Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет1/7
Дата28.03.2020
өлшемі0,52 Mb.
#60950
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
2 5B010300
Педагогикалық қолдаудың әдістері мен тәсілдері, Педагогикалық қолдаудың әдістері мен тәсілдері, Педагогикалық қолдаудың әдістері мен тәсілдері

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМА 

 

 

 

 

 

БАКАЛАВРИАТ  

 

 

 

 

 

5В010300- Педагогика жəне психология  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы, 2016 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМА 

 

 

 



 

 

БАКАЛАВРИАТ 



 

 

 



 

 

5В010300- Педагогика жəне психология 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Алматы, 2016 

 


 



МАЗМҰНЫ 

 

 

1.



 

Бағалаудың өлшемдік технологиялары ..............................................4 

2.

 

Профессиональный русский язык ..………………………………….19   



3.

 

Кəсіби бағытталған шетел тілі..............................................................29 



4.

 

Педагогиканы оқыту əдістемесі ..........................................................59  



5.

 

Психологияны оқыту əдістемесі ..........................................................71 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМА 

 

 

 



 

 

 



BOT 2205 Бағалаудың өлшемдік технологиялары 

 

 



 

5В010300- Педагогика жəне психология 

 

 

 



2 кредит 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы, 2016 



 



Алғы сөз 

 

1.  Абай  атындағы  ҚазҰПУ  жанындағы  ҚР  БҒМ  жоғары  жəне  жоғары  оқу 



орнынан  кейінгі  білім  берудің  РОƏК  «Білім»  тобы  мамандықтары  бойынша 

Оқу-əдістемелік бірлестігінде  ДАЙЫНДАЛҒАН  жəне ҰСЫНЫЛҒАН 



 

 

 2.


 

Қазақстан  Республикасы  Білім  жəне  ғылым  министрлігімен

  БЕКІТІЛГЕН 

жəне ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛГЕН   

 

 

3.  Типтік  оқу  бағдарлама  2016  жылғы  ҚР  Мемлекеттік  жалпыға  міндетті 



білім беру стандартына сəйкес дайындалған. (Типтік оқу бағдарлама ҚР БҒМ   

30.06.2016 ж.,  № 2 хаттамасымен  бекітілген) 

 

 

4. Пікір берушілер: 



Хан Н.Н.– п.ғ.д., профессор, Абай атындағы ҚазҰПУ  

Ахтаева Н.С.– психол.ғ.д., профессор, əл-Фараби атындағы ҚазҰУ  



 

 

5. 



ҚР 

БҒМ 


Републикалық 

Оқу-əдістемелік 

Кеңесі 

мəжілісінде 



ҚАРАСТЫРЫЛҒАН    

30.06.2016 

ж.,  Хаттама  № 

2



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Осы  типтік  бағдарламаны  Абай  атындағы  ҚазҰПУ  жанындағы  ҚР  БҒМ  РОƏК  «Білім» 

тобындағы  мамандықтары  бойынша  ОƏБ  рұқсатынсыз  көбейтуге  жəне  таратуға 

болмайды.

 

 


 



Түсінік хат 

 

«Бағалау 



өлшемдері 

технологиясы» 

курсы 

болашақ 


педагог-

психологтарды  кəсіби  даярлауда  маңызды  орын  алады.    Бұл  құзыреттілік 

тəсілге  негізделетін  қазіргі  оқушылардың  оқу  жетістіктерін  бағалаудың 

сенімді,  валидтік  жəне  технологиялық    жүйесін  қалыптастыру  мəселесінің 

маңыздылығының  өсуімен  дəлелденетін  жаңа  білім  беру  стандарттарының 

енгізілуімен негізделеді.   

Пəнді  оқыту  үрдісінде  меңгерілген  білім,  білік,  дағды  студенттерге 

білім  беру  үрдісіндегі  бағалаудың  орны  мен  рөлі,  оқушылардың  оқу 

жетістіктерінің  негізгі  тəсілдері,  оқушыларды  критериалды  бағалау  жүйесін 

ұйымдастыру,  оны  жүзеге  асыру  тəсілдері,  формалары  мен  құралдары 

мəселеге бағдарлануға мүмкіндік береді.   

Бұл  курсты  оқу  оқушылардың  оқу  жетістіктерін  критериалды  бағалау 

технологиясын  меңгеру  үшін,  психоллогиялық-педагогикалық  іс-əрекет 

мақсаттары мен мазмұнына сəйкес бағалау құралдарын игеру мүмкіндіктерін 

ашады.    

Пəннің  мақсаты  мектеп  жəне  колледж  оқушыларын  оқыту  жəне 

тəрбиелеудің  психологиялық-педагогикалық  практикасында  алынған  білімді 

жүзеге  асыру  біліктіліктері  жəне  критериалды  бағалаудың  технологиялық 

негіздері туралы білімді қалыптастырумен сипаталады.  



 Пəннің міндеттері

-  білім  алушылардың  оқу  жетістіктерін  критериалды  бағалау  жүйесін 

практикалық тұрғыдан жүзеге асыру тəсілдерін жəне ғылыми негіздерін ашу;  

- оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауды ұйымдастырудың дəстүрлі 

стратегиясынан критериалды бағалау жүйесіне өтудің қажеттілігін дəлелдеу;  

білім 


алушыларды 

критериалды 

бағаалу 

процедурасын 

ұйымдастыруға қойылатын нақты талаптарды жүйелеу;  

-  білім  алушылардың  оқу-танымдық  іс-əрекетінің  дара  жəне  жастық 

ерекшеліктерін  есепке  алумен  бағалау  инструментін  қолдану  біліктілігін 

қалыптастыру;   

 

- таңдап алған мамандық (кəсіп) контекстінде білім алушылардың 



тұлғалық қабілеттері мен қасиеттерін дамутуға мүмкіндік туғызу.  

Пəннің  зерттеу  объектісі  –  оқушылардың  оқу  жетістіктерін 

критериалды бағалау үрдісі.  



Зерттеу пəні  білім алушылардың жетістіктерін критериалды бағалау 

жүйесін жүзеге асыру əдістері, формалары мен құралдары.  



Білім беру бағдарламасының құрылымында пəннің алатын орны: 

Пəннің  пререквизиттері:  «Педагогика-1,  2,  3»,  «Психология», 

«Зерттеу 

əдістері», 

«Тұлғаны 

психологиялық 

–педагогикалық 

диагностикалау».  

Пəннің постреквизиттері: «Оқу мекемесінде психологиялық қызметті 

ұйымдастыру», «Психологиялық-педагогикалық жəне əлеуметтік практика».   



 

Пəнді оқу нəтижесінде білім алушылар:  

 

-  білім  алушылардың  жетістіктерін  диагностикалау  əдістері  мен 



құралдарының қазіргі жай-күйін;   

бағалаудың 



мəнін, 

рөлін, 


қызметтерін, 

бағалау 


əрекетінің 

құрылымын;  

- оқушылардың жетістіктерін бағалаудың мақсатын, қағидаларын;   

оқушыларды 



критериалды 

бағалауды 

ұйымдастырудың 

психологиялық-педагогикалық негіздерін білуі тиіс



меңгеруі тиіс:   

-  оқушылардың  оқыту  нəтижелерін  бағалау  бойынша  мұғалім 

жұмысының мазмұнын сипаттауды; 

- нормативтік құжаттар мен бағалау объектілерінің талаптарын ескеріп, 

жоспарланған нəтижелерді бағалаудың тиімді технологиясын таңдауды; 

-  оқушылардың  оқу-танымдық  іс-əрекетінде  жастық  жəне  дара 

ерекшеліктерін  ескерумен  бағалау  инструменттерін  жəне  процедурасын 

қолдануды; 

-одан əрі оқыту туралы шешім қабылдау үшін критериалды бағалауды 

пайдалануды; 

- оқушыларды объективті бағалау үшін оқыту нəтижелерін жоспарлау, 

рубрикаторларды əзірлеу жəне пайдалануды;  

-  оқыту  нəтижелерін  бағалауды    ұйымдастыру  үшін  қазіргі  АКТ 

құралдарын қолдануды.  



Пəнді  оқу  үрдісінде  білім  алушыларда  келесі  құзыреттіліктер 

қалыптасуы тиіс:  

- педагогикалық үрдісте критериалды бағалаудың теориялық негіздері 

туралы білімін  жəне технологиясын қолдануға қабілетті; 

-  критериалды  бағалауды  ұйымдастыру  тəсілдерін  меңгеру,  сəйкес 

əдістемелік құралдарды қолдану; 

-  бағалау  процедурасын  ұйымдастыруда  білім  алушылардың  оқу-

танымдық 

іс-əрекетінде 

психологиялық-педагогикалық 

ерекшеліктерін 

ескеруге қабілетті.  

 

Пəннің тақырыптық жоспары 

 

 

Тақырыптардың аталуы 



Кіріспе 

1  -  Бөлім.  Оқушылардың  оқу  жетістіктерін  өлшемдік  бағалаудың 

ғылыми-теориялық негіздері 

1. 


Білім алушылардың оқу əрекетін бағалаудың жалпы тəсілдері 

2. 


Критериалды бағалау ұғымын анықтау жəне оның оқу-танымдық 

құзыреттілікті қалыптастырудағы рөлі 

3. 

Критериалды бағалау технологиясының моделі 



2 - Бөлім. Білім алушылардың оқу жетістіктерін өлшемдік бағалаудың 

 



технологиялық негіздері 

4. 

Критериалды бағалау педагогикалық технология ретінде 



5. 

Өлшемдерді жобалау: жалпы тəсілдері мен құралдары 

6. 

Білім 


алушылардың 

жетістіктерін 

критериалды 

бағалауды 

ұйымдастырудың психологиялық-педагогикалық негіздері 

7. 


Мектепке  дейінгі  жас  кезеңіндегі  балалардың  жетістіктерін  бағалау 

өлшемдері мен процедурасы 

8. 

Кіші 


мектеп 

жасындағы 

оқушылардың 

оқу 


жетістіктерін 

критериалды бағалау жүйесі 

9. 

Орта  жəне  жоғары  буындағы  оқушылардың  оқу  жетістіктерін 



бағалаудың өлшемдері мен процедурасы 

10. 


Кəсіптік  колледж  оқушыларының  оқу  жетістіктерін  критериалды 

бағалау жүйесі 

11. 

Оқушылар 



жетістіктерін 

бағалау 


құралдары. 

Портфолио 

оқушылардың жетістіктерін бағалау құралы ретінде 

 

 

ПƏННІҢ МАЗМҰНЫ 

 

Кіріспе  

Бағалау 


жүйесінің 

тарихи 


ретроспективте 

дамуы. 


Антикалық 

өркениеттің педагогикалық жүйесіндегі бағалау жүйесінің орны.  Еуропадағы 

ортағасыр педагогикасындағы бақылау формасы мен əдістері. ХVI жəне Х1Х 

ғасыр  аралғында бағалау  жүйесінің дамуы.  Я.А.  Коменский,  В.Г.  Белинский 

еңбектеріндегі педагогикалық бағалау мəселесі.   

В.Л.Беспалько, И.Л.Лернер, В.М.Полонский, Н.М. Скаткиннің ғылыми 

жұмыстарында  бағалау  үрдісін  əдіснамалық  негіздеу.  Оқушылардың  оқу 

жетістіктерін  бағалаудың  нормативтік  тəсілдері.  Оқушылардың  оқу 

жетістіктерін  бағалау  үрдісінің  психологиялық  аспектілерін  дайындау 

(Амонашвили  Ш.А.,  Захарова  А.И.,  Липкина  А.И.,  Рыбак  Л.А.  жəне  т.б.). 

Бағасыз оқыту (Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов, Г.А.Цукерман). Оқушылардың 

оқу жетістіктерін бағалаудың шетелдік жүйесі бойынша əдебиеттерді талдау.   



 

1-Бөлім.  Оқушылардың  оқу  жетістіктерін  өлшемдік  бағалаудың 

ғылыми-теориялық негіздері 

 

1-тақырып.  Білім  алушылардың  оқу  əрекетін  бағалаудың  жалпы 

тəсілдері 

Білім беру  процесінде  бағалаудың орны  мен ролі.  Білім  алушылардың 

оқу жетістіктерін бағалаудың негізгі тəсілдері (тұғырлары). Бағалау мəселесі 

оқу  əрекетінің  компоненті  ретінде.  Оқушылардың  жетістіктерін  бағалаудың 

мақсаты, 

міндеттері. 

Бағалау 

жүйесінің 

қызметтері: 

нормативтік, 

диагностикалық, 

білімділік, 

ұйымдастырушылық, 

тəрбиелеушілік, 

бағдарлық,  ақпараттық.  Бағалау  іс-əрекетінің  құрылымы.  Бағалаудың 


 

субъективтілігіне  əсер  ететін  факторлар.  Оқушылардың  оқу  жетістіктерін 



бағалау  үлгілері:  дəстүрлі  танымдық  үлгі;  нəтижеге  бағдарланған  үлгі. 

Бағалау  жүйесіндегі  қазіргі  бағыттар.  Бағалаудың  критериалды-бағдарлық 

тəсілі (тұғыры).  

 Бағалау алгоритмі: педагогикалық өлшеу (мониторинг жəне бақылау); 

нəтижені түсіндіру; қорытынды (оқыту үрдісін жетілдіру мақсатымен).    

 «Білім сапасы», «білім жетістігі» ұғымдары.  

 

2-  тақырып.  Критериалды  бағалау  ұғымын  анықтау  жəне  оның 

оқу-танымдық құзыреттілікті қалыптастырудағы рөлі  

 

Критериалды  тұрғыдан  бағалау  түсініктерін  талдау.  «Критериалды 



бағалау» ұғымының мазмұны. Критериалды бағалаудың мақсаты, міндеттері, 

қызметтері. Критериалды бағалау жүйесінің негізгі элементтеріне сипаттама: 

үрдісті  талдау;  кері  байланыс;  оқыту  мақсаты  мен  жеткен  нəтиженің 

дамуының  сəйкестік  дəрежесін  анықтау;  жеке  жəне  топтық  коррекциялық 

жұмыстарды  ұйымдастыру  үшін  ағымдық  қиыншылықтарды  айқындау; 

оқушыларды  табысты  оқу  əрекетіне  мотивациялау  үшін  психологиялық 

қолайлы білім беру ортасын құру.     

Критериалды бағалаудың принциптері: білім беру үрдісі мен тəрбиенің 

өзара  байланысы;  маңыздылық,  объективтілік  жəне  əділдік,  адекваттылық, 

интегративтілік,  ашықтық  жəне  жариялылық,  сенімділік,  тиімділік,  анықтық 

(валидтілік), жүйелілік жəне бірізділік, жан-жақтылық, тілектестік

 

3- тақырып. Критериалды бағалау технологиясының моделі 

Оқушылардың  оқу  жетістіктерін  мектептік  бағалаудың  халықаралық 

бағдарламалары (PISA, TIMSS) 

Əр  түрлі  мемлекеттердегі  бағалау  жүйесі:  Англия,  АҚШ,  Финляндия, 

Канада, Сингапур, Австралия, Жаңа Зеландия, Гонгонк.   

 Критериалды 

бағалаудың 

кіріктірілген 

моделі 


(КБКМ):  

қалыптастырушы  бағалау  (ҚБ),  ішкі  жиынтық  бағалау  (ІЖБ),  сыртқы 

жиынтық бағалау.     

Қоғамның  жəне  оқушы  тұлғасының  сұранысымен  дəлелденген 

бағалаудың  мақсаты.  Мақсатқа  жетуді  қамтамасыз  ететін  қағидалар 

(ккритериалды  жəне  дескриптивтік,  қалыптастырушы  жəне  анықтаушы 

бағалаудың  бірлігі,  жете  түсіну,  критериальды  бағалаудың  диагностикалық 

негізі).  Білім  беру  мекемесінің  бағалау  саясаты.  Бағалау  əрекетінің 

ұйымдастырушылық 

педагогикалық 



шарттары. 

Педагогикалық 

диагностикалаудың  процедурасы  (қалыптастырушы  жəне  анықтаушы 

критериалды  бағалау  картасы,  тестілеу,  сауалнама  алу,  бақылау,  интервью 

алу).   

 

2-  Бөлім.  Білім  алушылардың  оқу  жетістіктерін  өлшемдік 

бағалаудың технологиялық негіздері 

 


 

10

4-тақырып.  Критериалды  бағалау  педагогикалық  технология 



ретінде  

«Педагогикалық  технология»  ұғымына  анықтама.  Педагогикалық 

технология  жүйелі  категория  ретінде.  Білім  беру  мекемелерінде  оқыту 

сапасының 

əр 

түрлі 


педагогикалық 

технологиялармен 

байланысы. 

Педагогикалық  технологиялардың  құрылымдық  компоненттері:  оқыту 

мақсаты; оқыту мазмұны; педагогикалық əрекеттестік құралы, оқыту құралы 

мен  мотивация,  оқыту  үрдісін  ұйымдастыру;  білім  алушы  мен  білім  беруші  

білім  беру  үрдісінің  субъектілері;  іс-əрекет  нəтижесі.  Критериалды  бағалау 

жүйесінің  қағидалары:  білім  беру  мен  тəрбиелеу  үрдісінің  байланысы, 

маңыздылық,  объективтілік  жəне  əділдік,  адекваттылық,  валидтілік, 

жүйелілік жəне бірізділік, жан-жақтылық, тілектестік. Бағалау кезеңдері жəне 

инструменттері.  Критериалды  кестелер  (рубрикаторлар).  Рубрикатор  туралы 

түсінік.  Рубриканың  маңызы.  Дескриптор  туралы  түсінік.  Дескриптор  – 

меңгерудің негізгі белгісі (нəтиже жетістігінің көрсеткіші).  

Бағалаудың  түрлері.  Форматтық  бағалау  жəне  суммалық  (ішкі  жəне 

сыртқы) бағалау. Суммалық бағалау нəтижелерінің модерациясы.  

 

5-  тақырып.  Өлшемдерді    жобалау:  жалпы  тəсілдері  мен 



құралдары 

Білім  алушылардың  білім  əрекетінің  нəтижесін  бағалау  өлшемін 

анықтаудың  негізгі  тəсілдері  (тұғырлары).  Оқушылардың  оқу  жетістіктерін 

оқу  материалын  меңгеру  деңгейімен  сəйкес  салыстыру  (  Б.Блум,  В.П. 

Симонов, В.Г. Королева, В.П. Беспалько, В.Н. Максимова, М.Скаткин). 

«Таксономия»  ұғымына  анықтама.  Оқыту  мақсаттарының  деңгейін 

Б.Блум  таксономиясы  бойынша  сипаттау.  Таксономияны  оқыту  нəтижесін 

бағалау құралы ретінде пайдалану.     



 

6-тақырып.  Білім  алушылардың  жетістіктерін  критериалды 

бағалауды ұйымдастырудың психологиялық-педагогикалық негіздері 

Критериалды  деңгейлік  мақсаттылық  негізінде  педагогикалық  үрдісті 

жобалау 

технологиясы. 

Жобалау 

технологиясының 

құрылымдық 

компоненттері: 

оқытудың 

мақсаты, 

мазмұны, 

пеагогтың 

іс-əрекеті, 

оқушының  іс-əрекеті,  педагогикалық  диагностика,  жетістіктерді  бағалау. 

Педагогикалық  үрдісті  жобалау  қағидалары.  Педагогикалық  жобалау 

кезеңдері,  формалары.  Бағалау  оқу  сапасын  диагностикалау  жəне 

мониторингілеу компоненті. Оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін 

оқушылардың  дара  психологиялық  ерекшеліктеріне  бейімдеу.  Бағалау 

құралдарын таңдау. Бағалау шкалалары- педагогикалық квалиметрия құралы. 

Оқу  міндеттерінің  таксономиясы  негізінде  құрылған  бағалау  шкаласы. 

Оқушылар  жетістіктерінің  деңгейлері:  білу  (тану,  есте  сақтау,  еске  түсіру); 

түсіну  (зерттелінетінің  маңызын  түсіну  қабілеті);  қолдану  (зерттелінген 

материалды 

қолдану 


қабілеті). 

Бақылау-диагностикалық 

материалға 

қойылатын  талаптар.  Бағалау  нəтижелерін  ұсыну  (тақырып  бойынша 

оқушылардың оқу жетістіктерінің картасы).  


 

11

 



7-  тақырып.  Мектепке  дейінгі  жас  кезеңіндегі  балалардың 

жетістіктерін бағалау өлшемдері мен процедурасы 

Мектепке  дейінгі  жас  кезеңіндегі  балалардың  жетістіктерін  бағалау 

жүйесінің  негізгі  тəсілдері:  мектепке  дейінгі  білім  беру  мекемелерінің  əр 

түрлі  топ  балаларының  оқу  материалын  меңгеру  мүмкіндіктерін  есепке  алу; 

балалардың  продуктивті  іс-əрекеттің  сан  алуан  түрлеріндегі  мүмкіндіктері 

мен  қабілеттерін  айқындау;  денсаулық  сақтау  тəсілі.  Мектепке  дейінгі 

мекеменің оқу бағдарламасының материалын меңгеруде мектепке дейінгі жас 

кезеңіндегі  балалардың  жастық  ерекшеліктеріне  сипаттама.  Оқыту  үрдісінің 

нəтижесін  бақылау  мен  бағалау.  Бақылау  түрлері  мен  формалары  (ағымдық 

(сабақтық),  периодтық  (тақырыптық)  жəне  қорытынды.  Сипатты  бағалау, 

оның қызметтері.   

 

8-тақырып. 



Кіші  мектеп  жасындағы  оқушылардың  оқу 

жетістіктерін критериальды бағалау жүйесі 

Критериалды  бағалау  прцедурасына  қойылатын  талаптар.  Бастауыш 

мектеп оқушыларының оқу пəндері бойынша оқу əрекетінің нəтижесін жəне 

оқытудың  күтілетін  нəтижесін  бағалау  (деңгейлік  мақсаттылық).  Бастауыш 

мектеп оқушыларының оқу жетістіктерін бағалау процедурасының кезеңдері: 

бағаалу əрекетінің мақсатын анықтау; бағалау объектісін сипаттау (күтілетін 

нəтиже,  нақты  көрсеткіш  жəне  индикатор  түрінде);  бағалау  шкаласын 

анықтау (жетістіктердің əр түрлі деңгейлері); бағалау құралдарын дайындау; 

бағалау  нəтижелерін  ұсыну  формасы  (педагогикалық  құжаттар);  бағалау 

жүйесін қолдану шарттарын анықтау.    

 

9  -  тақырып.  Орта  жəне  жоғары  буындағы  оқушылардың  оқу 

жетістіктерін бағалаудың өлшемдері мен процедурасы 

Білім  нəтижелерін  бағалаудың  жасқа  байланысты  критерийі.    Өзін-өзі 

бағалау жəне оқушылардың өзара бағалауы.  

Жоғары  сынып  оқушыларын  критериальды  бағалау  процедурасына 

қойылатын  талаптар.  Жоғары  сынып  жəне  орта  буын  оқушыларының  оқу 

пəндері  бойынша  оқу  əрекетінің  нəтижесін  жəне  оқытудың  күтілетін 

нəтижесін  бағалау  (деңгейлік  мақсаттылық).  5-8  сынып  жəне  9-11  сынып 

оқушыларының  оқу  жетістіктерін  бағалау  процедурасының  кезеңдері: 

бағалау əрекетінің мақсатын анықтау; бағалау объектісін сипаттау (күтілетін 

нəтиже,  нақты  көрсеткіш  жəне  индикатор  түрінде);  бағалау  шкаласын 

анықтау  (жетістіктердің  əр  түрлі  деңгейлері,  мысалы,  ҰБТ);  бағалау 

құралдарын  дайындау;  бағалау  нəтижелерін  ұсыну  формасы  (педагогикалық 

құжаттар); бағалау жүйесін қолдану шарттарын анықтау.    

 

10 – тақырып. Кəсіптік колледж оқушыларының оқу жетістіктерін 

критериальды бағалау жүйесі 

Кəсіптік  колледж  оқушыларының  жетістіктерін  критериальды  бағалау 

процедурасына  қойылатын  талаптар.  Кəсіптік  колледж  оқушыларының 


 

12

жетістіктерін  бағалау  процедурасының  кезеңдері.  Кəсіптік  колледж 



оқушыларының  жетістіктерінің  сапасын  бағалау  жəне  өлшеу  жүйесі. 

Көрсеткіштер  (индикаторлар)  жүйесін  құру  мақсаты.  Индикаторлар 

қызметтері  мен  құрылымы.  Индикатор  жүйесін  жүзеге  асыру  шарттары. 

Білім  беру  салалары  мен  индикаторлар  мазмұны.  Индикаторлар  жүйесімен 

жұмыс  логикасы.  Білім  беру  саласы  бойынша  кəсіптік  колледж 

оқушыларының жетістіктерінің өлшемдері, көрсеткіштері, деңгейлері.  



 

11.  Оқушылар  жетістіктерін  бағалау  құралдары.  Портфолио 

оқушылардың жетістіктерін бағалау құралы ретінде  

«Портфолио» ұғымына анықтама. Оқушылар портфолиосының міндеті 

мен  мазмұны.  Портфолионың  қызметтері:  диагностикалық,  мотивациялық, 

мазмұндық,  дамытушылық,  рейтингтік.  Портфолионы  құру  мақсаты 

бойынша 

жіктеу. 


Портфолионы 

құру 


бойынша 

жұмыс 


кезеңдері. 

Оқушылардың  портфолиосын  бағалау.  Портфолионы  периодты  бағалау. 

Портфолионы  бағалау  формасы.  Оқушылардың  портфолиосын  бағалау 

өлшемдері:  ішкі  бағалау  (өзіндік  бағалау),  сыртқы  бағалау.  Қорытынды 

бағалауды қалыптастыру.   

 

Семинар (практикалық) сабақтардың үлгі тақырыптары 

 

1. Тарихи ретороспективтегі бағалау жүйесінің дамуы. 



2.  Білім  алушылардың  жетістіктерін  диагностикалаудың  əдістері  мен 

құралдарының қазіргі жай-күйі.   

3. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың мəні, рөлі, қызметтері.  

4. Критериалды бағалау технологиясының моделі.  

5. 

Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау педагогикалық 



технология ретінде  

6. Бағалаудың кезеңдері мен инструменттері. 

7. Таксономия оқыту нəтижесін бағалау құралы ретінде.  

8. Оқу жетістіктерін критериальды бағалау жүйесін оқушылардың дара 

психологиялық ерекшеліктеріне бейімдеу мəселесі. 

9.  Кəсіптік  колледж  оқушыларының  критериальды  бағалауын 

ұйымдастырудың психологиялық-педагогикалық негіздері.    

10.  Критериалды  деңгейлік  мақсаттылық  негізінде  педагогикалық 

үрдісті жобалау технологиясы.  

11.  5-8  сынып  оқушыларының  оқу  жетістіктерін  бағалау  жүйесінің 

негізгі тəсілдері.  

12.  Оқу  бағдарламаларының  материалын  меңгерудегі  оқушылардың 

ипологиялық жəне дара психологиялық ерекшеліктері.  

13.  Жоғары  сынып  оқушыларының  оқу  пəндері  бойынша  оқу 

əрекетінің  нəтижесін  критериалды  бағалау  процедурасына  қойылатын 

талаптар.   

14.  Мектепке  дейінгі  жастағы  балалардың  жетістіктерін  бағалау 

өлшемдері мен процедурасы.  



 

13

15.  Портфолио оқушылар жетістіктерін бағалау құралы ретінде.  



 

СОӨЖ  үлгі тақырыптары 

 

1. Бағалаудың білім беру үрдісіндегі орны. 

2.  Оқушылар  жетістіктерін  шетелдік  бағалау  жүйесі  бойынша 

əдебиеттерді талдау. Əрқайсысына қысқаша сипаттама  беру.  

3.  Критериалды  бағалау  міндеттерінің,  қызметтерінің,  қағидаларының 

тізімін құрастыру жəне өзінің нұсқасын графикалық тұрғыдан ұсыну. Тізімді 

толықтыру жəне таңдауды негіздеу.  

4.  Мектепке  дейінгі  білім  беруді  бағалау  жүйесін  дамыту  мəселесіне 

мультимедиялық презентация дайындау.  

5. 


Əр 

түрлі 


авторлардың 

педагогикалық 

педагогикалық 

технологиясының  жіктемесін  талдау  жəне  оны  критериальды  бағалау 

технологиясымен салыстыру.  

6.  Отандық  жəне  шетелдік  педагогикадағы  өлшем  ұғымына  аналогия 

(ұқсастары) келтіру.  

7. «Өлшем» ұғымының сандық жəне сапалық мазмұнын ашып көрсету. 

Мысал келтіру.  

8.  «Дескриптор»  ұғымының  мазмұнын  ашып  көрсету.  Дескриптордың 

міндеттерін нақты мысалдармен көрсету.    

9.  Оқытылатын  пəн  бойынша  глоссарий  құрастыру,  ұғымдардың 

мазмұнын  ашу:  қалыптастырушы  бағалау,  анықтаушы  бағалау,  өлшем, 

рубрика, дескрипторлар.  

10.  Орта  буын  оқушыларын  критериальды  бағалау  технологиясын 

ендіру  үрдісіндегі  қиыншылықтарға  талдау  жасау.  Оларды  шешудің 

жолдарын дəлелдеу.  

11.  Əр  түрлі  жастағы  топта  оқушылардың  оқу-танымдық  іс-əрекет 

компоненттерін  диагностикалық  зерттеудің  əр  түрлі  нұсқаларын  дайындау 

немесе таңдау.    

12.  Бағдарламаның  таңдап  алынған  бөлімі  бойынша  жоғары  сынып 

оқушыларының 

жетістіктерін 

бағалау 


үшін 

критериальды 

кестелер 

(рубрикаторлар) дайындау. 

13.  Критериалды  бағалау  жүйесін  тиімді  ұйымдастыру    үшін  ескеруге 

қажетті  кəсіптік  колледж  оқушыларының  психологиялық-педагогикалық 

ерекшеліктерін талқылау. 

14.  Оқушылардың  жетістіктерінің  деңгейінің  толық  сипаттамасымен 

əрбір  өлшем  мен  оған  сəйкес  баллдар  саны  бойынша  критериальды  кесте 

дайындау.    

15.  Индикаторлар  кестесін  қолдана  отырып,  таңдап  алынған  білім 

саласы  бойынша  («Денсаулық»,  «Социум»,  «Таным»,  «Коммуникация», 

«Шығармашылық»)  мектепке  дейінгі  жастағы  балалар  жетістіктеріне 

педагогикалық диагностика жасау.  



 

 

 

14

СӨЖ  үлгі тақырыптары 

1. Білім сапасы ұғымына сипаттама беріңіз.  

2.  Еліміздегі  жəне  шетелдегі  рейтингтік  бақылау  жүйесін  қолдану 

практикасын талқылау.  

3.    Білім  беру  саласының  бірінде  (таңдау  бойынша)  мектепке  дейінгі 

жастағы балалардың жетістіктерін бағалау үшін өлшемдер мен көрсеткіштер 

дайындау.  

4.  Бағдарламаның  бір  бөлімі  бойынша  оқушылардың  жетістіктер 

деңгейіне  сапалы  сипаттама  беру  жəне  педагогикалық  диагностика  өткізу 

(таңдау бойынша).  

 5.  Оқушылардың  оқу  жетістіктерін  педагогикалық  бақылау  жəне 

бағалау  өткізу  үшін  диагностикалық  (бақылау)  материалдарын  таңдау  жəне 

дайындау талаптарын тұжырымдау.  

6. Таңдап алынған тақырып, бөлім бойынша диагностикалық (бақылау) 

материалдарын  деңгейлік  мақсатқа  сəйкес  (білу,  тану,  есте  сақтау,  қолдану) 

таңдау.  

7.  Бағдарламаның  таңдап  алынған  тақырыбы,  бөлімі  бойынша 

оқушылар жетістіктерінің картасын толтыру.  

8.    Белгіленген  уақыт  кезеңіне  оқушылардың  оқу  жетістіктері  туралы 

есеп дайындау.   

9.Оқу жетістіктерін есепке алу құжаттарын дайындау.  

10.  Оқыту нəтижесін бағаалудың қазіргі құралдарын пайдалан отырып, 

жаңа материалды түсіндіру бойынша сабақ жоспарын дайындаңыз.      

11. Педагогиканы оқытудағы критериалды  бағалау жүйесінің 

практикасы. 

12.  Гонконг,  Сингапур,  Калифорния  штатында  т.б.  білім  сапасын 

жетілдіру жүйесі 

   13. Блімі беру таксономиясының мақсатын қалай түсінесіз? 

   14. Білім беру таксономиясының құрылымын сипаттаңыз. 

15. Педагогикалық практикадағы бағалау мəселесі.  

 

1-ші аралық бақылауға арналған сұрақтар 

1.  «Білім  сапасы»  жəне  «білім  жетістіктері»  ұғымының  мазмұнын 

түсіндіріңіз.     

2. Білім сапасын бағалаумен байланысты қазіргі мəселелерді атаңыз. 

3. Оқыту диагностикасының компоненттерін бөліп көрсетіңіз. 

4. Бағалау мен белгілеудің айырмашылығы неде екенін түсіндіріңіз. 

5. Бағалау қызметтеріне сипаттама беріңіз.  

6.Бақылау түрлері, формалары мен əдістерін атаңыз. 

7.  Дəстүрлі  бағалау  жүйесінің  кемшіліктерін  атаңыз  жəне  олардың 

шығу көздерін түсіндіріңіз.  

8.  Оқушылардың  ауызша  жауаптарын  бағалау  мəселесі  немен 

байланысты екенін сипаттаңыз.  

9. Білім беру  мен білім нəтижесі мақсатының байланысын түсіндіріңіз.  



 

15

10.  «TIMSS-2011»  халықаралық  зерттеуін  ұйымдастыру  жəне  жүргізу. 



11.  Білім  нəтижелерін  бағалау  түрлері.  Бағалаудың  түрлері.  Сандық  жəне 

сапалық бағалау. 

12.  Психологияны  оқытудағы  критериалды    бағалау  жүйесінің 

практикасы 

13.  Германия,  Франция,  Англия  т.б.  елдерде  оқушы  білімінің  сапасын 

бағалау тəжірибелері 

14. Білім сапасын анықтаудың жаңа тəсілдері. Тестілеу жүйесі. 

15. Тест түрлері. Ашық жəне жабық тесті құрастыру технологиялары 

 

 

2-ші аралық бақылауға арналған сұрақтар 



 

1.

 



Оқытудың  диагностикалық  мақсатын  қалыптастыруға  мысал 

келтіріңіз.  

2.

 

Оқыту нəтижесіне қойылатын талаптарды атаңыз жəне мазмұнын 



түсіндіріңіз.  

3.

 



Оқу нəтижесіне қойылатын талаптарды түсіндіріңіз. 

4.

 



Оқыту  нəтижесі  диагностикасының  технологиялық  матрицасын 

құрастырудың қажеттілігіне сипаттама беріңіз.  

5.

 

Тестің  сапасын  қандай  көрсеткіштің  көмегімен  тексеруге 



болады? 

6.

 



Оқыту  нəтижесін  бақылау  мен  бағалау  жүйесінің  рейтингтік 

жүйесінің мəні неде? 

7.

 

Оқу  жетістіктерін  рейтингтік  бақылаудың  жетістігі  мен 



кемшілігі.  

8.

 



Бақылаудың  рейтингтік  жүйесінде  баллды  жинақтау  үрдісінің 

тетіктері. 

9.

 

Рейтингтік баллды бағаға ауыстыру шкаласына мысал келтіріңіз. 



10.

 

Оқу  жетістіктерін  бақылау  жəне  бағалау  жүйесін  портфолио 



түрінде дайындауға сипаттама: жетістіктері мен кемшіліктері. 

11.


 

 Оқыту  нəтижесін  бағалаудың  қазіргі  құралдарын  пайдалан 

отырып, жаңа материалды түсіндіру бойынша сабақ жоспарын дайындаңыз. 

12.


 

 PIRLS халықаралық зерттеуінің тəжірибелері 

13.

 

 Портфолио - бағалаудың жаңа тиімді формасы ретінде 



14.

 

 Қазіргі заманғы  мектептердің  талаптары  тұрғысынан 



оқытудағы  портфолио.   

15.


 

 Портфолионың  түрлері.  Портфолионы  бағалау  критерийлері. 

Өзін өзі бағалау кестесі. 

 

 



 

 

 



 

 

16

Ұсынылатын əдебиеттер тізімі 



Негізгі əдебиетер 

 

1.



 

Орта білім мазмұнын Назарбаев Зияткерлік мектептері тəжірибесі 

негізінде  жаңарту.  Əдістемелік  құрал.  –  Астана:  Ы.  Алтынсарин  атындағы 

ҰБА, 2014. – 43 б. 

2.

 

Бастауыш мектепке оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды 



бағалау  жүйесін  енгізудің  əдіснамалық  жəне  оқу-əдістемелік  негіздері. 

Əдістемелік  құрал.  –Астана:  Ы.  Алтынсарин  атындағы  Ұлттық  білім 

академиясы, 2015. – 58 б. 

3.

 



Камалова  С.Т.  Сыныпта оқушылардың  оқу  нəтижелерін  бағалау: 

оқу-əдістемелік  құрал.  –  Астана:  «Назарбаев  Зияткерлік  мектептері»  ДББҰ 

Педагогикалық шеберлік орталығы, 2014. – 44 б.  

4.

 



Система  критериального  оценивания  учебных  достижений 

учащихся.  Методическое  пособие.  –  Астана:  Национальная  академия 

образования  

им. И. Алтынсарина, 2013. – 80 с. 

5.

 

Айтпукешев  А.Т.,  Кусаинов  Г.М.,  Сагинов  К.М.  Оценивание 



результатов  обучения:  Метод.  пособие.  –  Астана:  Центр  педагогического 

мастерства, 2014. – 108 с. 

6.

 

Звонников  В.И.  Современные  средства  оценивания  результатов 



образования:  учебное  пособие  для  студентов  вузов.  М:  Академия,  2009.  – 

224с.  


7.

 

Амонашвили  Ш.А.  Обучение.  Оценка.  Отметка.  М:Знание,  1980. 



– 96с.  

8.

 



Костылев Ф.В. Учить по-новому: нужны ли оценки-баллы: книга 

для учителя. М: ВЛАДОС, 2000. – 104 с.  

9.

 

Красноборова А.А. Критериальное оценивание в школе: учебное 



пособие; Перм.гос.пед.ун-т.- Пермь, 2010. – 84 с.  

10.


 

Матвеева  Е.И.,  Панькова  О.Б.,  Патрикеева  И.Е.  Критериальное 

оценивание в начальной школе. – М.:Вита-Пресс, 2012. – 168 с. 

11.


 

Брагин  В.Я.  Оценка  знаний  и  умений  учащихся  по  технологии  с 

применением  компьютерных  программ:  уч.-мет.  пособие.  Пермь:  ПГПУ, 

2010. – 88с.  

12.

 

Образовательные  технологии.  Достижение  прогнозируемых 



результатов. /Под ред. Ю.И. Гладкова. М: Про-Пресс, 2009. 56с.  

 

Қосымша əдебиеттер

 

1.

 



Қазақстан  Республикасы  педагог  қызметкерлерінің  біліктілігін 

арттыру курстарының бағдарламасы. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші 

(негізгі)  деңгей.    Үшінші  басылым.  «Назарбаев  Зияткерлік  мектебі»  ДББҰ, 

2012. 304б. 

2.

 

Обыденкина 



Л.В. 

Сараптамалық 

құралдар 

жинағы. 


шығарылым.  Сабақтарды  бақылау  карталары  /  Ауд.  Мынбаева  Ж.  –  Астана: 



 

17

«Назарбаев  Зияткерлік  мектеп-  тері»  ДББҰ  Педагогикалық  шеберлік 



орталығы, 2014. – 42 б. 

3.

 



Ахметбекова 

С.К., 


Жолдасбаева 

С.А. 


Қазақстан 

Республикасының  педа  гог  кадрлары  мен  білім  беру  ұйымдары 

басшыларының  біліктілігін  арттыру  бағдарламалары  аясында  тренинг 

ұйымдастыру  жəне  өткізу  жөнінде  тренер  ге  арналған  нұсқаулық.  –  Астана: 

«Назарбаев  Зияткерлік  мектептері»  ДББҰ  Педагогикалық  шеберлік 

орталығы, 2014. – 68 б. 

4.

 

Алан  Дж.  Уильямс,  Сарбасов  Н.С.  Менеджмент  и  лидерство  в 



образовании.  -  Астана:  АОО  «Назарбаев  Интеллектуальные  школы»  Центр 

педагогического ма- стерства, 2014.-48 с. 

5.

 

Гончарова  Н.  Мониторинг  результативности  педагогической 



деятельности // Педагогическая диагностика. - 2008. -№4. -С. 94-96. 

6.

 



Кларин  М.В.  Педагогические  технологии  в  учебном  процессе  – 

М.: Просвещение, 1989. – 231 с.  

7.

 

Матрос  Д.Ш.,  Полев  Д.М.,  Мельникова  Н.Н.  Управление 



качеством  образования  на  основе  новых  информационных  технологий  и 

образовательного мониторинга. - М.: Педагогическое общество России, 1999. 

- 96 с.  

8.

 



Поташник  М.М.  Управление  качеством  образования.  -М.: 

Педагогическое общество России, 2000. – 448 с.   

9.

 

Селевко  Г.  К.  Современные  образовательные  технологии.  –  М.: 



Народное образование, 1998.  

10.


 

Севрук  А.И.,  Юнина  Е.А.  Мониторинг  качества  преподавания  в 

школе: учебное пособие. - М.: Педагогическое общество России, 2004. -144 с.  

11.


 

Жобалау  жəне  зерттеу  қызметі  негізінде  12  жылдық  білім  беру 

жағдайында  оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  қалыптастыру. 

Əдістемелік  құрал.  –  Астана:  Ы.  Алтынсарин  атындағы  Ұлттық  білім 

академиясы, 2013.- 45 б. 

12.


 

Базалық  білім  мазмұнын  құзыреттілік  тұрғыдан  қалыптастыру 

əдіснамасы.  Əдістемелік  құрал.  –  Астана:  Ы.Алтынсарин  атындағы  Ұлттық 

білім академиясы, 2013. – 64 б.  

13.  Оқушылардың  оқу  жетістіктерін  критериалды  бағалау  жүйесін 

енгізудің  əдіснамалық  жəне  оқу-əдістемелік  негіздері.  Əдістемелік  құрал.  -

Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2015. - 58 б. 

  

 



Нормативті құжаттар: 

1.

 



Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011-2020 

жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы. №1118 Жарлық, 07.12.2010. -

Астана, 2010. 

2.

 



Қазақстан  Республикасында  орта  білім  мазмұнын  жаңарту 

аясында критериалды бағалау жүйесін енгізу бойынша «Жоба жұмысы» пəні 

бойынша  жаратылыстану-математикалық  цикл  мұғалімдерінің  біліктілігін 

арттыру  бағдарламасы.  Мұғалімге  арналған  нұсқаулық.  Бірінші  басылым. 

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2015. -20б.  


 

18

3.



 

Мектеп  оқушыларының  функционалдық  сауаттылығын  дамыту 

жөніндегі  2012  -  2016  жылдарға  арналған  ұлттық  іс-қимыл  жоспары 

(Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2012  жылғы  25  маусымдағы  №  832 

қаулысымен бекітілген). 

4.

 



Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті 

білім беру стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 

2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысы. www.akorda.kz.  

5.

 



Комплексный 

мониторинг 

качества 

пилотных 

и 

экспериментальных проектов в организациях образования РК. Методическое 



пособие. – Астана: Национальная академия образования им. И. Алтынсарина, 

2014. – 64 с. 

6.

 

«



Назарбаев  Зияткерлік  мектептері»  Дербес  білім  беру  ұйымы 

оқушыларының  оқу  жетістіктерін  критериалды  бағалаудың  жүйесін  енгізу 

тұжырымдамасы.- Астана, 2012. -8б. 

 

Интернет-ресурстар тізімі: 

1.

 

Психология  педагогической  оценки//  Электронный  ресурс  .- 



Режим доступа: knowledge. allbest. ru.   

2.

 



Назарбаев  Интеллектуальные  школы  «Новые  подходы  к 

оцениванию учебных достижений» // Электронный ресурс. – Режим доступа: 

obuchenie saduks. com? news= 153       

 

Авторлар:  

  Шолпанқұлова  Г.К.  –  п.ғ.к.,  доцент,  Л.Н.Гумилев  атындағы  Еуразия 

ұлттық университеті  

Абдуллаева  Г.О.  -  п.ғ.к.,  доцент,  Абай  атындағы  Қазақ  ұлттық 

педагогикалық университеті 

 

 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

19

МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И  НАУКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

ТИПОВАЯ УЧЕБНАЯ ПРОГРАММА 

 

 

 



 

 

 



           PRYa 3206  Профессиональный русский язык 

 

 



 

                  5В010300 - Педагогика и психология 

 

 

 



                                        2 кредита 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы, 2016 



 

20

Предисловие 

 

1.  Разработана  и  внесена  УМО  по  группе  специальностей  «Образование»  



РУМС МОН РК при КазНПУ имени Абая     

 

 



2. Утверждена и введена в действие приказом Министерства образования и 

науки Республики Казахстан 

 

 

3. 



Типовая 

учебная 


программа 

разработана 

в 

соответствии 



с 

государственным  общеобязательным  стандартом  образования  РК  2016  года 

(Типовой  учебный  план,  утвержденный  протоколом  №  2  заседания  РУМС 

МОН РК от 30.06.2016 г.) 

 

 

4. Рецензенты:     



Жиенбаева  С.Н.  –  д.п.н.,  профессор,  Казахский  Государственный 

женский педагогический университет 

Бекмагамбетова  Р.К.  –  д.п.н.,  профессор,  Казахский  национальный 

педагогический университет имени Абая   

 

 

5.  РАССМОТРЕНА  на  заседании  Республиканского  Учебно-методического 



Совета 

от  30.06.2016 года.  Протокол № 2

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Настоящие  типовые  программы  не  могут  быть  тиражированы    и  распространены  без  разрешения  УМО  по 

специальностям  группы  «Образование»  РУМС  высшего  и  послевузовского  образования  МОН  РК  на  базе 

КазНПУ имени Абая 


 

21

Пояснительная записка 

Изучение 

дисциплины 

«Профессиональный 

русский 


язык» 

осуществляется  в  составной  части  основного  (базового)  уровня  подготовки 

специалистов в высшем учебном заведении. Процесс интенсивного развития 

Республики  Казахстан,  ее  социально-экономическое  положение,  рост 

авторитета  в  мировом  сообществе  –  все  это  рождает  необходимость 

подготовки 

конкурентоспособных, 

высокообразованных 

специалистов, 

профессиональный  уровень  которых  соответствует  мировым  стандартам. 

Одним из показателей конкурентоспособности специалистов является полное 

освоениеи  практическое  использование  в  любой  профессиональной  сфере 

наряду  с  государственным  языком  и  русского  языка,  который  считается 

официальным языком нашего государства.  

Типовая  учебная  программа  по  дисциплине  «Профессиональный 

русский  язык»  составлена  в  целях  широкого  использования  инновационных 

технологий.  В  программе  особое  внимание  уделено  глубокому  освоению 

используемых  в  профессиональной  сфере  понятий  и  научных  названий, 

пониманию  природы  педагогических  терминов,  полному  использованию 

профессиональной  лексики,  умению  ясно  донести  на  русском  языке  свою 

мысль.  В  качестве  главных  позиций  обучения  предлагаются:  системность 

грамматических  и  лексических  строений  в  передаче  (донесении)  своей 

мысли,  функции  и  значение  применения  терминов,  профессиональных 

языковых  единиц,формирование  и  уточнение  языковых  компетенций  в 

рамках коммуникативно-функциональной грамматики.  

Цель  дисциплины:  Цель  курса  «Профессиональный  русский  язык»  - 

содействовать глубокому освоению будущими педагогами и психологами на 

профессиональном  русском  языке  теоретических  знаний  по  своей 

специальности,  подготовить  специалистов  для  удовлетворения  социальных 

потребностей общества.  

Задачи дисциплины:  

подготовитьквалифицированныхспециалистов, 

в 

полной 


мере 

освоивших  профессиональные  термины  в  области  педагогических  и 

психологических наук, с высокой языковой компетенцией, ясно передающих 

на русском языке свою мысль;  

-  развивать  умение  работать  с  помощью  профессионального  русского 

языка с материалами по специальному профессиональному направлению; 

-  приучать умению использованию профессиональный русский язык в 

различных профессиональных ситуациях.  

- научить проводить сравнительный анализ особенностей разговорного 

языка в профессиональной сфере и научного стиля.  



Место дисциплины в структуре образовательной программы:  

 

Пререквизиты:  «Русский  язык»,  «Педагогика,  «Психология», 

«Менеджмент в образовании».  



 

22

Постреквизиты:  «Методика  преподавания  педагогики»,  «Методика 

преподавания психологии».  

Требования, предъявляемые к результатам освоения дисциплины:  

1.

 



Научить восприниматьна профессиональном русском языке научно-

познавательную  информацию,  связанную  с  педагогической  и 

психологической специальностями, обрабатывать эту информацию в 

научном  стиле  и  направлять  ее  на  использование  в  практике. 

Приучать 

применять 

в 

жизненной 



практике 

и 

области 



специальности 

знания, 


полученные 

по 


профессиональному 

русскому языку. 

2.

 

Через  восприятие  информации,  связанной  с  педагогической  и 



психологической  специальностями  и  разные  виды  речевой 

деятельности 

научить 

умению 


устного 

и 

письменного 



использованияпрофессионального русского языка. 

В результате изучения дисциплины студент знает:  

-  фонетические  закономерности,  связанные  с  произношением, 

интонацией,  написанием,  сложной  орфографией  терминов,  связанных  с 

данной специальностью;  

-  языковые  нормы  и  культуру  речи,  стилистические  особенности  в 

речи;  


-  отличительные  признаки  устной  и  письменной  речи,  языковых 

единиц и отношений.  



В результате изучения дисциплины студент умеет:  

-  использовать  профессиональные  термины  педагогических  и 

психологических наук в повседневной практике;  

- реализовывать общественно-социальную функцию русского языка;  

-  устно  и  письменно  составлять  отзывы,  самостоятельно  анализируя 

языковой материал с проблемной и творческой стороны, делая выводы.  



В результате изучения дисциплины студент осваивает:  

-  профессиональные  термины  и  понятия  (общенаучные,  межнаучные, 

термины конкретной профессии);  

-  информационные  компетенции:  умение  работать  с  учебником, 

словарями, справочной литературой и другими книгами;  

-  необходимые  в  работе  с  научными  текстами  навыки  устной  и 

письменной речи, навыки системно и грамотно передавать свою мысль перед 

аудиторией.   

 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет