Қазақ мемлекеттік қыздар


ОТАНДЫҚ ҒАЛЫМДАРДЫҢ ҚАЗАҚ ОЮ-ӨРНЕГІНЕ ҚАТЫСТЫ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕРІ



бет9/20
Дата05.11.2016
өлшемі4,28 Mb.
#400
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20

ОТАНДЫҚ ҒАЛЫМДАРДЫҢ ҚАЗАҚ ОЮ-ӨРНЕГІНЕ ҚАТЫСТЫ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕРІ
Исаева Ә.И. – т.ғ.к., доцент м.а. (Алматы қ., ҚазмемқызПУ)
Қазіргі уақытта революцияға дейінгі қазақ халқының қолөнер табиғатын жан-жақты этнографиялық тұрғыда зерттеудің ғылым үшін де маңызы зор. Өйткені, қазақтың қолөнері жалпы халық мәдениетінің ішіндегі негізгі салаларының бірі. Қазақ халқының ұлттық мәдениеті, оның ішінде қолөнер шеберлерінің дәстүрлі өнері жан-жақты зерттеуді қажет ететін бағалы мұра екендігін көптеген ғалымдар өз зерттеулерінде келтіреді.

Қазақ ою-өрнек өнерін ғылыми негізде зерттеу ісімен мамандар көптен бері шұғылданып келеді. Еліміздің этнограф-тарихшылары мен өнер зерттеушілері дайындаған еңбектерде ою-өрнектің түрлері, атаулары, шығу тарихы туралы көптеген құнды деректер жиналды.

Академик Ә.Х.Марғұлан еңбегінде бұл мәселені жан-жақты зерделегенін көреміз. Ғалым қазақ халқы қолөнерінің барлық түріне сипаттама бере келе, ұлттық ою-өрнектері мен кілем тоқу өнеріне арнайы тоқталады. Әлкей Хақанұлы өрнектер мен оюлардың әр түріне талдау жасап, олардың өзара үйлесуін, симметриясын және т.б. сәйкестендіріп зерттеді /1/

Қазақстанда қолданылатын ою-өрнектерді зерттеу ісінің тарихы, ою-өрнектің шығу тегі мен дамуы, мазмұны дәйекті түрде К. Ибраеваның еңбегінде қарастырылады. Ғалым әрбір өрнектің шығу тегін, мифологиялық немесе биологиялық негізі туралы пікір-таластарды талқылап, оларға өзіндік тұжырым жасайды. Сол сияқты ою-өрнектің негізгі міндеті безендіру ме, жоқ әлде бейнелеу ме деген пікірталасты да қарастырып, ол екі міндеттің өзара байланысты екендігі құпталады. Өрнектерді жіктеп топтастыруға да назар аударады /2/ Осындай зерттеулердің қатарына М.Ш. Өмірбекованың ою-өрнектерге қатысты еңбектерін атап өтуімізге болады. Мұнда, мыңнан астам ою-өрнектің ежелгі және осы заманғы нұсқалары мен оның даму тарихы, теориясы мен типологиясы кеңінен зерделеп көрсетілген /3/.

Көрнекті ғалым, этнограф-тарихшы М.С.Мұқанов өз ғылыми зерттеулерінде де қазақ ою-өрнегіне қатысты толық мағлұмат береді. Әсіресе, ғалым ою элементтерінің аттарының материалдық дүниедегі жан-жануарлардың дене мүсіндеріне қарай, өсімдік сабақтары мен жапырақтарының сыртқы бейнелеріне немесе геометриялық фигуралардың жаратылу ерекшеліктеріне қарай қойылғанын көрсетеді. Тіпті олардың арасында аңыз-ертегілерде айтылып жүрген аждаһарлардың бейнесінен бастап, бүгінгі күнгі космосты игеру тақырыбына дейінгі атаулар мен элементтер де кездеседі.

Ғалымның еліміздің ою-өрнегіне қатысты экспедиция кезінде кездестірген мәліметтерінің ғылыми маңызы зор. Сондай түйіннің бірі марал мүйіз өрнегіне байланысты. Ол Жетісу өңірінде кеңінен таралған, ал бұл жануарды өсіріп отырған Шығыс Қазақстан жерінен осы өрнекті кездестіре алмаймыз, - деп Марат Сәбитұлы ел арасынан жинаған материалдарға сүйене отырып тұжырымдайды /4/. Біздің пікірімізше, бүгінгі таңда Жетісу өңірінде маралдар жоқ. Бірақ, ерте кездері (бірнеше жүздеген жылдар бұрын) маралдар Жетісу тауларының сілемдерінде мекендеулері мүмкін.

Қазіргі уақытта халқымыздың өркендеп өскен мәдениетіне лайықты кейбір ою элементтері өздерінің бастапқы мәнін жойып, жаңа мағынада өмірге қайта оралып отыр. Бүгінгі таңда ою жасаушы шеберлердің туындыларында ертеректе дүниеге келген оюлардың элементтері аз кездеседі десек те болады. Бұл жағдай қазіргі заманда ою-өрнектің өз құнын жойғаны емес, керісінше, жаңа өмірге лайық бағыт алып, жаңаша өріс тапқанын көрсетеді.

Ою-өрнектің өркендеуіне ата-бабаларымыздың сезімдік-талғампаздық дүниесі, қоршаған табиғат аясы, өскен ұясы, туған жердің қасиетті топырағының ықпалы зор. Әр халыққа, ұлтқа тән өзіндік ою-өрнек негіздері қалыптасып дәстүр алды. Кілемге, тұскиізге, басқұрға, киімге, ыдысқа, қару-жараққа, үй жиһаздарына арналған ою түрлері қалыптасты. Мәселен, кілемге салынған ою-өрнектерге тоқталсақ. «Поднос» кілемінің ою-өрнектері көбінесе екі қатар орналастырылған көпбұрыштардан тұрады. Олардың арасы қос мүйіз сарынымен безендірілуі мүмкін. Түсі әдетте қызыл болып келетін кілемнің бетінде орналасқан өрнектер бір-бірімен аралары жеткілікті алшақ болып, қараған адамға байсалды, жайбарақат әсер береді. Кілемнің бұрыштары қошқар мүйіз нақышымен орындалған үшұрышты фигуралармен әшекейленеді. Осы тектес кілемдердің ою-өрнектерінде квадрат кесінді поднос өрнектері жиі кездеседі. Олар қошқар мүйіз, балдақ сияқты ірі өрнектермен безендіріледі.

Сонымен қатар, арабы кілеміне қатысты «бұл VІІ-Х ғ.ғ. арабтардың жаулап алуы және араб халифаты кезеңінде енген, ал қазақтардың түркмендерден алып пайдалануы мүмкін» /5, с.55/.

Шаршы кілемнің орталық алаңы ішіне әр түрлі өрнектер орналастырылған және бір-бірінен бөлінген квадрат розеткалар (жапырақ формалы әшекей) өрнектеледі. Көбінесе «қошқар мүйіз», «қос мүйіз», «сыңар мүйіз» сияқты элементтер қолданылады. Кілемнің бейнесі көбінесе қызыл түсті болып келеді. Көмкермелері қоңыр немесе жасыл түсті болып, оған сары түсті өрнектер орналастырылады. Негізінен ол көршілес шығыс халықтарындағыдай бөлменің төріне ілінеді.

Тақта кілемнің орталық алаңында жолақтар тігінен орналастырылады, оның түсі қызыл, көк, ақ болуы мүмкін. Осы жолақтардың үстінен горизонталь бағытта әр түрлі өрнектер, мысалы созылыңқы келген ромб салынады. Аталған төртбұрыштардың бұрыштары қос мүйіз немесе қарға тұяқ стильді өрнектермен безендіріледі. Төртбұрыштардың ішіне бота көз немесе жұлдызшалар орналастырылуы мүмкін. Кілемнің көмкермесі қарға тұяқ, сынық мүйіз, балдақ секілді өрнектермен безендіріледі. Мұндай кілемдер үйдің төріне төселетін немесе қабырғаға ілінетін бағалы бұйым болып есептеледі.

Жоғарыда келтірілген барлық кілемдерді жүйелеп баяндай отырып, олар тек тақыр кілем жасалатын аймақтарда таралғанын айта кету керек. Ал, түкті кілем тоқылатын аймақтарда тақыр кілем аз жасалып, оған көбінесе түкті кілемнің оюы салынған. Тағы бір айырмашылығы, бұл аймақта тақыр кілем де, түкті кілем де көлденең станокта тоқылған.

Түкті кілемнің орта тұсына байланысты олардың айырмашылығын М.С. Мұқанов былай деп көрсетеді: бірінші түрінде кілемнің ортасы, іші оюланған ромб, тік төртбұрыш, квадрат (шаршы) және басқа көпбұрыш болуы мүмкін. Геометриялық фигуралар көбінесе бір-біріне жалғасып, жанасып кетеді. Бірақ кілемнің ортасы бөлек немесе бір қалыпты ритмді қайталайтын фигуралар болып, жан-жағы зооморфтік оюлармен безендіріледі. Көп жағдайда кілемнің орта тұсына ромбыны қолданады, (мысалы, сыңар мүйіз), ал ромбының ішкі жағын өсімдіктік оюлармен безендірген немесе зооморфтік мотивті қошқар мүйіз, сыңар мүйіз және т.б. салынады. Екінші бір түрінде, ортасы үлкен жұлдызшамен безендірілсе, жазықтығына әр түрлі геометриялық фигуралар салынады. Үшінші түрінде, кілемнің ортасындағы көпбұрыш баспалдақ тәрізді ұзынынан беріліп, ортасы әртүрлі мотивті өрнекпен безендірілген /6/. Келтірілген түрдегі түкті кілемнің ортасындағы өрнекті рамкалар басқа мотивте де, мысалы, зооморфтік, өсімдіктік, геометриялық болып орындалады.

Ою-өрнектің тұрмыста пайдалану ауқымы өте кең. Оюдың жекеленген тармақтарынан бастап үш түп, бес түп, алты, жеті, сегіз, тоғыз т.б. тармақтарынан әрі қарай өрбіп, кеңейе беретін күрделі оюлар да біздің ұлттық дәстүрімізге тұрмыста үнемі қолданыс тауып келген. Айшығы мол, жасалуы күрделі, өте нәзік оюлар ертеректе хандардың салтанат сарайларын, үйлердің ішін, күрделі діни кесенелерді безендірген.

Қазақ халқының тұрмысында ағаштан жасалған заттар өте көлемді. Жазы, қысы пайдалануға келетін «ағаш уықты, киіз туырлықты» киіз үй, киіз бен ағаштың өте күрделі үйлесімінен тұрады.

Тігуге де, жинауға да, алып жүруге де өте қолайлы осы мүлікте ою-өрнек қолданылмайтын бөлшек жоқтың қасы. Мәселен, көрнекті ғалым-этнограф Х.Арғынбаев өз зерттеуінде ел арасынан жинаған материалдарының негізінде сықырлауыққа салынған ою-өрнекке байланысты деректермен толықтырған: «киіз үй есіктерінің ішкі беттеріне ою-өрнектің сан алуан түрлерін бедерлеп оймыштау тәсілі сирек кездеседі. Дегенмен, Қазақстанның батыс және оңтүстік-батыс өңірлерінде ішінара кездесіп отырады. Мұндай есік беттеріндегі ою-өрнектің өзі бедерленіп ойылады, оның түрі (фоны) әжептәуір тереңдікке дейін түгелдей қашалып, сәнді өрнек айқындала түседі. Бедерлі оймыштың әр өрнегі өте нәзік болады, бірімен-бірі астасып келеді, өткермеленіп жатқандай бейнеде орындалады, ол өрнектердің әрқайсысының фоны түрлі-түсті бояулармен боялғанда, бұйымның әсемдігі артып, нағыз өнер туындысы дерлік дәрежеге жетеді. Мұндай есік беттеріндегі ою-өрнектің өзі бедерленіп ойылады, сәнді өрнек айқындала түседі. Мұндай есік бөлшектерінің ою-өрнектер негізі өсімдік, символдық және зооморфтық мотивтердің біте қайнасып араласуының нәтижесі деуге әбден болады. Бедерлі ою-өрнекті қашау арқылы орындау тәжірибелі шеберлердің ғана қолынан келеді. Олар өз ісіне өте жауаптылықпен қарап, жасаған есіктерінің өте сәнді болуын көздейді» /7, 28 б./.

Ою-өрнекті жақсы сапалы жасау үшін алдымен пайдалынатын материалды дұрыс таңдай білу қажет, оның ою ырғағы мен мөлшерін яғни оюдың заттың бетіне түсуі мен орналасуын нақты жобалау қажет. Оймастан бұрын тақырып таңдай білу қажет. Оюдың жақсы шығуы оюшының ой ұшқырлығына, шеберлігі мен оюды ретін келтіріп үйлестіре білуінде. Ою-өрнектің қандай түрі болса да ол – адам ойының жемісі.

Зерттеуші В. Чепелевтің: «Қазақ халқы тек ою-өрнек әлемінде өмір сүретін секілді», - деп айтқан ой-пікірі еріксіз тілге оралады. Расында да әрбір бұйымын әшекейлеген ою-өрнектер қазақтың мәдениеті мен тұрмысын, дәстүрін, ғұрпын айқындайды /8/.

Қолөнер шеберлері ою-өрнекті әр заттың өзіне лайықтап, жарасымын, үйлесімін, сәнін тауып жасаған. Жасаған затпен ою-өрнек бір-бірімен өте сәнді қабысып, шынайы көркемдік беріп отырған. Ою-өрнек түрлері өте нәзік түрде түскен. Пайдалану орнын шатастырмай нақ тауып, орын-орнына қоя білген. Осындай әсемділікті таңдай білген хас шебер оюшы зергерлеріміз осы ою-өрнекке бояу түрлерін пайдалануды да жете меңгерген. Халқымыздың ою-өрнектерінде басым түс ақ пен қара болып келеді. Бұл ою-өрнектің ең шешемін тапқан жарасымды түрі болып есептелінеді.

Қазақ халқының ерте ғасырдан келе жатқан өзіндік көркемөнердің бір түрі сүйектен ойып бедерлеп өрнек түсіру. Сүйектен ойып өрнек салушыларды қазақтар «шебер» деп атаған. Шеберлердің есімі көпке әйгілі болып, қалаған заттарын жасауға жұрт күншілік жерден келіп жататын көрінеді. Сүйекпен ағаш бұйымдардың бетін, аттың қамыт-сайман, ер-тұрманын, музыкалық аспаптардың бетін безендіреді.

Көп жерде өрнектелер заттың бетін тұтастай жұқа сүйектен қаптап тастайды. Сонан соң әр сүйек сынықтарына (сүйек ешқашан тұтастай бүтін емес бірнеше сынықтан құралған болады) жекелей өрнек түсіреді. Сүйекпен әшекейленген бұйымдарындағы өрнектерінің түрі, құрылысы, мазмұны жағынан киіз оюларына өте ұқсас. Сүйекке бедерлер оюларды да бояйтын болғандықтан сырмақ-текемет оюларына ұқсастығы жақындай түседі.

Кейінгі жылдары ою ойылған сүйек астына ашық түсті шұға, мақпал төсейтін болған – көбіне қызыл, қара түстен. Олар сүйектің оюларының арасынан көрініп негізгі түстің міндетін атқаратын. Бірақ жаңадан жасалған кезде болмаса ол ұзаққа бармайтын. Шұғаның түсі тез оңып, не шіріп, желініп кететін. Сондықтан бұл әдіс халық арасына жаппай тарамаған. Кейбір қымбат бұйымдарды безендіргенде сүйек пен күміс қатар қолданылады. Өрнекті сүйек сынықтары, бедерлі күміспен алмастырылып отырады.

Халық арасында сүйектен жасайтын шеберлердің жұмысы қатты бағаланады. Сүйекпен өрнектелген ағаш бұйымдары тек өте ауқатты үйлерде ғана кездеседі.

Ою-өрнек ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан қазақ халқының мәдени мұрасының ажырамас бір бөлігі. Халқымызда жазу болмағанда ою-өрнек болды. Сол ою-өрнек арқылы халқымыз өз тыныс-тіршілігін, мәдениетін, өнерін, мәдени құндылықтарын, жоғары деңгейде дамыған тұрмыстық қажеттіліктерді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, дамытып отырды. Келешек ұрпақ мақсаты осы киелі өнерді әрі қарай дамыта отырып, көздің қарашығындай сақтау.

Этнография ғылымының көшбасшыларының бірі Х.А. Арғынбаев, Ә.Х.Марғұлан және М.С. Мұқанов секілді өз зерттеуінде дәстүрлі ер адамдар айналысқан қолөнер түрлерінің болмысы мен мәнін қарастырды. Ғалым өз еңбегінде қолөнердің барлық түрлерін қамти отырып, оның жасалуы, жергілікті өзгешеліктері мен қолданылатын ою-өрнектердің ерекшеліктерінің тамырын тереңнен тартып көрсетеді. Ол өзі қарастырып отырған қолөнердегі жергілікті ерекшеліктерге баса назар аударып, «халқымыздың көрші елдермен экономикалық байланысына, мәдениет саласындағы бір-біріне тигізген игі әсеріне, ертеден қалыптасқан өнер дәстүріне және жергілікті жерлерде жиі кездесетін шикізат түрлеріне де тікелей байланысты»,- деп те тұжырымдайды /7, 122 б./.

Қазақ ою-өрнек өнерін ғылыми негізде зерттеу ісімен мамандар көптен бері шұғылданып келеді. Еліміздің этнограф-тарихшылары мен өнер зерттеушілері дайындаған еңбектерде ою-өрнектің түрлері, атаулары, шығу тарихы туралы көптеген құнды деректер жиналды /9-10/.

Қазіргі уақытта халқымыздың өркендеп өскен мәдениетіне лайықты кейбір ою элементтері өздерінің бастапқы мәнін жойып, жаңа мағынада өмірге қайта оралып отыр. Бүгінгі таңда ою жасаушы шеберлердің туындыларында ертеректе дүниеге келген оюлардың элементтері аз кездеседі десек те болады. Бұл жағдай қазіргі заманда ою-өрнектің өз құнын жойғаны емес, керісінше, жаңа өмірге лайық бағыт алып, жаңаша өріс тапқанын көрсетеді.

Ең бастысы, бұл бұйымдардың қай-қайсысы болсын өздерінің жеңілдігімен, беріктігімен, сапалылығымен және пайдалылығымен ғана емес, сонымен бірге үйдің сәнін келтіретін, көз тартар, әдемі дүниелер болып саналатындығынан құнды.

Киіз үйдің төрінде түрлі-түсті ою-өрнектермен көмкерілген түскиіз, төселген оюлы сырмақ, текемет, кілем, басқұрлар ерекше көзге түсетін жабдықтар. «Кен асылы жерде, сөз асылы елде» дегендей, өнер түрі елде мол, халықпен бірге жасап келеді және жасай береді.

ӘДЕБИЕТТЕР

1.Казахское народное прикладное искусство. Алма-Ата, 1986. Т.1. 256 с.

2.Ибраева К. Казахский орнамент. Алма-Ата, 1987. – 84 с.

3.Өмірбекова М.Ш. Энциклопедия: Қазақтың ою-өрнектері. Алматы, 2003. 284 б.

4.Муканов М.С. Казахские домашние художественные ремесла. Алма-Ата, 1979. – 120 с.

5.Алимбай Н., Муканов М.С., Аргынбаев Х. Традиционная культура жизнеобеспечения казахов. Очерки теории и истории. Алматы, 1998. 234 с. (55)

6.Муканов М.С. Казахская юрта. Алма-Ата, 1980. 223 с.

7. Арғынбаев Х. Қазақ халқының қолөнері. Алматы, 1987. 127 б.

8.Чепелев В. Об искусстве казахского народа (Орнаментика) // Искусство. –1936. – №4. С.27-31.

9.Қазыбеков Н. Дала өрнектері: Этнографиялық сипаттамалар. Алматы, 1994. 126 б.

10.Казахский народный орнамент / Отв. ред. Т.К. Басенов. Алма-Ата, 1958. 6


РЕЗЮМЕ

В статье рассматривается вклад ведущих отечественных этнографов в разработку различных аспектов традиционного казахского орнамента.


ТҮЙІНДЕМЕ

Мақалада дәстүрлі қазақ оюларын отандық тарихнамада зерттеу мәселелері қарастырылған.




ҰЛТ ДӘСТҮРІНДЕГІ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМНЫҢ КӨРІНІСТЕРІ.
Қосдәулетова С.Қ. –оқытушы (Алматы қ., ҚазмемқызПУ)
Бұл мақалаға арқау болған басты мәселе-дәстүрлі қазақ қоғамындағы ұлттық мемлекеттің қалыптасуы мен дамуы кезеңіндегі дала демократиясының, оның ішінде азаматтық қоғамның көшпенділер өміріндегі көрністерін айқындау болды.

Кеңестер Одағының тұсында жеке ұлттар мен халықтардың тарихы бұрмаланып, олардың мәдени мұрасы мен бай тарихын жоққа шығаруға талпыныс жасады. Сондай қасіретті көп көргендердің бірі- қазақ ұлты екені даусыз. Сол лениншіл дәуірдегі көп томдық еңбектердің түпкі мақсаты қазақ халқының төл тарихын бұрмалап, мардымсыз етіп көрсетуге барынша бағытталды.Осының салдарынан қазақ халқында ешқашан ұлттық мемлекет болған емес, тек мемлекеттік құрылыстың жеке элементтері ғана болды деп көрсетілді. Оның өзінде бірегей саяси құрылым емес, тек ру-ру, ауыл-аймақ болып өз алдына отау тіккен шашыранды құрылыс ретінде көрсетілді. Нәтежиесінде қазақ халқы бытыраңқы, сауатсыз, түземдік өмір кешуші халық кейпінде киді.

Ал бүгінгі археологиялық зерттеулердің жәдігерлері, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жеке бақылауындағы «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының нәтижелері қазақ халқының тарихы үш мың жылдық тұңғиықтан бастау алатынын дәлелдеді. Сол сияқты, бізге де демократияның құндылықтары тек батыстық үлгіде ғана болады деген жаңсақ пікірден арылатын кез келді. Оның ішінде азаматтық қоғам мәселесі де батыстан келген «демократиялық импорт» емес, оның ежелгі қазақ даласында өзіндік ерекшеліктері бар формасы болған. Әбу Насыр әл-Фараби бабамыз «Әлеуметтік-этикалық трактаттарында» адамдар ең жоғарғы даму шегіне жету үшін бірігу керектігін баса айтып, оның үш түрлі деңгейін көрсетті. Біріншісі ұлы бірлестік, яғни барлық халықтардың бірлігі. Екіншісі- орта бірлік, яғни бір халықтың бірлігі. Үшіншісі-ең төменгі бірлік немесе қала-мемлекет. Бұлар толық қоғам болып саналады. әл-Фараби бабамыздың рухани мұралары қазақ жерінде өзінің жалғасын тапты. Мысалы, Керей мен Жәнібек хандар негізін салған Қазақ хандығында ақ киізге көтеріп ханды сайлаумен қатар, хандық билікке қарсысалмақ пен тепе-теңдік қызмет атқарған халықтық өкілдік ретінде билер институтының болуын қазір көптеген ғалымдар дала демократиясының жарқын көрнісі ретінде бағалайды.

Ұлы ғұламаның осы тұжырымын басшылыққа ала отырып, адамдар әртүрлі белгілермен қауымдасатынын көреміз. Айталық, өмір сүру қажеттілігі: табиғаттың тылсым күшімен арпалыс, оны жеңу, игеру, қоян-қолтық қауышу; табиғаттан бірлескен күшпен қажет нәрсені алу; жаудың жыртқыштығы мен зұлымдығынан қорғану, оны жеңу; рухани жағынан қанаттану; өнерді, ғылымды, білімді игеру т.б. Осының бәріне саналы түрде жұмылу, ұйымдасу, бірге шабуылдау, бірлесіп шегіну, ақыл-парасатқа, саясат пен заңмен басқаруға негіздеу еді. Ұйымдасқан үлкенді-кішілі қауымдастықта ғасырлар тезінен өтіп, шыңдалған, жетілген, байытылған өмір тәжірбиесін, ұлы дәстүрлер мен салт-сананы көреміз. Соның бірі-европалық тілмен айтқанда, демократия. Қазақ табиғатына аударсақ, демократия дегеніміз-әркімнің қауымдағы орнын таба білу, қабілетіне қарай сұрыпталу, барлық адамды теңдей көру, өзін-өзі басқару(1)

Бірақта қазақ халқының қиын тарихы дала демократиясының бағын баянды етпеді. Орыстардан бодандық сұрау, жоңғарлардың ауыр салықтарына көну амалсыздан туған, аз шығынмен құтылатын саясаттың тактикасы болды. Билер шешімі мерзімді уақыт аралығында болса да шапқыншылықтан әбден титықтаған, халықтың аман қалған бөлігін сақтап қалуға бағытталды. Билердің дипломатиялық тактикасы стратегиясына бағындырылған, жарлығы халықтың, мемлекеттің түпкі мүддесін сақтап қалуды көздеген ниеттен туған, сол себебті шиеленіскен, тағдыр таразыға түскен мәселелерді әлеуметтік әділдік жолмен шешті. Орыс зерттеушілері А.Левшин П.Маковецкий, Л.Баллюзек және т.б.қазақ билерінің саясаттылығы, әлеуметтік мәселелерде әділ, парасатты шешімдерін ризашылық сезіммен, құрметпен атап көрсеткен.

Билердің саяси тұлғасының тарихымызда алатын орны туралы көркем әдебиет пен ғылыми зерттеулерде айтарлықтай қарастырылған. Өз уақытында ұлы Абай, Шәкәрім, Ш.Уалиханов, А.Байтурсынов, Х.Досмұхаметұлы, Ә.Бөкейханов, М.Әуезов және басқа да даналарымыз қазақ даласындағы демократия туралы, оның ішінде билер институтының ерекшелігі мен маңызы турасында пікірлерін айтып, көпшілікке жеткізуге тырысты.

Сонымен қатар қазақ халқының дәстүрінде азаматтық қоғам құндылықтарына ұқсас әдеп-ғұрыптар да жетерлік. Мәселен, қайырымдылық пен имандылыққа бағытталған обал-сауап түсініктері, кеңесшілік орган-ақсақалдар алқасы, ерікті түрде қоғамдық істерді атқаруға жиналу түрі-асар, қауымдастық ішіндегі бір адамның басына қиын іс түскенде қауым болып қол ұшын созып, материялдық ерікті көмек беру-жылу жинау, қызыл көтеру сияқты игі дәстүрлер қазақ қоғамындағы ынтымақтастыққа бастау болған.

Ру-тайпалардан құралған байырғы қазақ даласы құрылымы жағынан да түрлі қауымдастықтар мен бірлестіктерден тұратын өзіндік бір азаматтық қоғам іспетті. Ә.Н.Назарбаевтың тұжырымы бойынша, көшпенділерде үлкен әлеументтік және саяси күш әлеументтік өзіндік негізгі формасы- рулар мен тайпаларға түсті. Мәселен, қазақтар малына жеке меншік ете алғанмен, жерді тек ұжымдық түрде ғана пайдаланды(2)

Қазақ қоғамының саяси-әлеументтік құрылысын отандық зерттеушілер ежелгі қытай , парсы, түркі тарихшыларының еңбектеріне сүйене отырып жеті сатыға бөліп көрсетеді.

Бірінші саты-ауыл. Ол қазақ ұлтының ең негізгі қоғамдық ұйымы, ең жақын қандас он-он бес отбасынан тұрады. Әр ауыл басқаратын адам-ауылбасы. Ауылбасы әдетте өмір көрген, саяси беделге ие, едәуір дәрежедегі ауқатты адам. Оның атқаратын міндеттері- ауылдастарының шаруашылығын басқару, маусымдық көшіп-қону уақытын белгілеу, адам мен көлік күшін дұрыс пайдалану, дау-дамайды әділ шешіп отыру, түскен салықты уақытында төлеу, жоғарыдан келген жарлықты орындау. Осының бәрін ол халықпен ақылдасып шешеді. Екінші саты-аймақ жеті атадан қосылатын бірнеше ауылдан құрылады. Мұның басшы адамын ақсақал деп атайды. Ақсақал өте жоғары мәртебеге ие адам, ортадан жоғары жастағы адам болуы керек. Үшінші саты-ру.Ру он үш-он бес аймақтан тұрады. Басшысы-рубасы. Төртінші сатысы-арыс.Ол бірнеше рулардан тұрады. Оның басшысы би блған. Бесінші саты- Ұлыс. Ол бірнеше арыстан құралады. Ұлыстың билеушісі –сұлтан. Алтыншы саты- жүз. Жүз бірнеше ұлыстардан құралады. Жүзді хан билеген. Жетінші сатысы- хандық. Ол үш жүзден тұрады. Хандықтың ең үлкен әміршісі-қаһан. Ұлы хан, яғни хандардың ханы(3)

Отырықшы қоғамдардың саяси жүйесі негізінен таптық жіктелуге негізделсе, көшпелі қоғамдарда әлеуметтік жіктелу анағұрлым күрделі жүрген. Отырықшы қоғамдарда мемлекет белгілі бір таптардың түрлі мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету жолында пайда болса, көшпелі қоғамдағы мемлекет белгілі бір шаруашылық аумақты әлеуметтік-саяси қауымдастықтың бірлесе пайдалануы процесімен тікелей байланысты.

Питрим Сорокиннің ойынша, көшпелі қоғамның шаруашылық-эканомикалық және саяси ерекшелігі айналып келгенде бір ғана өркениеттілік факторға –көлбеу(горизонтальды) қарым-қатынастарға негізделген әлеуметтік байланыстарға тәуелді десе болады(4)

Бұл тұрғыда билер институтының дәстүрлі қазақ қоғамындағы тарихи қызметін зерттеген А.Оразбаева да оның негізгі үш саланы қамтығанын көрсетеді:


  • қоғам ішіндегі көлбеу (горизонтальды) қарым-қатынастарды реттеуші әлеуметтік құрал- бұл билер институтының әлеуметтік өлшемі;

  • қоғам мен оның мемлекеттік жүйесі арасындағы жоғарғы-төменді(вертикальды) қарым-қатынастарды реттеуші саяси құрал-бұлар билер институтының саяси өлшемі;

- қоғамның дәстүрлі рухани мәдениетін сақтауды, жаңартуды және одан әрі дамытуды қамтамасыз етуші мәдени және рухани құрал - бұл билер институтының идеологиялық өлшемі(5)

Азаматтық қоғам жағдайында да алдыңғы орынға көлбеу қатынастар алдыңғы орынға шығады, сол арқылы сан түрлі әлеументтік топтар мен мүдделес адамдар бірлестіктерге бірігіп, өздерінің мұң-мұқтаждарын, талап тілектерін саяси жүйеге жинақтап білдіреді, мемлекеттің көмегінсіз-ақ оларды шешуге талпынады. Ал ежелгі қазақ қоғамында бұл мәселе өте оңтайлы шешімін тауып отырған. Оның бірден-бір көрнісі-асар.

Асар-көпшіліктің жәрдемін пайдалану дәстүрі. Үлкен бір жұмысты (шөп шабу, егін ору, үй соғу,т.б.) тез бітіру үшін ұйымдастырылады.Асар жасаушы адам алдымен жұмыс түрін, орындалатын уақытын айтып, ағайын туғанға, жора-жолдасқа хабар беріп, молынан тамақ дайындап, асарға шақырады. Қолғабыс тигізуге келгендер еңбегіне ақы алмайды, қонақасымен қанағаттанады. Халық арасына кең тараған бұл салттан асар делінуі де содан болса керек(6)

Қазіргі заманғы демократияның проблемаларымен айналысушы ғалымдар еріктілікті азаматтық қоғамның маңызды көрсеткіші деп біледі. Еріктілер немесе волонтерлер қандайда бір жолмен өзге адамдарға көмек беру ісіне, қоғамдық пайдалы жұмысқа қатысушылар, және де олар бұл мақсатта атқарған еңбектеріне ақы сұрамайды. Мысалы АҚШ-та жылдық табысы 20мың долларға дейінгі американдықтардың үштен бірінен астамы, 40-100мың доллор жылдық табысы барлардың60% астамы 100мың доллардан астам табысы барлардың 69.4% ерекшелікпен айналысады екен(7)

Демократиялық мемлекеттердің көбінде азаматтардың әлеуметтік, ерікті белсенділігі әдеттегі тұрмыстық деңгейден асып түсіп, қоғам үшін өзекті мақсаттарды алдына қоятын бұқаралық қозғалыстарға, үкіметтік емес ұйымдарға, түрлі ассоциацияларға ұласып жатады. Бұл қазіргі замандағы азаматтық қоғамдағы даму заңдылықтарының біріне айналып отыр. Ал оның қайнар көзінде жатқан еріктілік-волонтерлік біздіңше асар түрінде ежелгі қазақ қоғамында өзінің көрнісін тапқан.

Ал ерліктілікті түпкі мәнінде қайырымдылық жасау жатыр. Дамыған елдерде коммерциялық және коммерциялық емес секторлардың ынтымақтастығын бұқара халық пен кәсіпкерлер маңызды әрі өзара тиімді деп бағалайды. Бизнес үшін бұл имидж және тұтынушылықтың өсуі, ал үкіметтік емес ұйымдар үшін өздерінің миссиясын атқаруға қажетті ресурстар мен даму. Аталған екі сектордың серіктестігі мемлекет үшін әлеуметтік салаға салықтық түсімдерден өзге де қосымша қаражаттарды тартуға септігін тигізеді. Әдетте бұл коммерциялық емес бағдарламаларға демеушілік қолдау көрсету, қайырымдылық жасау арқылы жүзеге асып нәтежиесінде корпорациялар қоғамдық сектордың жағымды образын өздерінің жарнамалары мен коммерциялық іс-шараларына пайдаланады, сол арқылы өздерінің ұстанымдары мен шығаратын өнімдеріне тұрғылықты халықтың сенімін арттырады. Үкіметтік емес ұйымдар тұрғысынан келсек, демеушілік бизнеске ерекше қызмет аясын ашады-филонтроптық қызметпен айналысуға мүмкіндік туғызады, қайырымдылық жасауға деген адами мұқтаждықты қанағаттандырады.

Енді осы азаматтық қоғамдағы өзекті болып отырған қайырымдылық бұрыннан бері қазақ қоғамында қандай қырынан көрінді? Бұған жоғарыда атап көрсеткеніміздей, қазақ халқында жылу жинау дәстүрі бар. Жылу-дәстүрлі қазақ қоғамындағы ауыр тұрмыстық жағдайға душар болған адамға көрсетілетін жәрдемнің бір түрі. Мұндай жәрдем жұт болып, малы қырылғанда, үй-жайы өртеніп,баспанасыз, киімсіз қалғанда шектен тыс қарыздар болғанда жеке адамға туған туыстары, көрші-қолаңдары, ауылдастары тарапынан көрсетіледі.Жылу ақшалай, заттай, мал т.б. түрінде беріледі. Жылу ағайын ақсақалы немесе ауылдың беделді адамының айтуымен жиналады(8)

Көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан қазақтар үшін төрт түліктің қадірі қаншалықты зор екені айтпасада түсінікті жайт. Қазақтың етсіз, сүтсіз күнелтуін көзге елестету қиын. Әсіресе күзгі, қысқы боран мен көктемгі өліарадан соғымға ірі қара малды сою дәстүрге айналған. Алайда жазғы күннің ыстығында немесе қажеттен тыс, ойламаған жерден ірі қара мал пышаққа ілінген жағдайда етін рәсуа етіп бұзылмауы үшін қазақтар «қызыл көтеру» арқылы қиындықтан шығып отырған. Ірі мал он екі жілікке бөлшектелініп, бағасына келісе отырып бөліске түскен. Бұл зардап шегушіге де қол ұшын берушігеде өзара тиімді болған. Біз бұдан қазақ халқының дүние танымында обал мен сауап деген қасиетті түсініктердің алдыңғы орында тұратынын байқаймыз.

Көріп отырғанымыздай, қазақ жерінде ежелден-ақ азаматтық қоғамның көрністері мен құндылықтары болған. Сондықтан да адамзаттық қоғамды тек батыстық демократияда туындаған ұғым деп қарау жаңсақтық. Азаматтық қоғамның дәл қазіргідей жетілген формалары көшпелі қазақ жерінде орнамаса да, ата-бабаларымыз өздерінің тұрмыс-тіршіліктерінде оның басты принциптерін ұсынған. Қазақ ұлтының саяси мәдениеті өте бай, оған терең үңілсек, құндылықтары бүгінгі заманның талаптарын қанағаттандырарлық. Ал бүгінгі тәуелсіз Қазақстандағы азаматтық қоғамның дамуы үшін тек оның батыстық үлгілеріне ғана талпынғанымыз аздық етеді, біз әлі ашылмай жатқан, қолданылмай келген тылсым әлеуетті-өзіміздің ұлттық болмысымызда, төл мәдениетіміз бен дәстүрімізде бар азаматтық қоғам принциптерін де барынша саяси процеске енгізуіміз қажет.
ӘДЕБИЕТТЕР:


  1. Назыханов К. Дала демократиясы / Ақиқат-1995№10-12 бет.

  2. Нысанбаев А.Н. Историческая практика защиты прав и свабод человека В Казахстане /Мысль7-1999-№ 4 –С.12.

  3. Назыханов К. Дала демократиясы / Ақиқат- 1995. -№10-11бб, Әлдибеков Ж.Дәстүрлі қазақ қоғамындағы халық жиналысы (құрылтай) және билер кеңесі- парламенттік демократияның алғашқы үлгісі . Ата заңдар. Құжаттар,деректер және зерттеулер.2том. Алматы:Жеті жарығы, 2004- 672.б

  4. Соркин П.А.Человек. Цивилизация. Общество. М. 1992.С.297-299.

  5. Оразбаева А. Дәстүрлі қазақ қоғамына тән билер иниституты. Алматы. Дайк Пресс, 2004- 206 б

  6. Қазақ Совет энциклопедиясы.1-том. -Алматы:1972. -502 б; Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. 1 Том. Алматы: Қазақ энциклопедиясының бас редакциясы,1998. -474б.

  7. Городецкая И.Е. Добровольчество и благотворительность в США/ Политические институты на рубежа тысячелетий. Дубна. 000 «Феникс» 2001-С. 219-220.

  8. Қазақстан.Ұлттық энциклопедия. 4 том. Алматы: Қазақ энциклопедиясының бас редакциясы, 2002.-124б

ТҮЙІНДЕМЕ

Бұл мақалада көшпенді халқымыздың өміріндегі азаматтық қоғамның дамуы және дәстүрлі қазақ ұлттық мемлекетінің даму үрдісіндегі далалық демократияның қалыптасуы туралы және оның айқын көріністері жайлы мәселелер қарастырылған.

РЕЗЮМЕ

В статье рассматривается развитие гражданского общества в жизни кочевников или становление степной демократии в процессе формирования традиционной казакхской национальной государственности. Как показывает анализ развития традиционного казахского гражданского общества по своему специфична и имеет свои ценности. Имеются колоссальные различия, заключающиеся в национальных особенностях и менталитете.Однако анализ формирования гражданского общества и традиционном казахском государстве безусловно, имеют общее методологическое значение для разработкипроблем деятельности общественных организаций Казахстана в частности,и новых подходов к проблеме развития гражданского общества в условиях глобализации в целом.



Т А Р И Х Т Ы О Қ Ы Т У Ә Д І С Т Е М Е С І

ТАРИХ сабағында КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТТІ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ӘДІСТЕРІ
Кусаинова Р.Т.-доцент. (Алматы қ., ҚазмемқызПУ)
Оқыту үрдісінде қандай да бір әдіс, тәсілді, не оқу құралын пайдаланудың маңызы дегенде кемі мына үш міндеттің орындалу сапасы ескеріледі. Олар: білімділік, тәрбиелік және дамытушылық. Бұл жөнінде осы жұмыстың кіріспесінде қысқаша айтылды, келешекте де айтылады.

Жоғарыда айтқанымыздай, көқркем әдебиет оқушының көрекемдік-эстетикалық талғам-түсінігін де одан әрі дамыта түседі. Тарихты оқытуда әдеби шығармаларды қолдана білу- тарихи шындықты жете ұғынып, таптық езгіні мейлінше жек көруге, өзінің азаттығы мен бостандығы жолында күрескен халықтың ерлік істеріне сүйсіне қарауға үйретеді. Мәселен, М. Әуезовтің «Абай жолы» романы оқушыға ХІХ ғасырдағы қазақ еңбекшілерінің жай-күйі, тұрмысы, кәсібі, тұтынған бұйымы, салт-санасы туралы жан-жақты түсінік береді.

Белгілі әдебиетші-ғалым М.Базарбаев осы роман туралы былай дейді.

«Абай жолы- халықтың елдігі мен адамгершілік бейнесін танытатын роман. Салт, сана, халықтың мінез-құлқы, өнеге-дәстүрі, бүтін рухы басқа бірде-бір шығармада дәл мұндағыдай терең ашылған емес. Талантының ерекше қуатымен ол халқының бейне образын қайта өрбітіп, оны бүкіл әлемге паш етті. Және осы мақсаттың нысанасы етіп үлкен жүректі ақынның тағдырын алды. Бұл кездейсоқ емес еді, халық жүрегіне қоғамдық, көркемдік көрінісіне сүйену керек болды. Тек сонда ғана обьективті, жан-жақты қамтылғандәл де нақтылы нәтиже күтуге болушы еді. Мұхтар Әуезов тап осылай істеді».

ХІХ ғасырдың 60-жылдарындағы реформаның қазақ елін жаңаша басқару мен оны отарлау тәртібін нығайтқанын, жергілікті әкімдер мен бай-феодалдардың отаршыл өкімет билушілерімен ауыз жаласып, таптық негізін күшейткендігін ұғыну үшін Абайдың «Болыс болдым мінеки» өлеңін мысалға келтіруге болады.

Күштілерім сөз айтса,

Бас изеймін шыбындап,

Әлсіздің сөзін салғыртсып,

Шала ұғамын қырындап...

Съезд бар десе жүрегім ,

Орнықпайды сыр бермей,

Құр күлемінжымыңдап.

Сол кездегі ел билеушіленрдің өкілі ретінде Күленбай бейнесін келтіріп, болыстардың типтік образы арқылы оқушының көз алдына қанаушылар тұлғасын елестетуге болады. Қазақстан тарихын оқытуда тарихи-көркем әдебиетті пайдалану бәрінен бұрын оқушының тарихи фактіні ойына ұзақ сақтауына әсер етеді. Өйткені тарих қоғамдағы құбылыстарды нақты деректермен дәлелдеседе, тарихи-көркем әдебиет сол фактілерді бейнелі елестетеді. Сөйтіп тарихи деректі оқушының жай бір өтіп кеткен іс, оқиға факті ретінде емес, адам тағдыры, оның басынан кешкен сан қилы оқиғалар ретінде түсініп, оған терң мән бере тебірене қарауына ықпал туғызады.

Оқушының білімі үнемі дамып, жетіліп отыратын құбылыс. Ал бұл өзгеріс оқытудың тәсілі мен түрлі ықпалдық әрекетте еріне байланысты дами береді. Сондықтан оқушылардың білімді неғұрлым сапалы меңгеріп, тарихи деректерді терең түсінуінде көркем әдеби шығармалардың мәні орасан зор. Ол оқушыға тарихи оқушыларға мен тарихи адамдардың сыртқы түр, сипатын ғана білгізіп қоймайды, олардың өмірлік мәні мен әлеуметтік негізін жүйелі түрде терең, жан-жақты ұғынуына жәрдемдеседі. Мәселен, ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда пролетариат бой көрсете бастаған кезде өнеркәсіп орындарындағы жұмысшылардың ауыр тұрмысын, орыс және қазақ жұмысшыларының езушілерге қарсы ортақ күрестегі мүдделерін көрсетуде Ғ. Мүсіреповтің «Оянған өлке» романынан мысалдар келтірген жөн. Әсіресе Оралдан азып-тозып, Қарағандыға қашып келген жұмысшылардың ауыр тұрмысын суреттеген тұстары оқушылардың революциядан бұрынғы жұмысшылар тұрмысын тереңірек тұстарын түсінуне жол ашады. Өндіріс орындарындағы сол бір күйбең тіршілік пен оның ұсқынсыз көрінісі оқушылардың зығырданын қайнатып, зомбылыққа, үстемдікке қарсы өшпенділігін өршітеді. Сөйтіп оқушының ақыл-ойы мен түйсіну сезімдері тұтаса келіп, оны іздеуге талаптандырады. Жеке образдың төңірегіне топтастырылған сипаттар арқылы оқушы тарихи мәселенің ішкі сырына үңіліп, оны тереңірек біле түседі. Оқушы реалистік тарихи көркем әдебиеттегі жеке кейіпкердің типтік бейнесі арқылы тарихи деректердің сырын жан-жақты аңғарады, да оны тереңірек зерттеуге талпынады. Демек оқушы әдебиеттегі нақты суреттеулер арқылы тарихи фактігі, тарихи деректер негізінде тарихи суреттеулерге мән беріп, олардың арасында іштей қабысып жатқан заңдылықтар туралы өзіндік топшылаулар жасайды. Мәселен, Қазақстанның халық шаруашылығын қайта құруға байланысты ауыл шаруашылығын жаппай коллективтендіру кезіндегі қастандық әректтерді және олардың ішкі мәнін аша түсу үшін Б.Майлиннің, Ғ.Мүсіреповтің осы тақырыптағы әңгімелерін пайдалану оқушылардың бұл мәселеде өздігінен ізденісін оятады. Қазақстандағы қателіктер мен асыра сілтеушіліктер, оларды түзетуге бағытталған шаралар туралы тарихи деректер мен әдеби суреттеулерді салыстыра отырып, оқушы сол кезеңнің сырына қаныға түседі.

Тарихи-көркем әдебиет тарихи дәуірдің қоғамдық саяси сипатын, сол дәуірге тән материалдық жағдайды оқып отырған тарихи кезеңдегі оқиғаның даму барысын дұрыс түсінуге көмектеседі. Оқушы типтік бейнелерді білу арқылы тиісті дәуірдің тынысын, заман келбетін терең де жан-жақты сезініп, айқын тануға мүмкіндік алады. 1916 жылдың қарсаңындағы қазақ еңбекшілерінің жағдайы мен ұлт-азаттық көтерілісі, көтерілістің себептері, қозғаушы күштері, сипаты мен барысы, кеңес өкіметінің орнауы Ғ.Мұстафиннің «Қрағанды», Ә. Нүрпейісовтің «Қан мен тер», Х.Есенжановтың «Ақ Жайық», З.Шашакиннің «Тоқаш Бокин» романдарында шебер бейнеленген. Мұндай көркем туындылар оқушы ойын тарих сырына тереңірек бойлаттырып, сол кезеңдерді жете саралауына мүмкіндік береді.

Белгілі бір тарихи дәуірдің ақиқат шындығын жеткізетін тарихи-көркем әдебиетке ден қою оқушының қоғамдағы, өмірдегі өз орнын терең түсініп, оны қүрметтеп, бағалай білуіне ынталандырады, рухани өсуіне де әсер етеді. Әлбетте, көркемдікті, образдылықты таңдаудағы жас ұрпақтың білім дәрежесі неғұрлым жетілген болса, оның тағылымдылық сипаты да соғұрлым жоғары болмақ. Егер оқушы тарихимәселені терең, дұрыс түсінген болса, тарихи-көркем әдебиетте суреттеліп отырған қоғамдық қайшылықтарды, таптық тартыстар мен теңсіздіктерді ғылыми түрде ұғынып, оған орынды түрде талдау жасау керек. Мұның өзі тарихи фактіні саналы ұғынумен бірге, оқушыда ғылыми көзқарасты қалыптастырады. Республика тарихын оқытуда ретті пайдаланған тарихи-көркем әдебиет оқушылардың тарихи кезеңді терең түсініп, қоғам мүшелерінің арақатнастарын кеңінен талқыланып, тарихи процестерді тек шежіре ретінде ғана біліп қоймай, оның өмірлік маңызы бар күрделі мәселе екенін жан-жақты ұғынады. Бұдан бүгінгі өмірге байланысты тұжырымдар шығарып, моральдық-адамгершілік тәлім алады.

Тарихи әлеуметтік оқиғаларды, тиісті дәуірдегі адамдардың психологиялық қарым-қатнастарын көркем әдебиет образбен жеткізіп, жазушы оның ішкі сырын терең ашқан болса, мұның өзі оқушының рухани дамуна ықпал етеді. Ал мұндай ықпал адамның сенімін, мінез-құлықын, көзкарасын, адамгершілік сапаларын қалыптастыруда шешуші мәнге ие болады.

Қазақстан тарихын оқытуда үйлесімді пайдаланылған тарихи-көркем әдебиет оқушының өз халқына, оның алдыңғы қатарлы дәстүріне деген сүйіспеншілікке, оны құрметтей білуге тәрбиелейді. Мәселен, ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстанадағы таптық күрестің шиеленісуін, Исатай Таймановтың басшылығымен болған 1836-1837 жылдардағы шаруалар көтерілісінің мәнін жеткізуде Махамбет жырларын және Ә.Әлімжановтың «Махамбеттің жебесі» романын пайдалану оқушының еңбекші халыққа деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімін оятады, өзінің азаттығы жолында күрескен халықты құрметтеп, олардың ерлік дәстүрін мақтан тұтуға оқушыны ынталандыра түседі. Еңбекші халықтың бостандығы жолындағы Исатай, Махамбет, Аманкелді сияқты батырлардың революциялар мен азамат соғысы ардагерлерінің ерлік күресі жайлы жазылған тарихи-көркем әдебиеттен оқушы тарихи ақиқатты танып, олардың ерлік істерін, патриоттық дәстүрін өздеріне өнеге тұтады. Ұлы Отан соғысының жауынгері әрі жазушы Баубек Бұлқышев «Өшпес өмірге» деген еңбегінде жазғандай өзін патриоттық, интернацоиналдық ерлік іске тәрбиелеген әдебиет және оның кейіпкерлері екені, оны мақтан ететіндігі мұның айғағы. «Біз ерліктің екі бірдей мектебінен тәлім алдық. Біз Шығыстың Қобыланды, Тарғын сияқты батырларынан ерлікті бір үйренсек, бауырлас орыс халқының қолбасшылары. Кутузовтардан екіншіні үйрендік. Біз Исатай мен Махамбеттің, Аманкелді мен Абайдың халқының бауырларымыз...» деп «Комсомольская правда» газеті арқылы әлемге жар салып, туған халқына деген сүйіспеншілік пен орыс халқына деген интернационалдық достықты ту етіп ұстады. Сөйтіп, патриот жауынгер-жазушы неміс-фашист басқыншыларына қарсы күресте, Отанның азаттығын қорғау жолында, бүгінгі ұрпақтың бақыты үшін жанын пида етті.

Аға ұрпақтың ерлік істері оқушының мақтаныш сезімін оятады. Олардың қаһармандыққа толы ерлік істері оқушыға неғұрлым түсінікті, әсерлі, дұрыс жеткізілсе, ол соғұрлымжас ұрпақтың Отанына деген сүйіспеншілігін, интернационалдық сезімін арттыра түседі. Зорлық-зомбылық пен қанаушылыққа қарсы бітіспес күрестің мәнін терең ұғындырады. Сонымен бірге оқушыны қырағылыққа баулып, белсенді күрескер болуға үндейді. ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда пролетариаттың қалыптасуын және орыс пен қазақ жұмысшыларының интернационалдық достығын көрсетуде «Оянған өлке» романындағы Елизавета Быкова, Шило қарт және Бұланбай, Байжандардың арасындағы татулықты келтіру өте үйлесімді. Ал «Қазақстан Совет Одағының Ұлы Отан соғысы жылдарында» деген тақырыпты өткенде совет халқының интернационалдық достығына көңіл аудара отырып, «Қазақ солдаты» романындағы Қайрош пен Володия Толстовтың суға батып бара жатқаннда суға менк етсем де сен аман бол деп, бірін-бірі құтқарғысы келіп, жасаған қамқорлықтары өте айқын факті. Сондай-ақ партизандар қозғалысы және оған қазақстандықтардың қатысуын баяндауда Ә.Шәріповтің «Партизан қызы», Қ.Қайсеновтің «Жау тылындағы бала» тарихи-көркем шығармаларын пайдаланудың тәрбиелік мәні орасан зор.

Қазақстан тарихының кейбір кезеңдерін суреттеуге арналған тарихи-көркем әдебиеттің басым көпшілігі кеңестік дәуірде жазылған туындылар. Олардың негізгі идеялық мазмұны еңбекші халықтың бостандық пен адамгершілік, ар-ождан жолындағы ерлік күресіне арналған. Сол себептен де оқушының тарихи күрделі қарым-қатнастарды көркем әдебиетте суреттелген нақты кейіпкерлер арқылы терең де жан-жақты танып, аға ұрпақтың өнегелі іс әрекетінен үлгі алып, одан үйренудің тәрбиелік мәні арта түседі. Үйренудің, білудің нәтижесінде оқушы өз өміріне терең үңіліп, суреттеліп отырған тарихи игі істерден өнеге алады, қоғам адамына тән мінез-құлық сипаттары – гуманизм, патриотизм, достық пен интернационализм, адамгершілік сапа, саналы тәртіп, адамды құрметтеу, оған қамқорлық жасау, еңбеккерлік сияқты қаситтерді бойына қалыптастырады.

Сонымен көркем әдебиет, әсіресе тарихи-көркем әдебиет оқушының тарих пәнінен игеретін білімнің сапасын жетілдірумен қатар, сезіміне, түсінігіне әсер етіп, тәрбиелік ықпал жасайды. Оқушы әдеби кейіпкер, образ арқылы өткен өмірге, тарихи істерге, тарихи шындыққа үңіліп, оны терең танып, ол жөнінде ойланып-толғанып, тиісті тұжырым жасайды. Білім, тәлім-тәрбие алады.

Тарих пәніне байланысты көркем әдебиетті қисынды пайдалану тек оқушы үшін ғана керек десек, бұл сыңар жақты түсінік болар еді. Шындығында мұғалім үшін де қажет. Көркем әдебиет мұғалімнің тарихи мәселені түсіндіруге ойын тартымды да көркем тілмен, көңілге қонымды баяндауына қолайлы жағдай туғызады. Көркем әдебиет оқушының да, мұғалімнің де сөздік қорын дамытып, пікірін нәрлендіріп, ойын оралымды баяндауына көмектеседі. Қазақстан таихын оқытуда ретті пайдаланылған көркем әдебиет оқушының қазақ халқының тарихи өткен жолын, басқа халықтар мен тарихи қалыптасқан достығын, әлеуметтік және ұлт-азаттығы, тәуелсіздік жолындағы қаһармандық күресін Ұлы Отан соғысындағы жеңістерге қосқан үлесін, еліміздің халық шаруашылығы мен мәдениетін одан әрі дамытуға сіңірген ерлік еңбегін терең біліп, оны үйреніп, тәлім алуына ерекше ықпал етеді.

Білім – табиғаттағы, қоғамдағы заңдылықтард, құбылыстарды, қарым-қатнастардың ақиқат шындығын тану және олар туралы аамдардың ұзақ жылдар бойында жинақталып, тұжырымдалған ұғымдарын факті, оқиға, рпринцип, хаңдарға сүйене отырып,меңгеру деп түсінеміз.Ал білім өз-өзінен меңгеріліп, қабылдана салмайды, ол жан-жақөты ойлануды, еске сақтауды. Оны игеруге бағытталған ақыл-ой әрекеттерін орындауды талап етеді. Әсіресе тарих пәнін оқытуда шәкірттердің білімін өсіріп, қабілетін жетілдіре түсуде, дүниетанымын өрістетуде көркем әдебеит оқушылардың белсенділігн арттырады. Көркем әдебиеттің басқа да білімдік, тәрбиелік рөлін ескере келіп, жалпы диалектика, психология ғылымы оқушының ақыл-ой, таным-түсінігін жетілдіруде, ғылыми көзқарасын қалыптастыруда тарихи көркем әдебиетттің рөлін өте жоғары бағалайды. Шынында да жоғары сынып оқушылары сабақтан шаршағанына, үй тапсырмасының көптігіне қарамастан жоғары класс оқушылары көркем әдебиетке аса қызығады, әсіресе олар кеңес елі жазушыларының «тарихи-көркем шығармаларын құмарта оқиды».

Тарих пәнін орта мектепте оқыту әдістемесі саласындағы ресейлік белгілі авторлар Н.В.Андреевская, В.Н.Бернадский, М.А.Зиновьев, П.С.Лейбенгруб, А.А.Вагин, Н.В.Сперанская, В.Г.Карцев, Н.Г.Дайри т.б. әдіскерлер оқытудың психологиялық және педагогикалық негіздеріне сүйене келіп, тарихты оқыту саласында көркем әдебиетті пайдаланудың білімділік, тәрбиелік мәні зор екенін жан-жақты дәлелдеп берді.

ӘДЕБИЕТТЕР

1.Аманжолов К. Қазақ ССР тарихын оқытуда көркем әдебиетті пайдалану. Алматы,1989.

2.Тұрлығұл Т Мектепте Қазақстан тарихын оқыту теориясы мен әдістемесі. Алматы, 2003.

3.Базарбаев М . Әдебиет ардагері.1997.


ТҮЙІНДЕМЕ

Мақалада тарихты оқытуда көркем әдебиетті пайдалану әдістері жайында айтылған.

РЕЗЮМЕ

В статье рассказывается об методике использования художественной литературы в преподавании истории.



А Р Х Е О Л О Г И Я Ж Ә Н Е Э Т Н О Л О Г И Я


РОЛЬ КОЛЕСНОГО ТРАНСПОРТА НА ТЕРРИТОРИИ ЕВРАЗИИ В ДРЕВНОСТИ И СРЕДНЕВЕКОВЬЕ
Байганатов М.К.- научный сотрудник ( г.Алматы, ЦГМ РК)
Известно, что человек в окружающем мире видит в основном движение. Поэтому идея создание колеса, соединяющего вращение обода с поступательным движением оси, была далеко не очевидной и требовала немало изобретательности.

Испокон веков люди перетаскивали грузы. Гладкий предмет волочить легче – это выяснилось быстро. Так родились салазки. Человек догадался подложить под них бревна-катки: так было быстрее. Если бревно обжечь, чтобы оно было в середине ужа, чем по краям, тогда груз не соскользнет. Следующий шаг – профилирование: широкий край бревна становится все тоньше, пока не отделяется от середины. Вот оно – первое колесо! Наконец неизвестный изобретатель сделал ступицу, в нее вставлялось вставшая неподвижной ось. Оставалось закрепить платформу – и повозка готова.

Изображение салазок с колесиками (3000г. до н.э.) найдены в Междуречье в шумерском городе Урук. К 2700 г. до н.э. там же появляются рисунки повозок. В это же время шумеры начинают хранить своих царей вместе с колесницами.

На Востоке начинало распространяться образ колеса как символа солнца и власти. Хетты клянутся колесом; в индийском эпосе бог Индра похищает колеса у бога солнца Сурьи; у иранцев Небесное Колесо – оружие богов. Такое ассоциативное мышление понятно: солнце – круглое и могущественное, колесо – тоже круглое и дарит человеку скорость, а ней преимущество в бою и борьбу за власть. Современному человеку, привыкшему к быстрой езде, не понять, как скорость в 25-30 км/ч пьянила пешее дотоле человечества. Хотя лошадь приручили на тысячу лет позже, и повозку еще долго таскали онагры – азиатские ослы /1,с.25/.

Но как деревянное колесо могло появится в Месопотамии, отнюдь не изобиловавши лесами. Подходящие материалы были на востоке Турции и на севере Ирана. Эти области и считали родиной колеса. Быстро катясь по свету, колесо почти одновременно с Месопотамией попадает на север. Древние захоронения с повозкой были найдены у Элисты в Калмыкии. А дальше, в степи, ему уже не было границ: следующее древнейшее колесо было найдено в селе Герасимовка Оренбургской области /2,с.100/.

В середине III тыс. до н.э. деревянное колесо оборачивали в кожу, а к 2000г. до н.э. стали забивать в обод медные гвозди острием наружу – для лучшего сцепления с землей. Колеса были сплошные, но уже не были вырезанные из цельного ствола, а составные, сколоченные из трех частей. Такую древесину найти было легче. Примерно тогда же люди приручали лошадей, и повозки разделялись на быстрые конные двуколки – боевые колесницы и экипажи правителя – и двухосные телеги с впряженным волом – для хозяйства.

Повозка постепенно передвигалось на восток через степи Азии от одних племен к другим (слово «телега» - монгольского происхождения). Это фиксируют наскальные рисунки Южной Сибири. Кочевники-скотоводы делали большие крытые повозки – дома на колесах. К середине II тыс. до н.э. колесо докатилось до Китая эпохи царства Инь.

Слова «коло» и «рото» - колесо - были в индоевропейском, общем предке германских, славянских, романских, иранских языков. Значит, возможно, они возникли на прародине индоариев – в восточной Турции и северном Ираке в III тыс. до н.э. Именно оттуда начинается расселение племен, включая великую миграцию индоариев в Европу /3, с.115/.

Ученые до сих пор спорят, каким все-таки маршрутам они продвигались: из Малой Азии на Балканы, или через Причерноморские степи в Венгрию, через Среднюю Азию – или же всеми этими путями одновременно? В любом случае, их победоносные шествие было в немалой степени обеспечено военным успехом колесниц. По ходу миграции совершенствовалось и само колесо. У того, колеса, что к 2000г. до н.э. доехало до нынешней Голландии, уже имелись спицы и обод.

Научились «обувать» обод металлом, а через пару веков, ко времени Троянской войны, колесница была почти целиком металлической. На таких колесницах сражались гомеровские герой. Ими восхищался библейский пророк Наум: «По улицам несутся колесницы, гремят на площадях; блеск от них, как от огня; сверкают, как молния ». Усовершенствование повозки продалжается и в последующий период. Две оглобли вместо одной видны на рельефе ассирийского царя Ашшурнасирпала II (850 тыс. до н.э.). А на другом краю земли, в датском Дьерберге наскальный рисунок (1 век до н.э.) изображал повозку с подвижной передней осью: до нее телеги были крайне неповоротливы. В Риме они такими и остались. Кстати, воевавшие с варварами-кельтами римляне строили лучшие в мире дороги, но почти не занимались транспортными средствами, за исключением того, что научились около 100 года до н.э. запрягать конец цугом. Однако в быту по-прежнему использовались тяжелые колеса без спиц, и Вергилий называет телеги «скрипучими» и «стонущими», хотя ступицы смазывали жиром или дегтем. Эти повозки разбивали дорогу, и в 50 году до н.э. был принят первый закон, ограничивший нагрузку на одно колесо до 250кг. Зато у римлян колесо заработало в водяной мельнице и в лебедке /4, с.50/.

За три тысячи лет своего вращения колесо перевернуло жизнь почти всего Старого Света. А вот до Африки южнее Сахары, до Юго-Восточной Азии и, по понятным причинам, до Австралии так и не докатилось. Приплыв в Америку, испанцы были поражены тем, что инки не знали колеса. В Новом Свете не было крупного скота, за исключением лам, и инки надрывались на волоке. А ацтеки использовали колеса лишь в игрушках.

Впрочем, заметим, что есть и иная гипотеза изобретения колеса. Горшки – неказистые и кособокие – люди лепили еще за 6000 лет до н.э. Но появился гончарный круг – и вид посуды резко улучшился. А гончарный круг – это колесо, положенное набок. Кто у кого заимствовал идею, возница у гончара или наоборот? А вдруг окажется, что всеми переселениями народов, прогрессом транспорта и вообще всеми изменениями в облике планеты мы обязаны были безымянному гончару, упрямо добивавшемуся, чтобы его горшки были ровными?

Новые находки эпохи бронзы на склонах урочища хребта Каратау, петроглифы Кошкар-аты на больших камнях были обнаружены редкие рисунки: колесницы с возницами, повозки и колесницы, запряженные верблюдами, солярные изображения с головами в форме диска. Данные гравюры располагались на нескольких возвышенностях.

По исследованиям авторов сюжеты наскальных рисунков в данном районе были схожи с петроглифами из Койбагара: на фрагментах выбиты колесницы, различные знаки, в том числе солярных знаков в форме круга, овала, колеса, двух колец, соединенных прямой, реже ломаной линией.

Также авторы приводят несколько рисунков представляющий особый интерес, поскольку встречаются в Каратау впервые: на одном из камней изображена повозка и очковидной формы знак, из них одно кольцо является четвертым колесом повозки. Слияние знака и колеса еще раз дает повод сопоставить рисунки колесниц и повозок с культом солнечной колесницы.

Изображения кольца расположено выше повозки. Относительно смысла и назначения этого знака выдвигались разные гипотезы. Краеведы видели в нем ловчие петли, археологи связывали его с солярным символом.

Еще было найдено несколько изображении колесниц, запряженных лошадьми и верблюдами. В этих фрагментах просматривались ярмо, лошади, изредка была видна стоящая сзади возница. На одних изображена колесница с козлами и человеками, на других изображена, как два человека подтягивают двухколесную колесницу к двум верблюдам. Такие изобразительные сцены встречаются редко в наскальных сюжетах. Схожие фрагменты были обнаружены (Байпаковым К.М., Марьяшевым А.Н.) в 1972г. в урочище Койбагар. До этого считалось, что аналогии у этой сцены не было. Во фрагменте запряжки колесницы в Койбагаре есть одно отличие, в упряжи показаны лошади, а не верблюды /5, с.20/.

Помимо колесниц в Кошкар-ате много гравюр с изображением колес со спицами. Возможно, это солярные знаки, иногда выбивались в форме обода или круга. Так как колесницу сравнивались с солнцем. Такие отождествления можно встретить в эпических сказаниях. И это говорит о том, что эти представления возникли еще в далекие времена. Хотя, к примеру, на Руси у славян в период христианства колесницы вышли из употреблении: таким образом, получается, что это пережитки более древних веровании. У индоевропейцев на культ солнечной колесницы указывает повозка с солнечным диском. Образное мышление древних людей связывало в единый образ круг-колесо-колесница-солнце /6, с.120/.

В эпоху древнетюркской империи, а позднее и в период ранней истории Казахского ханства расстояния между зимовками и местами сезонной кочевки исчислялись сотнями километров и составляли путь длиной в несколько месяцев. Столь большая длина пути определяла и некоторые особенности быта насельников средневекового Казахстана. Так, уже в Дешт-и Кипчаке, степняки кочевали не отдельными аулами как в XVIII-XIX вв., навьючив все имущество и войлочный дом на верблюдов и делая через каждые 25-30км, а целыми улусами, то есть одновременно по степи медленно двигались десятки и сотни тысяч людей и животных. Поскольку у народа было много и животных огромное число, приходилось двигаться широким фронтом, чтобы идущие впереди не уничтожили всю траву и кустарники, необходимые для тех, которые шли сзади. Промежуток между флангами “движущегося народа” составлял до двухсот и больше километров.

В условиях кочевого и полукочевого образа жизни жилище и прочее имущество семья перевозила так же на телегах, запряженные волами, лошадьми или верблюдами. Основным жилищем степняков в ту эпоху были легкие кибитки, так называемые кутарме. Их не разбирали, а целиком ставили на повозки. Для обозначения повозки, крытой телеги кочевников Дешт-и Кипчака употребляются монгольское слово «телеген», персидское «гардуне», но чаще всего – тюркское слово «арба» (араба).

Арбы кочевого населения Великой Степи двух родов: двуколка и телега на четырех больших колесах. Их возили лошади, волы и верблюды. Остов и колеса арбы изготовляли обычно из березы. Их готовили в апреле и мае, когда дерево легко гнется. Сама же постройка производилась летом. Прочные и крепкие арбы имели, по меньшей мере, двоякое назначение: при обороне кочевники образовывали укрепление, окружив свой лагерь поставленными в ряд арбами. Остов домов-повозок строили следующим образом. Брали деревянный обруч диаметром в полтора шага или более и на нем устанавливали несколько полуобручей, пересекающихся в центре; промежутки застилали камышовыми циновками, которые, в зависимости от достатка, покрывали либо войлоком, либо сукном, либо шелковыми, шитым золотом, покрывалами. Когда устраивался большой привал, кочевники Дешт-и Кипчака снимали эти дома с повозки, ставили на землю и жили в них.

Такие “подвижные дома” имели двери и решетчатые оконца. Окошечки обтягивались сукном или зашторивались войлочными занавесками. Величина, обстановка домов-повозок и их количество отражали знатность и богатство хозяев. “Дома-повозки”, принадлежавшие султанам и знати, могли вместить одновременно человек двадцать или более. Такой большой шатер укрепляли на повозке, а в последнюю впрягали несколько верблюдов, волов или лошадей. Дома-повозки простых кочевников, отличались меньшими размерами, их вез один, иногда несколько верблюдов. Когда множество повозок, нагруженных домами, двигалось по степени одновременно, то издали казалось, что двигается большой город со своими жителями.

По утверждению очевидцев, в Кипчакских степях “всякий человек спит и ест только в своей арбе во время езды”; пищу также варили во время самой езды. Постоянными обитателями шатра на колесах были в основном женщины, дети и больные. Дома-повозки, как основной вид жилища и транспорта, исчезли среди кочевников Дешт-и Кипчака с XVII века. Их заменило передвижение верхом. Кочевники Великой степи перешли к разборным юртам, которые ставились прямо на землю и перевозились в разобранном виде на верблюдах.

Так, с рубежа XVI-XVII веков произошло крупное изменение быта казахов, а причины этого изменения возможно надо искать в процессах социально-экономической истории.




Каталог: attachments
attachments -> Формирование профессиональных умений и навыков
attachments -> ҚазақТҰтынуодағЫ
attachments -> История финансовой науки и ее развитие в России
attachments -> Актуальные проблемы международных отношений
attachments -> Ұлы баба есімі дәріптелді  Жаңа кітап баспадан шықты  Кітап тұсаукесеріне әзірлік
attachments -> Биография великого инструмента
attachments -> Урок музыкальной литературы в 5-м классе. Тема урока: И. С. Бах. Органное творчество
attachments -> «Найрозумніший» 8 клас І тур
attachments -> Қазақ мемлекеттік қыздар
attachments -> Програма за развитие на читалищната дейност в община пещера за 2016 година


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет