Дәріс тезистері дәріс Мыңжылдықтар тоғысындағы ұлттардың қайта өрлеуі



бет1/32
Дата07.02.2022
өлшемі300 Kb.
#82404
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Байланысты:
ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ
дәріс.әдіст.нұсқаулық

ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ


Дәріс 1. Мыңжылдықтар тоғысындағы ұлттардың қайта өрлеуі.
«Этнопсихология және оның ғылыми жүйесіндегі орны» .
Жоспары:
1. Этнопсихологияның негізгі теориялық мәселелері.
2. Этнопсихологияның мақсаттары мен міндеттері.
3. Этнопсихологияның принциптері.
4. Этнопсихология білімдердің пәнаралық саласы ретінде.
5. Этнопсихологияның негізгі категориялары.
1. Этнопсихологияның негізгі теориялық мәселелері
Этнопсихология - әрбір халықтың рухани әрекетінің (миф, фольклор, тіл, дәстүр, салт, әдет-ғұрып, дін, т.б.) жемісін сол халықтың психологиясын, сана-сезімін көрсететін негізгі өлшемдерін, әртүрлі этностық қауымдастыққа жататын адамдардың психологиялық өзіндік бейнеленуі туралы ғылым. Этнопсихология жеке ғылым ретінде XIX ғасырдың орта шенінде Ресейде, кейінрек Батыс Еуропа елдерінде (Лацарус, Штейнталь, Вундт және т.б.) пайда болды.
«Этнос» гректің – etnos – тайпа, халық деген сөзінен шыққан. Ғылымда «халық» терминінің орнына «этнос» термині орынды қолданыла бастады. Бұл термин этностың негізгі тарихи түрі – «тайпа», «ұлыс» (народность), «ұлт» ұғымын түгел қамтиды.
Этнопсихологияның объектісі этностық бірлік, сонымен бірге қоғамдық сананың бір формасы ретіндегі қоғамдық психологияны зерттеу болып табылады. Қоғамдық психология психикалық процестер, психикалық қасиеттер және психикалық күйлерді анықтайтын этностық бірліктің реттелген жиынтығын көрсетеді.
Этнопсихологияның зерттеу әдістері: этнопсихологиялық және психологиялық әдебиеттерді талдау; тұлғаның жекелік-этностық бітістерін зерттеуге бағытталған әдістер; халықтар өмір бейнесі мен мәдениеттерінің объективті элементтерін зерттеуге бағытталған әдістер; ұжымдық мінез-құлық пен қарым-қатынасын зерттеуге бағытталған әдістер.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет