Қазақ тіл білімі кафедрасы МӨЖ: Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі



бет1/5
Дата07.02.2022
өлшемі0,49 Mb.
#91734
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі


Әль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Филология және әлем тілдері факультеті
Қазақ тіл білімі кафедрасы

МӨЖ:
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
Орындаған: Кесикбаева А.
Қабылдаған: Әміров А.

Алматы, 2020 ж.



Бір томдық «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі».
Аталмыш сөздікте қоғамдық өмірдің әр алуан сала сында жиі пайдаланылатын, дағдылы сөздермен қатар ғылыми – көпшілік әдебиетте, мерзімді баспасөз тілінде қолданылатын терминдер мен атаулар, тұрақты тіркестер қамтылған. Сөздікте XV – XVIII ғасырлардағы әдеби тіл үлгілерінде кездесетін сөздер мен фразеологиялық тіркестер де берілді. Сондай-ақ тілдің лексикалық байлығын еселей түсуде әлеуметтік мүмкіндігі бар-ау дейтіндей жергілікті тіл ерекшеліктері, көне сөздер, кейбір сөз нұсқалары да ескерілді. Әдеби тілдің нормасына жат емес жаңа атаулар да сөздіктен елеулі орын алды. Дегенмен Сөздік қазіргі әдеби тілдің межесін бетке ұстағандықтан, сөздердің бұл аталған топтарына біршама шектеу қойылған. Сөздікті түзу барысында осы салада бұрындары орын алып келген кейбір олқылықтар мен кемістіктер жөнделген. Бұл ретте, мысалы, едәуір сөздің анықтамалары мен түсіндірмелері, стильдік мағынасы мен қолдану аясы нақтылана түсті. Әртүрлі себептермен сөздіктерге бұрын кірмей қалған сөздер енгізілді. Қоғамдық өмірде болып жатқан сан алуан жаңалықтар мен өзгерістер тілге, әсіресе оның сөздік құрамына өз әсерін тигізбей қоймайды. Қайсыбір сөздер қолданыстан ығысып, жаңаға жол береді. Кейде «ескі» мен «жаңа» жарыса, тайталаса жүреді. Лексикалық нормадағы бұндай өзгерістерді заңдастырып отыру сөздіктің негізгі міндетіне жатады. Әдетте өркениетті елдің табан тірейтін, меже ететін, өзіндік «бас» сөздігі болады.
1974–1986 жылдары жарық көрген қазақ тілінің он томдық түсіндірме сөздігінде 97 мыңдай сөздік бірліктің мағыналары ашылып, түсініктер берілген. Бір томдык түсіндірме сөздікті жасауда осы аталған он томдықтың көп жәрдемі тиген екен. Бірақ бүгінгі жағдай жаңа сөздікті талап етіп отыр. Өйткені қазақ тілі – тек қазақ халқының ғана ұлттық тілі емес, тәуелсіз Қазақстанның бар ша азаматтарына қызмет ететін мемлекеттік тіл. Қазақ тілінің мұндай қоғамдық мәртебесінің жүзеге асуы ең алдымен дәстүрлі норманың бекем болуымен, оларды заңдастырып отыратын нормативті грамма тикасы мен үлгі тұтар сөздіктерінің болуымен де байланысты. Қалың жұртшылық қауымды осындай аса қажетті тіл құралдар мен қамта масыз ету , мемлекеттік тілдің лингвистикалық базасын жасау, бүгінгі таңдағы өрелі міндеттердің бірі болмақ. Жүртшылық назарына ұсынылып отырған бұл сөздік те игі ниеттен туған еңбек. Оның кемшіліктері де, олқылықтары да болуы ықтимал. Сөздіктердің кейбір кемшіл тұстары мен олқылықтары, бұрын - соңды сөздік жасау тәжірибесі байқатқандай, басылым сайын жөнделіп отырмақ.
Сөздікті түзуге тәжірибелі, лексикографиялық жұмыспен көптен араласып келе жатқан филология ғылымдарының докторлары О.Болғанбаев, Т.Жанұзақов, Б.Қалиев және филология ғылымдарының кандидаттары С.Бизaқов, А.Османова, сондай-ақ Ш.Дәулетқұлов , М.Жүрсінова , Г.Нұрғазиева тәрізді ғылыми қызметкерлер қатысты. Сөздіктің редакциялық алқа мүшелері филология ғылымдарының докторлары Б.Әбілқасымов (Г, Д, Қ), Э.Болғанбаев (У, Ұ, Ү, Ф, Х), Е.Жанпейісов (М, Н, Ш, 3, Л, Р, У, ¥, Ф, Х, Ц, Ч, Щ, Ы, І, Э, Ю, Я), Т.Жанұзақов (А-Я), Б.Қалиев (А, Ә, Қ), Ә.Нұрмағамбетов (K, T) және филология ғылымдарының докторы Н.Уәлиев (А, Ә) тиісті әріптер бойынша қолжазбаны оқып шығып, түзету жұмыстарын жүргізді; профессорлар Р.Сыздықова, К.Ш.Хүсайынов сөздікті түзу мен баспаға әзірлеуде ғылыми бағыт-бағдар беріп, ұйымдастыру жұмыстарына атсалысты.
Сөздіктің қолжазбасын оқып шығып, тиісті әріптер бойынша кейбір түзетулер жасап, пайдалы кеңестер берген жазушылар Қ.Жұмаділов, М.Мағауин, Қ.Салғарин, баспагерлер Т.Жексенбаев, Н.Сыздықов.
Сөздікті пайдаланушыларға қажетті мағлұматтар.
«Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде негізінен қазіргі әдеби тілдің нормасына тән, қоғамдық өмірдің әр алуан саласында жиі жұмсала тын сөздер мен тұрақты тіркестер берілді. Сондай-ақ оқулықтар мен оқу құралдарында , ғылыми – көпшілік әдебиетте, баспасөз беттерін де жиі қолданылатын терминдер мен атаулар, кейбір жаңа сөздер де қамтылды. Тізімге алынған атау сөздер — түбір, туынды, біріккен сөздер — ірі әріптермен теріліп, қатаң әліпбилік ретпен орналастырылды. Күрделі сөздер атау сөз есебінде тізімге алынбады. Тіліміздегі омонимдер мен омоформалар сөздікке жеке атау сөз ретінде алынды, әр сөз табына қатысты болған жағдайда олардың сөз табына қатыстылығы ескеріліп, ең алдымен зат есім, одан соң сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, соңына қарай шылау, одағай, еліктеуіш создер орналастырылды. Мыс:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет