Қазақстан республикасының ТҰҢҒыш президенті



бет1/12
Дата28.11.2016
өлшемі3,17 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ

Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰРЫЛЫСТЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МОДЕЛІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ РОЛІ
Студент топтары кураторларына көмек ретінде
1-жинақ

Қарағанды 2014
ӘОЖ 323 (524)

КБЖ 66.3 (5 Каз)

Қ 18
ҚР ҰҒА академигі А.М. Ғазалиевтың редакциясымен

Құраушы-авторлар: Т.И. Сүлейменов, К.З. Сарекенов, В.В. Козина,

Л.Г. Матвеенкова, Е.Н. Ивлева, А.К. Мубаракова, С.С. Қасымова,

К.Ш. Джалилов., А.К. Жарылқасынова, М.О. Төлеуова, Е.Ж. Әубәкіров,

В.Т. Сабденова, Н.Б. Давлетбаева, А.В. Сиводедова, Н.А. Қазбеков,

А.М. Беркінбекова, О.М. Хмельницкая



Қ 18 Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың мемлекеттік құрылыстың қазақстандық моделін қалыптастырудағы ролі. Студент топтарының кураторларына көмек ретінде. 1-жинақ / ҚР ҰҒА академигі А.М. Ғазалиевтың редакциясымен. – Қарағанды: Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің баспасы, 2014. – 114 б.

Жинақ ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың мемлекеттік құрылыстың қазақстандық моделін қалыптастырудағы роліне арналған мақалаларды қамтиды. Жинақ материалдары кураторларға «Жаңа Қазақстандық Патриотизмді Қалыптастыру» Патриоттық тәрбие беру тұжырымдамасын іске асыру аясында куратор сағаттарын және басқа да шараларды дайындау үшін ұсынылады.

ӘОЖ 168.522 (524)

КБЖ 71 (5 Каз)


© Қарағанды мемлекеттік

техникалық университеті, 2014

Кіріспе
Жоғары технологиялар ғасыры, ақпараттық ғасыр аталған ХХІ ғасыр жаппай жаһанданумен, экономикалардың бірігуімен, көші-қон процестерінің жандануымен, мәдени өзара кірігумен сипатталады. Бұл процестердің оң салдарларымен қатар, рухани өмірдің оңтайлануымен, дүниетанымдық және құндылықты дағдарыстың шиеленісуімен байланысты кері жағы да бар. Бұл жағдайларда, Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында атап кеткендей, аса маңызды стратегиялық міндет – барлық қоғамды біріктіріп, табысының негізіне айналатын Жаңа Қазақстандық Патриотизмді қалыптастыру: «Қазақстан –біздің жеріміз. Бұл жер әрқашанда біздің ата-бабамыздың жері болған. Ол енді біздің ұрпақтың жері болмақ». Жаңа Қазақстандық Патриотизмді тәрбиелеу процесінің тұтастығы мен бірізділігі тек егер ол елдің өткеніне құрметпен қарауды қалыптастыруға ғана емес, сонымен қатар, қазіргі Қазақстанның құндылықтары мен жетістіктерін меңгеруге табиғи байланысты таралған жағдайда қамтамасыз етілуі мүмкін. Бүгінде Қазақстан – бұл бірқатар әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша посткеңестік мемлекеттер арасында көшбасшы болып табылатын дамушы ел. Тарих тұрғысынан алып қарағанда жас мемлекет болып табылатын Қазақстан әлемдік қауымдастықта танымал беделге ие, әлемдік саясатта толық құқықты белсенді субъект болып саналады. Мұның барлығы ел азаматтары үшін мақтаныш және қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастырудың мағыналы негізі болуы мүмкін.

Қазіргі Қазақстанның жетістіктері еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атымен тығыз байланысты болуы сөзсіз факт. Ел басына ауыр екіталай жылдары, мемлекеттілікті сақтау туралы сұрақ аса шиеленіскен кезде келіп, Н.Ә. Назарбаев саяси білімпаздық пен стратегиялық көрегендік таныта отырып, ел болашағы үшін жауапкершілік алып қана қоймай, сондай-ақ, мемлекеттік құрылыстың қазақстандық моделін әзірлеуде және Жаңа Қазақстандық Патриотизм – Мәңгілік Елдің идеялық негізін негіздеуде шешуші роль атқарды.



Осы жинақта ұсынылатын материалдарды Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің оқытушылары әзірлеген және ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың мемлекеттік құрылыстың қазақстандық моделін қалыптастырудағы роліне арналған куратор сағаттарын өткізуде кураторларға ақпараттық және әдістемелік көмек көрсетуге арналған.
СТУДЕНТ ЖАСТАРҒА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ

(ҚарМТУ тәжірибесінен)
А.М. Ғазалиев,

Қарағанды мемлекеттік техникалық

университетінің ректоры,

ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты,

ҚР ҰҒА академигі


Құрметті әріптестер!
Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті 1960-шы жылдары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев жоғары инженерлік білім негіздерін алған, еліміздің жетекші техникалық ЖОО-ның бірі болып табылады. Университеттің ректорат, профессорлар-оқытушылар құрамы өздерінің негізгі міндеті қазіргі қоғам талабының талаптары мен сұраныстарына сай келетін бәсекеге қабілетті, білікті инженер кадрларды дайындау деп есептейді. Осы мақсатта Университетте кәсіптілігі жоғары оқытушылар, қазіргі заманғы оқу-әдістмелік және зертханалық база жұмыс істейді. Сондай-ақ, 2008 жылы университетте білім берудің қазіргі заманғы технологиялар мен әдістемелерін, оның ішінде, бейнеколлекция, мультимедиялық тұсаукесер және т.б. пайдалануға мүмкіндік беретін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев атындағы Электрондық білім беру технологиялары орталығы (ЭБТО) ашылды.

Бұл ретте біз бәсекеге қабілетті, әлеуметтік бағдарланған экономика құруға бағытталған қоғамның әлеуметтік-экономикалық жаңғыртылуы жастардың адамгершілік және рухани дамуынсыз, саяси еркіндіксіз, құндылықтарсыз, мұратсыз болуы мүмкін емес, ал, олар өз кезегінде Қазақстанның дамуы қалай және қаншалықты табысты болатынына байланысты топшылаймыз. Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында ең маңызды стратегиялық міндет ретінде патриоттық тәрбие беруді атағаны тегін емес: «Өзімізді және балаларымызды Жаңа Қазақстандық Патриотизмге тәрбиелеу қажет». Сондықтан жас қазақстандық ұрпақтың патриотизм, азаматтық және әлеуметтік жауапкершілік сияқты сапаларын қалыптастыру мақсатында тәрбие беру мақсаттарын жетілдіруді екінші маңызды міндет ретінде көреміз.

Осы мәселені шешу мақсатында Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде 2009 жылы студенттерге тәрбие берудің кешенді бағдарламасы әзірлеген және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев тұлғасы өнегесінде Студенттерге патриоттық тәрбие беру моделі оның құраушы бөлігі ретінде енгізілді. Оның ерекшелігі – ол әрқайсысы жеке тақырыпқа ие 7 оқу семестрін қамтитын тәрбие беру процесінің логикалық қисынды және ретті кезеңдерінен тұратын үйлесімді жүйе болып табылады. Ұлы тұлғалардың өмірлік іс-әрекеті тарихын зерделеу қазақстандық патриотизмді қалыптастыру негізі бола алады деген идея модельдің уәждемелік негіздемесі болып табылады. Қазіргі Қазақстан үшін ондай тұлға Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – Тұңғыш Президент, тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы; батылдық, ақылдылық және өз Отанына шексіз беріліп қызмет ету оған шынында Ұлт Көшбасшысы, шынайы патриотизм өнегесі, жастардың қазақстандық патротизм сезімін тәрбиелеудің ықпалды үлгісі болуға мүмкіндік берді.

Патриоттық тәрбие беру моделін ҚарМТУ-дың тәрбие беру процесіне тиімді енгізу үшін орыс және қазақ тілдеріндегі «Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру: теория және практика» монографиясы және «Кураторларға көмек» әдістемелік нұсқауы басып шығарылды. Патриоттық тәрбие беру моделін іске асыруда ғалымдар, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының және Мәжілісінің депутаттары дайындаған бейнедәрістер үлкен роль атқарды. Патриоттық тәрбие беру моделін іске асыру процесінің тиімділігін анықтау үшін сауалнама жүргізу әдісімен жүзеге асырылған мониторинг жүйесі әзірленді.

ҚарМТУ-дағы Патриоттық тәрбие беру тәжірибесі ҚР Парламенті Мәжілісінде екі рет талқылау тақырыбы болғандығын айта кеткен жөн: 2009 жылы 21 сәуірде ҚР Парламенті Мәжілісінде «Нұр Отан» ХДП фракциясының Әлеуметтік кеңесі ұйымдастырған Парламенттік тыңдауы барысында және 2009 жылы 10 желтоқсанда Мәжілісте «Қазақстан жастарына патриоттық тәрбие беру ролі: проблемалары, келешектері, шешу жолдары» тақырыбында өткен дөңгелек үстел аясында. Екі талқылау барысында да Модель құрылымы және оны іске асыру нәтижелері депутаттардың, білім беру қызметкерлерінің қоғамдық жастар ұйымының өкілдерінің қолдауы мен қуаттауына ие болды. 2009 жылы 17 қыркүйекте Патриоттық тәрбие беру моделі Болонья қ. (Италия) халықаралық конференцияда талқыланды және мамандардың оң бағасына ие болды.

Осылайша, ҚарМТУ әзірлеген және енгізген Патриоттық тәрбие беру моделі қажетті теориялық негіздемелерге және әдістемелік қамсыздандырылуға ие бола отырып, әлеуметтік зерттеулер нәтижесімен қатар, студенттердің Университетте өткізілетін қоғамдық-саяси және басқа да шараларға қатынасының жақсы жағына өзгеруімен айғақталған өзінің практикалық тиімділігін көрсетті.

Сонымен қатар, әлем бір орнында тұрмайтындығын ескере отырып, қандай да бір проблемалар өзектілігін жоғалтып, жаңасы пайда болады, жастар да, олардың әлеуметтену жағдайлары да өзгереді. Сондықтан шексіз, тіпті, ең табысты және тиімді атқарымдарды патриоттық тәрбие беруді ұйымдастыруда пайдалану – бұл тек бір орында тұрмау дегенді ғана емес, өз ұстанымдарын қорғауды, жоғалтуды да білдіреді. Осы фактіні ұғына отырып, біз 2012 ж. жинақталған тәжірибені пайдаланып, қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға ерекше көңіл аудара отырып, Патриоттық тәрбие беру моделінің құрылымы мен мазмұнын айтарлықтай жаңғырттық.

2014 ж. 17 қаңтарда өзінің Қазақстан халқына кезекті «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында Елбасы Н.Ә. Назарбаев Жаңа Қазақстандық Патриотизмді қалыптастыру проблемасын көкейкесті етті және оның идеялық негізін – «Мәңгілік Елді» тұжырымдады.



Стратегиялық міндеттермен қатар, барлық қазақстандықты біріктіретін құндылықтар жүйесін терең талдау нәтижесінде біз Жаңа Қазақстандық Патриотизмді қалыптастырудың Кешенді моделін әзірледік және «Кураторларға көмек ретінде» әдістемелік материалдарының 7 жинағынан тұратын әдістемелік қамсыздандыруды даярлауды жүзеге асырдық. Бұл жинақтардың алғашқысы, міне, Сіздің қолыңызда. Бұл жұмыстың біздің ортақ ісіміз – өз еліміздің нағыз патриоттарын тәрбиелеуге салмақты үлес болатындығына сенімдімін.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2012
2012 -> Қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметова жоспар
2012 -> Әлия Молдағұлова Нұрмұхамедқызы (шын есімі Ілия) Қаһарман қазақ қызы
2012 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2012 -> Альберт эйнштейн
2012 -> Л. Г. Матвеенкова
2012 -> Абылай хан
2012 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2012 -> Ыбырай Алтынсарин Мақсаты: ақынның өмірі мен
2012 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2012 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет