Дәріс 5 Ресей мен Қазақстандағы психодиогностиканың жағдайлары



бет1/2
Дата11.05.2020
өлшемі18,42 Kb.
#67278
  1   2
Байланысты:
дарис 5
ашық сабақ Магнит

Дәріс 5

Ресей мен Қазақстандағы психодиогностиканың жағдайлары

  1. Ресей мен Қазақстандағы психодиогностиканың жағдайлары


  2. Психологиялық жағдайларды шешу мәселелері



Қазақстанда іргелі ғылыми зерттеулердің дені соңғы жетпіс жыл көлемінде ғана өркен жайып, дами бастағаны белгілі. Бұл жағдай, әрине, психология ғылымына да ортақ. әрине, осы ғылымның алдағы жерде гүлдеп шешек атуына, біртіндеп қанатының қатабына бірсыпыра алғы шарттар сонау ерте замандардан (Әл-Фараби, Абай, Шәкәрім психологиялық ілімдері) қазан төңкерісіне дейінгі кезеңдерде, сондай-ақ 20 жылдарда М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов еңбектері біршама жасалынған болатын. Мәселен, Бөкей Ордасында шыққан «Мұғалім» журналында , Н.Құлжанованың «Мектепке дейінгі тәрбие», «Ана мен бала» дейтін кітаптарында да адамның жан-дүниесі жөнінде біраз сөз қозғалған еді. 20-жылдары өлкедегі тәлім-тәрбие ғылымының ірге тасының қалауына орыс ғалымдары да шама-шарқынша үлес қосты. Мәселен, сол кездері Орынбордағы Қазақ ағарту институтында ұстаздық етіп, сол оқу орнын біраз жыл басқарған, сөйтіп жаңа типті қазақ мұғалімдерінің қалыптасуына жәрдем еткендердің бірі профессор В.Я.Струминский болатын. 1923 жылы диалектикалық материализм тұрғысынан баяндалған ғылыми психологияның негізгі мәселелері тұрғысынан қарастырған «Психология» деген еңбек жарық көрді. Сонымен қатар ол мұғалімдерге арнап «Еңбек мектебінің қызметкерлері үшін үстелдік кітап», «Орынбор 1-басқыш мектебі шәкірттеріні сөйлеу ернекшеліктері» дейтін еңбек жарық көрген болатын.Қазақстанда отызыншы жылдары қызмет еткен, аты бүкіл әлемге әйгілі, Рессейдегі педагогикалық психологияның негізін салушылардың бірі – А.П.Нечаев елу жылдан астам психология саласында белсенді қызмет еткен, аты айдай әлемге белгілі ғалым болатын. Ол араласпаған психология саласы кемде-кем. Ғалым көп жылдар бойына адамның есеке сақтау ерекшеліктерін эксперимент жүзінде тексеріп, оны мектеп практикасына ендіруді көздеді, яғни психологияның қолданбалы салаларын (жас, педагогикалық, медициналық, т.б.) дамытуға зор еңбек сіңірді. Ол елуден астам кітаптың, жүздеген ғылыми мақалалардың авторы. Олардың кейбірі: «Қазіргі эксперименттік психология және оның мектеп ісіне қатысы», «Кітапхана ісінің пситхологиялық мәселелері», «Дене тәрбиесінің психологиясы», «Шахматшы ойынының психологиясы», «Техникалық өнертапқыштардың психолгиясы», «Ес және оны тәрбиелеу» және т.б. Сонымен бірге қырық жылдық еңбегінің нәтижесі ретінде «Психофизиологиялық синдромдар жүйесі» атты ғылыми еңбеекті атап кетуімізге болады.Бұл еңбекті еліміздің психолог ғалымдары, академиктер Д.Н.Узнадзе мен К.Н.Корнилов өте жоғары бағалады. Оған осы еңбегі үшін диссертацмя қорғатпай-ақ педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесі берілген болатын.Қазақстанда психология ғылымдарының өркен жаюына осынау ғалымның да біраз шапағаты тигені даусыз.


Ресейде даралылық мәселесі кеңінен қарастырылды. Солардың бірі орыс психологы А.Ф.Лазурскийдің зерттеулеррі даралық айырмашылықтартың теориясының негізінде мінзеді, темпераментті жалпы адамның даралылық сипаты ретінде қарастырып, зерттеуді ұсынды. А.Ф. Лазурский адам өмірі мен тәжірибесіне жоспарлы түрде араласуға болатын табиғи экспериментті жақтады. Тәжірибесінде жекелеген психикалық процестер емес, психикалық функциялар және тұлға толығымен зерттеледі.

В.М.Бехтерев және Л.Франкпен қызметтестік әсерінен А.Ф.Лазурский алғаш рет тұлға қасиеттерін түсіндіруде психоморфологиялықтың орнына нейродинамикалықты қойды. «Жалпы және эксперименталды психология» атты дәріс курсында психикалық шындықтың екі аймағы жайлы идеясын айтты: этндопсихика және экзопсихика. А.Ф.Лазурскийдің пікірінше, темперамент және мінез эндопсихиканы, яғни тұлғаның тума жағын құрайды. Экзопсихикалық жағы тұлғаның қоршаған өмірге қарым-қатынас жүйесі. Осы негізде оның тұлғаны топтастыру жүйесі құрылды.С.Л.Рубенштейн даралылықты комплексті түрде, яғни психикалық қасиеттер мен процестердің өзара әрекеттесуінде қарастыруды ұсынды. Л.С.Рубенштейн көзқарасын ары қарай дамуы Б.Г.Ананьев еңбегінде қарастырылды. Ол индивидуалдылықты ашық және жабық түрде қарастыруды ұсынды. «Егер тұлға – адам қасиеттері құрылымының «шыңы» болса, ал индивидулдылық – тұлға мен іс-әрекет субъектісінің «тұңғиығы» деп көрсетті». Б.Г.Ананьев 1968 жылы комплексті зерттеу жолын ұсынды. Оның пікірінше даралылық күрделі (ол көп баспалдақты, көп деңгейлі) құрылымға ие:





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет