Байсеитова н. М



бет1/48
Дата15.09.2023
өлшемі4,32 Mb.
#181155
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48
Байланысты:
Лаб сабақтар әдістем елік нұсқауы
Лекция жинағы,Өсім анат-морф, EnglishPhoneticsEssays

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті
БАЙСЕИТОВА Н.М.


ӨСІМДІКТЕР АНАТОМИЯСЫ МЕН МОРФОЛОГИЯСЫ ПӘНІНЕН ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ

Шымкент
2023


КІРІСПЕ

Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы - ботаника ғылымының бір бөлімі. Пән өсімдіктердің морфологиялық және анатомиялық құрылысын, дамуын, өсімдік мүшелерінің атқаратын қызметіне және өзара қырым-қатынасын, тіршілік ортасына байланысты түрөзгерістерін қарастырады.


Өсімдіктер дүниесі- биосфераның негізгі құрылымдық компоненттерінің бірі. Қазақстан флорасының жан-жақтылығы тек әртүрлілігімен ғана қорытылмайды. Қазақстан флорасының 700-ге жуық өкілі эндемиктер, яғни басқа елдерде жабайы өсімдіктер түрінде кездеспейді. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің 5754 түрі таралған. Әлі де Қазақстан ботаниктерінің үздіксіз зерттеулері ғылым үшін жаңалық болып табылатын түрлермен толықтырылуда. Біздің еліміздің бай өсімдіктер әлемі ертеден-ақ адам баласына қызмет етіп келеді. Сондықтан, биолог мамандар өсімдіктердің құрылымдық ерекшеліктерімен, олардың жер бетіне таралуы, дамуы және адам өміріндегі, жалпы табиғи ортадағы маңызымен таныс болуы керек. Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы курсын оқыту биолог-бакалавриаттардың теориялық және практикалық дайындығында аса маңызды орын алады.
Оқу-әдістемелік құрал «Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы» курсының жұмыс оқу бағдарламасына сәйкес дайындалған. Әдістемелік құралда тақырыптар бойынша зертханалық жұмыстар беріліп, олардың мақсаты, жұмысты орындау барысы, тапсырмалар мен бақылау сұрақтары қамтылған. Зертханалық жұмыстарды орындау арқылы студенттер өсімдіктердің морфологиялық және анатомиялық құрылысын зерттеп, биологиялық ерекшеліктерімен іс жүзінде таныса отырып теориялық білімдерін бекітеді. Оқу-әдістемелік құрал 6В01505-Биология мұғалімін даярлау білім беру бағдарламасы бойынша білім алушы күндізгі және кешкі бөліміндегі студенттерге арналған.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет