№84 бөбекжай балабақшасы
Коммунальдық Мемлекеттік Қазыналық Кәсіпорны
Тақырыбы: «Елімнің еркіндігі - Тәуелсіздік»
Тәрбиеші: Маханова С.Е
2021-2022 оқу жылы
Білім беру саласы: Әлеуметтік
Ұйымдастырылған оқу-қызметі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік күні
Мақсаты: балаларға 16 желтоқсан туралы түсінік беру. Желтоқсан көтерілісінің сипатын насихаттай отырып,желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау: жас ұрпақ бойына еліне,жеріне,ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру.
Көрнекі-құралдар: елбасы, рәміздердің суреттері, желтоқсан құрбандарының суреті
Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап
І. Мотивациялық қозғаушылық
Балалар ұйымдастырылған оқу қызметін бастамас бұрын, ең алдымен әнұранымыздан бастайық.
Әнұран
ІІ. Ұйымдастырылғн оқу қызметі
Құрметті қонақтар сүйікті балалар! Бүгінгі біздің оқу қызметіміз 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған. Егеменді еліміздің тәуелсіздік алғанына 30 жыл толды. Елу жылда ел жаңа демекші,өміріміз 30 жылда біраз өзгеріске ұщырады. Тәуелсіз еліміздің жастары үшін заман талабына сай өнерлі де білімді болып өсу талабы туды. Тәуелсіз еліміз болашаққа айқын бағдар түзеп,өркениетті елдер қатарына жетуге аяқ басты. Болашақтың тірегі мына бүгінгі біз бүлдіршінбіз яғни сендерсіңдер. Сәби күлкісімен ана мейірімінің сәні ешқашан бұзылмасын.
Ердәуіт: Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн
Ересек болып мәңгілік
Ел жадында қалған күн
Айару: Он алтыншы желтоқсан
Ел мерейі тасыған
Қазақ деген қалың жұрт
Бәрін кеште басынан.
Жастарымыздың ерен ерлігін насихаттау арқылы бүгінгі таңда біздің егемендігіміздің алып берген Қазақстан Тәуелсіз мемлекет атанды.Отанымыз туған жеріміз,еліміз жылдан жылға көркейіп жаңарып өсіп келуде.
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның
Айналайын,айналайын,жас өркені халқымның.
Бәрі де сенің Отаның,
Бойыңды биіктететін
Рухына балап атаның
Өлгенше сүйіп өтетін
-ҚР қандай мемлекет?
-Тәуелсіздікке биыл неше жыл?
-Қазақстан туралы не білеміз?
1.Біздің мемлекет қалай аталады?
2.Елбасшымыз кім?
3.Бас қалаңды ата?
4.Ұлтың қандай?
5.Сен тұратын ауыл қалай аталады?
6.Қай тіл мемлекеттік тіл?
7.ҚР рәміздерін ата?
Адилхан: Көк апанда көкпеңбек
Қазақстан жалауы
Көк емес ол тектен-тек
Елдің ашық қабағы
Балалар мұндағы суретте желтоқсан құрбандары. Осы аға, апаларымыздың арқасында егемен ел болып, көк туымыздың байрағы желбіреді. Ләззат, Ербол, Қайрат, Ербол апа – ағаларымызға 1 – минуттық үнсіздік жариялайық.
Ойын: «Бәйтеректі құрастырайық!»
-Жарайсыңдар, балалар!
Туған халқымыздың тарихын, батыр ұл-қыздарымыздың ерлігін, жеріміздің байтақтығын, байлығын ақын ағаларымыз жырлап келеді. Сол жырларды жаттап, көкейге түйіп, елімізге лайықты азамат болып өсуге міндеттіміз, басқаша болуға біздің құқығымыз жоқ, бүгінгі бақытты күніміз үшін қаншама ерлер тер төкті, жанын қиды. Сол батырларымыздың армандаған ұрпағы біздің білімді, дені сау Отанымыздың лайықты ұл-қызы болып өсуі қажет. Апа - ағаларымыздың қайталанбас ерлігіне тағзым етеміз. Осымен бүгін біздің «Елімнің еркіндігі –Тәуелсіздік» атты оқу қызметіміз аяқталды. Келіп тамашалағандарыңызға рахмет.
Достарыңызбен бөлісу: |