Қазақ мемлекеттік қыздар



бет8/20
Дата05.11.2016
өлшемі4,28 Mb.
#400
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20

Указанные тенденции естественного движения населения будут сопровождаться существенными изменениями в его возрастной структуре. Во всем периоде прогноза ожидается сокращение удельного веса некоторых возрастных групп (0–15 лет и 16–29 лет) и повышение доли остальных возрастных групп. К концу прогнозируемого периода стабилизируется и половой состав населения страны.

Таким образом, высокий демографический потенциал и благоприятная структура народонаселения Узбекистана сохранятся и в отдаленной перспективе.

Миграционный отток из Узбекистана в начальном периоде прогноза (до 2015 года) несколько сократится, а в дальнейшем существенно уменьшится, что находит отражение в динамике численности населения республики и темпах его роста.

Повышение рождаемости населения и сокращение объемов миграционного оттока будут сопровождаться некоторым увеличением темпов прироста численности населения Узбекистана. Среднегодовой его прирост на втором этапе демографического прогнозирования (2015–2025гг.) составит 1,7%, против 1,3% – в базовом периоде прогноза (2002–2007 гг.).

Абсолютный прирост населения Узбекистана будет заметно увеличиваться, главным образом за счет возрастания общей численности населения республики, которая в 2015 году предположительно составит 29,6 млн. человек, а к концу прогнозируемого периода достигнет почти 35 млн. человек.

Практическая реализация научных основ национальной политики народонаселения, как составной части социальной политики государства в указанных направлениях и с учетом параметров долгосрочного демографического прогноза будет способствовать всестороннему повышению качества населения и более ускоренному социально-экономическому развитию Узбекистана, уверенно вступившему в XXI век.


ЛИТЕРАТУРА

1.Численность населения в Узбекистане. 2001. Статистический сборник. Минмакроэкономстат Республики Узбекистан. Государственный департамент статистики. – Ташкент, 2001; Естественное движение населения за 1991–2000 годы. Статистические сборники Минмакроэкономстат Республики Узбекистан. Государственный департамент статистики. – Ташкент, 1991–2003; Государственный комитет Республики Узбекистан по статистике. – Ташкент, 2008.

2.Естественное движение населения за 1991–2005 гг. Статистические сборники Минмакроэкономстат Республики Узбекистан. Государственный департамент статистики. – Ташкент, 1991–2001; Демографический ежегодник Узбекистана. 1991–2003 гг. Государственный комитет Республики Узбекистан по статистике. – Ташкент, 2004; Социальное развитие и уровень жизни населения в Узбекистане. 2006.

3.Население Республики Узбекистан 1991–2001 гг. Государственный департамент статистики.Ташкент,2002;Демографический ежегодник Узбекистана. 2002. Государственный комитет Республики Узбекистан по статистике. – Ташкент, 2004; Доклад о человеческом развитии. Узбекистан 2000. Социальное развитие и уровень жизни населения в Узбекистане. 2006. Статистический сборник.

4.Миграция населения за 1990–1999 гг. Минмакроэкономстат Республики Узбекистан. Государственный департамент статистики. – Ташкент, 1991–2000; Данные текущей статистики миграции населения Центрального Статистического Управления Узбекистана за 1980–1989 гг. Демографический ежегодник Узбекистана. 1991–2003 гг. Государственный комитет Республики Узбекистан по статистике. – Ташкент, 2004 год; Государственный комитет Республики Узбекистан по статистике. – Ташкент, 2004; Социальное развитие и уровень жизни населения в Узбекистане. 2006 год.

РЕЗЮМЕ


Статья посвещена демографической ситуации современного Узбекстана.
ТҮЙІНДЕМЕ

Мақалада қазіргі кезеңдегі Өзбекстанның демографиялық жағдайы мен оның болашағы статистикалық мәліметтер мен есептеулердің негізінде қарастырылған.


Польшадағы 80-ші жылдардың соңындағы

«дөңгелек стол» келіссөздері
Сманова А.-т.ғ.к., доцент м.а. (Алматы қ., ҚазмемқызПУ)
Польшада 1982 жылы басталған реформаның мәні экономиканы демократияландыру, кәсіпорындар мен еңбекші ұжымдарына кеңінен құқық беру, жеке-меншік сектордың белгілі бір дәрежеде белсенділік танытуы, өзін-өзі қаржыландыру, өзін-өзі басқару негізінде шаруашылық ұйымдары құрылуы керек болды. Алайда, орталықтан басқару жүйесін, меншік қатынасын анықтамау арқылы жағдайды түзеу тек қысқа әсер беріп, жұмысшылар және кәсіпорын деңгейіндегі іс атқаратын экономикалық жағдай жүйесін құра алмады. Ел экономикалық дағдарыстан шыға алмады, керісінше экономикалық байланыстың бұзылуы тереңдей берді, инфляция күшейіп, халықтың тұрмыс жағдайы төмендеді /1/.

КСРО-да М.С.Горбачев билік басына келген соң басталған өзгерістер халықаралық жағдайға, соның ішінде Польшаға да әсер етпей қоймады. Елде оппозиция қайта күшейе бастады, Поляк Біріккен Жұмысшы партиясының (ПБЖП) өкілдері батыл реформа жасауға және оппозициямен келісуге шақырды. Үкімет басшыларын бұрынғы «Ынтымақ» жетекшілері бастаған оппозициямен келіссөзге итермелеген оқиға 1988 жылы сәуір-мамыр айларында Гданьск пен Краковте өткен ереуілдер болатын. Осындай жағдайда келіссөзге келуге болатын нағыз серіктес ол Лех Валенса тобы болатын. Оның нақты саяси күші не ықпалы болмаса да, Лех Валенсаның «Ынтымақ аңызы» негізінде әлі де беделі бар еді /2/.

Ал, 1988 жылы тамыз айында Силезияда сосын Гданьскіде өткен ереуілдер «Ынтымақты» тіркеу ұранын қайта алға тартты. Үкімет бұл ереуілдерді қарумен басамыз деп қорқытқанмен, жасырын түрде келіссөздер басталды. 1988 жылы 31 тамызда гданьскілік келіссөзде елдің ішкі істер министрі, генерал Чеслав Кищак пен Лех Валенса кездесті. Сонымен бірге бұл келіссөзге епископат хатшысының орынбасары епископ Е.Домбровский де қатысты. Келіссөздің басты мақсаты ереуілдерді тоқтату негізі болатын. Нәтижесінде Чеслав Кищак пен Лех Валенса үшінші кездесулерінде (қыркүйектің ортасы) нақты кездесу қазандағы «дөңгелек столда» болатынына келісті.

Үкімет жетекшілерінің оппозициямен келіссөздер жүргізу туралы ұсыныстары, Польшада айтарлықтай «аппарат бүлігіне» алып келді. Елді жеке-дара билеп үйренген ПБЖП-ның мүшелері билікті ешкіммен, әсіресе кеше ғана өздері қудалаған оппозициямен бөліскілері келген жоқ. Нәтижесінде Месснер-Кищак үкіметі отставкаға кетіп, жаңа үкімет Мечислав Раковский қолына тиді. Партия мен үкімет Мечислав Раковскийді елде терең өзгеріс жасайды деп қарсы алды. Сонымен ол оппозициямен келіссөздерді де үзді және Ч.Кищак келіскен келіссөз отырысын да бұзды. Бірақ, М.Раковский «Ынтымақ» өкілдеріне үкіметтен төрт орын ұсынды, яғни сол арқылы халықтың алдында үкімет пен оппозицияның коалициясы құрылд деп сенімге ие болғысы келді. Алайда, бұл кезде елдегі жағдай өзгерген болатын, жаңа кабинеттің радикалды экономикалық реформа өткізу жоспарын жариялауына қарамастан бұл ұсынысты пайдаланып қалғысы келгендер болған жоқ.

Партиялық аппараттың көзқарасы және Мечислав Раковскийдің тағайындалуына жауап ретінде, елдегі оппозицияның басты идеологтарының бірі Я.Куроньның «Биіктен қарағандағы «дөңгелек стол» атты мақаласы «Тыгодник Мазовше» заңсыз апталық газеті беттерінде басылды. Бұл мақала қоғамдағы барлық топтардың назарын өзіне аударды. Мұнда экономикалық күйреу мен амал жоқ нарықтық қатынасқа көшу туралы айтылды. Сонымен бірге «Ынтымақтың» ПБЖП-сы реформаторларымен одақтасуы, демократияға бейбіт түрде өту т.б. туралы айтылды /3/.

Сонымен 1988 жылы желтоқсанның 21 күні болған ПБЖП-ның ОК-нің кезектен тыс Х-шы пленумында Мечислав Раковский оппозициямен келіссөз жүргізу туралы ұсыныс жасады. Ол Саяси бюро атынан оппозициямен бірігіп жұмыс істеу және «Ынтымақ» елдегі қайта құруға қатысып, іс-шаралар социалистік құрылыс шеңберінде жүзеге асырылып, конституцияны бұзбай отырып қайта нығаюға жағдай жасау туралы ұсыныстар айтылды. Ал 1989 жылы 16-18 қаңтарда болған пленумның ІІ сессиясында осы тақырыптар бойынша пікір-талас болды. Мұндағылардың көпшілігі Саяси бюроның елде реформа өткізу туралы ұсынысына қарсы шықты. «Ынтымақтын» қайта құрылуына бір рет мүмкіндік береміз деген пікір басым болды. Көптеген партия мұшелері «Ынтымақтың» ұрандары ішіндегі «ПБЖП қайраткерлерін жазалау керек!» деген сөздерін мысалға келтіре отырып олардың билікке келулеріне үзілді-кесілді қарсы болды. Нәтижесінде оппозициямен келіссөз жүргізу мәселесі тағы да сәтсіздікке ұшырай бастады.

Саяси бюро саясатының қабылдануы болды, өйткені жетекшілік саясатын қолдап және бір уақытта оның ұсынған негізгі құжаттарын қабылдамау мүмкін емес еді. Бұл құжат бойынша дауысқа салу өзгеше болды. Орталық Комитет мүшелерінің 2/3 оны қолдап, 30 қарсы болды, ал 14 не 15 адам қалыс қалды. Осылайша көпшіліктің дауысымен бағдарламалы құжат қабылданды. Ол алдағы Польшаның саяси өмірінде өзгерістерге жол ашты. Өзгерістің мәні - «Дөңгелек стол» ұйымдастыру, яғни оппозициямен келіссөз мерзімінен бұрын сайлаулар өткізу және басқарушы жүйеде саяси өзгерістердің жүзеге асырылуы туралы еді.

«Дөңгелек стол» мәжілісіне дайындық туралы хабарлар қоғамдағы халықтың көп бөлігіне үміт әкелді. Алайда, «Ынтымақтың» адам айтқысыз күшті жолмен үкіметтегі саяси сахнаға қайта келуі Поляк Халық Республикасы дәуірінің аяқталуы және Еуропада коммунизмнің құрауымен қат-қабат келді. Бұл келіссөздегі маңызды өкілдер ПБЖП-ның коммунистері мен «Ынтымақтың» басшылары арасында болатын болды. Сонымен 1989 жылы 6 ақпанда халық аузында «дөңгелек стол» атанған үкімет пен оппозиция арасында келіссөздер басталды. Бұл келіссөзге үкімет басшылары, нақты кәсіподақ, коалициялық партиялар (Бірікке шаруалар партиясы және Демократиялық партия), «Ынтымақ», шіркеу қызметкерлері қатысты, бірақ нақты келіссөз жүргізуші жақтар «Ынтымақ» пен үкімет болатын. «Дөңгелек стол» барсында болашақ саяси және экономикалық жүйенің салыстырмалы принциптерінің консенсусына қол жеткізілді. Ол реформа барысында бұрынғы жүйенің орнына біртіндеп орнына келуі де тиіс. Өзгеріс елдің негізгі саяси күшінің біріккен бақылауына өтетін болды. Ол, эволюциялық, бейбіт сипатта, жанжалсыз, негізгі шешімнің барлығы өзара сәйкес көзқараста жүргізіледі деп келісілді. Біраз уақытқа созылған келіссөздерден кейін осы жылы сәуір айында екіжақты келісімге қол қойылды. Қабылданған «дөңгелек стол» формуласы саяси өмірдің біртіндеп демократиялануы және саяси өмірдегі өзгерістер төңірегінде болды. Сонымен бұл үрдіс төрт жылдық мерзімде жүзеге асуы керек болатын. Сонымен бірге бұл бағыттағы алғашқы қадам «Ынтымақтың» заңдастырылуы және сеймге қайта сайлау туралы еді.

Соңғы құжатқа қол қояр кезде үкімет «Ынтымақ» кәсіподақ бірлестігінің тәуелсіз өзін- өзі билеуді қалпына келтіру және сенат және сеймға демократиялы түрде сайлау жүргізу туралы уәде берді. Өздерінің күшті және әлсіз жерлерін екі жақта білді. ПБЖП-сын Кеңес Одағы қолдап отырды, бұл Екінші дүниежүзілік соғыстан бері өзгермеген ялталық тәртіп болатын. Ал Полльшада бұрынғыдай Кеңестік Армияның бөлімшелері орналасқан еді. Керісінше, «Ынтымақты» жергілікті халықтың көпшілігі қолдады, өйткені елдегі дағдарыстың алдын алу ең ерекше маңызды болатын. «Дөңгелек столда» алдын-ала болған келісімге сай үкімет коалициялық партиялары автоматты түрде сайлауда сеймнің 65% пайыз орнын иемденді, ал қалған 35% пайызын демократиялық принцптер бойынша сайлау анықтауға тиіс болды. Президентті Ұлттық жиналыс сайлауы тиіс болды, яғни сейм мен сенат мәжілісі арқылы. Ал президенттік сайлау 1989 жылдың мамыр айы деп белгіленді. Парламенттің жоғарғы палатасы сенат құрылды, ал ондағы 100 орынды тек сайлау анықтауға тиіс болды /4/.

1989 жылы 17 сәуірде «Ынтымақ» заңды түрде қайта тіркелген соң, олар сайлауға дайындала бастады. Ал, ПБЖП-сы болса бұл сайлауда жеңіске жетеріне күмән келтірген жоқ. Өйткені сеймдағы көптеген орындар оған алдын ала беріліп қойылған және 45 жылдан астам билік жүргізіп келе жатқан партияның сәтсіздікке ұшырауы мүмкін деп ешкім де ойлаған жоқ. Сондықтан олар сайлауға онша ат салыса қойған жоқ, тіпті немқұрайлы қарады десе де болады. Дегенмен халықтың алдында беделін де, сенімін де жоғалтқан ПБЖП-сы өз жағдайының қаншалықты қиын екенін сезінбеген болатын. 1989 жылы болған Парламент сайлауы Поляк Халық Республикасының тарихында ең бір дүрбелеңді бетбұрыс кезеңі болды. «Ынтымақтың» Азаматтық комитеті ұсынған көптеген жоспарлардың нәтижесінде оппозициялық кандидаттар жеңіске жетті. Сонымен бұл енді елдің осыдан кейінгі саяси өміріндегі жүрісін анықтап берді. Елдегі барлық үрдіс жылдамдап, «дөңгелек столдағы» айтылған төрт жылдық демократиялану жайына қалды.

Сайлау барысында ПБЖП-сы және онымен одақтас басқа да партиялар үлкен саяси жеңіліске ұшылады. Сайлаудың бірінші кезеңінде олар тек бес кандидат өткізе алды. Бұл сайлаушылардың үкіметке деген сенімсіздігін ғана емес, сонымен бірге ПБЖП-сы мен оның одақтас партиялары арасындағы өзара ыдыраушылықты да көрсетеді. Біртұтас сайлау стратегиясын жасамаған билеуші партиядан өзгешелігі, оппозиция сайлауға мықты дайындықпен келді. «Ынтымақтың» атынан сайлау комиссиясын Лех Валенса 1988 жылдың соңында құрған Азаматтық комитет басқарды. Бұл оппозициялық парламен немесе оның өкілдік ұйымы емес, тек Лех Валенсаның өзі шақырған комитет болатын. Нәтижесінде бұл сайлау кезінде өз кандидаттарын тіркеуге үлкен көмек көрсетті. Сонымен жергілікті Азаматтық комитеттердің 200 мың белсенділерінің қолдауымен сайлау нәтижесінде «Ынтымаққа» жеңіс әкелді.

«Ынтымақтың» сайлаудағы жеңісі, негізінен әлеуметтік-саяси жүйедегі дағдарыстың салдары болатын. Халық көп жағдайда «Ынтымақты» қолдағандықтан емес, елді ұзақ уақыт дағдарыстан шығара алмай келе жатқан ПБЖП-на қарсы дауыс берді. «Ынтымақтың» сайлауда жеңіске жетуінің тағы бір себебі күшті католик шіркеуінің қолдауы да әсер етті, өйткені Польшада католик шіркеуінің беделі өте күшті.

Жалпы халықаралық пікір бойынша ПБЖП-сы басшыларының таңдаған «дөңгелек стол» стратегиясының дұрыстығын сайлау көрсетті. Ол қоғамдағы теріс жағдайдың алдын алып, елде тұрақтылықтың орнауына жағдай жасады. Польшадағы бұл сайлау қорытындылары дүниежүзінің назарын бірден өзіне аударды. Польшадағы болып жатқан оқиғалардың әсерінен Шығыс Еуропаның басқа да елдерінде демократиялық үрдістер жылдамдай түсті.

ӘДЕБИЕТТЕР

1.«Шоковая терапия» в Польше: опыт и выводы //Международная жизнь. 1992. №5, с.72.

2.Медведев Р.А. Незнакомый Андропов. Кризис в Польше 1980-1981 гг. //Новая и Новейшая история. 1999. N2.

3.Филипов Б.А. Польша в поисках выхода из кризиса // мировая экономика и международные отношения. 1990. №3. С.51.

4.История Польши с древнейших времен до наших дней. Варшава, 1995. С.346.

5.Медведев Р.А. Незнакомый Андропов. Кризис в Польше 1980-1981 гг. //Новая и Новейшая история. 1999. N2.
ТҮЙІНДЕМЕ

Бұл мақалада Польшадағы «Дөңгелек стол» келіссөздері және «Ынтымық» қозғалысының саяси жұмыстары туралы айтылады.


РЕЗЮМЕ

В данной статье говорится о создании перегаворов «Круглого стола» в Польше и работа общественного движения «Солидарность».



ДЕРЕКТАНУ ЖӘНЕ ТАРИХНАМА

қазақ хандығының мемлекеттілігін қалыптастыруда тәуке ханның «Жеті жарғысының » тарихи маңызы
Жылқышыбаева Қ.Қ. – т. ғ. к., доцент (Алматы қ.,ҚазмемқызПУ)

Бижанова К.Қ. - аға оқытушы (Алматы қ., ҚазмемқызПУ)


XVII ғасырдың соңы мен XVIII ғасырдың басындағы Қазақ хандығы бір орталыққа бағынған дербес мемлекеттік мәртебесін сақтап қалу үшін ішкі және сыртқы қайшылықтарды басынан өткерді. Бұл тұста әсіресе, ішкі алауыздық күшейіп тұр еді. Осыған қарамастан бұл дәуірде қазақ халқының арасынан ірі саяси қайраткерлер, билер, сұлтандар, батырлардың тарих сахнасына шыққаны бұл ауыртпалықтарды өз дәрежесінде шешуге мүмкіндік берді. Халық зердесінде өшпес із қалдырған ірі тұлғалар қатарына XVII ғасырдың соңы мен XVIII ғасырдың басындағы қазақ ханы болған Әз Тәукені жатқызғанымыз жөн.

Тәуке хан өзінің даналығы, ұлылығы арқасында ел арасында «Әз Тәуке» деген атқа ие болған. Халық Тәуке заманының Қазақ хандығының ең бір өркендеген және тыныштық орнаған кезі екендігін «қой үстінде боз торғай жұмыртқалаған заман» деп еске алады. Тәуке хан билікке келісімен Қазақ хандығында күшейген ішкі тартысты бәсеңдетіп, бір орталыққа бағынған Қазақ хандығын құруға кірісті. Қазақ хандығының ішкі және сыртқы мәселелерін шешу барысында Тәуке хан көптеген істер атқарды. XVII ғасырдың аяғында хандықта экономикалық және саяси ықпал үшін билер мен сұлтандар арасында күрес күшейе түсті. Осы тартысты тоқтату үшін Тәуке хан басқару тұтқасын толығымен билерге берді.

Тәуке ханның тарихтағы ең басты орны оның қазақ әдет-ғұрыптарының, өзіне дейінгі «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» сияқты заңдарды жинастыра келіп, билердің басын қосып «Жеті Жарғы» заңын қабылдауында болып отыр. Бұл заңның қабылдануы сол замандағы қазақ қоғамын өркениетке бір саты жоғарылатты. Мұны Еуропа елдеріндегі конституциялық монарх биліктерімен салыстыруға болады. Өйткені, «Жеті Жарғы» қабылданғаннан кейін хан оның принциптерінен ауытқымаған және бұл заңдар жинағын барынша қадірлеп, қастерлеген. Әсіресе, «Жеті Жарғыда» ел дауын шешудегі билер кеңесінің, хан кеңесінің, билер құқығының қорғалуын, сақталуын қатты қадалаған. Осы арқылы хан өкіметін ішкі жақтан нығайтуды мақсат етті. Әрбір қазақ түтіні ханның, бидің жасағы мен шабарманын жазда да, қыста да қабылдап, ат-көлік, азық-түлікпен қамдауға міндетті болды. Бұл, керуен сарайы, елді-мекені жоқ көшпелі қоғам өмірінде хан, би бұйрық - жарлығын, соғыс хабарын тез жеткізу шараларының бірі еді. Бұған қарсылық көрсеткен түтін басы хан, би алдында қатаң жазаланатын. Әрбір соғысқа жарайтын еркек бес қарусыз жүрсе оған да айып салатын. Мұның өзі хандықтың әскери-феодалдық сипатын айқындай түсетін. Қыз-келіншекті алып қашуға, зорлауға өлім жазасы кесілген. Бұл-рулар арасында алауыздық туғызбаудың қамы. Өйткені ру ынтымағын ыдыратып қанды қырғынға киліктіретін көп дау-дамай, осы жесір дауынан туындап жататын. Ең соңында рулар арасында адам өлімі болғанда қанды кек алуды құн төлеумен ауыстыру сияқты баптың «Жеті Жарғыға» енгізілуі бұл заң жобасының тарихи прогрестік маңызын айқындайды.

«Жеті Жарғы» деген сөзбе-сөз алғанда «жеті ереже» деген сөз. Онда орта ғасырдағы қазақ қоғамының негізгі принциптері мен нормалары баянды етілген. Ғылыми әдебиетте бұл заң құжаты «Тәуке ханның ережелері» немесе «Тәуке ханның заңдары» деп аталады. Деректемелерде «Ереженің» авторы кім болғаны жөнінде мәліметтер жоқ. Тарихи аңыздарға қарағанда, оны жасаушы Тәуке хан делінеді: ол Күлтөбеде үш жүздің басты билерінің басын қосқан, сөйтіп олар «Қасым мен Есім хандардың ескі әдет-ғұрыптарын» біріктіріп және қазақ қоғамының ішкі жағдайына қатысты мәселелерді әділ шешуге бағытталған нақтылы өзгерістер енгізіп, «Жеті Жарғы» деп аталатын нормаға біріктірген.

Сонымен қатар, заңды қазақ қоғамының XVII ғасырдағы әскери-саяси және әлеуметтік өмірінің қажеттеріне бейімдеу, бұл орайда ол нормалардың қазақтың феодалдық қоғамының жаңа қажеттеріне бейімдеу, феодал шонжарлардың мүдделеріне сай келетіндерін ғана сақтау мақсаты да көзделді. Сөйтіп, Тәуке ханның «Ережесінде» сол кездегі қазақ қоғамының әлеуметтік және құқықтық нормалары заң жүзінде баянды етілді. «Жеті Жарғыға» әкімшілік, қылмыстық істер, азаматтық құқық нормалары, сондай-ақ салықтар, діни көзқарастар туралы ережелер енгізілген, яғни онда қазақ қоғамы өмірінің барлық жақтары қамтылған.

«Есім ханның ескі жолында» сақталынып келген тәртіп бойынша кісі өлтірген адамның шаңырағы ортасына түсіріліп, ойраңдалатын. Онымен қоймай, қылмыскер адам өлтірілетін. Осындай қатыгездік «Жеті Жарғыда» өзгертіліп, басқаша жазылады. Жаңа заң қылмыскерге жаза ретінде құн төлеу жолын бекітті. Өлім жазасының сол кездің өзінде құнмен алмастырылуы үлкен прогрестік құбылыс еді. Менің ойымша, жаңа жазаның тек кісі өлтіргені үшін ғана емес, жалпы қандай да болсын қылмыстың алдын алуда маңызы күшті болған.

«Жеті Жарғы» мемлекеттік құрылымға, ел басқару жүйесіне де елеулі жаңалықтар енгізді. «Жеті Жарғы» тәуелсіз қазақтың біріңғай таза ұлттық мемлекеттік алғашқы Ата Заңы. «Жеті Жарғы» жеті тараудан тұратын Негізгі заңдар жинағы болды:

Көшпелі қазақ елі үшін ең бірінші құнды не? Ол – жер. Ол туған жер, ол ата – бабасының ізі қалған жер, фәниден бақиға көшкендегі мәңгілік мекені. Ол көшіп-қонып өмір сүретін ортасы. Сондықтан жер дауын «Жеті Жарғының» бірінші тарауында заң жүзінде шешу мәселесі қарастырылған.

Екінші тарауда-отбасына байланысты мәселелер сөз болады. Отбасы, ошақ қасы-туысқандық жүйенің, азаматтық пен бірліктің бастау алар ұясы. Мұнда әке мен баланың, келін мен ененің қарым – қатынасын, ата мен немеренің, жалпы үлкен мен кішінің сыйластығы қандай болуы керек? Өзінің ұлтын сүйетін, мемлекетін қорғай да, басқара білетін ер болу үшін, ақылды болу үшін ұлға қандай тәрбие беру керек? Ағайынның ынтымағына ұйытқы болатын, ырыс әкелетін, ел бірлігі мен берекесіне тірек бола алатындай ардақты ана болу үшін қызға қандай тәрбие беру керек? Яғни, осындай мәселелер қарастырылған. «Жеті Жарғы» бойынша отбасында әкенің билігі баянды етіледі. Ол ұл-қызының, әйелінің, құл-күңінің, төрт түлік малының, жайлау қыстауының жеке дара билеушісі, асыраушысы әрі қамқоры болған-ды. Әкенің ризалығын алмай, отбасының кез келген мүшесі ешбір шешім қабылдамайды. Әкесіне немесе шешесіне қол көтеріп, балағаттаған баланы қара сиырға теріс отырғызып, ауыл ішін аралатып, қамшымен соққан. Бір себеппен баласын өлтіргені үшін ата-анасы ешқандай жаза алмайды. Бірақ некесіз туылған баласын ұяттан өлтірген әйел өлім жазасына кесіледі. Міне, осылардың бәрі «Жеті Жарғының» екінші тарауында ыждаһатты түрде тарқатылған. Қадым заманнан келе жатқан бұл мәселенің бүгін де көкейтесті екені дау туғызбаса керек. Содан да болар, еліміздің Конституциясының «отбасы» деп аталатын тоғызыншы тарауында бұл мәселе «Жеті Жарғының» біз жоғарыда айтқан екінші тарауын қайта жаңғыртып, жаңаша өрнектеген.

Үшінші тарауда-ел бірлігін сақтау, Отан қорғау, жасақ құру, сардар сайлау, сауын айту секілді ірі-ірі мәселелер қарастырылған. Мысалы: басқыншылық жағдайда сауын айту, сардар сайлау, әскер құру тәртібіне келейік. Бұл тәртіп қазақта «Қасқа жол» заманынан бері болған. Тек уақыт талабына сай жаңарып, жаңғырып отырған. Бабалар заманында ел шетіне жау атының тұяғы тигенде бар қазақ бір кісідей тас–түйін болып, дабыл қағылған жерден табылатын болған. Сөзімді дәлелдеу үшін Салқам Жәңгірдің тарихынан бір мысал келтірейін. Елу мың әскерімен елімізді тонауға шыққан Жоңғар қонтайшысының жорығы туралы дер кезінде хабар алған Салқам Жәңгір, оларды жерімізге деңдеп кіргізбей тойтарыс беру үшін шұғыл түрде алты жүз сарбазымен ғана жауды Жоңғар қақпасында тосып алған. Сол алты жүз сарбазымен елу мың жоңғарға қарсы тұрып, соғыс өнерінің сол кездегі ең озық тәсілін қолдану арқылы оларға есеңгірете соққы беріп, сәлемі жеткен Жалаңтөс батыр көмекке келгенше екі тәулік бойы жауды жерімізге бір қадам аттатпай ұстап тұрған. Ал қазіргі өзбектің Самарқанынан бері қарай Түркістан арқылы екі жарым мың шақырым жерді екі тәулікте алып, дер кезінде жеткен Жалаңтөс батыр бастаған бабаларымыздың ерлігін немен теңестіруге болады?! Сол жолы бабаларымыздың шағын әскерімен-ақ, елу мың жоңғар қалмақтарының тас-талқанын шығарған. Меніңше, осындай теңдесі жоқ ерліктің өзегінде сол заман заңдарының ел-жұртына етене жақындығының, олардың соны бұлжытпай орындап, қадірлеп-қастерлей білгендігінің, бүгінгіше айтсам, сол кездегі қазақ елінің құқылы мемлекет болғандығының да көрінісі дер едім. Бұл айтқандарымызға, сонымен қатар «Жеті Жарғы» заманында да Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай бастаған талай батыр бабаларымыздың жоңғар басқыншыларына күйрете соққы берген ұлы ерліктері де дәлел болды.

Төртінші тарауда-ел мен елдің, ру мен рудың арасындағы дау-дамайды реттеу тәртібі рәсімделген. Осылар бір рудың, бір жүздің ішіндегі дауға қарағанда өте байсалдылықты, үлкен жауапкершілікті, өте өткір әділеттілікті, туралықты, ізгілікті талап еткен даулар ғой. Сондықтан бұл тарауда мұндай дауларды парасаттылықпен, әділдікпен, әділдік болғанда да қара қылды қақ жарған әділ билікпен шешу жолдары көрсетілген.

Ал, бесінші тарауда-ұрлық, зорлық, барымтаға байланысты ережелер. Ұрлық -қорлық, барымта-зорлық дегендер елдің бірлігіне, ынтымағына, тірлігіне үлкен нұқсан келтіретін болғандықтан, «Жеті Жарғыда» бұл ережелер ежіктеліп, онымен қалай күресу керек, қандай алдын алу шараларын ұйымдастырған жөн, қандай жауапкершілік, жаза кесіп, тағайындаған абзал деген сияқты сауалдарға жауап беріледі. Міне, бұл тарауда осы мәселелер егжей – тегжейлі реттелген.

Алтыншы тарау – құн дауы. Жетінші тарау – жесір дауы. Бұл екі дау ел арасында бүлік тудырып, жұртын сойыл-шоқпарға ұмтылдырып, бас жарып, көз шығаратын әрекеттерге бастайтын шым-шытырық күрделі даулар болған ғой. Сондықтан құн дауы да, жесір дауы да «Жеті Жарғыда» әбден тәптіштеліп, билік жүргізу рәсімдеріне дейін мұқият қарастырылған. Мысалы: онда ердің құны-мың қой болып бекітілген, тіпті адамның мүшелеріне зақым келтірсе де, соған сәйкес құн тағайындалған (бес бармақ-жүз қой, шынашақ-жиырма қой ). Немесе осы тараудағы мына бір бапқа ой жүгіртіп көрейікші: «Біреудің әйелін күйеуінің келісімінсіз алып қашқан адам, ердің құнын төлейді. Егер әйелдің келісімімен әкетсе, күйеуіне қалың мал төлеп, қосымшасына қалың малсыз қыз беруге тиіс».

- Сұлтан мен қожаны өлтіргендер олардың туыстарына жеті адамның құнын төлейді.

- Сотта бір куәгер еркектің орнына екі куәгер әйел жүреді.

- Қыз-келіншекті зорлау, алып қашу өлім жазасымен теңестіріледі. Өйткені ру ынтымағын ыдыратып, қанды қырғынға киліктіретін көп дау-дамай осы жесір дауынан туындап жататын.

- Сұлтанды немесе қожаны тіл тигізіп, ренжітуші тоғыз мал, ал соққыға жығушы жиырма жеті мал айып төлейді.

- Егер әйел күйеуін өлтірсе, ол міндетті түрде өлтіріледі, егер туыстары кешірім жасамаса, одан құн төлеп құтыла алмайды. Бұл ереже екіқабат әйелдерге қолданылмайды, олар күйеуін өлтіргені үшін жазаланбайды; бірақ мәңгілік қарғысқа ұшырап, ардан безген деп саналады. Егер күйеуі әйелін өлтірсе, ол өлім жазасына құн төлеп құтыла алады.

- Ата – аналарына өз балаларын өлтіргені үшін ешқандай жаза қолданылмайды; бірақ некесіз тапқан нәрестесін ұялғанынан өлтірген әйел өлім жазасына кесіледі.

- Өзін - өзі өлтіруші зираттан оқшау жерге жерленеді.

- Егер әйелді атты адам қағып кетіп, мертіктірсе және одан өлі бала туса, кінәліден мынадай есеп бойынша айып алынады: бес айға дейінгі сәби үшін - әрбір айға бір жылқы, бес – тоғыз айлық сәби үшін - әрбір айға бір түйе.

- Зорлау кісі өлтірумен теңестіріледі, сондықтан кінәлі адам өлім жазасына кесіледі немесе әйелі үшін күйеуіне, қыз үшін туыстарына құн төлейді; бірақ өзі абыройын төккен қызға қосылу және ол үшін қалың мал төлеу арқылы қылмыскер өлім жазасынан да, құн төлеуден де құтылдады.

- Күйеуі өз әйелін зинақорлық үстінде ұстаса, оны өлтіре алады.

- Әйелге тіл тигізуші одан кешірім сұрауға, ал бұлай істеуден бас тартқан жағдайда қорланғаны үшін құн төлеуге міндетті.

- Қан араластырушылық өлім жазасына кесілуі тиіс; бірақ ол отбасыларының үкімі бойынша жазалаумен алмастырылады, өйткені бұл сияқты қылмыстар бөгде адамдардың қарауына берілмейді.

- Жеті куә әшкерленсе, құдайға тіл тигізуші таспен соғып өлтірілуге тиіс.

- Егер әлдекім христиан дініне кірсе, туыстары оның барлық опасыздығын мойнына алады.

- Құлдарын иелерінің тірі қалдыруға да, өлтіруге да құқығы шексіз. Құлдың мырзасына шағымы еш жерде қабылданбайды.

- Әке – шешесіне тіл тигізген немесе ұрған ұлын мойнына құрым киіз байлап, қара сиырға теріс қаратып мінгізеді де, ауылды айналдыра жүргізіп, қамшымен дүрелейді; ал қыздың қол – аяғын байлап анасына өз қалауынша жазалауға беріледі.

- Ұрлық жасағаны әшкерленген адам ұрлағаны үшін тоғыз төлейді, ал бұлайша жазалау айбана деп аталады. Егер мал ұрланса, кінәлі адам түйе үшін – тұтқын, жылқы үшін – түйе, қой үшін жылқы қосып беруге тиіс. Жүз түйе үш жүз жылқыға немесе мың қойға тең.

- Кімде – кім әрі ұрлық жасап, әрі кісі өлтірсе, ол кісі қылмыс үшін де жауапқа тартылады.

- Күйеуінің немесе әкесінің ұрлық жасағанын біліп, оны айтпаған әйелі мен балалары ешқандай жазаға тартылмайды, өйткені отбасындағы үлкеннің сыртынан сөз айтуға болмайды.

- Өлтірілген таза немесе бүркіт үшін иесі құл немесе күң талап ете алады.

- Егер әкесінен бөлек тұратын ұлдың өлгенде баласы болмаса, оның мал – мүлкі әкесіне тиесілі. Жас балалар ең жақын туыстарының, ал егер туыстары болмаса, басқа бір сенімді адамдардың қамқорлығына беріледі.

- Рухани өсиеттер туыстары және молдалар қатысып отырғанда жасалады.

- Барымталап әкетілген малды қоспағанда, басқа ұрланған мал: бие, сиыр және қой төлімен қосып өндіріліп алынады; ал жасырып қалған басқа малы жоқ екенін дәлелдеу үшін ұрыдан ант ішу талап етіледі

- Дауды шешу және кінәлі адамға үкім шығару ханның өзі болмаса, талапкер мен жауапкер тұратын ауылдардың билеушілерінің, не ақсақалдарының қолында болып, істі қарауға екі жақтан да сайланған арада жүруші тағы да екі адам шақырылуға тиіс.

- Егер айыпкер билерге күдік келтірсе, олардың ауыстырылуын өтіне алады.

- Егер жауапкер сотқа келмесе немесе алынған айыпты төлей алмайтын болса, онда әлгі құн оның туыстарынан немесе ауылынан өңдіріліп алынады, бұл жағдайда ағайындары мен ауыл тұрғындарына қылмыскерден өз шағымын қайтарып алуға құқық беріледі.

- Қылмысты дәлелдеу үшін кемінде екі, ал кейде үш куә керек. Куәлар болмаған жағдайда, ант беруді қолдануға болады; бірақ оны өздері үшін талапкер де, жауапкер де бере алмайды: олар үшін адалдығымен белгілі адамдар ант беруге тиісті. Ал егер айыпкер үшін ешкім ант бермесе, ол жауапқа тартылады. Қызметшілер, малайлар мен құлдар сияқты, әйел жынысы да куә бола алмайды.

- Билер мен ара ағайындарға істі шешкені үшін бүкіл талап етіліп өндірілгенің оннан бірі берілуге тиіс.

- Егер айыпталған адам соттың үкімін орындамайтын болса немесе ауыл басшысы істі қараудан әдейі жалтаратын болса, сол арқылы қылмыскерді қорғаса, талапкер өз ақсақалының рұқсаты бойынша барымта жасауға, яғни өзінің туыстарымен немесе ең жақын көршілерімен бірге жауапкердің ауылына барып, оның малын жасырын түрде айдап әкетуге құқық алады: бірақ үйіне қайтып келгеннен кейін, ол барымталығынан малдың саны талапқа мөлшерлес болуы үшін, бұл істі қадағалап отырған өз басшысына айтуға тиіс.

- Мал мен мүлікті ұрлау қатаң жазаға тартылады. Ұрлығы ашылған кісі ұрлап алғанын тоғыз есе етіп қайтару керек. «Тоғыз айыбы» мына мөлшерде белгіленген: бес тоғыз немесе түйе бастатқан тоғыз, орта тоғыз немесе ат бастатқан тоғыз, аяқ тоғыз немесе өгіз бастатқан тоғыз.

- Жеті атадан аспай үйленуге өлім жазасы кесіледі.

- Құдайға тіл тигізген кісі жеті адамның куәлігі арқылы анықталса, таспен ұрып өлтіріледі.

«Жеті Жарғы» бойынша арнайы мал-мүлікке таңба белгілейді және салық түрлері (аманаттық салық, ру басыларының борышын төлеу, хандық билік, қару -жарақ) белгіленеді. Заңда құқық ережелерінің жеке салалары (қылмыстық, азаматтық, басқару) да қамтылған. Сонымен бірге, қазақ қоғамындағы діннің орнын, салық түрлерін, жалпы тұрмыс жағдайын реттеуге бағытталған.

Тәуке хан Қазақ хандығының ішкі мәселелерін шешіп қана қоймай, сыртқы саясатында да көрші елдермен бейбіт байланыс жасай отырып, экономикалық қарым-қатынас орнатады. Соның ішінде, Ресей елімен ұзақ уақытқа үзілген мәмлегерлік және сауда байланысын жаңартты. Тәуке хан сонымен қатар, Бұхар, Хиуа хандықтарымен бейбіт қарым-қатынасты сақтауды да естен шығармаған.

«Жеті Жарғы» бойынша, жоғарғы билік ханның қолында шоғырлануға тиіс болды. Заңдардың жекелеген баптарына қарағанда, хан жоғарғы судья болған, ол қылмысы және теріс қылықтары үшін соттап, жазаға тартқан, шағымдарды қараған, салық салу тәртібін белгілеген. «Жеті Жарғы» тармақтарының бірінде сұлтандар мен ру-тайпа ақсақалдары арқылы хандықты басқару тәртібі нақтылана түскен: «Халық істері туралы пікірлесу үшін ханның өзі, сондай-ақ барлық сұлтандар, рулардың ақсақалдары мен билеушілері қазақ даласының ортасындағы бір жерге күз кезінде жиналатын болсын». Бұл орайда олардың бәрі де «халық жиналысына» қару-жарағымен келуге тиіс болады.

Тәуке хан «Ережесінің» жалпы бағыты - қазақтың феодалдық жоғары тобының артықшылық жағдайларын, оның саяси үстемдігін қорғау, феодалдық меншікті және патриархаттық әулетте үстем болған тәртіптерді қорғау, мұсылман дінін қолдау.

«Жеті Жарғыны» жасауға барлық қақа жүздері өкілдерінің қатысуына қарағанда, онда тұжырымдалған құқықтық нормалар жиынтығы бүкіл Қазақ хандығы шегінде қолданылған деп қорытынды жасауға болады.

Қорыта келгенде, Әз Тәуке хан кезінде Қазақ мемлекетінің бүкіл тыныс -тіршілігі бүгінгі айтып жүрген құқықтық мемлекеттің басты белгісі - заңға бағындырылғаны байқалады. Осы тұста мемлекеттік институттар: хан кеңесі мен билер кеңесі ел басқару жүйесін қалыптастырып, жоғары басқару тізгіндерін өз қолында тең ұстаған. Ел басқару жүйелері мен қоғамдық тәртіптің негіздері заңдастырылып, олар құқықтық жолмен жүзеге асырылатын болған. Сонымен қатар, «Жеті Жарғыдан» қазақ қоғамына дендеп ене бастаған шариғат заңдары да көрініс тапқан. Бабаларымыз мұсылман дінінің қағидаларын халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан әдет-ғұрыптарымен шебер үйлестіріп, қылмыстық, отбасы және неке туралы баптарды да негізгі заңмен ұштастыра білген. Бұл ұлы бабаларымыздың парасаттылығының, көрегенділігінің айнасы іспетті. «Жеті Жарғы» қазақ халқының бүгінгі болмысымен де сабақтасып жатыр.

«Жеті атасын білмейтін ер-жетесіз, жеті ғасыр тарихын білмейтін ел- жетесіз» деп атам қазақ бекер айтпаған. Біз ата тарихын саралап, тарих қойнауын аралап, ұлыларымызды даралаудамыз. Ондағы мақсатымыз - ұлыларды зерттеп, олардың мол мұрасын кейінгі келер ұрпаққа аманат ету.

Әдебиеттер

1.Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін) бес томдық. ІІ-том. Алматы,1998.

2.Қазақстан .Ұлттық энциклопедия. Алматы,2001.

3.Жетісу. 21 шілде.2007 жыл .

4.Ана тілі. 2006 жыл 11 қараша.

5.Қазақ тарихы.2005 жыл.№ 1.

6.Қазақ тарихы. 2007 жыл.№ 6.
Түйіндеме

Бұл мақалада ХҮІІ ғасырдың аяғы ХҮІІІ ғасырдың басындағы Тәуке ханның билігі кезіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясаты, «Жеті Жарғы» заңының негізгі тармақтары туралы жазылған.


Резюме

В данной статье рассматриваются свод законов «Жеті Жарғы» при правлении Тауке хана.




Каталог: attachments
attachments -> Формирование профессиональных умений и навыков
attachments -> ҚазақТҰтынуодағЫ
attachments -> История финансовой науки и ее развитие в России
attachments -> Актуальные проблемы международных отношений
attachments -> Ұлы баба есімі дәріптелді  Жаңа кітап баспадан шықты  Кітап тұсаукесеріне әзірлік
attachments -> Биография великого инструмента
attachments -> Урок музыкальной литературы в 5-м классе. Тема урока: И. С. Бах. Органное творчество
attachments -> «Найрозумніший» 8 клас І тур
attachments -> Қазақ мемлекеттік қыздар
attachments -> Програма за развитие на читалищната дейност в община пещера за 2016 година


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет