Қазақ мемлекеттік қыздар



бет10/20
Дата05.11.2016
өлшемі4,28 Mb.
#400
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20

Литературы


1. Евсюков В.В., Комиссаров С.А. Колесницы на земле и в небесах. М. 1985. Вып. 14.

2. Кузьмина Е.Е. Древнейшая фигурка верблюда из Оренбургской области и проблеме доместикации бактрианов // Советская археология. 1963.№ 2.

3. Погребова М.Н. Иран и Закавказье в раннем железном веке. М., 1977.

4. Мифы народов мира. М., 1984.

5. Байпаков К.М., Марьяшев А.Н. Петроглифы в горах Кульжабасы. Алматы, 2004.

6. Библейская энциклопедия. Т.1. М., 1991.


Резюме

В статье на основе археологических, наскальных и письменных источников рассматривается генезис происхождения колесного транспорта на территории Евразии. Прослеживается его эволюция, включая различные его составные части. Это же касается транспорта кочевого населения Великой степи: двуколесной и телеги на четырех больших колесах.


Түйіндеме

Мақалада Еуразия аумағында доңғалақты транспорттың қалыптасу мен даму тарихы археологиялық, жартасты және жазба деректері негізінде зерттеле отырып, ондағы екі және төрт доңғалақты арбалар тарихы қарастырылған.




ӘБУБӘКІР ДИВАЕВТЫҢ ҚАЗАҚТЫҢ ДӘСТҮРЛІ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ ЖАЗБАЛАРЫ
Басшыбаева А.- аға оқытушы.(Алматы қ., ҚазмемқызПУ)
Фолклорист, этнограф, филолог, профессор Ә. Диваевтың өзінің қызмет еткен жылдарында 120-ға жуық еңбектер жариялаған, ұлты башқұрт болса да, қазақ және орыс тілдерін өте жетік білуі нәтижесінде қазақтар арасында болып, қазақ рәсімін, тұрмысын, тілін, әдебиетін терең меңгерген.

Әбубәкір Диваев ғылыми ізденістерінің алғашқы жемістерін «Туркестанские ведомости» газетінде (1870-1917 жж) (бұдан әрі - «ТВ») және Н.И.Гродеков еңбегінде жариялаған /1/.1915 жылы Ә.Диваевтың ғылыми қызметінің 25 жылдығына ТВ газеті құттықтау мақала жариялап, «Ә.Диваев жариялаған материалдар газет беттеріндегі этнографиялық мұралардың діңгегі», деп әділ бағасын алды /2/.

«Алаш» зиялылары да Диваевтың ғылыми еңбектеріне өзінің көзі тірісінде-ақ әділ бағасын беріп, өз пікірлерін «Қазақ» газетінде жария етті. Міржақып Дулатов Ә.Диваев еңбектерін 5 топқа топтастырып, яғни ертегі-хикаялар, мысалдыр, тарихи жазбалар, жұмбақтар, мақалдар деп жүйелейді. М.Дулатов өз жүйелеуін қазақ ауыз әдебиетінің жанрлық тұрғыдан топтастырудың бір үлгісі ретінде ұсынды. Ал, Мұстафа Шоқай болса, «біздің қазақ халқын шын көңілімен жақсы көріп, қолынан келген қадірінше қалам өнерімен қызмет қылғандардың алдыңғы қатарында Әбубәкір Диваевтың аты аталса керек. Бұл кісінің бізге қанша пайда келтіргенін айтып шығып болмайды. Бұл жазып отырғанымыз, жұртымыздың дос адамына орны келген жерде сәлем беріп өтейік деген. ...Әбубәкір ағайға шын көңілімізбен рахмет, оқу, міндетті борышымыз деп білеміз», - деген /3/.

Диваев этнографиялық деректерді Шымкент, Перовск уездерінде болған сапарларында Пірмұхамед Тойтанов, Еркінбек Ақынбеков, Әли Мақтыбаев, Көбей Тоқболатовтардың айтуы бойынша жазып алған. Біз бұл мақаламызда Ә.Диваевтың қазақтаың мал шауашылығына қатысты жазба деректерінің негізгі деніне ғана тоқталғалы отырмыз.

Мал шаруашылығын ұйымдастыру шараларын саралауға маңызды дерек болар мәліметті кезінде белгілі этнограф Ә.Диваев Сырдария облысы, Перовск уезі, Жаңақорған болысында болған сапарында Абдулла Ниязовтан жазып алып, «Из области скотоводческого хозяйства» атты мақаламен «Туркестанские ведомости» және «Туркестанские сборник» беттерінде жариялаған. Абдолла Ниязов «дала шаруашылығына қажетті малы болса ғана қазақ бақытты болады», - деген /4/. Ол, түйе, жылқы, сиыр, қой мен ешкінің жасына қарай атауларын келесідей жіпке тізіп берген:

... Жылқы қазақтың мал шаруашылығында ерекше орын алады. Үлкен құлынды биені қазақтар боз бие, ал құлынсыз биені қысырақ деп атайды. Үлкен еркек жылқы айғыр, ал жасы сәурік деп аталады. Піштірілгендерін ат және ақта дейді. Айғырды төрт жаста піштіреді. Айғырлар биемен сәуірден бастап 15 шілдеге дейін шағылысады. Биелер қашырылғасын он екі айдан соң құлындайды. Жаңа туған құлынды тұқымына қарай, арғымақ құлын, қарабайыр құлын және қазақы құлын деп атайды. Бір жасқа жеткенде (тай жасында) құлынды бас білдіріп, міне бастайды, ал төрт жасқа қарай (дөнен жасында) ол шағылысуға жарамды болады. Бие алты ай бойы сауылады. Оның сүті тайдың жалы мен құйрығын күзейді, ал құнанның үшінші көктемнен бастап, жалын ғана күзейді. Буаз емес биелердің жалы мен құйрығын күзейді…

Қашып кеткен үлкен сиыр буаз сиыр, қашпағаны қысыр сиыр, ал ересек ұрғашы бұзау екі жасынан піштіріледі. Бұқаның қаштыратын кезеңі маусымнан бастап, тамызға дейін созылады. Бір бұқа сегіз сиырға дейін қашырады. Сиыр қашып кеткеннен кейін он айдан соң бұзаулайды. Үш жасында бұқаны мініске, сол сияқты ауыр жүк артуға үйретеді. Бұқа қашыруға екі жасында, қашар бір жасар жасында жарамды болады. Сиыр сегіз ай бойына сауылады.

Қой түлігінің қазақ шаруашылығында маңызы мейілінше жоғары болды. Үлкен ұрғашы қойдың қашып кеткені буаз саулық, жасы буаз тұсақ, қысыры тоқты деп аталады. Қошқар 50 саулыққа дейін қашырады. Піштірілгендері жасына қарай азбан және ісек деп аталады. Тамыз айында қошқардың қарнына оның ұрғашысымен мезгілінен бұрын шағылыспауы үшін киіз күйекті байлап қояды. Күйекті қарашада алады. Саулықтар қашырылғаннан кейін бес ай және бес күнде қозылайды да, үш ай бойы сауылады. Еркек қозылар алты айдан кейін қашыруға жарамды, ал ұрғашы қозылар осы жаста – ақ буаз болуы мүмкін. Сәуірден шілдеге дейін қойдың шілдеге дейін қойдың жабағысын, ал қыркүйекте күзем жүнін алады. Еркек қозыларды үш айлығында тарттырып жібереді. Қой тіршілігінің шегі 12 жаспен шектеледі. Бес жастан асқасын қой қартая бастайды.

Буаз ешкінің үлкені буаз ешкі, жасы буаз туша, қысыры ту ешкі деп аталады. Еркегінің үлкенін теке, ал жасын лақ теке дейді. Текесі 30-ға дейін ешкіні қашырады. Піштірілген еркегін серке деп те атайды. Ешкілердің буаз болуы уақыты 5 ай және 5 күнге созылады. Ешкі бес ай сауылады. Ешкінің жүні жылына бір рет, сәуірде күзеледі. Еркек ешкілер қоймен бірдей жаста піштіріледі. Ешкі тіршілігінің ұзақтығы 12 жасқа дейін созылады…». Ә.Диваевтың бұл мақаласында төрт түлік малдың жайылымы, олардың жем-шөбіне дейін, тіпті дене мүшелерінің атауы,мал тісінің саны, малдың қоңдылығы, мал жасы, олардың күтіміне дейін егжей тегжейлі жазылған.

Ә.Диваев қазақтың мал шаруашылығына қатысты маңызды дерек болатын қазақтардың төрт түлік малдарын ұрықтандыру, шағылыстыру үрдісін жүргізу, ұйымдастыру тәсілін де зерттеп, нәтижесін алғаш рет араб әріпімен, орыс тілінде “Туркестанский сборник” жинағының 567 томына ендірген. Ә.Диваевтың бұл жазбасында қазақтардың қой саулығын ұрықтандыру шаралары, оған қатысты ырымдар мен ғұрыптарды баяндаған.

Ә.Диваевтың бұл мақаласының қазақ халқының тарихи-этнографиясы үшін маңыздылығы ерекше құнды. Қазақтардың мал шаруашылығында ұрықтандыруды ұйымдастыруымен қатар, оның нәтижесін бақылауы, ұрықтандыруға қатысты ғұрыптардың орындалуы, бұлардың бәрі мал қамы үшін жасалды. Себебі қазақтардың тіршілік қамы жүйе мал шаруашылығымен тікелей байланысты болды.

Орындалатын бәдік әнінің үлгісін Шымкент уезі Ақтас болыстығының молдасы Әли Мақтыбаевтан жазып алған. Ауырған малды алдын ала дайындылған жерге жатқызып, ауыл жастары жиналып қыз жігіттер бір-біріне қарама-қарсы тұрып бәдік әнін айтады. Ә.Диваевтің атап көрсетуінше бәдік тазқотыр, сыздауық, безгек сияқты адам ауруларына қарсы қолданылған; бәдік тентек, айналма сықылды мал ауруларына қарсы қолданылған; бәдік айту улы жәндік шаққанда уын қайтаруға себін тигізеді деп есептеген.

“…Көш, бәдік, көш, батпақты апанға көш,

биеден тумаған құлынға көш.

Таппасаң онан жайлау мен айтайын:

жігіті ұрын келмейтін қалындыққа көш,

сарқырап аққан дарияға көш,

өлген бұқаның етіне көш,

сазарған қыздың бетіне көш.

Қайда тығыларыңды білмесең мен айтайын:

биік таудың шыңына көш,

гүл ашпаған тау етегіне көш,

тойған атқа мінетін батырға көш.

Одан жайлау таппасаң мен айтайын:

әлің келсе, құс қыраны бүркітке көш,

ақсуда жүзген аққуға көш,

көп сөйлейтін сартқа көш,

ауыздығымен алысқан атқа көш…!”, - деген сияқты бәдік үлгілері берілген /5/.

Ә. Диваев жариялаған «Пастухи» атты мақаласында жылқышы мен қойшының киімдері: «…Қойшының конус тәрізді бас киімі малақай немесе тымақ деп аталады, үстіне киіз шапан сеңсең киеді, аяғында киіз кебіс, көктемдік киімі ұзын қозы терісінен тігілген сеңсең, етігі – қой терісінен тігілген өкшесіз мырзашоқай. Жылқышының етігі былғарыдан тігілген, қыста тамақ, кұн жылыда жүн қалпақ киеді», - деп суреттеледі Одан әрі Ә.Диваев быламық сияқты малшылардың тағамына, оның жасалу жолына сипаттама береді. Кең даланың төсінде мал бағуды кәсіп еткен қазақтың ғасырлар бойына қалыптасқан тәжірибесінде малдың «тілін» түсініп, олармен «сөйлесе» білу қабілетін де көрсетеді. Ә.Диваев жариялаған қой мен қойшының арасындағы айтыс өлеңнің нұсқасы – осының айғағы /6/.

Қазақтың мал шаруашылығына қатысты түрлі наным-сенімдері мен ырымдарын зерттеп, алғашқылардың бірі болып қағаз бетіне түсірген де этнограф-ғалым Ә.Диваев болды. Қазақ ырымшыл халық. Ә.Диваевтың айтуынша, қойшы ырысым кетіп қалады, қойларым арып кетеді деп, шомылмайды. Қойларыма қасқыр шауып кетер деп өрісте тырнақ алмайды, қойдың көзіне ақ түспесін деп таяғын сүргілемейді. Қой сауатын ыдысқа қойдың сүті кетіп қалады деп сызық түсірмеуге тырысады. Қойлар ауырса біреуін сойып, етін асып, асқан етті түгелдей қапқа салып, аурудың бәрі осымен кетсін деп жолға көмеді. Кейде жерге шұңқыр қазып, қойды бүтіндей төрт аяғын аспанға қаратып көмген. Қойшының әйелі ауруды үркіту, қуалау мақсатымен таңертең ерте тұрып, дамбалын қолына алып бұлғап, қойларды аралайды /7/. Бұл ырымдардың қолданыс аясынан шығып қалуы себепті, Диваевтың бұл жазбасының байырғы қазақтардың малға қатысты тіршілік болмысын нақтылауда маңызы ерекше зор.

Енді Ә. Диваевтың Перовск уезінің қазағы Мақан Шықтыбаевтан жазып алған ырымдарын бір ізге жинақтап көрейік: «Егер жолушыға жол бойында танауымен оған қарап тұрған аттың немесе түйенің басы жатса, бұл жақсы белгі, ал егер керісінше болса, онда жолы болмайды; Ауқатты қазақтар түнде мал санамайды және ең жақын туыстары мен таныстары болса да ешкімге бермейді; Атты сыйлағанда немесе сатқанда, ноқта жүген берілмейді; Мал айдап бара жатқан адамды көрсе, кездескендер: «айдар көбейсін , - дейді, ал малшыға «бағар көбейсін, - деген тілек білдіреді; Құрықты тік ұстаған, яғни ұшын аспанға көтерген жақсы емес, ілмегін қолға іліп, сырық жерге сүйретіліп жүретіндей етіп ұстау керек. Бұл сақтық мына жағдайда керек: жұртқыш аң шабуыл жасаған кезде қазаққа ұмтылады және құрықпен қаруланғанда малды ғана аңдиды; Қыстаудан жайлауға алғаш рет көшкен кезде бірінші күні қыстаудың маңына, жол бойына аялдайды. Одан соң әрі қарай қозғалғанда жолдың екі жағынан үлкен екі от жағады, содан кейін оттың арасына жүк тиелген түйелерді қос-қостан өткізеді. Бұл қаскүнем рухтар мен жын-шайтаннан сақтану үшін жасалады, өйткені олар көшті аңди алмай, отта қалып қояды; Малдың бірінші сауымынан алынған майды қазақтар асқа қолданбайды – онымен жақтау, табалдырықтың жоғарғы бөлігін, киіз үйдің сол жағын жауып тұрған киізді майлайды; Бие сауатын тері ыдысты төңкермейді және түбірге таяқпен немесе қолмен ұруға тиым салынады; Асқа немесе тойға толтырып қымыз әкелген сабаны біржола сарқып босатпайды, түбінде міндетті түрде бір ожау болса да қымыз қалуы керек». Түркістан бөлімі, Ноғайқара болысының қазағы Еркімбек Әлімбекұлының айтуы бойынша: «Қой қоздап жатқанда малды сыйламайды және сатпайды; Түйені екі қолды арқаңа қойып, жетекке алу керек, таяқпен ұруға болмайды; Ат құйрығын кеспейді. Себебі, адам өлгенде ат талдап, құйрығын кеседі; Аттың басынан ұрмайды» /8/. Мал басын санамау, ақ құйылған ыдысты бос қайтармау, алғашқы сауымнан әр түрлі ырымдар жасау, қазірде де кең таралған ырым.

Ә.Диваевтың жазбаларынан байырғы қазақтардың жол жүргендегі ырым, наным-сенімдері де малмен байланысты екендігіне көз жеткізуге болады. Жолға шыққанда қазақтардың көлігі ат болған. «Қандай адам атқа мініп далада жүргенде аты тышса, есінесе жақсылыққа жорып жолым болады деген; Ат есінегенде ат иесі аттың жалын ұстап, қолымен бетін сипат тауап қылуы керек; Жолда жүріп бара жатқанда ат сүрінсе, олжа басты деген; Жол жүріп бара жатқанда біреуінің аты сисе, қалған жолаушылар аттың басын тартып қарап тұрған, егер де ат сигенде қарамай кете берген адамды жолдастыққа жарамады деген; Мал табының алдынан немесе қой табынының арасын бойлай өтуге болмайды, өйткені олар жайылып жүрген жерде Қызыр пайғамбар болады» /9/.

Сонымен жоғарыда келтірілген мақалалардың тек деректік қана емес, тарихнамалық-танымдық маңыздылығы да жоғары, олардың тек дәстүрлі шаруашылық қана емес, қазақтың дәстүрлі этникалық мәдениетін зерттеудегі ғылыми танымдығы да уақыт өткен сайын арта түсетіндігі айқын. Ал, осы материалдардағы келтірілген ғұрыптардың кейбірі жойылғанымен, кейбірі әлі күнге дейін ауылдық жердегі қазақтар арасында сақталып қалып отыр. Ә.Диваевтың жазған дүниелері әлі бүгінге дейін өзінің танымдық құндылығын жойған жоқ. .
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Гродеков Н.И. Киргизы и каракиргизы Сырь-даринской области. Том 1. Юридический быт. Ташкент. 1889.

2. Тимаев К.А. О научно-литературной деятельности А.А.Диваева // Туркестанские ведомости. 1915. № 249. С. 3.

3. Әбубәкір Ахметжанұлы Диваев // Қазақ. 1915. № 158.; Мұстафа Шоқаев. Әбубәкір Диваев // Қазақ. 1915. №158.

4.Диваев А. Из области скотоводческого хозяйства // Туркестанский сборник. Т.440. Ташкент. 1907. 83 б; Диваев А. Из области скотоводческого хозяйства // Туркестанские ведомости. 1904. №102.

5. Диваев А. Киргизские болезни лечение их способом пення бедик // Туркестанские ведомости, 1906. №59

6. Диваев А. Пастухи // Туркестанские ведомости. 1905. №4 .С. 14

7. Сонда

8. Диваев Ә. Қазақ ырымдары // Тарту. – Алматы, 1992. 161, 165-168 бб.

9. Диваев Ә. Жол жүргендегі ырымдар // Тарту. Алматы, 1992.163 б.
ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада этнограф-ғалым Ә.Диваевтың қазақтың дәстүрлі мал шаруашылығына қатысты зерттеулерін, Ә.Диваевтың Сырдария экспедициясы кезінде информаторлардан жазып алған деректерін қарастырған, сондай-ақ қазақтардың мал шаруашылығына қатысты наным-сенімдері берілген.
РЕЗЮМЕ
В статье рассматриваются иcследование ученого этнографа А.Диваева касающихся традиционного животноводческого хозяйства казахов, автор дают описание записам А.Диваева собраных от информаторов во время Сырдаринского экспедиций, а также описываются приметы и поверья казахов связанные с животноводством.

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ БАЛА ӨСІРУ ҒҰРПЫ
Бекенова Г. М.-оқытушы (Алматы қ., № 169 орта мектеп )
Сәбидің дүниеге келуі қай кезеңде болсын ата-ананың, туған-туыстардың ерекше назарында болады. Осы мақсатқа негізделген салт-дәстүрлердің негізі мен мәні Қазақстан және Орта Азия республикаларында бірегей негізі мен мәні өткен дәуірлерде, сонымен қатар осы таңда да тұрмысымыздан сырт қалған емес. Аздаған аймақтың ерекшеленіп, трансформацияға ұшырауына байланысты және бет-келбеті өзгере келе бұл салт-дәстүр біздің күндерімізге де жетті. Бұл салт-дәстүрлердің кейбір көріністері- мұсылмандыққа дейінгі дәуірдің, сирек мұсылман дәуірінің салты, сенімі. Сонымен қатар, баланың дұрыс өсіп- дамуына бағытталған /1,86-100;2,б.38-43; 3,б.65-70;4,б.78-138; 5, б.189-205; 6,б.71-83; 7,б.58-95/.

Бұрын, салт бойынша әйелді үйде босандыратын, егде әйелге кіндік кесу құрметі жүктелетін. Осы құрметті қызмет оны осы отбасымен ұзақ жылдарға жақындастыратын. Жас нәрестеге екінші ана ретінде «кіндік шеше» болып табылатын және осы жайында нәрестеге өскен соң айтылып отырған.

Нәресте дүниеге келгеннен кейін «шілдехана» тойы тойланады. Ал бұған дейін ана мен нәрестені бір-екі әйел көзден таса етпей, қасында болады, көмектеседі. Жаңа туған нәресте мен анасын жын-шайтандардан қорғау мақсатында.

Осы сияқты сенім-нанымдар Орта Азия халықтарының көбінде кездеседі. Шілдехана мерекесінде арнайы дастархан жайылып, қалжамал сойылып (әдетте қой сойылады) өткізіледі. Қалжаның етінен алдымен нәрестелі болған әйелге ауыз тигізеді, сосын қалған жиналған әйелдер мойын етін пышақсыз қолмен үзіп жейді. Мойын омыртқаны таза мүжіп, ортасына қамыс жүргізіп үй керегесіне іліп қойған. Бұл нәрестенің мойны тез қатып кетсін деген халықтың сенімінен туған. Қазіргі таңда бұл рәсім ана мен нәресте перзентханадан шыққан соң ғана ритуалдық мағынасын жойып, тек жастардың ғана бас қосуы болып кетті. Кейбір жас отбасылар туған жерлерінен алыстап кеткен жағдайда ана мен нәрестеге көмекке апасын немесе жақын туыстарын шақыртады. Нәресте дүниеге келгеннен кейін үш күн өткен соң «шілде су» рәсімі өтеді. Бұл үшін кішігірім тегешке су құйылып, оған күміс немесе ақ тиын салынады. Сол арадағы қыз-келіншектердің бірі саусағын суға салып, онымен нәрестенің тек көзін, қолтығын сүртеді. Бұл тек гигиеналық мақсатқа емес және де шынықтыру үшін жасалынады. Басқа қыз-келіншектер тек нәрестеге қолын тигізіп, ізгі тілектерін айтады. Қалған күміс және ақ тиындарды естелікке алады. Нәресте дүниеге келгеннен соң бір апта мен бір ай мерзімнің ішінде оны бесікке бөлейді. Осыған орай бесік той өткізіледі. Баланы бесікке бөлеуді сыйлы, денсаулығы мықты, көпбалалы әйелге тапсырады. Нәрестеге сол кісінің жақсы қасиеттері берілсін деген мақсатпен. Бесіктің керек-жарақтарын жас ана өзі әзірлейді. Қазақтарда бесікті 7 затпен жабу ырымы бар. Әр заттың өз мәні бар. Бесікпен байланысты көптеген сақтау шаралары, ырымдары бар. Мысалы, бесіктегі нәресте қорқып қалмауы үшін бесіктің қолмен ұстайтын жерін ыстық көсеумен күйдірген. Көз тимеу үшін бесікті тұзбен аластаған. Дұрыс түзге отыруы үшін бесіктің арнайы тесігіне тәттілерді, кәмпиттерді тастайтын, жастығының астына қорғау ретінде пышақ, қайшы, тарақ, айна және тағы басқаларды салған.

Белгілісі- бұрын «көз тию» және «тіл тиюге» қарсы нәрестеге бесікке бөленген шағында және одан кейін әр-түрлі тұмар қолданылатын, олар көк моншақ және қара моншақтар, жылан бас, үкінің қауырсыны, т.б. Олар нәрестенің киіміне, бас киіміне тігіледі немесе бесікке ілінеді.

Қазіргі кезде бесік тойды негізінен моноэтикалық аудандарда өткізеді (ауылды жерлер). Ал полиэтникалық аудандарда (қалалы жерлер) орыс халқының үрдісінде нәрестені төсекке немесе арбаға салады.

Бесік негізінен көпбалалы отбасыларда сақталған. Келесі нәресте өміріндегі ырым-қырқынан шығару.

Ол нәрестенің өмірінің қырқыншы күні өткізіледі. Сенім бойынша нәресте өз басын ұстай алатын шақ- ол, негізінен, жын-шайтандардың ықпалынан шыққан кез. Бұл күні жиналған қыз-келіншектер нәрестені тегешке шомылдырады. Егер нәресте ұл бала болса, тегешке қырық асық немесе қойдың құрғақ 40 құмалағын, қыз болса қырық күміс тиын, сақина, жүзік салады. Құрғақ қырық құмалақтың қолданылу себебі, біріншіден, халық сенімі бойынша құмалақта қасиетті шөп бар, екіншіден қой аса бағалы және пайдалы мал болып саналған. Сосын жиналған қауым қырық қасық суды санап құйып, арасындағы сыйлы әйел нәрестенің тырнағын алады, келесісі шашын алады, барлығын жинайды, тырнақтар жерге көміледі, ал алынған шаш шүберекке түйіліп, көзден таса жерде сақталынады, мұны парциальдық магия деп түсіндіруге болады. /8. 255б/ Қалған суды құмалақтармен қораға төгеді, қазақтардың сенімі бойынша бұл- байлық, малдың көбеюіне әкеледі. Тек осы ырымнан кейін ғана нәрестені құшақтап сүйіп, ал басқа мәліметтер бойынша күйеуі әйеліне жақындайды.

Нәресте алғашқы тәй-тәй басқан кезінде ата-анасы «тұсау кесу» рәсімін жасайды. Бұл ырым Орта Азия, Алтай елдерінде де жиі кездеседі /4,б.130-131; 9,б.156; 10, б.88; 8,б.172/ . Қой жүнінен өрілген ала жіп нәрестенің аяғына тағылып, оны шапшаң қимылдайтын пысық әйел кеседі. Нәресте сол адамның шапшаңдығын қабылдап алсын деген ниетпен. Тұсауы кесілмеген бала көп шалынып, өмірде тұрақсыз болады деп есептелген.

«Тұсау кесу» үлкен дастархан жаюмен жалғасады. Бұл ырымның өткізілуі өткен ырымдар сияқты нәресте өмірінің бір белесі болып табылады. Оған жиналған көпшілік, әдетте, «қырқынан шығу», «тұсау кесу» т.б. Сыйлықтар, нәресте киімі, ойыншық, шүберек алып келеді. Қайтарда оларды да құр-қол шығармайды. Осындай жақсылыққа жет, балаларыңның, немерелеріңнің қуанышын көр деп, сый-сияпат береді.

Нәрестені сүндетке отырғызу ырымы да кең етек жайған. Мұсылмандықты ұстанған қазақтар үшін, бұл мұсылман болуды, ислам дінінің шарты ретінде, ал құдайға сенбейтіндерге тек халықтық ырым ретінде, сирек гигиеналық мақсатта болып қабылданады. Өткен жылдармен салыстырғанда қазіргі таңда баланы сүндетке отырғызу үшін көбіне дәрігерлер шақырылады. Сирек жағдайда молдаға келеді. Егер сүндет жасайтын молда табылып жатса, ол жастары 5,7,9-ға келген бірнеше балаға сүндет жасайды. Бала сүндеттелгеннен кейін осыған орай «сүндет той» өткізіледі. Бірақ бұл той Оңтүстік Қазақстан немесе кейбір Орта Азия халықтарындай емес, қарапайымдау өткізіледі./11,б.218; 12,б.75-76; 13,б.53/.

Ақтөбе облысында орыс, украин халықтарының арасында нәрестелі болу көптеген ырым-шаралармен белгілі- нәрестені шоқындыру, ат қою, ритуалды шаш қию, алғашқы тіс шығу, бір жасқа толу т.б. жанұялық-тұрмыстық ырымдармен өтеді. Жанұяда нәрестелі болудың жаңа ырымдары көптеп қосылып жатыр. Олардың ішінде танымалдары- нәрестенің туу туралы куәлігін салтанатты түрде табыстау, нәрестеге ат қою. Туу туралы куәлік берілу- ол нәрестенің әлеуметтік туылуы, өз елінің азаматы болып табылады. Жас ата-аналарға нәрестенің тууы туралы куәлігімен бірге тілектер мен ақыл-кеңес беретін хаттамалар табыс етіледі. Жас ата-аналар осы күні білікті дәрігерлерден ақыл-кеңес алады. Аналар үшін дәрі-дәрмек, нәрестеге керекті киім-кешек, нәрестені қарауға арналған әдебиет жәрмеңкелері жиі ұйымдастырылады. Сонымен қатар, қазіргі кезде жанұяның нәресте өсіру циклында кең етек жайған шаралар- баланың жасқа толуын атап өту, мектепке бару, кәмелеттік жасқа толуы, паспорт алуы, әскерге шығарып салу, осы шаралар кейбір жанұя ішінде ғана емес, қоғамдық шараға ұласып жатады.

Сонымен, салт, бала өсіру ырымдары, жанұялық тұрмыс-тіршілікте ұсталынып жүр. Ол бүкіл республика көлемінде бірыңғай типті, бірақ мысалға келтірілген салт-дәстүрлердің циклы бұрынғы кездегіден өзінің мән-мағынасын жоғалтып алған. Бұған себеп магиялық сенімнің біртіндеп жоғалуы, нәрестелердің перзентханаларда туылуы, мемлекет тарапынан ана мен балаға көрсетілетін қамқорлық күшеюінен ж.т.б.

Сонымен қатар, жаңа азаматтық салт-дәстүр қалыптасып келе жатыр. Жаңа азаматтың өз социалдық тұрғысына байланысты. Егер дәстүрлі салт-дәстүр жанұялық-тұрмыстық ортада сақталса, жаңа дәстүрлер одан тысқары жерде, мектепте, өндірісте, қоғамдық мекемелерде белең алады. Инновацияның ескі салт-дәстүрге қарағанда салмағының артуы- жас жеткіншектердің ерте есеюіне, олардың азаматтық статусқа қол жеткізуіне, жаңа әлеуметтік жағдайға байланысты. Жанұялық-тұрмыстық ортада да дәстүрлі бала өсіру салт-дәстүрі өзгеруге ұшырап отыр. Әйткенмен де, инновациялану әртүрлі этникалық орталарда синхронды және бұрмалаулы түрде еніп отыр.


ӘДЕБИЕТТЕР

1 Арғынбаев X.А. Қазақ халқындағы семья мен неке (Тарихи-этнографиялық шолу). Алматы, 1973.

2. Толеубаев А.Т. Пережитки магии в традиционной детской обрядности казахов в начале XX в. // Известия АН КазССР. Серия общественных наук. 978. № 1.

3. Кульсариева С.П. Традиционная родильная обрядность казахов второй половины XX в. на материалах Кзыл-Ординской и Алма-Атинской областей Казахской ССР) // Известия АН КазССР. Серия общественных наук. 1987.№ 2.

4. Абрамзон С.М. Рождение и детство киргизского ребенка // Сборник МАЭ АН СССР. М.-Л., 1949. Т. XII.

5.Фирштейн Л.А. О некоторых обычаях и поверьях, связанных с рождением и воспитанием ребенка у узбеков Южного Хорезма // Семья и семейные обряды у народов Средней Азии и Казахстана. М., 1978.

6. Союнова А. Колыбель в обрядах и верованиях туркмен // Материалы по исторической этнографии туркмен. Сборник статей. Ашхабад, 1987.

7. Рахимов P.P. Рождение и воспитание ребенка // Таджики Каратегина и Дарваза. Душанбе, 1976. Вып. 3.

8. Фрэзер Д. Д. Золотая ветвь: Исследование магии и религии. Изд.2-е.М., 1986.

9. Есбергенов X., Атамуратов Т. Традиции и их преобразование в городском быту карм калпаков. Нукус, 1975.

10. Ниязклычев К. Обычаи и обряды, связанные с рождением детей у туркмен-човдуров в конце XIX - начале XX вв. // Известия АН ТуркмССР. Серия общественных наук. 1969. Вып. 6.

11. Дьяконова В.П. Детство в традиционной культуре тувинцев и теленгитов //Традиционное воспитание у народов Сибири. Сборник статей. Л., 1988.

12. Баялиева Т. Д. Религиозные пережитки у киргизов и их преодоление. Фрунзе, 1984.

13. Мардонова А. Инновации в семейном быту таджиков Гиссарской долины // Известия АН ТаджССР. Серия вост., история, филология. 1986. № 4.

ТҮЙІНДЕМЕ

Мақалада Ақтөбе обылысы қазақтарының сәбилі болған кезіндегі салт-дәстүрлері қарастырылған.


Резюме

В статье рассматривается семейная обрядность казахов Актюбинской области, связанная с младенчеством



Жамбыл облысының Меркі ауданындағы мектептерде Қазақ тілінің қолданылуы аясы
Досымова М.К. – оқытушы. (Алматы қ., ҚазмемқызПУ)
Егеменді мемлекет атанғанымызға 20 жыл толса да қазақ тілінің жағдайы нашар халде. «Қазақ СССР-нің Тіл туралы Заңы» 1989 жылы 22 қыркүйегінде дүниеге келді. Ол 2000 жылға дейінгі кезеңді қамтыды. Егемендігімізді алғаннан кейін де, қазақ тілінің дамуына көптеген шаралар жасалды. Атап айтар болсақ, 1997 жылы «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заң қабылданған сәттен бері және Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 5 қазандағы № 4106 Жарлығымен бекітілген Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы 1998-2000 жылдар аралығында іске асыру барысында қоғамдық өмірдің барлық негізгі салаларында тіл құрылысы процестерінің одан әрі кеңеюі мен тереңдеуі үшін алғышарттар жасалды. Ал тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы 10 жылға арналған. Бағдарламада Қазақстандағы тіл құрылысының ұзақ мерзімді келешегінің стратегиялық мақсаттары мен міндеттері айқындалып, сондай-ақ, оларды іске асырудың басты бағыттары мен тетіктері белгіленген /1, 4-5 б./.

Дегенменен, жоғарыда айтып өткеніміздей, қазақ тілінің жағдайы төмен. Бұған себеп, кеңес өкіметінің тек бір ғана тіл, ол- «орыс тілі» деп ұлттық сана - сезімді улауы. Әбден күшіне мінген кеңес өкіметі енді: «Бізде бір ғана халық–совет халқы болу керек, бір ғана тіл- орыс тілі үстемдік құру керек!» – деген бағыт ұстанды. Мұның түп-төркіні Одақ құрамындағы халақтардың өзінің ана тілінен, ділінен, ұлттық ерекшеліктерінен айыру еді. Осының нәтижесінде, қазақ тілін қолдану аясы тарыла бастады. Ұлттық бала-бақшалары мен мектептер бірте-бірте жабылып, жоғарғы оқу орындарындағы сабақтар тек орыс тілінде жүргізілді /2, 23 б./.

Тіпті, ХХ-шы ғасырдың 70-80-ші жылдарды Республика көлемінде 800-ге тарта қазақ бала-бақшалары мен мектептері әлеуметтік қажетсіз деген желеумен жабылып қалған /3, 49 б./.

Қазақ мектептері мен бала-бақшалардың жабылуы ұлты қазақ балаларының көптеп орыс мектептері мен бала-бақшаларына кетуіне себебін тигізді. Бұл құбылыс, әсірісе, өндірісті қалаларда, облыс орталықтарында, Алматыда көбірек байқалған. Қалалық жерлер мен аудан орталықтарындағы арнайы мектептер жабылған соң, қазақ тілінде жалпы білім беретін мектептер ауылдық жерлерде ғана болды.

Сонау, кеңес дәуірінің өтірік жүргізген бұрмалау саясаты салдарынан қазіргі таңда қазақ тілі тек күнделікті тұрмыстағы тілге айналып отыр. Нақтырақ айтар болсақ, Жамбыл облысы, Меркі ауданында жүргізілген этносоциологиялық зерттеулер негізінде «Мектепке барғанға дейінгі меңгерген тіліңіз қандай ?» деген сұраққа: Қазақтардың 96,9% тек қана қазақ тілінде деп жауап берсе, ал 9,5% орыс, 0,6% басқа да тілдерде деп жауап берді (1-кестені қараңыз). Ал «мектепке барғаннан кейін, қай тілде білім алдыңыз ?» деген сұраққа 85,3% қазақ және 15,9% орыс тілінде деп жауап берді (2 кестеге қараңыз).

1-кесте Жамбыл облысы, Меркі ауданы тұрғындарының мектепке барғанға дейінгі меңгерген тілдері



Этностар

мектепке барғанға дейінгі меңгерген тілдері, %

жауап берушілер

қазақша

орысша

басқа тілдерде

Қазақтар

326

96,9

9,5

0,6

Орыстар

357

2,5

98,6

0,8

Түріктер

255

24,3

40,4

69,8

2-кесте Жамбыл облысы, Меркі ауданы тұрғындарының мектепке барғаннан кейінгі білім алған тілі



Этностар

мектепке барғанға дейінгі меңгерген тілдері, %

жауап берушілер

қазақша

орысша

басқа тілдерде

Қазақтар

327

85,3

15,9

0,9

Орыстар

357

2,8

97,8

1,4

Түріктер

253

17,0

79,8

8,5

Яғни, көріп отырғанымыздай, Жамбыл облысы, Меркі ауданы тұрғындарының басым бөлігі қазақ ұлты екеніне қарамастан, қазақ отбасылары балаларының орыс мектептерінде білім алғанын қалайды.

Мәселен, Жамбыл облысы, Меркі ауданында көбінесе қазақ ұлты басымырақ, тұрғындардың көбісі қазақшаланған, соған қарамастан отбасында орысша сөйлеуге тырысады және жас отбасылары балаларын орыс мектептеріне беруде. Олар үшін қазақ тілі отбасында ғана сөйлесетін тіл болып қала бермек, ал орыс тілін қызмет бабында, достарының арасында және құжат істерімен айналысу барысында жиі қолданады. Тіпті жастардың көбі қазақша сөйлей білгенімен, қазақша ойлауға қабілеттері жетіспейді.

Қай ұлт болса да, балаларының мектепте оқитын тілін немесе болашақтағы сөйлеу, жазу тілін таңдайды.Мұны әрбір ата-ана өзінің жұмыс істейтін қызметіне, жасына, ортасына, яғни этномәдениетіне байланысты жасайды. Мысалы, жоғары және орта буындағы басшылар мен мамандардың балаларының 7,1% орыс, 92,9% қазақ тілдерінде білім алады. Ал қызметкерлердің балаларының 27,4% орыс, 77,4% қазақ, ал 0,8% басқа да тілдерде білім алады (3 кестеге қараңыз)

3-кесте Жамбыл облысы, Меркі ауданы тұрғындарының мектепке барғаннан кейінгі білім алған тілі

Әлеуметтік-кәсіптік топтар



мектепке барғанға дейінгі меңгерген тілдері, %

жауап берушілер


қазақша

орысша

басқа тілдерде

Жоғары және орта буындағы басшылар мен мамандар

14

92,2

7,1

0,0

Қызметкерлер

124

71,4

27,4

0,8

Солардың ішіндегі зиялылар

81

74,1

25,9

1,2

Маманданған жұмысшылар

71

91,5

8,5

0,0

Маманданбаған жұмысшылар

166

90,5

9,5

1,7

Жастары

18-19

16

50,0

50,0

0,0

20-24

39

66,7

33,3

0,0

25-29

38

89,5

18,4

0,0

30-39

90

90,0

11,1

0,0

40-49

70

92,9

10,0

0,0

50-59

37

83,8

16,2

0,0

60 +

37

91,9

2,7

8,1

Барлығы

327

85,3

15,9

0,9

Дегенменен, қазіргі таңда мемлекеттік тілді дамытуға көптеген жағдайлар жасалып жатыр. Мәселен, Республикамызда 2005-2006 жылдары қазақ мектептері 19% болса, ал 2008-2009 жылы 24% өсті. Аралас мектептерде де қазақ сыныптары көптеп ашылған, 2005-2006 жылдары 25%, ал 2008-2009 жылдары 32%. Осы қазақ сыныптарындағы оқушылардың саны 2006 жылы 22% , ал 2008-2009 жылдары 29% өскен. Сондай-ақ, қазақ тілінде тәрбиеленетін бала-бақшалар мен шағын орталықтар 2005 жылы 5% болса, ал 2009 жылы 24%-ға артқан. Аталған бала-бақшаларда тәрбие алып жүрген бүлдіршіндер 2005-2006 жылдары 15% құраса, ал қазіргі таңда 34%-ды құрайды.

Сонмен қатар, Алматы қаласында 243 жалпы білім беретін мектеп болса, оңың ішінде қазақ мектептері 20%-ды (44 мектеп) ғана құрайды. Қазақ мектептерінде оқитын оқушылар саны қала бойынша жалпы білім беретін мектептерде оқитын 168989 оқушының 22%-ын ғана құрайды. Ал қаладағы 154 бала-бақшаның 24-і (16%) қазақ бала-бақшасы. Солардың ішінде 28750 баланың 22%-ы қазақ бала-бақшаларында тәрбие алады /4, 45 б./. Әрине, бұл көрсеткіш қанағаттандырарлықсыз. Қазіргі жастар біртіндеп қазақ тілінің дамуына үлесін қосады деп сенеміз. Қазақ үшін қазақ тілінің орны ерекше болуы тиіс. Тіл байлығы – әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Сондықтан да әр адам өз ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануына қарсы тұруы тиіс

Қазақстан демократиялық, зайырлы мемлекет. Ата Заңында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі» деп қазақ тілі жазылған. Мемлекеттік тілді меңгеру Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы.


ӘДЕБИЕТТЕР
1.Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы // Тіл және қоғам. – 2005. – №1(3).

2.Табей К. Қайсар рухты қазақ : Қайрат Рұсқұлбеков. – Алматы, 1994. – 120 б.

3. Мемлекеттік тіл және патриотизм мәселесі // Саясат – Policy. – 2007. –№ 8.

4.Матыжанов К. Қазақ тілінің келешегі қалада десек бастауы Алматыда // Туған тіл. – 2007 – №2 (06).

ТҮЙІНДЕМЕ

Бұл мақала Жамбыл облысы, Меркі ауданында жүргізілген этносоциологиялық мәліметтер негізінде, тұғындардың мектепке барғанға дейінгі және мектепке барғаннан кейінгі қазақ тіліне деген көзқарасы анықталған.


РЕЗЮМЕ

На основе этносоциологических материалов рассматриваются проблемы казахского языка в школах Жамбулской облсти Меркенского района




Каталог: attachments
attachments -> Формирование профессиональных умений и навыков
attachments -> ҚазақТҰтынуодағЫ
attachments -> История финансовой науки и ее развитие в России
attachments -> Актуальные проблемы международных отношений
attachments -> Ұлы баба есімі дәріптелді  Жаңа кітап баспадан шықты  Кітап тұсаукесеріне әзірлік
attachments -> Биография великого инструмента
attachments -> Урок музыкальной литературы в 5-м классе. Тема урока: И. С. Бах. Органное творчество
attachments -> «Найрозумніший» 8 клас І тур
attachments -> Қазақ мемлекеттік қыздар
attachments -> Програма за развитие на читалищната дейност в община пещера за 2016 година


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет