Ф.7.03-03
ЖҰРҚАБАЕВА Л.Ә., АДЫРБЕКОВА Г.М.,МАМЫРОВА Б.Ф.
ХИМИЯНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
пәнінен
зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау
Шымкент, 2020 ж.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ
М.ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Химия кафедрасы
Л.Ә. ЖҰРҚАБАЕВА, Г.М. АДЫРБЕКОВА, Б.Ф.МАМЫРОВА
ХИМИЯНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау
5В011200-Химия, 6В01540 – Химия, 5В011250-Химия-биология, 6В01541 –Химия биология мамандығы студенттеріне арналған
оқу түрі- күндізгі
Шымкент, 2020 ж
ӘОЖ546.(083.13)
Құрастырушы: х.ғ.к., доцент Л.Ә.Жұрқабаева, х.ғ.к., доцент Г.М. Адырбекова, магистр Б.Ф.Мамырова
«Химияны оқыту әдістемесі» зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау.- Шымкент: М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2020ж бет.
Зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау «Химияны оқыту әдістемесі» пәнінің оқу бағдарламасының талаптарына сәйкес құрастырылған және курстың зертханалық жұмыстарын орындау үшін қажетті барлық мәліметтерді қамтиды.
5В011200-Химия, 6В01540 – Химия, 5В011250-Химия-биология, 6В01541 –Химия биология мамандығы бойынша оқитын студенттер үшін
Зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқауда химиядан зертханалық тәжірибелерді орындау әдістемесі, реакциялар теңдеулері және кіші практикумның қауіпсіздік ережелері берілген.
Пікір жазғандар:
Урмашев Б.А. –х.ғ.к., М.Әуезов атындағы ОҚМУ
“ХОТмен Ә”кафедрасының доценті
Шағраева Б. –х.ғ.к., ОҚМПИ «Химия» кафедрасының доценті
«Химия» кафедра мәжілісінде № хаттама « » 2020ж.
және Жаратылыстану ғылыми-педагогикалық жоғары мектебінің әдістемелік комиссиясында қарастырылған және баспаға ұсынылған
№ ___ хаттама «____»_________2020 ж.
Баспаға М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің Әдістемелік Кеңесі ұсынған
№ _____ хаттама «____» _____________ 2020 ж.
© М.Әуезов атындағы Оңтүстік Казахстан мемлекеттік университеті, 2020ж.
Кіріспе
Егеменді Қазақстанның экономикалық, саяси және мәдени дамуы білім жүйесінің дамуын және әрбір ғылымның мазмұнын, үлгісін, оқыту әдістерін жақсартып, жетілдіре түсуді керек етеді.
Оқытудың ең тиімді түрі өздігімен оқыту үлгісін әрі қарай дамыту болып саналады. Егер осы тұжырым дұрыс болып табылса, онда жаңа оқыту, білімді тексеру әдістерін оқу процесіне енгізу кезегін күттірмейтін мақсат болып саналады.
Қазіргі уақыттың талабы бойынша оқыту процесі студенттердің өз бетімен білім іздеу процесімен ұштастырып алған білімдерін өз беттерінше қолдану мүмкіндіктерін дамыту болып табылады.
«Химияны оқыту әдістемесі» пәніне арналған зертханалық нұсқауда қарастырылған эксперименттік тәжірибелер мектепте жүргізілетін химиялық тәжірибелер тақырыптарына сәйкес.
Зертханалық нұсқауда орта мектептегі химия курсындағы демонстрациялық эксперимент, зертханалық тәжірибелер, практикалық жұмыстар және эксперименттік есептерді шығарудың әдістемесі, химиялық реактивтердің аз мөлшерімен тәжірибе жүргізу әдістемесі келтірілген. Бұл зертханалық нұсқау болашақ химия пәнінің мұғалімдеріне көмекші құрал ретінде пайдалануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |