Қазіргі жаһандық мәселелерді түсінудегі және шешудегі философияның рөлі»
Жаһандану, немесе Глобализация (ағылш. Global— «әлемдік», «дүниежүзілік», «жалпы») — жаңа жалпыәлемдік саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі.Жаһандану бұл менің ойымша дүниежүзілік жалпы әлемдік саяси, экономикалық,мәдени құрлымдардың үрдісі. «Жаһандану» деген терминді қазіргі таңда естімеген адам жоқ шығар. Қазіргі таңда жаһандану, ең алдымен, бүгінгі орын алып отырған халықаралық экономикалық қатынастардың сипаты және көптеген техникалардың, мысалы көлік, байланыс құралдары, әлемдік компьютерлік желілер және т.б. даму деңгейіне қатысты болып келеді.
Философияның жаһандану мәселесіндегі рөлі:Жаһандық мәселелерді түсінудегі және шешудегі философияның алатын рөлі зор. Себебі,Философия жаһандық мәселелердің шешімін өркениеттің ары қарай өмір сүруіне әсер ететін мәлелердің жиынтығын, дамуын түсіндіреді .Қазіргі заман адамының өмірінің дамуының әркелкілігі мен адамдардың әлеуметтік – экономикалық, саяси – идеологиялық арақатынасында пайда болатын қарама – қайшылықтардың себебінен туындайды. Бұл мәселелер жалпы адамзаттың өміріне әсер етеді.Адамзаттың жаһандық мәселелері – ғаламшарымыздың барлық тұрғындарының өмірлік қызығушылығын қозғайтын және бұл мәселелерді әлемнің барлық мемлекеттері ортақтасып шешетін мәселелер.
Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейінгі әлемдік тәртіп үшін жаҺандық инфрақұрылым құру идеясы алғаш рет 20 ғасырдың 40-50-ші жылдары АҚШ-тың зерттеу орталықтары: Халықаралық қатынастар жөніндегі кеңесте (ХҚК),“Рэнд” корпорациясында, Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығында (СХЗО), Психологиялық стратегиялар басқармасында (ПСБ) тұжырымдалды. Жаһандану ұғымы, жалпы алғанда, әлемдік өркениеттің аса маңызды өлшемдерінің жалпыадамзаттық өлшемге ие болуы деп түсіндіріледі. Қоршаған орта, түпкі ресурстар (энергия, су, азық-түлік), демография, көші-қон толқындары, есірткі тасымалы, халықаралық терроршылдық проблемалары жекелеген елдер күшімен шешілуі мүмкін емес. Ақпараттық төңкеріс бұл проблемалардың жаҺандық өлшемге ие болуына ықпал етті.Зерттеушілер Жаһандануды әр текті, бірақ әлемнің біртұтастыққа айналу логикасымен біріктірілетін өзгерістердің жиынтығы деп түсіндіреді. ЖаҺандық өзара тәуелділік және бүкіләлемдік даму үрдісі Жаһандануға алып келмей қоймайды. Бұл үрдіс трансұлттық экономика мен жалпыадамдық құндылықтарды қорғауға негізделген халықараралық ұйымдар жүйесі ықпалын күшейтеді. Жаһандану әлеуметтік феномен ретінде көп қырлы және көптеген құрамдас бөліктерді қамтиды. Негізінен, оны ұлттық және әлемдік шаруашылықтың техникалық және қаржылық жағынан дамуының нәтижесі деп есептейді. Алайда әлеуметтік-мәдени өзгерістер, адамдар тұрмысының өзгеруі, адамзаттың қоршаған ортамен қарым-қатынасының күрделенуі де Жаһандануға елеулі ықпал жасап отыр деп ойлаймын. Жаһандық- әділетті, әлемдік тәртіптің талаптарына жауап беретін демократия түрі. Қазіргі әлемдік тәртіп жеке адамдардың автономдығын шектеу арқылы орасан зор әділетсіздікке барып отыр. Әлемдік қауымдастыққа, әсіресе, ғаламдық деңгейде демократияның молдығы керек. Демократизация өздігінен жеке түлғаның автономдығын үлғайтады, сөйтіп олардың үстінен қарайтын күштерге ықпал ету мүмкіндігін кеңейтеді. Жаһандық демократияны, әдетте, ықтимал әлемдік үкіметтің идеялар уағызы деп қарамау керек: іс жүзінде бірнеше миллиард адамды басқару мәселесі жүзеге аспайтындай көрінеді, ал адам еркіндігіне бюрократиялық ғаламдық мемлекеттің төндіретін қатері орасан зор. Ал, екінші жағынан, мемлекет әділетті әлемдік тәртіп орнатуда аса маңызды рөл атқаратын еді. Мемлекет ішіндегі демократияны дамыту да аса маңызды. Өкілеттілікті өзара беттесетіндей етіп, күрделі әрі бытыраңқы бөлу талап етіледі»[5]. Өйткені, тек өзара қабыспайтын, бір-біріне ұқсамайтын, бір-бірін бақылайтын, әртүрлі әдістерді қолдану арқылы бір-бірін шектеп отыратын билік түрлерінің бытыраңқы орналасуы ықтимал әділетсіздіктердің алдын алуға мүмкіндік береді. Сондай- ақ көптеген аймақтық, ғаламдық мәселелер, қоршаған ортаны қорғау, азық- түліктің жетіспеушілігін және ашаршылық, індеттерді бақылау, мәдени әркелкілік, әйелдердің құқын аяққа таптау, қылмыс, кедейлік, адам құқының бұзылуы (өзіміз көріп жүргендей) және әлемдік экономиканы реттеу мәселелерін қарастыратын тар өкілеттігі бар билік құрылымдарының қызметі бағытталуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |