Қазақ тілі пәнінде қолданылатын педагогикалық Әдіс-тәсілдер. Қазақ тілі пән бағдарламасында көрсетілген ұстанымдар. Оларды жүргізу жолдарын саралау



бет1/8
Дата21.04.2023
өлшемі0,92 Mb.
#175135
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
?àçà? ò³ë³ ï?í³íäå ?îëäàíûëàòûí ïåäàãîãèêàëû? ?ä³ñ-ò?ñ³ëäåð. ?àç
Модуль 30.10.2020, English срсп 4.5, Шеттілдік білім
  • ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР. ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫНДА КӨРСЕТІЛГЕН ҰСТАНЫМДАР. ОЛАРДЫ ЖҮРГІЗУ ЖОЛДАРЫН САРАЛАУ
  • КІРІСПЕ
  • Қазақ тiлi – құрылымы мен жүйесi дамыған‚ сөз байлығы аса мол‚ ұлттық тiл деңгейiне көтерiлген қазақ халқының ұлттық тiлi‚ Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi. Республикада мемлекеттiк тiл ретiнде қазақ тiлiне конституциялық мәртебе берiлiп отыр. Әлемдік тәжірибеде тілге мемлекеттік мәртебе екі жағдайда беріледі: бірі – тілдің қоғамдық қызметі шектеулі болғанда, оның мәселесін шешіп, дамыту үшін мемлекеттік қамқорлыққа алу мақсатында, ал екіншісі басым тілдің артықшылығын сақтау үшін беріледі. Мемлекеттік тіліміз – Қазақ тілін өз мәртебесіне сай қоғам өмірінің күллі салаларына енгізу, қолданыс аясын кеңейту бүгінгі күннің өзекті де келелі мәселесі. Тіл білу, тіл меңгеру дегенге белгілі бір тілдің грамматикасы мен сөздік қорын игеруді ғана жатқызу жеткіліксіз. Өйткені сол сөз, сөйлемдердің немесе грамматикалық құрылыстың сөйлеу жағдаятының қай түріне орай қолдана білуді анық түсінігі болуы қажет. Еліміз егемендік алғаннан бері қазақ тілін оқыту, оның әдістемесін жетілдіру мәселесі күн тәртібінен түспей келеді. Еліміздің осындай мақсат-ұстанымдарына қарай «Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы» қабылданды. Мемлекеттік бағдарламаның басты мақсаты – Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілін сақтай отырып, ұлт бірлігін нығайтудың маңызды факторы ретінде саналатын мемлекеттік тілді балабақша, мектеп, жоғары оқу орындарында, мемлекеттік қызмет пен қоғамдық-саяси, әлеуметтік кәсіпкерлік саласында батыл қолданысқа енгізіп, қазақстандықтардың өмірлік қажеттілігіне айналдыру. Осы құжатта «Бағдарламаның бірінші бағытын іске асыру арқылы Қазақстанның барша азаматтарының мемлекеттік тілді меңгеру жүйесін құру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру көзделеді. Бұл жүйенің өзегінде үшқұрамды негіз бар - мемлекеттік тілді оқыту әдіснамасын жетілдіру, оқытудың инфрақұрылымын кеңейту және мемлекеттік тілді меңгеру процесін ынталандыру. Аталған тәсіл бірінші бағыттың үш міндетін айқындайды» делінген.
  • Қазақ тілін ана тілі ретінде оқытуды жетілдіруді де естен шығармағанымыз жөн. Өйткені бұл өте маңызды да күрделі мәселелердің бірі. Жалпы қазақ тілін оқыту әдістемесі жайлы сөз болғанда әуелі осы тұрғыда қарастырған дұрыс деп ойлаймыз. Ал мемлекеттік тіл ретінде үйрету, оны оқытудың мақсат-мүддесін айқындау әдістемелік құрал тақырыбына сәйкес пайымдалып отыр. Оқыту қазақ тілінде емес мектептерде қазақ тілін дамыта оқытудың әдістемелік негіздері «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» ғылым болып бірден қалыптасқан жоқ. Оның да өзінің тарихи даму жолдары бар. Қазақ халқының тарихында баланы ана тілінде оқыту және оқыту әдісіне көңіл бөлу ұлы ағартушы Ы. Алтынсариннен басталды десек, бүгінгі деңгейге жету жолында басқа да бірқатар ғалымдар бұған елеулі үлес қосты. Ұлы ұстаз қазақ балаларына ана тілін оқытудың жолын, принциптерін, қағидасын, маңызын, жолдарын көрсетіп, әдістеме ғылымының негізін салды, артына мол қалдырды. Халқымыздың біртуар ұлдарының бірі, ағартушы-ұстаз А. Байтұрсынов – қазақ тілін оқыту әдістемесінің іргетасын қалаушы. Ол – қазақ тілін дыбысқа бөліп оқыту арқылы сауаттандыру әдісінің негізін салды. Бұл салада бірнеше әдістемелік мақалалар жазып, соның негізінде 1920 жылы Қазанда «Баяншы» деген атпен әдістемелік кітапша шығарды.
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет