Бір компонентті нәжіс қабылдағыштарды жабыстыру Дайындаңыз: жаңа нәжісқабылдағыш; стома өлшемін тексеруге трафарет – ол өзгеруі мүмкін; «Стомагезив» майы немесе Лассар пастасы; қағаз сүлгі немесе салфетка; қағаз қапшық, пластик пакет немесе газета (қолданылған нәжісқабылдағыш үшін) қайшы; қосымша қысқыш (дренажы бар нәжісқабылдағыштар үшін)
Медбикенің іс-әрекеттері: Стома өлшемін анықтаңыз. Трафаретті қапшықтың жабысқақ пластинасына қойып, стома тесігі контурларын жабысқақ пластинаның қорғаныс қабығына түсіріңіз.
Контурға сай тесік қырқып алыңыз. Тесіктің өлшемі стома өлшемінен 2-3 мм үлкен болуы керек.
Жабыстырудан алдын бір компонентті қапшықтың жабысқақ пластинасын алақанда жылытып алыңыз.
Қорғаныс пленкасын шешіп, қырқып алынған тесіктің төменгі шетін стоманың төменгі шекарасымен сәйкестендіріңіз.
Қапшық пластинасын төменнен жоғары қарай теріге қатты басып және қыртыстар болмауы үшін тегістеп жабыстырыңыз
Слайд 22
Екі компонентті нәжісқабылдағыштарды (пластина+ қапшық) қолдану Дайындаңыз: жаңа нәжісқабылдағыш; стома өлшемін тексеруге трафарет – ол өзгеруі мүмкін; «Стомагезив» майы немесе Лассар пастасы; қағаз сүлгі немесе салфетка; қағаз қапшық, пластик пакет немесе газета (қолданылған нәжісқабылдағыш үшін) қайшы; қосымша қысқыш (дренажы бар нәжісқабылдағыштар үшін)
Медбикенің іс-әрекеттері: Стома өлшемін анықтаңыз. Трафаретті қапшықтың жабысқақ пластинасына қойып, стома тесігі контурларын жабысқақ қабаттың қорғаныс қабығына түсіріңіз.
Белгіленген контурге қарай тесік қырқып алыңыз. Тесіктің өлшемі стома өлшемінен 2-3мм артық болуы керек.
Пластинаны жабыстырудан алдын оны алақанда жылытыңыз.
Қорғаныс қабығын ашыңыз.
Қырқып алынған тесіктің төменгі шетін стоманың төменгі шекарасымен сәйкестендіріңіз.
Қапшық пластинасын төменнен жоғары қарай теріге қатты басып және қыртыстар болмауы үшін тегістеп жабыстырыңыз.
Пластинаны шығыңқы жағымен жоғары қарай жабыстыру қажет, өйткені оны шығыңқы жағымен ұстап жоғарыдан төмен қарай алып тасталады.
Егер белбеу қолданылатын болса, белбеуге бекіту үшін «құлақшалары» горизонталды орналасуы керек.
Пластинаға қапшықты кигізу үшін қапшықтың бекіту сақинасы ашық екеніне көз жеткізіңіз.
Оның фланеціне пластина кигізіңіз. Шықыр деген дауысты есту қапшықтың пластинаға бекітілгенін мәлімдейді.
қапшық және ілмекті ыңғайлы қалыпқа келтіріп, ілмекті саусақпен басып бекіту сақинасы жабыңыз. Шықыр деген дауысты есту немесе сезу бекіту сақинасының сенімді бекітілгенін мәлімдейді
Қапшықты пластинадан шешу үшін ілмекті басып бекіту сақинасын ашыңыз.
Қапшықтың «құлағынан» ұстап абайлап жоғары және өзіңізден әрі қарай тартып, бір қолмен пластинаны ұстаңыз.
Слайд 23
Колостомаға күтім жасау. Дайындаңыз: «Стомагезив» майы немесе Лассар пастасы; қағаз сүлгі немесе салфетка; қайшы; стерильды қолғап.
Медбикенің іс-әрекеттері: стомадан бөлінетін нәжіс массаларын тазалау;
стоманы қайнаған жылы сумен жуу;
колостома айналасындағы теріні жылы қайнаған сумен өңдеу, салфеткамен құрғату;
теріге Лассар (дерматолды немесе цинк пастасы) пастасын немесе «Стомагезив» майын жағу;
теріден шығып тұрған шырышты қабыққа («роза») вазелин жағылған салфетканы қою;
колостоманы салфеткамен жабу;
танғыш үстіне мақта қою;
танғышғын бинт немесе бандажбен бекіту.
Нәжіс қабылдағышты ауыстыру. Дайындаңыз: жаңа нәжісқабылдағыш; стома өлшемін тексеруге трафарет – ол өзгеруі мүмкін; «Стомагезив» майы немесе Лассар пастасы; қағаз сүлгі немесе салфетка; қағаз қапшық, пластик пакет немесе газета (қолданылған нәжісқабылдағыш үшін) қайшы; қосымша қысқыш (дренажы бар нәжісқабылдағыштар үшін) кішкене айна. Медбикенің іс-әрекеттері: таза нәжісқабылдағышын дайындау (қайшымен пластиның орталық тесігін колостома размеріне сай кеңейту);
қолданылған нәжісқабылдағышты жоғары жағынан бастап абайлап алу; теріні тартпауға тырысыңыз;