1-дәріс-тезистары. Микробиология пәні мен міндеттері. Микроағзалар әлемі. Жоспар



бет1/10
Дата15.03.2023
өлшемі33,04 Kb.
#172615
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
umkd po mikrob.i virusol.
smagulov, Сауалнама Назерке, Metod Klinicheskaya praktika po nevrologi Nevrologiya-001 2, Документ, DOC-20221124-WA0012., ТБК сессия жауаптары-1

1-дәріс-тезистары. Микробиология пәні мен міндеттері. Микроағзалар әлемі.


Жоспар:
1. Микробиология пәні мен міндеттері. Микроағзалар әлемі.
2. Микробиологияның ашылуы және даму тарихы.


1. Микробиология пәні мен міндеттері. Микроағзалар әлемі.
Микробиология — жай көзге көрінбейтін, ұсақ тірі организмдерді, олардың құрылысы мен биологиялық, биохимиялық қасиеттерін, табиғатта жүріп жатқан процестердегі ролін, адам тұрмысындағы пайдасы мен зиянын жан-жақты зерттейтін ғылым.
Микроорганизмдердің басым көпшілігі — бактериялар. Сонымен қатар микробиология төменгі сатыдағы саңырауқұлақтарды, ашытқы саңырауқұлақтарын, ұсақ балдырларды, қарапайым организмдерді, вирустарды да зерттейді. Өйткені бұл организмдердің сыртқы пішіні, құрылысы өте ұқсас, әрі сол ортаға тигізетін биохимиялық әсері жағынан да бірлестікте болады.
Микробиология ботаника мен зоология ғылымдарының қарапайым организмдерді зерттейтін салаларымен тығыз байланысты. Ал, ферменттер мен витаминдерді зерттеуде микробиология биохимия пәнімен де ұштасып жатады. Микробиология ғылымының жетістіктері қазіргі кезде ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін арттыруда, түрлі өсімдіктер мен жануарлар зиянкестеріне қарсы күресуде, шырынды азық—сүрлем даярлауда кеңінен қолданылады.

2 Вирустар әлеміне кіріспе


Вирусологияның тарихы


Вирусологияның даму бағыттары
Вирустардың ерекшеліктері мен топтары
Вирустар - ауру қоздырғыштары
Вирустардың құрамы.

Вирусология, немесе вирустар туралы ғылымның ерекшелігі оның зерттейтін объектісінің жалпылай қалыптасқан анықтамасының болмауы. Вирустардың пайда болуы белгісіз, оның табиғаты осы күнге дейін пікір таласын туғызуда, тіпті бірі біріне қарсы келетін болжау мен ұсыныстар. Кейбір зерттеушілер вирусты тіршіліктің клетка емес түрі десе, басқалары эволюцияның кері даму салдарынан тек клетканың ішінде өсіп-дамитын паразиттік түрге бейімделген бактериялармен жанастырады, ал үшіншілері вирусты тіпті тіршілік түрі деп санамайды, оны ферментке ұқсас химиялық зат деп түсіндіреді. Осылардың ішіндегі шындыққа жақындау гипотеза, ол вирустар «жүгіретін» нуклеин қышқылынан шыққаны, яғни нуклеин қышқылы шыққан клеткасынынан тәуелсіз өсіп дамитын қасиеттерге, қабілетіне ие болғаны, дегенмен мұндай ДНҚ өсіп-өнгенде сол немесе басқа клеткалардың құрамын пай-даланатын болған, міне осылай табиғатта вирустар пайда болған.


Сонымен вирусологияның объектісі қандай? Бір пән шеңберінде қарастыратын вирустардың жалпылай сипаты бар ма, бар болса қандай?
Бізге тіршілік әлемінің үш түрі белгілі: хайуандар әлемі, өсімдіктер әлемі және микроорганизмдер әлемі, соңғысына вирустар кіреді.
Вирустар клеткедан тыс тіршілік түрінің ерекше тобы, олардың өзіне тән гені және барлық организм түрлерінің клеткаларында өсіп-өнетін қабілеті бар. Олар адам, хайуандар, саңырауқұлақтар, өсімдіктер және бактериялардың клетка ішіндегі облигатты (міндетті түрдегі) паразиті. Олар екі топқа бөлінеді:

  • ДНҚ - құрамды (табиғи шешек вирустары, қарапайым герпес вирустары, аденовирустар және басқалары);

  • РНҚ – құрамды (грипп, парагрипп, құтыру вирустары және т.б.).

Вирустарды адам, жануарлар, өсімдіктер және микроорганизмдердің жұқпалы ауруларының қоздырғыштары деп те атайды. Олар төмендегі ерекшеліктермен айқындалады:

  1. Денесінің кішкентайлығы – ондаған немесе жүздеген миллимикрон.

  2. Клеткалық құрамының жоқтығы.

  3. Химиялық құрамының қарапайымдылығы – тек белок және өзіне тән нуклеин жүйесі.

  4. Жасанды синтетикалық қоректік ортада қорлана алмауы.

  5. Сезімтал ие организмінде дамудың ерекше қайталануын, немесе клеткасыз ортада және клетка органоиды, жинақтау (синтез) үшін қажетті нуклеин қышқылы, белок, оған қоса энергия көзі болатын заттары бар ортада осы қайталанудың бөлігінің өтуі.

Латын сөзі «вирус» атауын Нидерланды оқымыстысы М.В.Бейерник 1899 жылы енгізген, ол «у» деген мағына береді. Луи Пастер заманында ( Х1Х ғасырдың екінші жартысы) адам мен хайуандардың жұқпалы ауруларының қоздырғышы ретінде вирус атауы медицинада кеңінен пайдаланды, олардың ішінде патогенді бактериялар басымырақ болды, оған табиғаты белгісіз аурулар агенттері де жатқызылды. Соңынан бұл сөзді көбінесе соңғы топ қоздырғыштарына қолданды.

4-5 дәріс. Микроағзалар физиологиясы.


Жоспар:
1. Микроағзалардың химиялық құрамы.
2. Микроағзалардың қоректенуі.
3. Микроағзалардың тыныс алуы.
4. Микроағзалардың ферменттері.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет