Дәріс 12. Бір сатылы жəне көп сатылы компрессорлардың жұмыс процесстері



бет1/4
Дата07.02.2022
өлшемі162,5 Kb.
#96285
  1   2   3   4
Байланысты:
Дәріс 12 ГМЖ


Дәріс 12. Бір сатылы жəне көп сатылы компрессорлардың жұмыс процесстері
Дәріс жоспары:
1. Поршенды компрессор, әрекет принципі
2. Индикаторлық диаграмма. Бір сатылы компрессорды жетектеу үшін шығынданатын
жұмыс
3. Көп сатылы компрессор
4. Ортадан тепкіш және осьтік компрессорлары


1. Поршенды компрессор, әрекет принципі

Компрессор деп бумен газдарды сығуға және жылжытуға арналған құрылғыны айтамыз. Құрылысына қарай көмпрессорлар екі топқа бөлінеді. Бірінші топқа поршенді және ротациалды компрессорлар жатады. Екінші топқа ортадан тепкіш және осьтік компрессорлар кіреді. Екінші топтағы компрессорларда газдың сығылуы екі денгейден тұрады.


Бірінші денгейде газда жылдамдық пайда болады, ал екіншіде ағынның кинетикалық энергиясы қысым энергиясына өзгереді. Осындай сығылуды әрекеті инжекциялы компрессорларда колданады.
Құрылыстары әртүрлі компрессорлар эквиваленті термодинамикалық процестермен сипатталады.
Ен кенінен көп таралған поршенді компресорлер.
Поршенді компрессорының термодинамикалық циклін қарастырамыз.
1-суретте бір сатылы поршенді компресорының сүлбасы және рv- диаграммасы көрсетілген. Поршень шеткі сол күйінен оң күйіне жылжыған кезде компрессордын цилиндріне сору клапаны (а) арқылы газ түседі, бұл процесс диаграммада 4-1 сызығымен көрсетілген. Поршеннін кері қозғалысы кезінде сору және шығару клапаны жабық болады, ал газ қысымы р2 жеткенге дейін 1-2 сызығы бойымен сығылады. р2- қысымда шығару клапаны (б) ашылады, ал поршень онңан солға қарай жылжығанда цилиндр ішіндегі газ (бу) айдаушы құбырына ысырып шығарылады 2-3 процесі.Поршень ең шеткі сол жақтағы күйіне жеткенде шығару клапаны жабылады, ал сору клапаны ашылады. Осылай процесс қайталанады.



1-сурет. Бір сатылы компрессордың принципиалды сұлбасымен рv-диаграммасы.

Ескеру керек тек қана 1-2 сығылу процесінде газдың массасы тұрақты болады. Сондықтан рv- диаграммасындағы 4-1 және 2-3 процестерінде жұмыс денесінің мөлшері өзгеріп тұрғанңан термодинамикалыық болмайды.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет