Бір аптаға( 18-22 қыркүйек 2017 ж.) Алтын дән б/б «Балдырған» ересек тобы Өтпелі тақырып



Дата04.10.2020
өлшемі44,54 Kb.
#63981

ЦИКЛОГРАММА

Бір аптаға( 18-22 қыркүйек 2017 ж.)

Алтын дән б/б «Балдырған» ересек тобы

Өтпелі тақырып: «Менің балабақшам»

Тақырыпша: «Менің сүйікті ойыншықтарым»


Күн тәртібі

Уақыты

Дүйсенбі

Сауат ашу

Құрастыру

Ән сабағы


Үйірме 16.00


Сейсенбі

Математика

Сурет салу

Д/ш
Үйірме 16.00




Сәрсенбі

Тіл дамыту

Ән –күй

Өзін-өзі тану


Ағылшын тілі 16.00


Бейсенбі

Көркем әдебиет

Жаратылыстану

Мүсіндеу
Үйірме 16.00




Жұма

Жапсыру


Қоршаған орта

Д/ш 16.15.






Балаларды қабылдау

Ата-аналармен әңгімелесу

Ойындар (үстел үсті, саусақ және т.б. )

Таңертеңгі гимнастика (10 мин)



7.45-8.30


Тәрбиешінің балалармен қарым-қатынасы:

Саусақ жаттығуы:

«Балабақша»



Таңғы жаттығу

Дидактикалық ойыны: «Топтағы ойыншықтар».

Таңғы жаттығу

«Менің сүйікті ойыншығым» -әңгімелесу.

Таңғы жаттығу


Дидактикалық ойыны:

«Сиқырлы қап».

( ойыншықтар)



Таңғы жаттығу

«Ойыншықты жасыру» ойыны.

Таңғы жаттығу.

Жаттығулар кешені

Таңғы ас

9.00 9.30

Балалардың назарын тағамға аудару ; мәдениетті тамақтануға баулу . Астан кейін қолдарын үлгіге қарап жууға үйрету.

Мектепке дейінгі ұйым кестесі бойынша ұйымдастырылған оқу қызметі

9.30 9.55

10-05


10-30

10-40


11-05



Сауат ашу негіздері

Тақырыбы:

« Дауысты және дауыссыз дыбыстар».



Мақсаты: Дауыссыз дыбыстардың негізгі ерекшеліктерімен таныстыру; сөздердегі дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырата білуге үйрету.

Билингвальды компонент: дыбыс-звук, дауысты-гласный, дауыссыз-согласный.

-Әр буында бір дауысты дыбыс болады. Дауысты дыбысты қызыл түспен. Ал дауыссыз дыбысты көк түспен белгілейміз.



Мысалы: ой-ын-шық, қу-ыр-шақ, ма-ши-на, доп.

Дид. ойын: «Ғажайып доп».

Сергіту сәті:

Топ-топ добым домалақ,

Қайда кеттің домалап?

«Бір, екі»,- деп екі ұрдым,

Шатырға сен секірдің.

Дәптермен жұмыс.

Құрастыру

Тақырыбы: «Автобус».

Мақсаты: Болашақта жасалатын құрылысты бірігіп талдай білу, оларды орындау реттілігін белгілеу және оның негізінде нысан құрастыруға үйрету.

-Құрылыс материалдарын пайдалануға бағыт береді.

- автобустың бөліктеріне сәйкес қалай құрастыру керектігін қайталайды.

- өздерінің қалауы бойынша автобусты өзгертуіне, өз ойынан қосып ауыстыруына жағдай жасайды.



Дид. ойын: «Ең әдемі ойыншық - автобус».

Мақсаты: Құрастырған ойыншығын сипаттау білуге тәрбиелеу.


Ән сабағы (музыка жетекшісінің жоспары бойынша)



Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы: 7 саны және цифры. 7 санның жасалуы. 1-ді –қосу Апта күндері.

Мақсаты: Көрнекілік негізінде

7 санының (құрамымен) пайда болуымен таныстыру. Ойыншықтарды санату арқылы сану дағдыларын жетілдіру. Уақытты бағдарлауды дамыту: тәулік бөліктері, апта күндері

Құртақандар қонаққа келеді. Алдымен

6 құртақанды тақтаға орналыстырады, содаң соң тағы бір құртақанның қатысқысы келетінін айтады. Сұрақ қояды:

-Енді олар нешеу болды? Олар қалайша жетеу болып кетті? (7 дегеніміз –алты және1.

Ойын: «Ойыншықтарды сана»

Ойыншықтарды алға сосын артқа қарай санату.



Сергіту сәті:

Мынау менің – добым,

Мынау менің- текшем...

Апта күндері:

Апта ағайдың ұлдары: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.



Дәптермен жұмыс

Сурет салу

Тақырыбы: «Күзгі орман»

Мақсаты: Қылқаламмен қағазға басып салу тәсілдерін қолдануға, қағаздың ортасын, бұрыштарын, жоғарғы, төменгі, оң және сол жақтарын ажыратуға үйрету.

Қуыршақ Толғанай балаларға қонаққа келеді. Қасында ақ лақ ойыншығы бар. Ақ лақ күзгі орман суретін салып беруге сендерден көмек сұрайды. Ол суретті өз достарына көрсеткісі келеді.

Суретті қылқалам мен бояумен саламыз.

Сурет салу ережесін еске түсірейік.

Қ/ ойын: «Қасқыр мен лақ»

Қуыршақ Толғанай, лағы екеуі балаларға алғысын айтады.

Қоштасады.

Дене шынықтыру

Тақырыбы: «Лақтыр – ұстап ал».

Мақсаты:. Аяқтың ұшымен жүру, түрлі жылдамдықпен – баяу, жылдам, орташа қарқынмен 1,5-2 мин тоқтаусыз жүгіру. Оң және сол жақ бүйірімен топталып, құрсаудың ішінен өту. 2- 2,5 м арақашықтықтағы нысанаға құм салынған қапшықты, асықты дәлдеп лақтыру.

Сабақтың барысы:

Бір-бірінің артынан жүру, шапшаң, жылдам жүгіру.



Жалпы жаттығулар жасау.

Жаттығудың негізгі түрлері.

Қимылды ойындар:

«Лақтыр-ұстап ал». «Қара балық пен шортан».



Тіл дамыту

Тақырыбы: «Менің сүйікті ойыншығым».

Мақсаты: Ойыншықтары туралы әңгімелеп беруге, түрлі ойыншықтарды сипаттауға үйрету.

Дыбыстардың нақты артикуляциясын, интонациялық мәнерлігін қалыптастыру. Сөздік қорды сын есімдермен байыту.



Билингвальды компонент: ойыншық-игрушка.

Балалар ойыншық бұрышындағы ойыншықтарды атайды.



Мысалы: доп-мяч, қонжық-медвежонок, қуыршақ- кукла т. б.

«Д» және «Т» дыбыстары –бір біріне ұқсас дыбыстар.

Да-да – дала

До-до-доп

Та-та-тарақ

То-то-топ

Сергіту сәті: «Сылдырмақпен би».

Д/ойын: «Жасырынған ойыншықты тап».

Ойын шарты: балалар тығылған ойыншықтарды тауып, неден жасалғанын, қайда қолданылатынып, түсін айтып береді.

Дәптермен жұмыс.

Ән сабағы (музыка жетекшісінің жоспары бойынша.
Өзін-өзі тану сабағы.

( мұғалімнің жоспары бойынша)


Ағылшын тілі. 16. 00.

Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Менің ойыншықтарым».

( өлеңді жаттау).



Мақсаты: Өлең жаттау, оны мәнерлеп айтуға жаттықтыру. Дауыс ырғағымен мәнерлеп оқып, үзілістермен жаттауға, өлең мазмұнына қатынасын беруге баулу.

Билингвальды компонент: ойыншықтар-игрушки, құлыншақ-жеребенок.

Жұмбақ:

Тепсең-ақ секіріп,

Ұстатпай қашады.

Бір жерег бекініп,

Тұра алмай жатады.

Ол не?


Доппен біз ойнаймыз, бірақ қуыршақ, машина-олар да ойыншыққа жатады.

«Менің ойыншықтарым» - өленің жаттау.

Жүрмейсің бе абайлап,

Болмасаңшы ұрыншақ.

Асыр салып көп ойнап,

Ақсап қапсың, құлыншақ.

Сергіту сәті: «Доп»

Дәптермен жұмыс.
Жаратылыстану

Тақырыбы: «Заттар әлемі»

Мақсаты: Өлі табиғат заттарын адам қолымен жасалған заттардан ажырата білуге үйрету. Ойыншықтарға ұқыпты қарау дағдыларын қалыптастыру.

Билингвальды компонент:

Зат –предмет, ойыншықтар-игрушки.



Сабақтың барысы:

Шаттық шеңбер:

Ойын: «Төртінші артық».

Шарты: педагог төрт ойыншықтың атын айтып тұрып, допты балалардың біреуіне лақтырады.

1. Доп, қуыршақ, текше, үстел.

2. Қонжық, қоян, машина, терезе.

3. Конструктор, көжек, домино, кітап.

4. Автобус, зырылдауық, пазл, орындық.

Балалар, айтыңдаршы бізге дәл осы жерде, осы тобымызда қандай заттар қажет деп ойлайсыңдар? (ойыншықтар, кітаптар, орындықтар, үстелдер, ыдыс-аяқтар).

Заттарды зерттеу:

Неден жасалған?

Түсі қандай?

Пішіні қандай?

Бедері қандай?

Оның бәрін – заттар дейміз.

Олар табиғи заттар немесе адам қолымен жасалған заттар болып бөлінеді.

Ойын: «Топтастыр».

Шарты: бірнеше заттың аты аталынады. Балалар оны бір сөзбен топтап, жалпы атауын айтады.

Мысалы: доп, қуыршақ, зымырауық, машина, текше – ойыншықтар т.б.

Дәптермен жұмыс.

Мүсіндеу

Тақырыбы: « Менің ойыншығым»

Мақсаты:

Балаларды халық ойыншықтарымен таныстыру, ойыншықтарды мүсіндеуге үйрету.



Сабақтың барысы:

Шаттық шеңбері:

Сылдыр, сылдыр сылдырмақ, Шақырады сылдырлап.

Қарайды қуыршақ,

Қарайды құлыншақ.

Үйдің ішін аралап,

Добым кетті домалап.

Балалар, сендер ойыншықтарды жақсы көресіңдер ме?

-Ендеше, қазір ойыншықтар дүкеніне саяхат жасайық.

-Міне, ойыншықтар дүкеніне де келдік. Бұл жерде не көріп тұрсыңдар?

-Ойыншықтар ұнады ма?

-Олай болса, сатушы апайдан өзімізге ұнаған ойыншықтарды сатып алайық.

Тосын сәт:

Кенет есікті тықылдатып қағып, рұқсат сұрап, бөлмеге Нұрбол қуыршақ кіреді.

-Ой, балалар, сендер не істеп жатырсыңдар?

Нұрбол дүкеннен ұнатқан ойыншығын таба алмай, жылап қалады.

-Балалар, Нұрболдың ұнатқан ойыншығы-ұшақ дүкенде жоқ екен. Енді оған біз ермексаздан ұшақ мүсіндеп берейік.

Компьютерден ұшақтың жасалу жолын түсіндіру.

Ермексазды сопақшалап, ұшақтың негізгі бөлігін жасау; ермексаздың кішкене бөлшегін жалпақтап, негізгі бөліктің үстіне көлденеңдеп қою арқылы ұшақтың қанатын жасау;

Сергіту сәті.

Біз қандаймыз, қандаймыз?

Шұғылалы таңдаймыз.

Күлімдеген күндейміз,

Ренжісуді білмейміз.

Шымшу, тегістеу,жапсыру әдістері арқылы ұшақтың тұмсығын және құйрығын жасау; басқа түсті ермексаздармен ұшақты сәндеу.

-Балалар, Нұрбол сендердің жұмыстарыңа қызығып тұр. «Қандай әдемі жасап жатыр»- деп мақтады.

-Балалар, мінеки, біз қонаққа келген Нұрболды да ренжітпей, ойыншығын мүсіндеп бердік.

Балалар жасаған мүсіндерді салыстырып, бір –біріне баға береді.

-Нұрбол сендерге рақмет айтты. Енді Нұрболмен қоштасайық.

Өзін-өзі бағалау.


Жапсыру

Тақырыбы:

«Сүйікті ойыншығым»



Мақсаты: Қағаздан дайындалған тікбұрыштардан дөңгелек пішіндерді қиып алу, олардан ойыншықтар құрастырып, жапсыру дағдыларын жетілдіру.

Билингвальды компонент:

Сүйікті ойыншықтар – любимые игрушки.



Шаттық шеңбер:

Балғын бөбек-қуыршақ,

бота, қозы, құлыншақ, ойыншықтар, кітаптар, орман, көлдер, қыраттар.

Ең сүйікті ойыншығың не?

Неге ең сүйікті? Сипаттап бер?

Ойыншықты қалай ұстайсыңдар?

Балалар өздеріне ұнаған ойыншықты таңдап алады.

Мысалы: аю, доп, машина.

Үлгі бойынша жапсыру жұмысын бастайды.

Сергіту сәті:

Қуыр-қуыр, қуырмаш,

Бидай салам, қолыңды аш.

Төгіп алма, күлем деп,

Балашаға барып шаш.

Жұмыстары бағаланады.


Экология

негіздері

Тақырыбы:

«»

Тақырыбы: «»



Мақсаты: Аймақтағы тән өлі табиғат нысандарымен, өлі табиғаттың компоненттерімен (құм, тас және т.б.) және қасиеттерімен таныстыру.

Сабақтың барысы:

Педагог өлең оқиды.

Табиғат егіз адаммен,

Ұқсастық табам содан мен.

Мәңгілік болсын егіздер,

Жер - ана,көл,теңіз-р

-Балалар, бәріне ортақ үй дегенді қалай түсінесіңдер?

Біз,жер бетінде өмір сүреміз. Айналаға қарайықшы. Не көріп тұрсыңдар? Адам қолымен жасалмаған заттарды табиғат дейміз. Суретпен жұмыс.

-Табиғат заттарын қандай екі топқа бөлеміз?

Балалар жанды және жансыз табиғат заттарын екіге бөлгеннен кейін сұрақтарға жауап береді.



Сергіту сәті:

Добым, добым, домалақ,

Қайда кеттін домалап.

Бір, екі рет - деп ұрдым,

Шатырға сен секірдің.

Билингвальды компонент: ортақ үй-общий дом, жанды табиғат-живая природа, жансыз табиғат-неживая природа.

Дәптермен жұмыс.

Жанды және жансыз табиғат,адам қолымен жасалған заттар бейнеленген карточкалар үстел бетіне қойылады.


Дене шынықтыру 16.15 с.

Тақырыбы: «Балапандар»

Мақсаты: Сапта бір қатармен, аяқтың ұшымен, өкшемен жүру, шашырап, жұптасып жүгіру. Тізенің арасына қапшықты қысып, қос аяқтап секіру. Доғаның астымен төрт тағандап еңбектеу.
Билингвальды компонент:

Балапандар – цыплята.



Сабақтың барысы:

1. Бірінің артынан жүру. Қолдары белге қою, өкшемен, аяқтың ұшымен жүру. Тізелерін бүктеп, ақырын жүгіру.

2. Жалпы дамыту жаттығулар.

3. Негізгі жаттығулар.



Ойындар: «Аттар», «Құстардың ұшуы».

4. «Балапандар» - дем алу жаттығуы.

Қанаттарымен алға созу (қолдарын артқа жіберу, шынтақтарын бүгу); ақырын жүгіру, «чип-чип-чип» ату. 20-30 секунд.


Серуенге дайындық

11.40-12.10

Киіну: серуенге шығу.

Серуен:






Серуенге қызығушылық туғызу; балалармен әңгімелесу; серуенге ойын материалдарын таңдау; серуенде балаларды әрекет етуге ынталандыру.

Серуен №

Ауа райын бақылау.

Ойын: «Ақ серек, көк серек».

Мақсаты: балаларды жылдамдыққа тәрбиелеу.



Серуен №

Жыл мезгілдер өзгерістерін бақылау

Ойын: «Күн мен түн».

Мақсаты: тапқырлыққа тәрбиелеу.




Серуен №

Күзгі құстар туралы әңгімелесу.

Ойын: «Орамал тастау»

Мақсаты: шапшаңдылыққа тәрбиелеу.



Серуен №

Күзгі жапырақтарды бақылау.

Ойын: «Кім тез жапырақ жинайды».

Мақсаты: жапырақтарды тез жинап алуға үйрету.




Серуен №

Учаскідегі ағаштарды бақылау.

Ойын: «Қасқыр мен лақ».

Мақсаты: белсенділіктерін дамыту.



Серуеннен оралу

12-10

Балалардың реттілікпен киімдерін шешуі, дербес ойын әрекеті .

Түскі ас

12.30

Балалардың назарын тағамға аудару ; мәдениетті тамақтануға баулу . Астан кейін қолдарын үлгіге қарап жууға үйрету.

Ұйқы

13-00

15.00


Балалардың тыныш ұйықтауына жағымды жағдай орнату.

Жалпақ табандылықтың алдын алу мақсатында ортопедиялық жол бойымен жүру.

Білімді кеңейту және мәдени-гигиеналық дағдыларды орындау.


















Бесін ас

15.30-16.00

Балалардың назарын тағамға аудару ; мәдениетті тамақтануға баулу . Астан кейін қолдарын үлгіге қарап жууға үйрету.

Ойындар, дербес әрекет
Баланың жеке даму картасына сәйкес жеке жұмыс

16.00-16.20



Үстел үсті театры

«Менің ойыншықтарым» және т.б.

Мақсаты: ойыншықтардың аттарын атау білу.


Сюжетті-рөлдік ойын: «Ойыншық дүкенінде».

Мақсаты: ойын ережесімен ойнауға үйрету.





Ойын – жаттығу «Қуыршақты жуындыр»;

Ірі құрылыс материалдарымен ойындар: «Ойыншықтаддың сөресі».




Ойын «Кімнің ойыншығы?» (ойыншықтардың атарын анықтау);



сюжеттік ойыншықтар мен ойындар,

ертегі оқып беру;




Серуенге дайындық

Серуенге шығу



17.00
17.10

Киіну: серуенге шығу.
Серуенге қызығушылығын ояту.Балалармен тақырыпқа байланысты қосымша әңгіме жүргізу.

Балалардың үйге қайтуы

18.00

Ата-аналармен сөйлесу: «Баланың сүйікті ойыншығы».



Балаларды ата-аналарына тапсыру.

Балалар отбасында қандай ойындар ойнайды туралы әңгімелесу.

Кеңес:

«Бала өміріндегі ойыншықтың маңызы».



Ата-аналармен балалармен қоштасу .



Каталог: arc -> attach -> 322
attach -> 2018 жылдың 5-18 қыркүйегі аралығында Қазақстан халқы Тілдер күніне орай Қараөткел ауылы №2 орта мектебінде онкүндік аясында өткізілетін шаралар есебі
attach -> А. м са ожаева. Сабырова, М. бу азы, Г. изатова музыка
attach -> Сабақтың мақсаты: Өнер ордасы туралы түсінік беру
attach -> Көктерек негізгі мектебіндегі 2017-2018 оқу жылындағы тәрбие жұмысының жылдық сараптамасы
attach -> I тоқсан бойынша кітапханада жүргізілген іс-шаралар есебі
322 -> Бір аптаға 27. 11-29. 11. қараша 2017ж «Алтын дән» балабақшасы «Ботақан» сәби тобы
322 -> Тәрбиешінің балалармен қарым қатынасы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет