«Болашақ» негізгі орта мектебі
коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша
БҰЙРЫҚ №
Ақбұлақ елді мекені 18.02.2021 жыл
Міндеттемемен таныстыру туралы.
Ордабасы ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімі 17.02.2021 жылғы №199 санды шығыс хатына басшылыққа ала отырып жұмыс жасау үшін БҰЙЫРАМЫН:
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Р.Жолаевтың «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Іс-қимыл шараларын күшейту және жауапты тұлғаларды белгілеу» туралы бұйрығына сәйкес, мектепте сыбайластық тәуекелі жоғары көріністер ретінде оқушылардан сынып жинағы (класная копилка), мектептерді жөндеуге, сынып кабинетін жөндеу мен безендіруге, әліппемен қоштасу, бастауыш сыныппен қоштасу, директордың, сынып жетекшілерінің туылған күндеріне, сынақ, емтихандар тапсыру, курстық жұмыстар мен дипломдық жұмыстарды жазу мен қорғау барысында, мерекелік іс-шараға, тағы басқа себептерге, ал мұғалімдерден комиссиялардың тексеруіне, оларды күтуіне, ата-аналар комитеті арқылы ақша жинату тағы сол сияқты түрлі мәселелерді алға тартып қаржы жинау т.б. іс-әрекеттердің орын алдырмау қатаң қадағалансын.
Осыған байланысты, осы хатқа қосымша ретінде ұсынылған МІНДЕТТЕМЕНІ мектепте барлық педагог қызметкерлерді, педагог қызметкерлерге теңестірілген тұлғаларды таныстырып, нәтижесін (қосымшадағы кестеге танысқандығы туралы қол қойдырып) 2021 жылдың 22 ақпанына дейін тиісті мекемелерге жолдауды тапсырамын және міндеттемелер арнайы папкаға жинақталып тігілсін.
Осы бұйрықтың орындалуы мен қадағалау жауапкершілігін мектеп директорының орынбасарлары Ж.Абылаев пен Ә.Ахметке және тиісті мекемелерге мәліметтер тапсыру жауапкершілігі іс жүргізуші Ф.Бохаеваға міндеттелсін.
Мектеп директоры: Н.Ильясова
Достарыңызбен бөлісу: |