты (ӘГҒЗИ), Іргелі ғылыми-зерттеу орталығы және 3 дербес ғылыми-зерттеу («Қазақ ұлттық мектебінің даму мәселелері», «Зерттеудің инновациялық әдістері» және «Өзін-өзі тану») зертханалары арқылы жүргізіледі.

Университетте 2006-2008 жылдары ғылыми-зерттеу жұмыстары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қаржыландыруымен білім саласын жетілдіруге маңызы зор – 17, (оның ішінде 5 іргелі, 9 қолданбалы және халықаралық ЮНИСЕФ, ЮНИФЕМ қорларының демеуімен 3 қолданбалы жоба) жүзеге асырылды.

Аталған ғылыми жобалар аясында орындалып, бүгінгі таңда ұлттық білім жүйесін дамытуға қосар үлесі зор біраз оқу құралдары, оқулықтар жарық көрді, олар:



  • «Мәдени мұра бағдарламасы бойынша «Әлемнің әйгілі психологтары» сериясы бойынша 10 том:

  • «Қазақ халқының тәлімдік ойлар Антологиясының» 6 томы;

  • Жоғары педагогикалық оқу орындарының студенттеріне арналған «Педагогика тарихы» оқулығы;

  • «Гендерлік білім: теориясы мен практикасы» және «Гендерлік саясат» атты оқу құралдары;

  • «Тәртібі қиын балалармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс ұйымдастыру тұжырымдамасы».

2009-2011 жылдары аралығында 3 іргелі ғылыми зерттеу-жобасы бойынша жұмыс жүргізілуде. Сонымен қатар, «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша «Әлемдік педагогикалық ой-сана антологиясының» 8,9,10 томдарын біздің университеттің ғалымдары дайындауда.

Университеттің жаратылыстану факультетінің ғалымдары биотехнологияға байланысты зерттеулерді Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетімен, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің химия факультетімен, Қазақ Ұлттық академиясының биология ғылыми-зерттеу институтымен, Қазақстан Республикасы ҰҒА Ә.Бектұров атындағы химия ғылымдары институтымен, ҒӨО «Фитохимия» институтымен бірігіп, ғылыми жоспар бойынша жұмыс атқаруда. Университеттің физика және экология кафедраларының ғалымдары әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық және Ұлттық аграрлық университетімен бірігіп зерттеулер жүргізуде.

Университеттің «Жалпы педагогика» кафедрасы (кафедра меңгерушісі пед.ғ.д., профессор А.Құсайынов) ауқымды деңгейде Халықаралық салыстырмалы педагогика қауымдастығымен, Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университетімен, Санкт-Петербург мемлекеттік университетімен байланыстар орнатып, іргелі және қолданбалы ғылыми жобалар аясында табысты жұмыс істеп келеді. Ал «Теориялық және практикалық психология» (каф.меңгерушісі – Х.Т.Шерьязданова) кафедрасы үнемі ізденіс үстінде болуының арқасында бірнеше ірі ғылыми жобаларды абыроймен жүзеге асырды. Мысалы, Халықаралық денсаулық сақтау қорының филиалымен бірге «Арал аймағының экологиялық жағдайының балалардың психологиялық денсаулығына әсері», педагогикалық жоғары оқу орындарына арналған «Өзін-өзі тану» пәнінің эксперименттік бағдарламасы, ал бүгінгі таңда кафедраның профессорлары мен оқытушылары Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетпен бірігіп қолданбалы жоба аясында ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуде.

Ғалымдардың тынбай ізденулерінің арқасында университет 8 патентке ие болды. Сонымен қатар университетіміздің біраз ғалымдары (С. Қалиев, К.Қожахметова, А. Құсайынов, С. Жайлау, Р. Дәрменова, Қ. Ашекеева) республикалық үздік ғылыми еңбек сайысына қатысып, М.Әуезов, А.Байтұрсынов, Ы.Алтынсарин, К.Д.Ушинский атындағы сыйлықтардың иегерлері атанды.

Университет кадрлар даярлау жүйесінің екі сатылық жүйесіне көшіп, 2002 жылы 8 мамандық бойынша, ал 2009 жылы 19 мамандықтан магистр даярланатын болды. Сонымен қатар, республикада шешімін таба алмай келе жатқан мәселелердің бірі – «Хореография», «Кітапханатану және библиография», «Дене шынықтыру және спорт» мамандықтары бойынша ғылыми педагогикалық кадрлардың тапшылығына байланысты магистратура ашылмай келген. Мәселенің маңыздылығына байланысты, 2009 жылдан бастап, аталған 3 мамандық бойынша магистратураны эксперимент жүзінде ашуға мүмкіндік жасалды.

Университетте магистратура арқылы ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлауға ерекше мән беріліп, магистранттарға дәріс оқу, ғылыми жетекшілік жасау негізінен ғылым докторларына жүктеледі. Магистранттардың курстық жұмыстары мен диссертацияларын даярлау үшін ірі ғылыми орталықтар мен зертханаларға, ғылыми-зерттеу институттары мен кітапханаларға, сол ғылым саласының жетекші ғалымынан кеңес алу үшін тәлімнамаға жіберу қарастырылған. Мысалы, тек 2008-2009 оқу жылында біздің магистранттар жақын шетел – Ресейдің Мәскеу, Санкт-Петербург, Томск, Новосибирск қалаларының ғылыми ошақтарына және алыс шетел – Қытайдың Пекин Орталық ұлттар университетіне, Сингапурға барып табысты оралды. Өз мемлекетіміз аясында Астана, Қарағанды, Семей қалаларындағы жоғары оқу орындарына тәлімнамаға барып келді. Жалпы, 2008-2009 оқу жылында магистранттардың тәлімнамасына қаржы 3.602.485 теңге көлемінде жұмсалды. Сапасы жоғары маманға сұраныс көп болатыны белгілі. Сондықтан, біздің магистранттарымыз жоғары оқу орындарына, орта арнайы білім мекемелеріне, мектептерге арнайы шақырумен орналасуда.

Университетте аспирантура – 15, докторантура – 8 мамандық бойынша жоғары дәрежелі ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлауды дәстүрлі жүйе бойынша жүргізуде.

Ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлауда университеттің жанынан құрылған диссертациялық кеңестердің маңызы өте зор. 2009 жылға дейін университетте 2 диссертациялық кеңес 8 мамандық бойынша жұмыс істеп келді. Біріккен диссертациялық кеңес ОД 145017 2005 жылдың 29 сәуірінде № 340 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетінің бұйрығымен қайта ашылған, ол кеңес 2005-2007 жылдар аралығында 10.02.01. – орыс тілі, 10.02.02. – қазақ тілі, 10.02.18. – тіл теориясы, 13.00.02. – оқу мен тәрбиенің теориясы мен әдістемесі (қазақ тілі бастауыш және жоғары білім беру жүйесінде) мамандықтары бойынша 7 ғылым докторы мен 45 ғылым кандидаттарын дайындады, оның басым көпшілігі – осы университет мамандары.

Диссертациялық кеңес Д 14.61.09. ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 01.07.2008 жылғы бұйрығымен ашылған, бұған дейін бұл кеңестің тек кандидаттық диссертация қорғатуға мүмкіндігі болған. Бүгінгі таңда Д 14.61.09 диссертациялық кеңесте докторлық, кандидаттық ғылыми дәреже алу үшін 13.00.01 – жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика және 13.00.02 – оқыту мен тәрбиенің әдістемесі (бастауыш, орта және жоғары білім жүйесіндегі музыка) мамандықтары бойынша жоғары дәрежелі ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлануда.

Университет ізденушілерінің ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелері 2006 жылдан бері «ҚызПУ хабаршысы» арқылы 6 сериямен (жаратылыстану, тарих, экономика және білімдегі сервис, педагогика, психология, филиология) жарық көреді.



Әлеуметтік және гендерлік ғылыми-зерттеу институтының мақсаты қоғамдағы орын алып отырған әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің индикаторлары ретінде гендерлік мәселелерді кешенді түрде зерттеу, гендерлік индикаторларды пайдалана отырып, әлеуметтік және білім беру бағдарламаларын құрастыру, республикамыздың білім беру жүйесіне үздіксіз гендерлік білім беруді енгізу, оқу бағдарламаларына гендер туралы ақпараттар енгізуіне ықпал ету және оны оқу үдерісінде белсенді түрде қолдану.

Институт қоғамдық мәні бар жобалар аясында Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан құрылған әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссиясымен; БҰҰ «Гендер және даму» бюросы және халықаралық ЮНИСЕФ, Сорос-Қазақстан, ЮСАИД, ЮСИС, Ф.Эберт қорларымен; әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің жанынан құрылған гендерлік зерттеу орталығымен; Қазақстанның іскер әйелдер Қауымдастығымен тығыз әріптестік қарым-қатынаста бірлесе қызмет атқарады.

Институттың ғылыми жұмыстары нәтижесінде мектепке арналған «Гендер» кешендік білім бағдарламасы даярланып, мектепке дейінгі білім беру жүйесіне - «Мен-қызбын, мен-ұлмын»; бастауыш мектепке - «Гендер әліппесі»; 5-8 сыныптарға - «Гендер грамматикасы»; 9-11 сыныптарға арналған «Гендерлік білім негіздері» оқу-әдістемелік кешені (орыс тілінде) республикалық «Оқулық» атты ғылыми-практикалық Орталықтың сараптамасынан өтіп, басылымға ұсынылды.

Гендерлік ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері университет көлемінде үнемі әлеуметтік зерттеулер ұйымдастырып тұрады. Мысалы, 2005-2006 оқу жылында «Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты студенттерінің әлеуметтік-педагогикалық портреті» деп аталатын зерттеу өткізілсе, 2008-2009 оқу жылы «Қазіргі студент қазақ қызы: гендерлік бағдары мен мінез-құлық моделі» атты зерттеу жүргізілді.

Университет студенттерінен алынған сауалнама жауаптарына сүйене отырып, университетіміздің ерекшелігіне сәйкес, 2 курс студенттеріне арналған «Қазақ аруы» арнайы курсы ендірілді.

«Қазақ аруы» арнайы курсы гендерлік мақсатты негізге ала отырып, өркениеттік үлгідегі ойын ұлттық мүддемен байланыстыра білетін, мінез-құлқы мен жүріс-тұрысы ұлттық ділмен ұштасқан, кәсіптік-педагогикалық имиджі қалыптасқан зиялы әйел-ана тәрбиелеуге бағытталған.



«Қазақ аруы» арнайы курсының негізгі мақсаты:

Қоғамдық ортада азаматтық ұстанымы бар, жеке өмірінде отбасылық этноәлеуметтік рөлдерді алған білімімен ұштастыра білетін ұлтжанды, парасатты, шынайы қазақ аруының бейнесін сомдау

Басты міндеттері:


  • Тарихи дара тұлға арулардың ерекше қасиеттерін талдау арқылы қазақ қызының жиынтық образын қалыптастыру;

  • Отбасы тәрбиесінде өмірге негіз болатын этноәлеуметтік рөлдерді атқаруға даярлау;

  • Кез келген ортада тіл мәдениеті мен шебер сөйлеуді дамыту;

  • Халықаралық іскерлік әдеп нормалары мен ресми ишара ережелерін игеруге бағыт беру;

  • Сұлулық пен денсаулық сақтаудың басты қағидаларын ұстануды және оны жан сұлулығына үйлестірудің құпияларын меңгертуге баулу;

  • Үй шаруашылығына қатысты өмірлік қажеттілік дағдысын қалыптастыру;

  • Ұлттық саз аспабы – домбырада ойнау арқылы өмірге қажетті тұрмыс-салт жырларын үйрету;

Осындай мақсат-міндеттерді сипаттайтын «Қазақ аруы» арнайы курсы кіріктірмелі компоненттер күйінде қарастырылып, кешенді оқу бағдарламасы төмендегіше тақырыптық модульдарды қамтиды:

  1. Ұлы қазақ даласында өткен тарихи дара тұлға-арулар

  2. Отбасы тәрбиесінің теориясы мен халықтық тәжірибелері

  3. Риторика

  4. Іскерлік әдеп және және қарым-қатынас мәдениеті

  5. Сұлулық және денсаулық

  6. Үй шаруашылығындағы тұрмыстық қызмет

  7. Саз өнері

Университеттің Іргелі ғылыми зерттеулер орталығы (жетекшісі тех.ғ.д., профессор Р.Баймахан) Ұлттық ғылым академиясының ғылыми зерттеу институттарымен, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетімен, Жапониядағы Хоккайдо Университетінің аналитикалық зертханасымен және Канаданың Альберто университетімен бірлесіп бірнеше жобаларға қатысып жұмыс істейді. Соның нәтижесінде, университетімізге шетелдік ғалымдар - Альберто университетінің профессоры Дейв Чан, Токио университетінің профессор Кагуэй Танако келіп, докторанттар, аспиранттар мен магистранттарға, профессор-оқытушылар қауымына ғылыми семинарлар өткізіп тұрады. Өз кезегінде біздің университеттің профессоры Р. Баймахан Канаданың Альберто және Жапонияның Хоккайдо университеттері шақыруымен дәріс оқып қайтты. Ресми шақырумен Франциядағы дүниежүзілік ISSMGE, TC28 аталатын ғылыми комитеттің Қазақстандық мүшесі ретінде тех.ғ.д., профессор Р.Б. Баймахан, 2008 жылы Шанхайда өткен мәжілісіне қатынасып, баяндама жасады.

Зерттеулердің нәтижелері шетелдерде өткен 8 халықаралық конференциялар мен симпозиумдарда баяндалып, 45 ғылыми мақала жарияланды. Сонымен қатар, бірнеше студенттің ғылыми мақалалары Малайзия мен Шанхайда жарық көрді. Ғылыми Орталық конкурс арқылы жеңіп алған Канаданың халықаралық “FSIDA” білім гранты бойынша университетіміздің екі студенті Маханова Айгүл мен Алихан Амангүл Перу, Бразилия, Кения, Австралия, Въетнам, Жапония студенттерімен бірге ағылшын тілінен емтихан тапсырып, жақсы нәтижелермен түсіп, халықаралық арнайы бағдарлама бойынша Альберто университетінде оқып қайтты. Альберто университетінің профессоры Дэйв Чан мен профессор Р.Баймахан студенттерге арнап математикалық моделдеу пәнінен бірігіп оқулық жазып, қазақ және орыс тілдерінде - Алматыдан, ағылшын тілінде - Канададан шығаруы жоспарланды.



Университеттің құрамындағы «Қазақ мектебінің даму мәселелері» зертханасы 2006 жылы қаңтар айында құрылған. (Зертхана меңгерушісі-Д.Садыкова).

Университеттің ғылыми кеңесі бекіткен «Қазақ ұлттық мектебінің тарихы және даму болашағы» тақырыбы бойынша зертхана 2006 жылдан бастап Алматы, Астрахан, Орынбор, Москва, Ташкент, Қазан, т.б. қалаларындағы орталық және мемлекеттік архивтерімен және облыстық (Астана, Қостанай, Орал, Семей, Шымкент, Тараз, т.б.) мұрағаттарымен байланыс орнатты. Тақырыптарды зерттеу және оған қажетті материалдарды жинау үшін зертхана ҚМҚП университеті кітапханасымен, Қазақ мемлекеттік ұлттық кітапханасымен, Қазақ ұлттық техникалық ғылыми-зерттеу институтымен, Қазақстан Республикасы ұлттық педагогикалық кітапханасымен, Абай атындағы қазақ педагогикалық ұлттық университеті кітапханасымен, ҚР Орталық мемлекеттік кітапханасымен, Ресей мемлекеттік тарихи мұрағат қорымен байланыс жасап, ғылыми көздерге зерттеулер жүргізді. Зертхана республикалық және аймақтық қазақ мектептерімен тығыз байланыстар орнатқан.

Зертханаға 6 мектеп тірек-эксперимент мектептері ретінде бекітілген (Мамания орта мектебі, Шарын қазақ орта мектебі, Т.Рысқұлов атындағы орта мектебі, Ш.Уалиханов атындағы № 12 көпсалалы гимназия мектебі, Қарғалы №2 гимназия-мектебі, Тасқарасу орта мектебі). Бұл мектептерде педагогикалық менеджмент, білім және тәрбие мазмұны, инновациялық жаңа технология, ұл және қыздар тәрбиесін ұйымдастырудың этнопедагогикалық негіздері, оқушылардың өзін-өзі басқаруын ұйымдастырудың жаңа формалары тақырыптарында семинар-кеңестер өткізілді. Зертхананың зерттеу нысанын аралас мектептердің, шағын жинақталған, ауыл, қала қазақ мектептерінің мәселелері құрайды.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтында 2006 жылдың 28-29 наурыз күндері «ХХІ ғасырдағы қазақ мектебі: даму болашағы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізілді.



Конференцияның мақсаты: қазақ мектебінің жай-күйін жете зерттеп-зерделей келе, оның даму болашағын айқындау, білім беру сапасын арттыру бағытында кең көлемде пікір алмасу, ой бөлісу. Осы мақсаттарды орындау жолын анықтап, нақты ұсыныстар қабылдау.

Конференцияның: «Қазақ мектебінің даму мәселелері: тарихы мен тәжірибесі», «Қазіргі қазақ мектебіндегі оқытудың инновациялық технологиялары», «Қазіргі қазақ мектебі тәрбие жүйесінің этнопедагогикалық негіздері», «Жаңа формациядағы ұстаз келбеті», «ХХІ ғасырдағы қазақ мектебінің моделі. Басқару мәселелері» атты 5 секциялары бойынша республиканың барлық орблыстарынан келген 207 баяндама талқыланды. Конференцияға қатысушылар университет ректоры Ш.К.Беркімбаеваның пленарлық мәжілісте жасаған «Қазақ мектебі – қазақ ұлтының бесігі» атты баяндамасын секциялық отырыстарда қызу талқылап, қазақ мектебіне қатысты өткір пікірлерін ортаға салып, тың ұсыныстар жасады.



Зерттеудің инновациялық әдістері зертханасы – (зертхана меңгерушісі С.С. Мірсеитова).

Зертхананың мақсаты: философиялық тұрғыда адам мүмкіндіктерін, психологиялық ерекшеліктерін зерттеп, таным әрекетін қалыптастыру.

Зертхана 2006 жылдың қыркүйек айынан бастап жұмыс істейді. Зертхананың жұмысы сын тұрғысынан ойлау мен оқу мәселесіне арналған. Зерттеудің нәтижесі 2008 жылдың 28-29 наурызында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінде өткен «Оқушының жеке басының дамуы: әлеуметтегі орны» атты конференцияда өз бағасын алды.

Зертхана жетекшісі Мірсеитова Сапаргүл – Халықаралық Оқу Ассоциациясының Евразиялық комитетінің төрайымы. Зертхана шетелдік ғалымдармен тығыз байланыста жұмыс жасайды. Мысалы, АҚШ, Айова университетінің профессоры Дәвид Ландис жыл сайын өз студенттерін ертіп келіп зерттеу жұмыстарын университеттің ғалымдары және студенттерімен бірігіп өткізуде. Бұндай жұмыстардың студент жастарға берері көп, әсіресе тіл үйренуде (американдық студенттер – қазақ тілін үйренуге мүмкіндік алса, ҚызПУ студенттері – ағылшын тілін меңгеруде). Зертхана жыл сайын өтетін халықаралық Оқу Ассоциациясының конференцияларына белсенді қатысып отырады. Зертхананың ұйымдастыруымен «Дауыс&Көрініс» журналы шығып тұрады. Қазіргі кезде зертхана жетекшісі 2009 жылдың айында Португалияның Брага қаласында өтетін 16 Европалық конференцияға дайындық үстінде.

Университеттегі ғылыми жұмысты қажетті деңгейге көтеру ғылыми педагогикалық кадрлар әлеуетіне тікелей байланысты екені белгілі. Бүгінгі таңда Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде 56-ғылым докторлары; 255-ғылым кандидаттары жұмыс істейді. Олардың ішінде, тек қана Қазақстан Республикасына емес, алыс-жақын шетелдерге де танымал ғалымдар шоғырланғанын айта кету керек, олар: Тынық мұхит аймағы елдерімен және Жапония ғалымдарымен ынтымақтастықта жұмыс істейтін профессор, Мемлекеттік ғылыми стипендия және «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грант иегері – Р.Б.Баймахан; «Дәстүрлі емес энергия көздерін пайдалану» және «Физиканы оқыту әдістемесі» ғылыми жобаларға жетекшілік жасап жүрген, «Құрмет» орденінің иегері тех.ғ.д., профессор А.Ж.Жамалов; «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру оқу әдістемелік бағдарламасының жетекшісі, әрі кеңесшісі, «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша жарық көрген «Әлемнің әйгілі психологтары» он томдығының авторларының бірі, «Ерен Еңбегі үшін» медалінің иегері – псих.ғ.д., профессор Х.Т.Шериязданова; Жалпы білім беретін мектептерге (12 жылдық) арналған оқулықтардың авторы, «Құрмет» орденінің иегері, «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атты мемлекеттік грант иегері – Қ.А.Аймағамбетова, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік гранттың және Ресей Федерациясы тағайындаған К.Д. Ушинский атындағы медальдың иегері, п.ғ.д., профессор А.Қ.Құсайынов, «Қазақтың тәлімдік ойлар Антологиясының» 6 томының құрастырушысы, халықтық педагогиканың даму тарихын түбегейлі зерттеген ғалым, Ы.Алтынсарин атындағы сыйлықтың иегері, п.ғ.д., профессор С.Қ.Қалиев, Этнопедагогика ғылымының әдіснамалық, теориялық негіздерін анықтап, дамуына елеулі үлес қосқан ғалым, Ы.Алтынсарин атындағы сыйлықтың иегері, п.ғ.д., профессор К.Ж.Қожахметова; Педагогика ғылымының әдіснамасын зерттеудегі зор еңбегімен танымал ғалым, п.ғ.д., профессор Ш.Таубаева; Ресей Федерациясының М.Ломоносов атындағы медалінің иегері В.И.Жұмағұлова; «Құрмет» орденінің иегері – профессорӘ.Б.Бірмағамбетов; Қ.Сәтбаев атындағы сыйлықтың иегері – ф.м.ғ.д., А.Қ.Ершина; «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атты мемлекеттік грант иегерлері: ф.ғ.д., профессор Б.Хасанұлы, х.ғ.д., профессор Б.М.Бутин, филос.ғ.д., профессор Н.Қ.Сейтахметов, п.ғ.к., доцент Р.Р. Масырова, п.ғ.к., доцент И.А.Әбеуова, ф.ғ.д., профессор Т.Н.Ермекова, п.ғ.д., профессор Ж.Н.Сүлейменова, п.ғ.к.доцент Р.Дәрменова. Бұндай жетістіктер университет ғалымдарының жоғары деңгейі мен өре биіктігін байқатады.



Университеттің халықаралық байланыстары

Университет халықаралық ынтымақтастықты кеңейту бағытында біраз жетістіктерге қол жеткізген. Оған дәлел университет Туркия жоғары оқу орындары Ассоциациясының (ЙОК) және Педагогикалық білім беру ғылымдары Халықаралық академиясының мүшесі (Мәскеу), EWHA Корея қыздар университетімен, Кангнам (Корея, Сеул), Айова штаты(АҚШ) университеттерімен және басқа да Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстанның ЖОО –мен ынтымақтастық байланыста.



Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің алдында тұрған басты міндеттерінің бірі - аға ұрпақтың еліміздің ғылымын дамытудағы өнегелі істерін жаңа серпінмен жалғастыра алатын жас ғалымдарды тәрбиелеу.

Осыған орай, университет студенттерін ғылыми-зерттеу жұмыстарына, шығармашылық ізденістерге тарту үшін 2004 жылы Кіші ғылым академиясы құрылды. Кіші ғылым академиясы үйірмелер арқылы студенттерді ғылыми-зерттеу жұмысын, әр түрлі конференциялар ұйымдастыруға, студенттердің қалалық, республикалық, халықаралық конференцияларға, олимпиадаларға, көрмелерге қатысуына ықпал етіп отырады.

65 жылдық тарихы бар университетімізде студенттердің тұңғыш ғылыми-практикалық конференциясы 1948 жылы өткізілген, ал 2008-2009 оқу жылында 62 - ші ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференцияда студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері жан-жақты талқыланады. Ғылымға қызығушылығы бар студенттерді қолдау мақсатында Жас ғалымдар кеңесі мен Кіші ғылым академиясы тарапынан әр секция бойынша эксперттік комиссиялар құрылып, комиссия төрағалығына басқа жоғары оқу орнынан танымал ғалымдар шақырылады. Бұндай әрекеттер студенттердің қызығушылығын дамытумен қатар, университет студенттерінің білім деңгейін басқа жоғары оқу орнының ұстазы бағалауы арқылы сол оқу орындарының студенттерімен білім деңгейін салыстыруға мүмкіндік береді. Сөйтіп, бұндай шаралар бәсекеге қабілетті маман даярлауға өз септігін тигізетіні ақиқат. Жоғары бағаланған баяндамалар міндетті түрде ғылыми жинаққа енуге мүмкіндік алуымен қатар, студент ақшалай сыйақы мен бағалы сыйлыққа ие болады.

Конференциялармен қатар университетімізде студенттердің пәндік олимпиадаларын жүйелі түрде жыл сайын өткізу өз жемісін беруде. Біздің студенттеріміз 2008-2009 оқу жылының өзінде республикалық студенттердің олимпиадаларында жүлделі орындарға ие болды: математикадан – жеке студент (Хансеитова Айгерім) – Гран Приге ие болса, ал жалпы команда ІІ (екінші) орынды иеленді; информатикадан – ІІ орын, психологиядан – ІІ орын; мектепке дейінгі білім – І орын; қазақ әдебиеті – І орын; қазақ тілі – І орын;

2007-2008 оқу жылында Жоғары оқу орындарының арасында өткен жаратылыстану-техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық ғылымдар бойынша студенттердің ең үздік ғылыми жұмысына арналған республикалық байқауда жүлделі орынға ие болған университеттің 8 студенті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің арнайы дипломымен марапатталды. Олардың үшеуі – 1 дәрежелі, екеуі 2 дәрежелі, үшеуі 3 дәрежелі диплом иегерлері болса, Корпоративтік Қазақстан Білім және ғылым қорының тағайындаған атаулы стипендиясына университеттің 4 студенті ие болды.



Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, тарих ғылымдарының докторы, профессор, көрнекті қоғам қайраткері Кеңес Нүрпейісұлы Нүрпейістің туғанына 75 жыл

Каталог: attachments
attachments -> Формирование профессиональных умений и навыков
attachments -> ҚазақТҰтынуодағЫ
attachments -> История финансовой науки и ее развитие в России
attachments -> Актуальные проблемы международных отношений
attachments -> Ұлы баба есімі дәріптелді  Жаңа кітап баспадан шықты  Кітап тұсаукесеріне әзірлік
attachments -> Биография великого инструмента
attachments -> Урок музыкальной литературы в 5-м классе. Тема урока: И. С. Бах. Органное творчество
attachments -> «Найрозумніший» 8 клас І тур
attachments -> Қазақ мемлекеттік қыздар
attachments -> Програма за развитие на читалищната дейност в община пещера за 2016 година


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет