Қазіргі заман талабына сай оқушылардың білім деңгейін көтеру, олардың өз бетімен істейтін жұмысының салмағын арттыру- сабақтың негізгі мақсаты.
Химия пәнінен тақырыптарды өткен кезде СТО технологиясын қолдану арқылы химиялық элементтің сипаттамасын бере отырып,оның жан-жақты қасиеттерін, қолдану салаларын білу керек. Бұл қосымша мәліметтер сабақтың мазмұныны ашып, қызықты өтуіне септігін тигізумен қатар оқушылардың туған жер байлығына, ұлтына, ғылымға құрмет сезімін тудырып, отанымызды сүюге тәрбиелейді. Осы мақсатта 9 класта “Алюминий” тақырыбында өткізілген сабағымды ұсынамын.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік
Дамытушылық
Тәрбиелілік
Оқушылардың пәнге қызығушылығын, тіл шеберлігін, дүниетанымын арттыру.
Топтарға бөліну арқылы шығармашылық жұмыстарын қалыптастыру. Алюминийдің тұрмыста қолданылуын, алюминий-дің құймаларының құра-мымен таныстыру. Өмірдегі маңызын түсіндіру.
І. Оқушыларды микротоптарға бөлу үшін Ж.Молдағалиевтің “Мен қазақпын” өлеңінің бір шумағын 1 жолдан кезектесіп айтып, 4 топқа бөлу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. /Кубизм әдісі бойынша үй
тапсырмасын тексеру/
І топ сұрақтары: - Кермек сулар дегеніміз не?
- Гипс формуласы.....
ІІ топ сұрақтары: - Кальций қандай металл?
- Кальцийдің тотығу дәрежесі...
ІІІ топ сұрақтары: - Тұрақты кермек суды қалай тұщытады?
-Кальцийді кім ашты?
ІV топ сұрақтары:- Кальций қосылыстарын ата...
- Кальций гидридінің формуласы....
Мағынаны тану.
а) Жұмбақ шешу. /Жаңа сабақтың тақырыбын ашу/
Табылса бұрын там-тұмнан,
Қазір көп әрбір өлкеде.
Қымбат болды алтыннан,
Қандай металл ертеде. /Алюминий /
ә) Бейнетаспа. /Қысқаша мәлімет беру./
Алюминий периодтық жүйедегі орны мен табиғатта кездесуі туралы қысқаша мәлімет беріледі. Алюминий ІІІ топтың негізгі топшасында орналасқан элемент. Сыртқы қабатында 3 электроны бар. Ол қосылыстарында +3 тотығу дәрежесін көрсетеді. / Бейне таспадан қысқаша мәлімет тыңдалады/
ә) Диаграмма құру. / 4 топқа сұрақтар қойылып, “иә” * белгісі қойылады, “жоқ” - белгісі қойылады./
Мысалы: І топтың сұрақтары:1.Алюминий таралуы бойынша І-ші орын алады. / жоқ / 2.Алюминийдің сыртқы қабатында 3 электорн бар. /иә/ 3.Алюминийдің бір изотопы бар. /иә/
4.Алюминий сілтілермен артық мөлшерде әрекеттесіп комплексті тұз түзеді . /иә/ 5.Алюминий құймалары өте ауыр. /жоқ/ -***-