«Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәні қоғамдық тарихи сананы қалыптастырудағы маңызын айқындаңыз


ЕКІНШІ. Осы күрделі кезеңде бөлінетін әрбір теңгенің қайтарымының мол болуына қол жеткізу керек



бет7/7
Дата19.12.2019
өлшемі236,02 Kb.
#53789
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
тарих экзамен новый жауап
Геодезия 19-20 емтихан сұрақтары2

ЕКІНШІ. Осы күрделі кезеңде бөлінетін әрбір теңгенің қайтарымының мол болуына қол жеткізу керек.

Тексерістер нәтижелері айқындап отырғандай, құрылыс құны кей жағдайда жобалық құжаттар әзірлеу кезеңінде-ақ арттырылып көрсетіледі.

Соңына дейін жеткізілмейтін немесе перспективасы жоқ екені әуел бастан белгілі болған жобалар бар.

Егер жүктелген іске жауапкершілік танытатын болсақ, бюджеттің жүздеген миллиард теңгесін үнемдеп, тұрғындардың нақты қажетіне бағыттауға болады.

Үкімет тиімсіз әрі уақтылы емес шығындарды болдырмай, шығыстарды оңтайландырып, қаражатты үнемдеу үшін жүйелі шаралар қабылдауы қажет.

ҮШІНШІ. Сыбайлас жемқорлықпен белсенді күрес жалғасатын болады.

Біріншіден, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер аясында мемлекеттік қызметшілердің тұрғындармен тікелей қарым-қатынасын азайтуға қол жеткізген жөн.

Жер қатынастары мен құрылыс саласындағы бюрократтық рәсімдер жұртшылықты мазалайтын мәселелердің бірі болып саналады.

Бұл салада ашықтық жоқ, халық пен бизнес ақпаратқа толық қол жеткізе алмай отыр.

Жер қоры мен жылжымайтын мүлік нысандары туралы мәліметтердің бірыңғай ақпараттық базасын жасауды тапсырамын.

Осы мәселе бойынша тәртіп орнатып, жерді нақты инвесторларға беру керек!

Бұл – бір ғана мысал.

Жұрттың және бизнес қоғамдастығының наразылығын туғызатын басқа да бағыттар бойынша тиісті жұмыстар жүргізу керек.

Жалпы, 2019 жылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің 80 пайызы, ал 2020 жылы кемінде 90 пайызы электронды форматқа көшірілуге тиіс.

Сол үшін Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңды жедел жаңарту керек.

Екіншіден, қарамағындағы қызметкерлер сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылық жасаған жағдайда бірінші басшылардың жеке тәртіптік жауапкершілігін күшейту мәселесін пысықтау қажет.

Сонымен қатар, адал жұмыс істейтін қызметкер тексерушілерден қорықпауға тиіс.



Үшіншіден, «Сыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер» жобалары аясында елорданың жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асыру жөніндегі тәжірибесін тарату керек.

ТӨРТІНШІ. Үкімет пен барлық мемлекеттік органдардың жұмысында формализм мен бюрократияны азайту қажет.

Соңғы кездері Үкіметтегі, мемлекеттік органдардағы ұзақ отырыстар мен кеңестердің саны еселеп артып, сондай-ақ құжат айналымы елеулі түрде көбейді.

Үкімет әкімдердің және олардың орынбасарларының қатысуымен күніне 7 кеңес өткізетін кездері де болады.

Олар қай кезде жұмыс істейді?

Мұны доғарып, бұл мәселені ретке келтіру керек.

Өздеріне нақты міндеттемелер алуға  және солар үшін жария түрде есеп беруге тиіс министрлер мен әкімдерге шешім қабылдау еркіндігін ұсыну қажет.

Еліміздің 2025 жылға дейінгі дамуының стратегиялық жоспарының әзірленген көрсеткіштер картасы бұған негіз болуға тиіс.

БЕСІНШІ. Қойылған міндеттерді тиімді жүзеге асыру үшін реформалардың жүргізілуіне бақылау механизмдерін күшейту қажет.

Үкімет пен мемлекеттік органдар жыл соңына дейін дамудың аталған барлық мәселелерін қамти отырып, нақты индикаторлар мен «жол карталарын» әзірлеуге тиіс, сондай-ақ реформаларды іске қосу үшін қажетті заң жобаларының бәрін Парламентке уақтылы енгізуі керек.

Өз кезегінде, Парламент оларды сапалы әрі жедел қарастырып, қабылдауға тиіс.

Реформалар мен негізгі стратегиялық құжаттардың жүзеге асырылу барысына мониторинг жүргізіп, бағалау үшін қажетті өкілеттіктер бере отырып, Президент Әкімшілігінде Ұлттық жаңғыру офисін құруды тапсырамын.

Бұл офис статистикалық көрсеткіштерге мониторинг жүргізуден бөлек, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының тәжірибесіне сәйкес, тұрғындар үшін өзекті мәселелер жөнінде халық пен бизнес өкілдері арасында тұрақты түрде сауалнама жүргізуді қамтамасыз етеді.

Офис әрбір бағыт бойынша қалыптасқан  жағдай жөнінде маған үнемі баяндап отырады.

Үкіметтің әрбір мүшесі, мемлекеттік органдар мен компаниялардың басшылары алға қойылған міндеттердің орындалуына дербес жауап беретін болады.

V. ТИІМДІ СЫРТҚЫ САЯСАТ

Қазақстанның табысты жаңғыруын қамтамасыз ету үшін бастамашыл белсенді сыртқы саясатты одан әрі жүзеге асыру қажет.

Біздің бейбітсүйгіш бағытымыз бен осы саладағы нақты айқындалған қағидаттарымыз өзін-өзі толық ақтап отыр.

Қазақстанның Ресей Федерациясымен қарым-қатынасы мемлекетаралық байланыстардың эталоны болып саналады.

Толыққанды интеграциялық бірлестік әрі әлемдік экономикалық қатынастардың белсенді мүшесі ретінде қалыптасқан Еуразиялық экономикалық одақ табысты жұмыс істеуде.

Орталық Азия өңірінде өзара ықпалдастықтың жаңа парағы ашылды.

Қытай Халық Республикасымен жан-жақты стратегиялық серіктестігіміз дәйекті түрде дамып келеді.

«Бір белдеу – бір жол» бағдарламасы Қытаймен қарым-қатынасымызға тың серпін берді.

Менің қаңтар айындағы Вашингтонға ресми сапарым және Президент Дональд Трамппен жүргізген келіссөздерім барысында Қазақстан мен АҚШ-тың XXI ғасырдағы кеңейтілген стратегиялық серіктестігі жөніндегі уағдаластыққа қол жеткізілді.

Біз сауда және инвестиция саласындағы ірі серіктесіміз – Еуропа Одағымен қарқынды ынтымақтастығымызды жалғастыра береміз.

ТМД елдерімен, Түркиямен, Иранмен, Араб Шығысы және Азия елдерімен өзара тиімді екі жақты қатынастар дамып келеді.

Ақтау қаласындағы саммитте қабылданған Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция Каспий маңы елдерімен ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктеріне жол ашады.

Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесіндегі миссиясын абыроймен аяқтап келеді.

Сирия жөніндегі Астана процесі бейбіт жолмен реттеу және осы елдің дағдарыстан шығуы жөнінде тиімді жұмыс жүргізіп жатқан бірден-бір келіссөздер форматына айналды.

Сонымен қатар, қазіргі күрделі жағдайда Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты бейімделуді және ұлттық мүддені прагматизм қағидаттарына сәйкес ілгерілетуді талап етеді.

* * *


Барлық кезеңде де табысқа деген нық сенім мен халықтың бірлігі ғана ел тағдырын шешкен.

Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында ғана біз ұлы асуларды бағындыра аламыз.



VІ. ӘРБІР ҚАЗАҚСТАНДЫҚТЫҢ ЕЛІМІЗДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР ҮДЕРІСТЕРІНЕ АТСАЛЫСУЫ

Әрбір қазақстандық жүргізіліп жатқан реформалардың мәнін және олардың Отанымызды өркендету жолындағы маңызын жете түсінуге тиіс.

Реформаларды табысты жүзеге асыру үшін қоғамымыздың ортақ мақсатқа жұмылуы аса маңызды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы жаппай қолдауға ие болып, қоғамдағы жаңғыру үдерістеріне зор серпін берді.

Бұл бастаманы әрі қарай жалғастырып қана қоймай, оның аясын жаңа мазмұнмен және бағыттармен толықтыру қажет.

Жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау мемлекеттік саясаттың басымдығына айналуға тиіс.

Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек.

Келесі жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынамын.

Біз ауылдық жерлердің әлеуметтік ортасын жаңғыртуға кірісуіміз қажет.

Бұған арнайы «Ауыл – Ел бесігі» жобасының іске қосылуы септігін тигізеді.

Бұл жоба арқылы өңірлердегі еңбекке қатысты идеологияны ілгерілетуді қолға алу керек.

Бойскаут қозғалысы сияқты «Сарбаз» балалар-жасөспірімдер бірлестігін құрып, мектептерде әскери-патриоттық тәрбиенің рөлін күшейткен жөн.

«Өз жеріңді танып біл» жаңа бастамасы аясында еліміздің өңірлері бойынша жаппай мектеп туризмін қайта жаңғырту керек.

Бүгінде халықтың әлеуметтік көңіл-күйін айқындайтын негізгі салаларда теңдессіз шаралар ұсынылып отыр.

Бастамалардың қаржылық көлемі 1,5 триллион теңгеден асады, ал жиынтық әсері одан да көбірек. Бұл халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға зор серпін береді. Бұл – ең сенімді әрі тиімді инвестиция.

75 ҚР президенті Н.Назарбаевтың 2018 ж 21 қарашасында жарияланған Ұлы даланың жеі қыры мақаласының мәні мен мазмұнын айқындаңыз

І. ҰЛТ ТАРИХЫНДАҒЫ КЕҢІСТІК ПЕН УАҚЫТ Біздің жеріміз материалдық мә­де­ниет­тің көптеген дүниелерінің пайда бол­ған орны, бастау бұлағы десек, асыра айт­қандық емес. Қазіргі қоғам өмірінің ажы­рамас бөлшегіне айналған көптеген бұйым­дар кезінде біздің өлкемізде ойлап та­был­ған. Ұлы даланы мекен еткен ежел­гі адамдар талай техникалық жаңалықтар ой­лап тауып, бұрын-соңды қолданыл­ма­ған жаңа құралдар жасаған. Бұларды адам­зат баласы жер жүзінің әр түкпірінде әлі күнге дейін пайдаланып келеді. Көне жыл­намалар бүгінгі қазақтардың арғы ба­балары ұланғайыр Еуразия құрлығын­да­ғы саяси және экономикалық тарихтың беталысын талай рет түбегейлі өзгерткені туралы сыр шертеді.



1. Атқа міну мәдениеті

тқа міну мәдениеті мен жылқы ша­руа­шылығы жер жүзіне Ұлы даладан та­ра­ғаны тарихтан белгілі. Еліміздің солтүстік өңіріндегі энео­лит дәуіріне тиесілі «Ботай» қонысында жүр­гізілген қазба жұмыстары жылқының тұң­ғыш рет қазіргі Қазақстан аумағында қол­ға үйретілгенін дәлелдеді. Жылқыны қолға үйрету арқылы біз­дің бабаларымыз өз дәуірінде адам айт­қысыз үстемдікке ие болды. Ал жаһандық ау­қым­да алсақ, шаруашылық пен әскери са­ладағы теңдессіз революцияға жол аш­ты. Жылқының қолға үйретілуі атқа міну мә­дениетінің де негізін қалады. Бес қа­руын асынған салт атты сарбаз айбарлы көш­пенділер империялары тарих сах­насына шыққан дәуірдің символына ай­налды. Ту ұстаған салт атты жауынгердің бей­несі – батырлар заманының ең таны­мал эмблемасы, сонымен қатар, атты әс­кердің пайда болуына байланысты қа­лыптасқан көшпенділер әлемі «мәдени ко­дының» айрықша элементі. Автокөлік қозғалтқыштарының қуа­ты әлі күнге дейін аттың күшімен өл­ше­неді. Бұл дәстүр – жер жүзінде салт ат­ты­лар үстемдік құрған ұлы дәуірге деген құр­меттің белгісі. Біз әлемнің барлық түкпіріне ежелгі қа­зақ жерінен тараған осынау ұлы тех­нологиялық революцияның жемісін адам­зат баласы ХІХ ғасырға дейін пай­даланып келгенін ұмытпауға тиіспіз. Қазіргі киім үлгісінің базалық ком­поненттері Дала өркениетінің ерте ке­зеңі­нен тамыр тартады. Атқа міну мә­де­ниеті салт атты жауынгердің ықшам киім үл­гісін дүниеге әкелді. Ат үстінде жүр­ген­де ыңғайлы болуы үшін бабаларымыз ал­ғаш рет киімді үстіңгі және астыңғы деп екіге бөлді. Осылайша, кәдімгі шал­бар­дың алғашқы нұсқасы пайда болды. Бұл салт атты адамдардың ат құла­ғын­да ойнауына, ұрыс кезінде еркін қи­мылдауына мүмкіндік берді. Дала тұр­ғын­дары теріден, киізден, кендір мен жүн­нен, кенептен шалбар тікті. Содан бе­рі мыңдаған жыл өтсе де, киімнің осы түрі өзгере қоймады. Қазба жұмыстары ке­зінде табылған көне шалбарлардың қа­зіргі шалбардан еш айырмасы жоқ. Сонымен қатар, бүгінгі етіктердің бар­лық түрі көшпенділер атқа мінгенде ки­ген жұмсақ өкшелі саптама етіктің «мұ­рагерлері» екені белгілі. Ат үстінде жүрген көшпенділер та­қы­мына басқан сәйгүлігіне неғұрлым еркін мі­ніп жүруі үшін биік ер-тұрман мен үзең­гіні ойлап тапты. Бұл жаңалық салт ат­ты адамның ат үстінде қаққан қазықтай мы­ғым отыруына, сонымен бірге шауып ба­ра жатып, қолындағы қаруын еш қиын­дықсыз және неғұрлым тиімді қол­дануына мүмкіндік берді. Бабаларымыз шапқан аттың үстінен са­дақ тартуды барынша жетілдірді. Соған бай­ланысты қарудың құрылымы да өзге­ріп, күрделі, ыңғайлы әрі қуатты бола түс­ті. Масағына қауырсын тағылып, ме­тал­мен ұшталған жебе берен сауытты те­сіп өтетін көбебұзарға айналды. Қазақстан аумағында өмір сүрген түр­кі тайпалары ойлап тапқан тағы бір тех­нологиялық жаңалық – қылыш. Оның оқтай түзу немесе иілген жүзі – ерек­ше белгісі. Бұл қару ең маңызды әрі кең таралған соғыс құралына айналды. Сарбаз бен оның мінген атын қорғау­ға арналған сауытты да алғаш рет біздің ба­баларымыз жасаған. Еуразия көш­пен­ді­лерінің айрықша маңызды әскери жаңа­лығына баланған мұздай темір құр­санған атты әскер осылайша пайда бол­ды. Отты қару пайда болып, жаппай қол­­­­данысқа енгенге дейін атты әскердің да­муы біздің дәуірімізге дейінгі І мың­жылдық пен біздің дәуіріміздің І ғасыры ара­сында көшпенділердің ұзақ уақыт бойы бұрын-соңды болмаған жауын­гер­лік үстемдік орнатуын қамтамасыз еткен жа­сақтың ерекше түрі – айбарлы атты әс­кердің қалыптасуына ықпал етті.

2. Ұлы даладағы ежелгі металлургия

Металл өндірудің амал-тәсілдерін та­бу тарихтың жаңа кезеңіне жол ашып, адам­зат дамуының барысын түбегейлі өз­гертті. Сан алуан металл кендеріне бай қа­зақ жері – металлургия пайда болған ал­ғашқы орталықтардың бірі. Ежелгі за­манда-ақ Қазақстанның Орталық, Сол­түстік және Шығыс аймақтарында тау-кен өндірісінің ошақтары пайда бо­лып, қола, мыс, мырыш, темір, күміс пен алтын қорытпалары алына бастады. Ата-бабаларымыз жаңа, неғұрлым бе­рік металдар өндіру ісін дамытып, олар­дың жедел технологиялық ілге­рі­леуі­не жол ашты. Қазба жұмыстары ба­ры­сында табылған металл қорытатын пеш­тер мен қолдан жасалған әшекей бұйым­дары, ежелгі дәуірдің тұрмыстық зат­тары мен қару-жарақтары бұл туралы те­реңнен сыр шертеді. Осының бәрі ежел­гі замандарда біздің жеріміздегі дала өр­кениеті технологиялық тұрғыдан қан­шалықты қарқынды дамығанын көр­се­теді.

3. Аң стилі

Біздің ата-бабаларымыз қоршаған ор­та­мен етене өмір сүріп, өздерін таби­ғат­тың ажырамас бөлшегі санаған. Бұл бас­ты тұрмыс қағидаты Ұлы даланы ме­кен­деген халықтардың дүниетанымы мен құндылықтарын қалыптастырды. Өз жазуы мен мифологиясы бар Қазақ­стан­ның ежелгі тұрғындарының озық мә­де­ние­ті болды. Олардың мұрасының жарқын көрі­ні­сі, көркем болмысы мен рухани бай­лы­ғы­ның айшықты белгісі – «аң стилі өне­рі». Жануарлар бейнесін тұрмыста пай­далану адам мен табиғаттың өзара бай­­ланысының символына баланып, көш­пенділердің рухани бағдарын айқын­дап отырған. Олар жыртқыштардың, негізінен мы­сық тұқымдас аңдардың суретін көбірек қол­данған. Егемен Қазақстанның сим­вол­дарының бірі – жергілікті жануарлар әле­мінде сирек кездесетін тұрпаты текті қар барысы екені кездейсоқ емес. Бұл ретте, аң стилі бабаларымыздың ай­рықша жоғары өндірістік тәжірибесі бол­ғанын көрсетеді. Олар оюлап кес­кін­деуді, металмен жұмыс істеудің тех­никасын, соның ішінде, мыс пен қоладан бал­қымалар жасаудың және құймалар құю­дың, жайма алтын дайындаудың күр­делі әдістерін жақсы меңгерген. Жалпы, «аң стилі» феномені әлемдік өнер­дегі биік белестердің бірі саналады.

4. Алтын адам

Біздің түп-тамырымызға жаңаша көз­қа­распен қарауға жол ашып, әлемдік ғы­­лым үшін сенсация саналған жаңалық – 1969 жылы Қазақстанның Есік қор­ға­ны­нан табылған, өнертанушы ғалымдар ара­сында «қазақстандық Тутанхамон» де­ген атқа ие болған «Алтын адам». Бұл жауынгер талай тылсым құ­пия­ның бетін ашты. Біздің бабаларымыз әлі күнге дейін өзінің асқан көркемдігімен там­сандыратын аса жоғары деңгейдегі көр­кем дүниелер жасаған. Жауынгердің ал­тынмен апталған киімдері ежелгі ше­берлердің алтын өңдеу техникасын жақ­сы меңгергенін аңғартады. Сонымен бір­ге, бұл жаңалық Дала өркениетінің зор қуаты мен эстетикасын әйгілейтін бай мифологияны паш етті. Дала халқы өз көсемдерін осылайша ұлық­тап, оның мәртебесін күн секілді құ­ді­рет деңгейіне көтеріп асқақтатқан. Қо­рымдағы сән-салтанатты жасау-жаб­дық­тар ежелгі бабаларымыздың зият­кер­лік дәстүрлерінен де мол хабар береді. Жауын­гердің жанынан табылған күміс ке­селердің бірінде ойып жазылған таң­балар бар. Бұл – Орталық Азия аумағынан бұрын-соңды табылған жазу атаулының ішіндегі ең көнесі.

5. Түркі әлемінің бесігі



Қазақтардың және Еуразияның басқа да халықтарының тарихында Алтайдың алар орны ерекше. Осынау асқар таулар ға­сырлар бойы Қазақстан жерінің тәжі ғана емес, күллі түркі әлемінің бесігі са­нал­ды. Дәл осы өңірде біздің дәуіріміздің І мыңжылдығының орта шенінде Түркі дүниесі пайда болып, Ұлы дала төсінде жаңа кезең басталды. Тарих пен география түркі мем­ле­кет­тері мен ұлы көшпенділер империялары са­бақтастығының айрықша моделін қа­лыптастырды. Бұл мемлекеттер ұзақ уа­қыт бойы бірін-бірі алмастырып, орта ға­сырдағы Қазақстанның экономикалық, сая­си және мәдени өмірінде өзінің өш­пес ізін қалдырды. Орасан зор кеңістікті игере білген түр­кілер ұланғайыр далада көшпелі және отырықшы өркениеттің өзіндік өрнегін қалыптастырып, өнер мен ғылымның жә­не әлемдік сауданың орталығына ай­нал­ған ортағасырлық қалалардың гүл­денуі­не жол ашты. Мәселен, орта ғасыр­дағы Отырар қаласы әлемдік өркениеттің ұлы ойшылдарының бірі – Әбу Насыр әл-Фарабиді дүниеге әкелсе, түркі ха­лық­тарының рухани көшбасшыларының бірі Қожа Ахмет Яссауи Түркістан қала­сын­да өмір сүріп, ілім таратқан.

  1. Ұлы Жібек жолы

Еліміздің географиялық тұрғыдан ұтым­ды, яғни Еуразия құрлығының кін­дігінде орналасуы ежелден әртүрлі мем­лекеттер мен өркениеттер арасында тран­зиттік «дәліздердің» пайда болуына сеп­тігін тигізді. Біздің дәуірімізден бас­тап бұл құрлық жолдары Үлкен Еура­зия­ның Шығысы мен Батысы, Солтүстігі мен Оңтүстігі арасындағы сауда және мә­дениет саласындағы байланыстардың транс­континентальды желісіне – Ұлы Жі­бек жолы жүйесіне айналды. Бұл жол халықтар арасындағы жаһан­дық өзара тауар айналымы мен зияткерлік ынт­ымақтастықтың қалыптасып, дамуы үшін орнықты платформа болды. Керуен жолдарын мінсіз ұйымдас­ты­рып, қауіпсіздігін қамтамасыз еткен Ұлы дала халқы ежелгі және орта ғасырлардағы аса маңызды сауда қатынасының басты дә­некері саналды. Дала белдеуі Қытай, Үн­ді, Парсы, Жерорта теңізі, Таяу Шы­ғыс және славян өркениеттерін байла­ныс­тырды. Алғаш пайда болған сәттен бастап, Ұлы Жібек жолы картасы, негізінен, Тү­рік империяларының аумағын қамтыды. Ор­талық Еуразияда түркілер үстемдік құрған кезеңде Ұлы Жібек жолы гүлдену ше­гіне жетіп, халықаралық ауқымда эко­номиканы өркендетуге және мәдениетті да­мытуға септігін тигізді.

  1. Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны

Асқақ Алатаудың баурайы алма мен қыз­ғалдақтың «тарихи отаны» екені ғы­лы­ми тұрғыдан дәлелденген. Қарапайым, бі­рақ бүкіл әлем үшін өзіндік мән-маңы­зы зор бұл өсімдіктер осы жерде бүр жа­рып, жер жүзіне таралған. Қазақстан қа­зір де әлемдегі алма атаулының арғы ата­сы – Сиверс алмасының отаны са­на­ла­ды. Дәл осы тұқым ең көп таралған же­місті әлемге тарту етті. Бәріміз білетін ал­ма – біздегі алманың генетикалық бір тү­рі. Ол Қазақстан аумағындағы Іле Ала­тауы баурайынан Ұлы Жібек жолының кө­не бағыты арқылы алғашқыда Жерорта теңізіне, кейіннен бүкіл әлемге таралған. Осы танымал жемістің терең тарихының сим­волы ретінде еліміздің оңтүстігіндегі ең әсем қалалардың бірі Алматы деп атал­­­ды. Қазақстан аумағындағы Шу, Іле тау­ла­рының етегінен әлі күнге дейін жер­гілікті өсімдіктер әлемінің жауһары са­на­латын Регель қызғалдақтарын бас­тап­қы күйінде кездестіруге болады. Бұл әсем өсім­діктер біздің жерімізде Тянь-Шань тау­ларының етегі мен шөлейт даланың түйі­сер тұсында пайда болған. Қазақ то­пырағындағы осынау қарапайым, сон­дай-ақ, ерекше гүлдер өз әдемілігімен көп­теген халықтың жүрегін жаулап, бір­­­тіндеп бүкіл әлемге тарады. Бүгінде жер жүзінде қызғалдақтың 3 мың­нан астам түрі бар, олардың басым көп­шілігі – біздің дала қызғалдағының «ұр­пағы». Қазір Қазақстанда қызғал­дақ­тың 35 түрі өседі.

ІІ. ТАРИХИ САНАНЫ ЖАҢҒЫРТУ Көтерілген мәселелер жан-жақты ой еле­гінен өткізіп, терең зерделеуді талап ете­ді. Сондай-ақ, біздің дүниетанымы­мыз­­дың, халқымыздың өткені мен бү­гі­ні­нің және болашағының іргелі негіз­де­ріне тікелей қатысты. Бұл жұмысты бірнеше ірі жобалар ар­қылы бастауға болады деп ойлаймын.

1.Архив – 2025

Тәуелсіздік жылдарында халқымыз­дың өткенін зерттеуге қатысты ауқымды жұ­мыстар атқарылды. Еліміздің тарихи жыл­намасындағы ақтаңдақтарды қайта қал­пына келтіруге жол ашқан «Мәдени мұ­ра» бағдарламасы табысты іске асы­рыл­ды. Бірақ, бабаларымыздың өмірі мен олардың ғажап өркениеті жөніндегі көп­теген деректі құжаттар, әлі де болса, ғы­лыми айналымға түскен жоқ. Олар әлем­нің бүкіл архивтерінде өз іздеушісі мен зерттеушісін күтіп жатыр. Сондықтан, ежелгі дәуірден қазіргі за­манға дейінгі кезеңді қамтитын барлық отан­дық және шетелдік мұрағаттар дү­ние­сіне елеулі іргелі зерттеулер жүргізу үшін «Архив – 2025» жеті жылдық бағ­дар­­ламасын жасауымыз қажет деп санай­мын. Бұл жобаны жүзеге асыру барысында та­рих­шылардан, деректанушылар мен мә­дениеттанушылардан құрылған ар­найы топтардың отандық және шетелдік ірі архивтермен өзара жүйелі әрі ұзақмер­зімді ықпалдастықта болып, іздеу-зерт­теу жұмыстарын жүргізуіне баса мән беру керек. Қай жағынан болсын, бұл маңызды жұ­мыс мемлекет есебінен атқарылатын «академиялық туризмге» айналмауға тиіс. Архив деректерін тек жинақтап қа­на қоймай, барлық мүдделі зерттеушілер мен қалың жұртшылыққа қолжетімді болуы үшін оларды белсенді түрде цифр­лық фор­матқа көшіру қажет. Өз тарихына деген мақтаныш сезімін ұя­латып, отаншылдық тәрбие беру мек­теп қабырғасынан басталуға тиіс. Сон­дықтан, мектептер мен барлық өңір­лер­де­гі өлкетану музейлерінің жанынан та­ри­хи-археологиялық қозғалыстар құру маңызды. Ұлт тарихын санаға сіңіру бар­ша қазақстандықтардың бойында өз бас­тауларына деген ортақтық сезімін қа­лыптастырады.

2. Ұлы даланың ұлы есімдері

Көпшіліктің санасында тарихи үде­ріс­тер, негізінен, тұлғаландыру сипатына ие болатыны белгілі. Көптеген халықтар өз елінің ерекше елшісі сынды ұлы ба­ба­ларының есімдерін мақтан тұтады. Мысалы, өткен дәуірлердегі Ту­тан­ха­мон, Конфуций, Ескендір Зұлқарнайын, Шекспир, Гете, Пушкин және Джордж Ва­шингтон сияқты дүниежүзіне белгілі тұл­ғалар бүгінде «өз мемлекеттерінің» ба­ға жетпес символдық капиталы санала­ды әрі сол елдердің халықаралық аренада тиім­ді ілгерілеуіне септігін тигізіп отыр. Ұлы дала әл-Фараби мен Яссауи, Күл­тегін мен Бейбарыс, әз-Тәуке мен Абы­лай, Кенесары мен Абай және басқа да көптеген ұлы тұлғалар шоғырын дү­ние­ге әкелді. Сондықтан, біз біріншіден, атақты та­рихи тұлғаларымыз бен олардың же­тіс­тіктерінің құрметіне ашық аспан ас­тын­да ескерткіш-мүсіндер қойылатын «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты оқу-ағар­ту энциклопедиялық саябағын ашуы­мыз керек. Екіншіден, мақсатты мемлекеттік тап­­­сырыс ұйымдастыру арқылы қазіргі әде­биет­тегі, музыка мен театр саласындағы жә­не бейнелеу өнеріндегі ұлы ойшылдар, ақын­дар және ел билеген тұлғалар бейне­сі­нің маңызды галереясын жасауды қол­ға алу қажет. Сондай-ақ, бұл жерде классикалық қа­л­ыптан тыс, балама жастар өнерінің креа­тивті әлеуетін де пайдаланудың мәні зор. Осыған орай, бұл іске тек отандық қа­на емес, сонымен бірге, шетелдік ше­бер­лер мен шығармашылық ұжымдарды да тартқан жөн. Үшіншіден, еліміздің тарихи кезең­де­рін кеңінен қамти отырып, «Ұлы да­­ла тұлғалары» атты ғылыми-көпшілік се­­рия­­ларды шығарып, тарату жұмыс­та­рын жүйелендіру және жандандыру қа­жет. Бұл бағытта қазақстандық ғалым­дар­мен қатар шетелдік мамандар да тар­ты­ла­тын халықаралық көпбейінді ұжым құ­руға болады. Нәтижесінде, біздің қаһар­мандарымыздың өмірі мен қызметі жө­нінде тек еліміздегілер ғана емес, сон­дай-ақ, шет елдегілер де білетін болады.

3. Түркі әлемінің генезисі

Қазақстан – күллі түркі халық­та­ры­ның қасиетті «Қара шаңырағы». Бүгінгі қа­зақтың сайын даласынан әлемнің әр түк­піріне тараған түркі тектес тайпалар мен халықтар басқа елдер мен өңірлердің та­рихи үдерістеріне елеулі үлес қосты. Осыған байланысты, «Түркі өр­ке­ние­ті: түп тамырынан қазіргі заманға дейін» атты жобаны қолға алу қажет. Бұл жоба ая­сында 2019 жылы Астанада Түр­ко­лог­тардың дүниежүзілік конгресін және әр­түрлі елдер музейлерінің экс­по­зиция­ла­рына ежелгі түркі жәдігерлері қойы­ла­тын Түркі халықтарының мәдени күн­де­рін ұйымдастыру керек. Сондай-ақ, Ви­кипедияның үлгісінде Қазақстанның модераторлығымен Түркі халықтарына ор­тақ туындылардың бірыңғай онлайн кі­тап­ханасын ашу да маңызды. Сонымен қатар, жаңа облыс орта­лы­ғы ретінде Түркістанды дамыту бары­сын­да оның халықаралық аренадағы бе­де­лін жүйелі түрде арттыру қажет. Қазақстанның ежелгі астанасы хал­қы­мыздың рухани орталығы ғана емес, сон­дай-ақ, бүкіл түркі әлемі үшін киелі орын болып саналады.

4. Ұлы даланың ежелгі өнер және технологиялар музейі

«Ұлы дала» атты ежелгі өнер және тех­нологиялар музейін ашуға толық мүм­кіндігіміз бар. Оған озық өнер мен тех­но­логия үлгілерін – аң стилінде жасалған бұйым­дарды, «Алтын адамның» жарақ­та­рын, жылқыны қолға үйрету, метал­лур­гияны дамыту, қару-жарақ, сауыт-сай­ман дайындау үдерісін көрсететін зат­тар­ды және басқа да жәдігерлерді жинақтауға бо­лады. Онда Қазақстан жерінен та­был­ған құнды археологиялық ескерткіштер мен археологиялық кешендердің экс­по­зи­циялары қойылады. Бұл заттар тарихи дәуірлердің қандай да бір кезеңіндегі әр­түрлі шаруашылық салаларының даму үдерісін көрсетеді. Сонымен қатар, «Ұлы даланың ұлы өр­ке­ниеттері» атты жалпыұлттық тарихи ре­конструкциялар клубын құрып, соның не­гізінде Астанада және Қазақстанның өз­ге де өңірлерінде ежелгі сақтар, ғұндар, ұлы түрік қағандарының дәуірі және бас­қа да тақырыптар бойынша фестивальдар өт­кізуге болады. Бұған қызығушылық біл­дірген адамдарды тарта отырып, осы та­қырыптар аясындағы жұмыстарды бір мезгілде жүргізуге болады. Ежелгі Отырар қаласының бірқатар ны­сандарын – үйлері мен көшелерін, қо­ғамдық орындарын, су құбырларын, қа­ла қамалының қабырғалары мен тағы да басқа жерлерін ішінара қалпына кел­тіретін туристік жоба да қызықты болмақ. Осының негізінде білімді дәріптеуге жә­не туризмді дамытуға баса мән берілуі қа­жет.

5. Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы

Бұл жоба аясында бізге «Дала фольк­лорының антологиясын» жасау керек. Мұнда Ұлы дала мұрагерлерінің өткен мың­жылдықтағы халық ауыз әдебиетінің таңдаулы үлгілері – ертегілері, аңыз-әф­са­налары, қиссалары мен эпостары жи­нақ­талады. Сонымен қатар, қазақтың қобыз, дом­быра, сыбызғы, сазсырнай және бас­қа да дәстүрлі музыкалық аспаптарымен орын­дауға арналған маңызды туындылар топ­тамасын – «Ұлы даланың көне са­рын­­дары» жинағын басып шығару қажет. Ұлы даланың фольклоры мен әуен­де­рі заманауи цифрлық форматта «жаңа ты­ныс» алуға тиіс. Бұл жобаларды жүзеге асы­ру үшін көшпенділердің бай мұрасын жүйе­леуге қабілетті ғана емес, сондай-ақ, оның өзектілігін арттыра алатын отандық жә­не шетелдік кәсіби мамандарды тарту маңыз­ды. Біздің мәдениетіміздің негізгі сю­жет­­те­рін­де, кейіпкерлері мен сарын­да­рын­да ше­кара болмайды, сол себепті оны жүйе­лі зерттеп, бүкіл Орталық Еу­­разия кеңіс­ті­гі мен барша әлемде дә­ріп­теуге тиіспіз. Ауызша және музыкалық дәстүрді жаң­­ғырту қазіргі заманғы аудиторияға жа­қын әрі түсінікті форматта болуы ке­рек. Атап айтқанда, көнерген сөздер мен мә­­тіндерді суреттерімен қоса беруге, ай­қын видеоматериалдар формасында ұсы­ну­ға болады. Музыкалық дыбыстар мен әуендер табиғи аспаптармен ғана емес, олардың заманауи электронды нұс­қа­лары арқылы да шығарылады. Сонымен қатар, фольклорлық дәс­түр­дің ортақ тарихи негіздерін іздеу үшін Қа­зақстанның түрлі өңірлері мен өзге ел­дерге бірнеше іздеу-зерттеу экспе­ди­ция­ларын ұйымдастыру қажет.

6.Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі

Қазіргі замандағы халықтардың та­ри­хи таным-түйсігінде кино өнері ерек­ше орын алады. Жалпы халықтың са­на­сында фильмдердегі жарқын ки­нооб­раз­дар іргелі ғылыми монографиялардағы де­ректі портреттерден гөрі маңыздырақ рөл атқарады. Сондықтан, тез арада Қазақстанның өр­кениет тарихының үздіксіз дамуын көр­сететін деректі-қойылымдық фильм­дер­дің, телевизиялық сериалдар мен то­лықметражды көркем картиналардың ар­найы циклін өндіріске енгізу керек. Аталған жобалар кең халықаралық ын­тымақтастық аясында отандық және шет­елдік үздік сценаристерді, режис­сер­лер­ді, актерлерді, продюсерлерді және за­манауи кино өндірісінің басқа да ма­ман­дарын тарту арқылы жүзеге асы­ры­луға тиіс. Қызықты әрі мелодрамалық сарын­дар­мен қатар, көрермендер үшін танымал фэн­тези және шытырман оқиғалы блок­бастерлердің элементтерін қоса отырып, жа­ңа тарихи теле-кино туындылардың жан­рларын барынша кеңейту қажет. Осы мақсатпен Ұлы даланың бай ми­фо­логиялық және фольклорлық ма­те­риал­дарын пайдалануға болады. Ұлт қаһармандарын үлгі тұту үрдісін қа­лыптастыруға жол ашатын сапалы ба­лалар фильмдері мен мультипликациялық сериалдарды аса қажет ететін өскелең ұр­пақтың да талғамына ерекше назар ау­дару керек. Біздің даңқты батырларымыз, ой­шыл­­дарымыз бен ел билеушілеріміз – тек Қазақстан ғана емес, сондай-ақ, бү­кіл әлем бойынша еліктеуге лайықты тұл­ғалар.



ҚОРЫТЫНДЫ Осыдан бір жарым жыл бұрын менің «Бо­лашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақалам жарыққа шық­ты. Жоғарыда аталған жобаларды «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы ретінде қарастырамын. «Рухани жаңғыру» жалпыұлттық бағ­дар­ламасының жаңа компоненттері ата-ба­баларымыздың көп ғасырлық мұра­сы­ның цифрлық өркениет жағдайында тү­­сінікті әрі сұранысқа ие болуын қам­та­­масыз ете отырып, оны жаңғыртуға мүм­­кіндік береді. Төл тарихын білетін, бағалайтын жә­не мақтан ететін халықтың болашағы зор бо­лады деп сенемін. Өткенін мақтан тұ­тып, бүгінін нақты бағалай білу және бо­лашаққа оң көзқарас таныту – елі­міз­дің табысты болуының кепілі деге­ні­міз осы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет