Бекітемін Балабақша меңгерушісі Н. Жайлаубекова Ортаңғы топтарға арналған «Ертегілер еліне саяхат»



бет1/9
Дата07.02.2022
өлшемі34,08 Kb.
#84915
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Ертегі еліне саяхат вариативка




Бекітемін
Балабақша меңгерушісі
_________Н.Жайлаубекова


Ортаңғы топтарға арналған
«Ертегілер еліне саяхат»
Бейімделген бағдарлама
Вариативтік компонент

Кіріспе

Уақыт талабы оқу-тәрбие үрдісін батыл интенсивтендіру балалардың білім жүйесін сапалық жаңа деңгейге көтеру үшін тәрбиеші-ұстаздан терең білімділікті, кәсіптік шеберлікті, ыждағаттылықты талап етеді. Осы талаптарға сай тәрбиеші қызметіндегі шығармашылық негіздерді нығайту балаларға білімді игертуге бар мүмкіншілікті тиімді пайдалану, барлық әдіс-тәсілдерді жетілдіріп отырғанда ғана сапалы білім, дұрыс тәрбие беру жүзеге асады.Адам баласы қоршаған орта туралы шындықты белсенді іс-әрекеттің нәтижесінде танып біледі. Ол іс-әрекеттер ойын, оқу және еңбек. Дегенмен ,балалар үшін ойын ең маңызды іс-әрекеттің бірі. Ойын бала әрекетінің негізгі бір түрі. Бала үшін «ойын» өмір сүрудің белсенді формасы,сол арқылы ересектерге еліктейді, олардың іс-әрекеттерін, қарым-қатынастарын үйренеді, еңбектің мәнін түсіне біледі, адамгершілік нормаларын игереді, әлеуметтік рөлдер атқарады. Балалардың жан-жақты дамуы үшін ойынның рөлі ерекше. Тәрбиеші бағдарламада көрсетілген көріністі рөлдік, қимыл — қозғалысты, дидактикалық шығармашылық ойын түрлерін пайдалана, баланың ойын әрекетін ұйымдастыра білуі тиіс.Ойын барысында балалардың айналадағы дүние жайында мағлұматтары кеңейіп игерген білімге орай басты кейіпкерлерге еліктеуі, ойын ойнауға өзіне серік тауып алуы, таңдап алған рөлдеріне деген жауапкершілігі арта түседі. Бала ойын ойнағанда өмірде көрген-білгенін өзіне ұнаған адамнан артық ештеңе жоқ, оған барлық жағынан ұқсағысы келеді. Жалпы , бала табиғаты өзін бірнеше есе үлкенғып көрсетуге бейім. Тез есейгісі келіп, «бәрін өзім істеймін» деп талпынады. Баланың осы талпынысын мұқалтпай, «сен үлкенсің, мен көмектесіп жіберсем бәрін де өзің істей аласың» — деп, сенім білдіре тәрбиелеу ұтымды әдіс.Үлкен адам мен баланың айырмашылығы үлкендердің сана-сезімі мен іс-тәжірибесінің молдығында. Ізеттілік, ізгілік, инабаттылық, әдептілік бір күнде қалыптаса қалатын қасиет емес. Бұл балабақшадан бастау алып, өмір баспалдақтарында шыңдалып, біртіндеп қалыптасатын қасиет. Тәрбиешінің, ата-аналарының оқыған шығармаларынан өздеріне ұнаған басты кейіпкерлерін бейнелейді. Осы орайда күнделікті өмірде балаларға түсінікті қызықты еретгілерді пайдалану балалардың көңіл-күйін көтеріп, олардың қайырымдылығын, бір-біріне мейірімділігін тәрбиелеуге күшті әсер ететін атап өту керек..
ТҮСІНІК ХАТ

Тілдің дыбыстық мәдениетіне тәрбиелеу.Тілдегі барлық дауысты және дауыссыз, дыбыстарды анық, таза айтуға үйрету.Сөйлеу қарқынын өзгерте білу ептілігін дамыту.Затарды топтпасыруға,оларды айта білуге(ойыншықтар, доп, қуыршақ, машина, т.б)үйрету. Педагогтің көмегімен ойыншық туралы,сурет бойынша 2-3 сөзден тұратын қысқаша әңгіме құрау.Балаларға таныс әдеби шығармалар мен ертегілердің үзінділердің драмалауға қатыстыру.Өзіне таныс ертегілердің қойлымы мен оны драмалауға,ойыншықтары туралы кіші оқиғалар құрастыруға,арналған ойындарға қатысуға ниеттерін дамыту. Балабақшадан бастау алып, өмір баспалдақтарында шыңдалып, біртіндеп қалыптасатын қасиет. Тәрбиешінің, ата-аналарының оқыған шығармаларынан өздеріне ұнаған басты кейіпкерлерін бейнелейді. Осы орайда күнделікті өмірде балаларға түсінікті қызықты ертегілерді пайдалану балалардың көңіл-күйін көтеріп, олардың қайырымдылығын, бір-біріне мейірімділігін тәрбиелеуге күшті әсер ететін атап өтуге болады.


Мемлекеттік білім беру бағдарламасын вариативтік компонент арқылы таратудың «Ойлан,шатан,балақай» атты көркем әдебиет аптасына 1рет базистік жоспардың жылжымалы бөлігінде жүргізіледі. Жыл бойы жүргізілетін сағат саны 36, бағдарлама негізінен тоқсандық тақырыптарға бөлініп жоспарланған.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет