Білім беру бағдарламасы «Білім» топтарына арналған Құрастырған: Есенова С. Н оқытушы, психология магистрі



бет40/92
Дата27.11.2022
өлшемі0,89 Mb.
#160005
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   92
Байланысты:
Психология силлабус copy-1 (4)
Қажығалиев Мерген Арматұлы, Документ (3), Жеке даму картасы, Ғимараттармен үймәреттердің динамикасы және тұрақтылығы (копия)
Гештальттерапияда өзін-өзі тану адамның тұлғалық кемелге жетудегі жетістік құралы ретінде қарастырылады. Неміс психологы Ф. Перлз тұлғалық кемел сапасындағы көрсеткішін мынандай түрге бөліп көрсетеді.

  1. Басқаларға емес, өзіне демеулік, көмек көрсете алу.

  2. Жауапкершілікті өз мойнына алу.

  3. Қиын жағдайда өзіндік ресурсын жеделдету.

  4. Дағдарыстан шығу үшін тәуекелге бару [6, б. 23 Маралов В.Г. Основы самопознания и саморазвития].

Гуманистік психологияда өзін-өзі тану тұлғаның өзіндік даму жағдайымен, өзін-өзі жетілдірумен қарастырылады. Бұл бағыттың өкілі американдық ғалым К. Роджерс адам құрамын реалды «Мен» және идеалды
«Мен» деп бөліп көрсетеді, ал адам өміріне әсерін тигізетін әлеуметтік ортаны қосымша етіп алады.
Реалды «Мен» - өзі туралы ой, сезімі, талпынысы тағы солсияқты елестету жүйесі.
Идеалды «Мен»- адам болашақта қандай болғысы келетiнi, терең ойлауы мен өзiнiң тәжiрибесi.
Әлеуметтік орта - бұл басқа адамдардың баға беруi (адамның құндылығы, көзқарасы, iс-әрекетi, нормасы тағы сол сияқты).
Реалды «мен» және идеалды мен өзара сәйкес келмеуi мазасыздықты, әрекеттiң бейiмделе алмауы, әртүрлi психологиялық мәселелер туындайды.
Сонымен, В.Г. Маралов бойынша өзiн-өзi тану - өзiндiк тәжiрибенi меңгеру құралы: адам өзiн-өзiн тануда тұлғалық өсу қабiлетiн, өзiн-өзi жетiлдiру, өмiр қуанышын сезiну, өмiр мәнiн түсiне алуы. Өзiн-өзi танудың мәнi позитивтi және негативтi болып екiге бөлiнедi.
Позитивтi мәнiкез келген жұмыс жағдайы, белгiлi бiр мақсатқа жету үшiн, жұмыс сәттi болу үшiн талаптың қойылуы, қарым-қатынасты нығайтуда, өз мүмкiншiлiгiн арттыру және бұл қасиеттердi адам өз бойынан тануы.
Негативтi мәнi - өзi жайлы жақсы танып бiле алмағандықтан, адам күштi және әлсiз жақтарын мұттәйiм мақсатта қолдануы, өз амбициясын, өз талаптарын қанағаттандыру тағы басқа.
Психологияда өзін-өзі тану саласын алғаш атап көрсеткен американдық психолог У. Джеймс. Сыртқы дүние арқылы өзiн-өзi тану - қарым-қатынаста, iс-әрекеттi орындауда өз қылығын бағалау, өз мүмкiншiлiгiн және қабiлеттiлiгiн көрсете алу. Iшкi дүние арқылы өзiн-өзi тану - уайымдау, сезiм, арман, ой,
қалау тағы сол сияқты iшкi дүниенi сыртқа шығарып, тану үшiн қызықты жұмыспен шұғылдану абзал [6, б.15 Маралов В.Г. Основы самопознания и саморазвития].
Өзiн-өзi тану аймағы мен саласы жайлы кең түрде Д. Лафта және Г. Интрома «Джогари терезесiн» көрсеттi.
Кесте 1. «Джогари терезесi»




Мен өзім жайлы жақсы
білетінім

Өзім жайлы білмейтінім

Мен жайлы өзге
адамдардың білуі



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет