«Биология және оқыту әдістемесі»кафедрасы бк-211 тобының студенті:Әбдәлі Аяжан



Дата18.10.2023
өлшемі13,66 Kb.
#186538
Байланысты:
Документ
smagulov, Сауалнама Назерке, umkd po mikrob.i virusol., Metod Klinicheskaya praktika po nevrologi Nevrologiya-001 2, DOC-20221124-WA0012., ТБК сессия жауаптары-1

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университеті
Педагогикалық институт
«Биология және оқыту әдістемесі»кафедрасы
БК-211 тобының студенті:Әбдәлі Аяжан
ҮПП есебі
Мен Әбдәлі Аяжан Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университетінің 2 курс студенті студенті “Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының М.Ғабдулин атындағы №3 көпсалалы гиназиясы” комуналдық мемлекеттік мекемесінде 01.09.2022-10.12.2022ж. аралығындағы үздіксіз педагогикалық практикасынан өттім .
Іс-тәжірибе кезінде мен 8"әʺ сыныбына бекітілдім. 8"ә" сыныбымен тиянақты түрде жұмыс істеуге , өз кабілетімді барынша пайдалануға және өзімнің бойымдағы мұғалімдік мамандыққа деген тұрақты қызығушылығым мен сүйіспеншілік сезімдерімді педагогикалық іс-тәжірибе кезінде барынша дамытуға тырыстым. Мұғалім болудың қыр сырын түсіндім.
8"әʺ сыныбы оку-тәрбие жұмысымен таныстым. Болашақ педагог ретінде оқу-тәрбие мекемесінің материалдық-техникалық базасымен, педагогикалық ұжыммен және де мұғалімдердің міндеттері, құқықтарымен таныстым. Сонымен қатар, студенттердің міндеттері және құқыктарымен толық танысып шықтым. Өткен тақырыптарыма байланысты көрнекілік құралдарын дайындап , мұғалімдік жұмыстың ең нәтижелі формаларын және де әдістерін ұғынуға ұмтылдым. 7«ә» сыныбының сынып жетекшісі Сыздыкова Асель жетекшіміз ретінде бізге көп көмегін тигізді. Практика уақытында көп тәжірибелік істерді бойыма дамыттым. Сынып жетекшісі маған сабақты өту әдістерімен, тәжірибелерімен бөлісті және де бағыт-бағдар беріп отырды. Жасаған қателігімді қайталамауға барынша күш салдым . Осы аз уақыт ішінде практика кезінде тәжірибе жинақтап, білімімді шындадым деген ойдамын. Қорытындылай келгенде мен іс тәжірибеден көптеген жаңа идеялар мен мәліметтер алдым және әр оқушымен қалай тіл табысуға болатынын түсіндім, Болашақ педагогқа осындай мағлұматтардың пайдасы өте көп.
Студенттің қолы:

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет