Дәріс тақырыбы: Бір жастағы балаларды тәрбиелеу



бет1/5
Дата07.02.2022
өлшемі28,3 Kb.
#82563
  1   2   3   4   5
Байланысты:
4 daris мдп


Дәріс тақырыбы: Бір жастағы балаларды тәрбиелеу
Оқу нәтижелері:
1.Бір жастағы балаларды тәрбиелеу ерекшеліктерін біледі
2. Бір жастағы баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыру жолдарын түсінеді
3. Бір және екі жарым жастағы балаға тән даму ерекшелігін, іс-әрекет түрлерін біледі тәжірибе жүзінде қолданады
Дәріс жоспары:
1. Бір жастағы балалардың дамуына және тәрбиесіне сипаттама.
2. Нәрестенің күн тәртібін анықтау, тамақтандыру, серігуін ұйымдастыру, ағзасын шынықтыру.
3. Жандану кешені. 2,5-3 айдан 5-6 айға дейінгі баланың даму ерекшелігі және тәрбиелеу.
4. Ойын іс-әрекеті. Күтілетін нәтижелер.

Өмірінің алғышқы жылын да баланың дене дамуында едәуір өзгерістер болады.Дұрыс бағып күтілген қалыпта ол тез өсіп,дамиды.Алғашқы жарты жылда бөбек ай сайын 600-700 грамм салмақ қосып отырады.Өмірінің әрбір айында баланың бойы 2 – 3 см өседі. Жыл аяғында оның салмағы 10-10,5 кг, ал бойы 74-75 см болады. Дұрыс өсіп келе жатқан баланың 7- 8 айлығында сүт тістері шыға бастайды, бір жасқа толғанша оның тісі 8 болады. Өмірінің алғашқы жылында баланың нерв жүйесінің жұмыс қабілеті едәуір артады. Мұның өзі баланың өмірінің бірінші айындағы ояу болу уақытының 20- 30 минуттан жыл аяғында 3,5 сағатқа дейін ұзартылады. Тез өсіп келе жатқан бөбекті жақсы тәрбиелеу үшін оны шарты түрде өмірінің алғашқы сапа жағынан бір – бірінен айырмашылығы бар кезеңдерге бөледі : туылғанан 2,5 – 3 айға дейін ( нәрестелік кезеңін, яғни алғашқы 3-4 аптаны қоса) ; 2,5 – 3 айдан 5 – 6 айға дейін; 5 – 6 айдан 9 – 10 айға дейін және 9 – 10 айдан 1 жылға дейін. Бала дамуының әрбір кезеңі бұдан кейінгі кезеңдердің негізі болады және жетекші реакциялармен, өзгерістермен ерекшеленеді. Жетекші деп баланың нақ сол жас шағы кезеңінде өсуін айқындайтын реакциялармен іскерліктерді айтады және олар кейінгі даму кезеңдерінің қолайлы алғы шарттары болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет